Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мониторингі бойынша әдістемелік нұсқаулыққа 4-қосымша



жүктеу 2,12 Mb.
бет2/12
Дата14.05.2018
өлшемі2,12 Mb.
#13329
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Агроөнеркәсіп кешені




7

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі

%

107,0

 106,0

Ауыл шаруашылығы саласында 2012 жылы 31025,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 106,0 % құрады. Ауданда өндірілетін жалпы өнімнің 26,0 пайызы осы саланың үлесіне тиесілі.

7.1.

Өсімдік шаруашылығы өнімін (қызметін) жаппай шығарудың нақты көлем индексі

%

106,8

 107,9

Өсімдік шаруашылық өнімі 13443,3 млн.теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 107,9 % құрады. 2012 жылы 20000 тонна дәнді дақыл өндіріліп, орташа есеппен әр гектардан 12,0 центнерден өнім алынды. 138800 тонна көкөніс, 50900 тонна картоп, 19700 тонна жеміс жидек, 11000 тонна жүзім, 1200 тонна бақша өнімдері жиналды.

7.2.

Мал шаруашылығы өнімін (қызметін) жаппай шығарудың нақты көлем индексі

%

107,9

 104,4

Мал шаруашылығы саласында 17510,9 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,4  % құрады. ауданда 18662,1 тонна ет, 120419,5 тонна сүт, 154,7 млн.жұмыртқа өндірілді. 2011 жылмен салыстырғанда ет 105,5 %, сүт-102,2 %, жұмыртқа-106,8% орындалды. Елбасы тапсырмасында мал шаруашылығы саласында етті бағыттағы мал басын көбейту міндеті қойылған. Осы бағытта аудан көлемінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 645 бас аналық мүйізді ірі қара алынып, тапсырма 2,7 есеге артығымен орындалды. Қолдан ұрықтандыру бойынша аудан көлемінде 15500 бас МІҚ ұрықтандыру көзделсе, оның ішінде 6000 басы етті бағытта.. Аудан бойынша 2012 жылы жаңадан 7 мал бордақылау орындары іске қосылып, қосымша 2000 бас бордақылауда. Ауданда жалпы мал бордақылау орындарының саны 107 –ге жетті.


7.3.

Суармалы жердің көлемін ұлғайту

мың га

26,7

26,8 

Аудан бойынша 26812 га суармалы жер толығымен игерілді. 2012 жылы суармалы жер көлемін ұлғайту бойынша берілген тапсырма 1500 га болса, нақты 1522 га орындалды. Аудан бойынша 14 канал механикалық тазалаудан өтіп, осы мақсатқа облыстық бюджеттен 183,0 млн теңге қарастырылды.


7.4.

Тамшылатып суғару әдісін ендіру

га

900

25 

Биылғы жылға облыс тарапынан 900 га жерге тамшылатып суару жүйесін ендіруге тапсырма беріліп, барлығы 25,0 га іске қосылып, жоспар 2,8 пайызға ғана орындалып отыр. Тамшылатып суғару әдісін ендіру бойынша аудан көлемінде берілген тапсырманы орындау мүмкіндігі жоқ. Өйткені, ауданда агроқұрылымдардың жерлері қанағаттанарлық көлемде суармалы сумен қамтамасыз етілген және бұл әдіс қомақты қаржыны қажет ететіндіктен агроқұрылымдар тарапынан қызығушылық жоқ.

7.5.

Жылыжай көлемін ұлғайту

га

46

 50,13

Аудан бойынша бүгінде агроқұрылымдарда 50,13 га жылыжай жұмыс жасауда. 2012 жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жоспар 15 га деп белгіленсе, 17,72 га жылыжай іске қосылып, жоспар 118,1 пайызға артығымен орындалды. 

7.6.

Көкөніс сақтау қоймаларын іске қосу

мың тонна

6,5

 6,6

Ауданда қолданыста сиымдылығы 11,0 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы болған. Осыған қосымша 2012 жылы сиымдылығы 6,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасын ашу тапсырылса, бүгінгі күнге сиымдылығы 6,6 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды. 

Шағын және орта бизнес, сауда




8

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі

%

103,5

105,7 

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 58117,5 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі, 105,7 пайыз.  

8.1.

1000 тұрғынға шаққанда шағын және орташа кәсіпкерліктің белсенді субъектілері санының өсімі

бірлік

1,8

22,4

ШОБ белсенді субъектілер саны 6971 бірлікті құрап отыр. Халық саны 2013 жылғы 1 қаңтарға 310,7 мың адымды құраса, онда 1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілер саны 22,4 бірліктен келеді.

8.2.

Жалпы өңірлік өнім құрылымында шағын және орташа бизнес үлесінің артуы

%

20,5

32,6 

Жалпы өңірлік өнім құрылымында шағын және орта бизнес үлесі 32,6  % құрап отыр.

 

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

%

104,9

114,7 

Статистикалық мәліметке сәйкес 2012 жылғы бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2011 жылдың тиісті кезеңіне 114,7% құрады. 

Инновациялар мен инвестициялар




8

Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың нақты көлем индексі

%

102

 61,4

2012 жылы аудан бойынша негізгі капиталға бағытталған инвестициялар , жасырылған және формальды емес қызметтерді қоас есептегенде 12682,3 мың теңге болды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 61,4 % құрады. Қаржыландыру көздері бойынша республикалық бюджет есебінен 2185,8 млн.теңге , жергілікті бюджет есебінен 3099,0 млн.теңге, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен 6834,2 млн.теңге және қарыз қаражаттар есебінен 563,2 млн.теңге бағытталып отыр.  

 

8.1.

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың нақты көлем индексі

%

102

 100

Өңдеу өнеркәсібінде  негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі 2026,9 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 100 %

 

8.2.

Халықтың жан басына шаққанда негізгі капиталға бағытталған инвестициялар

теңге

64574,1

40818 

2013 жылдың 1-ші қаңтарына халық саны 310,7 мың адамды құрап отыр. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 12682,3 млн.теңге, жан басына шаққандағы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 40818 теңгені құрады.

9

Инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесінің өсімі

%

8,9

 25,0

Ауданда 12 ірі және орта кәсіпорынның ішінен 3 кәсіпорын «Барыс-2007», «Стандарт Цемент», «Swed kaz» кәспорныдары инновациялық белсенді кәсіпорындар, яғни үлесі 25,0 пайызды құрайды.

 

9.1.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер (НИОКР) бар кәсіпорындар мен ұйымдар саны

бірлік

-

  -

Аудан бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер (НИОКР) бар кәсіпорындар мен ұйымдар жоқ. 

 

9.2.

Инновациялық өнімдер өндірісінің көлем өсімі

млн.теңге



6100,9

6985,0 

Барыс 2007 - 1672,7 млн.теңге, Стандарт Цемент – 5251,1 млн.тңг, «Swed kaz» - 61.2 млн.тңг өнім өндіріп, инновациялық кәсіпорындар 2012 жылы барлығы 6985,0 млн.теңгенің өнімін өндірген.  2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда өсім 114,5 %.

10

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесінің ұлғаюы

  %

96,3

 98,3

2012 жылы мемлекеттік сатып алу туралы түзіліп отырған келісім-шарттардың саны 1633 болса, оның құны 3679,7 млн.теңге , оның ішінде қазақстандық мазмұн 3618,9 млн.теңгені құрайды, яғни үлесі 98,3 пайызға жетіп отыр..  

 

10.1.

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тауарларды сатып алуында жергілікті қамту үлесінің ұлғаюы

%

75,1

92,6 

Сатып алынған тауарлардың көлемі 825,0 млн.теңге, оның ішінде отандық тауар өндірушілер 764,2 млн.теңгені құрайды, жергілікті қамту үлесі 92,6 пайызды құрайды.

 

10.2.

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жұмыстар мен қызметтерді сатып алуында жергілікті қамту үлесінің ұлғаюы

%

100

 100

Сатып алынған жұмыстар мен қызметтер сомасы 2854,7 млн.теңгені құраса, оның ішінде отандық тауар өндірушілердің үлесі  100% -ды құрайды.

Бағыт: Әлеуметтік сала




Білім




11

Халықтың білімнің қолжетімділігі мен сапалығына қанағаттанушылық деңгейі

%

100.0

100.0 

Халықтың білімнің қолжетімділігі мен сапалығына қанағаттанушылық деңгейі 100 % құрайды.

11.1.

Педагогтардың жалпы санынан жоғары және бірінші санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі

%

41,3

41,3 

2012-2013 оқу жылының 1 қыркүйегіндегі мәліметке сәйкес педагогтардың жалпы санына шаққандағы жоғарғы және бірінші санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі 2012 жыл 41,3 пайызға жетті. Жалпы 7890 мұғалім болса, оның 3260 –ы жоғары және бірінші санаттты мұғалімдер құрайды, яғни үлесі 41,3 пайыз. 104 мектептер бойынша 6187 мұғалімге біліктілік санаты үшін қосымша ақы төленді.

11.2.

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқу бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген оқушылардың үлесі

%

42,0

 43,6

Жаратылыстану – математика пәндері бойынша білім сапасы жылдан –жылға артуда. Себебі, қазіргі таңда техникалық мамандықтарға сұранысының көбейуіне байланысты, оқушылар физика, химия, биология пәндерін көптеп таңдауда. Мектептерде арнайы семинарлар ұйымдастырылып, мұғалімдердің біліктілігі жылдан жылға артуда. Сондықтан жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың білім денгейі жоғарлауда және де 2012 жылы 11 химия кабинеті берілді. Мектептер бойынша 104 мектеп 2021 дана копьютермен жабдықталған. 2012 жылы жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқу бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) 85698 оқушы игерген, оқушылардың үлесі 43,6 пайыз болды. 

11.3.

Олардың жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі

%

1,9

 1,9

Аудан бойынша 104 мектеп болса, соның 2 мектебінде № 10 Қарабұлақ ОМ мен №56 Ю. Гагарин атындағы ЖОМ мектептерінде инклюзивті сыныптар ашылған . Аудан бойынша инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі 1,9 пайызға жетті.  

11.4.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан оқушылардың жалпы санынан сапалы және теңгерімді тегін ыстық тамақпен қамтылған аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының үлесі

%

100,0

 100,0

2012 жылы аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан оқушылардың жалпы санынан сапалы және теңгерімді тегін ыстық тамақпен қамтылған аз қамтамасыз етілген отбасы балалардың үлесі 100 пайызға жетті. 2012 жылы 104 мектепте 3172 бала аз қамтамасыз етілген отбасы балалары болса, олардың барлығы ыстық тамақпен қамтылды.

12

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту

саны

35

 36

Қазіргі таңда ауданда 12 мемлекеттік балабақша, 34 жекеменшік балабақша, 13 жекеменшік шағын орталықтар, 24 мектеп жанындағы шағын орталықтар бар. Бұл мектепке дейінгі мекемелерде 11827 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, қамту пайызы 58 пайызды құрап отыр.

2012 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша  36 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның ішінде 27 жаңадан ашылғаны, 9 қосымша топтардан ашылған. 



12.1.

Олардың жалпы санынан іске қосылған мектепке дейінгі ұйымдар үлесі

%

37,6

 46,5

Мектепке дейінгі ұйымдар үлесі бойынша 2012 жылы 46,5 пайыз болды (барлығы - 58, 2012 жылы 27 ашылды). 

13

Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі

%

12,0

 12,7

Ауданда 2 кәсіби лицейде 1048 оқушы, 6 колледждерде 6397 оқушы және аудандық білім беру бөліміне қарасты оқу- өндірістік комбинатында 765 оқушы, барлығы аудан бойынша 8210 оқушы техникалық және кәсіптік біліммен қамтылып отыр. 14-24 жастағы жастар саны 64371 адамды құраса, онда техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғандар үлесі 12,7 пайыз болды.  

13.1.

Жұмысқа орналастырылған түлектердің саны

адам

1337

 1337

Жұмысқа орналастырылған түлектердің саны 1337 адамды құрады. Бұдан бөлек 2012 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселесімен 2851 жастар жүгінсе, 1281 жас жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 301-нің білімдері орта арнаулы және толық емес .

Денсаулық сақтау




14

Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі

%

65,5

 67,5

Аудан тұрғындарына медициналық-санитарлық көмек көрсету барысында жалпы 6 аурухана, 3 аудандық емхана ұйымдары жұмыс атқаруда. Атап айтқанда 410 төсек-орындық аудандық орталық аурухана, 130 төсек-орындық Қарабұлақ аудандық ауруханасы, 185 төсек-орындық Сайрам аудандық ауруханасы, Ақсукент, Сайрам, Қарабұлақ емханалары және 100 төсек-орындық аудандық туберкулезге қарсы диспансер. Өткізілген сауалнама бойынша, халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейінің көрсеткіші 67,5% құрады. 

14.1.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек шығыстары деңгейінің ұлғаюы, жалпы көлемінен %

%

40,2

 43,8

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді реформалауды әрі қарай жетілдіру «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының - негізгі бағытына жатады.

Аудан бойынша 2012 жылға ЦРБ-946931,9 мың теңге, РБ Сайрам-358455,5 мың теңге, РБ Қарабұлақ-322297,2 мың теңге, РП Ақсукент-1241305,0 мың теңге, РП Сайрам-473052,5 мың теңге, РП Қарабұлақ-497507,2 мың теңге, Туб Диспансер-233670,0 мың теңге, жеке меншік ЧК Кант-15861, жеке меншік Стомотологиялық емхана-47516,3 мың теңге

Барлығы – 4136596,0 мың теңге  қаржы қаралды.Бастапқы медициналық- санитарлық көмек шығысатырының ұлғаю деңгейі 43,8 пайызға жетті. 


14.2.

Дәрігер кадрлар тапшылығын азайту

адам саны

4



Тұрғындарға 488 маман-дәрігер, 1884 орта буын медицина қызметкерлері қызмет етеді. Жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің 50 пайызы- орта буын медицина қызметкерлері, 50 пайызы - мамандықтары бойынша біліктілік категорияларына иеленген. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 16,0, орта буын медицина қызметкерлерімен – 64,4 құрайды Аудан бойынша 2012 жылы дәрігер кадрлар тапшылығы болмады.  

14.3.

Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің үлес салмағы: дәрігерлер

%

62

 68

2012 жылы аудан бойынша дәрігерлер саны-488, оның ішінде еңбек өтілі 5 жылға толмағандар-131, біліктілік санаты барлар-243.

( 243/357*100=68%)



орта медицина қызметкерлері

%

63

76 

 2012 жылғы аудан бойынша орта медицина қызметкерлердің саны-1884, оның ішінде еңбек өтілі 5 жылға толмағандар-392, біліктілік санаты барлар-1135.

(1135/1492*100=76%)



14.4.

Халықтың жалпы санының кемінде 30 %-ын скринингілік тексерумен қамтуды қамтамасыз ету

%

30

 52,4

Аудан бойынша скринингтік тексеруден өткендер: балалар-112628, ересектер-45359, барлығы-157987 адамды құрайды.

Аудан бойынша халық саны-301416 адам болса, оның 52,4 пайызы скринингілік тексерумен қамтылды.

(157987/301416=52,4%)   


14.5.

Тегін және жеңілдікті дәрі-дәрмек препараттарымен қамтамасыз етілген әлеуметтік маңызы бар аурулардың үлес салмағын ұлғайту

%

100

 100

ҚР ДСМ 2011жылғы 4 қарашадағы №786 бұйрығына сәйкес, аудан бойынша 2012 жылға тегін дәрі-дәрмекке қаралған 384 727,28 мың теңге толық (100 пайыз) игерілді.   

15

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл

жыл

69,7

69,7 

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 69,7 жасты құрайды деп болжануда. 2012 жылдың қорытындысы бойынша статистикалық мәлімет 2013 жылы анықталады. 

16

Жалпы өлім-жітімді төмендету, 1000 адамға шаққанда

1000 адам

5,9

4,3 

Аудан бойынша халық саны-301416 адам. 2012 жылға аудан бойынша өлім-жітім 1311 адамды құрап, 1000 адамға шаққандағы көрсеткіш 4,3- ті құрады. (1311/301416*1000=4,3%)   

16.1.

Ана өлім-жітімін төмендету (100 мың тірі туылған сәбиге есептегендегі жағдайлар)

100 мың тірі

11,1

11,1 

2012 жылға аудан бойынша 1 ана өлімі тіркелді. Тірі туылған сәбилер-8964 болса, ана өлімінің көрсеткіші 11,1 пайызды құрады.

(1/8964*100000=11,1%)  



16.2.

Сәби өлім-жітімін төмендету (1000 тірі туылған сәбиге есептегендегі жағдайлар)

1000 тірі

14,2

 14,6

2012 жылға тірі туылған сәбилер-8964 болса, оның ішінде 1 жасқа дейінгі шетінегені-131 сәбиді құрайды. Сәби өлімінің көрсеткіші 14,6 .

(131/8964*1000=14,6%)   



16.3.

Балалардың өлім-жітімін тұрақтандыру және төмендету (1 000 тірі туылғандарға шаққанда 0-жастан 5-жасқа дейін)

1000 тірі

17,5

17,5 

2012 жылға аудан бойынша тірі туылған сәбилер-8964,

0-жастан 5-жасқа дейін қайтыс болғандар-157 бала.

(157/8964*1000=17,5%). 


16.4.

Қан айналым жүйесі ауруларынан өлім-жітімді төмендету, 100 мың халыққа шақққанда

100 мың халыққа

138,3

 77,6

Аудан бойынша 2012 жылға қан айналым жүйесінен қайтыс болғандар-234 адам.100 мың халыққа шаққанда 77,6 % .

(234/301416*100000=77,6%)   



16.5.

Онкологиялық аурулардан өлім-жітімді төмендету,
100 мың халыққа шаққанда

100 мың халыққа

54,1

 45,7

Аудан бойынша 2012 жылға онкологиялық аурумен қайтыс болғандар-138 адамды құрайды. 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 45,7 пайыз.

(138/301416*100000=45,7%)   



16.6.

Туберкулезден өлім-жітімді төмендету, 100 мың халыққа шаққанда

100 мың халыққа

3,2

2,7 

Аудан бойынша 2012 жылға туберкулезден қайтыс болғандар-8 адам. 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 2,7 пайыз.

(8/301416*100000=2,65%) 



16.7.

АИТВ инфекциясының таралуын 0,2-0,6 % шегінде ұстау (15-49 жас тобындағы инфекциялар)

%

0,06

0,03 

АИТВ инфекциясына 15-49 жас тобындағы инфекцияға шалдыққандар-46 адам, 15-49 жас тобындағы халық саны-154378.

(46/154378*100=0,03%)  



жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау