6
AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY
қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Қызмет бағыттары бойынша қоғам мен бұқаралық
ақпарат құралдары үшін міндетті түрде ашықтық;
6) академиялық еркіндік
ДББҰ-ның білім беру бағдарламаларын, білім беру қызметін жүзеге асыру
нысандары мен әдістерін, ғылыми зерттеулер жүргізу бағыттарын әзірлеу мен таңдаудағы
дербестігі;
7) білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялау
Зияткерлік мектептерде білім беру процесінің ғылыми және практикалық
қызметтен бөлінбейтіндігі, ғылыми және кәсіпкерлік ұйымдармен стратегиялық
әріптестікті қамтамасыз ету;
8) инновациялылық
жаңа әдістер мен технологияларды пайдалануға ұдайы ұмтылыс, жаңа білім мен
ақпаратты қолдануға дайын болу;
9) дербестік және өзін-өзі басқарушылық
ДББҰ-ның қаржы-экономикалық, әкімшілік басқарудағы, шешімдер қабылдаудағы
оқшаулығы мен дербестігі, ДББҰ-ның қоғам алдындағы жауапкершілікпен және
есептілікпен үйлесімділікте құзыретіндегі мәселелерді шешуде дербестігі;
10) шешімдер қабылдаудың алқалылығы
ДББҰ-ның қызметіне байланысты Жоғары Қамқоршылық кеңестің, Қамқоршылық
кеңестің, атқарушы органның шешімдер қабылдауы;
11) әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық
ДББҰ-ның қоғамның әл-ауқатын жақсарту мақсатында әлеуметтік маңызы бар
жобаларды әзірлеуі және оларға қатысуы, өз қызметінің бағыттары бойынша ақпараттық
ашықтықты қамтамасыз ету.
2. БАСҚАРУ
Стратегиялық мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін айрықша басқару жүйесі
құрылды:
1) жоғары басқару органы – «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» және «Назарбаев қоры» Жоғары Қамқоршылық кеңес (бұдан әрі – Жоғары
қамқоршылық кеңес);
2) басқару органы – Қамқоршылық кеңес;
3) атқарушы орган – Басқарма.
Басқару жүйесі өзіне сол сияқты Зияткерлік мектептердің Директорлар кеңесін,
Зияткерлік мектептердің Қамқоршылық кеңесін, педагогикалық кеңесті, әдістемелік
кеңесті, оқушылар мен ата-аналар комитеттерін қамтиды. Қажеттілігіне қарай басқа да
басқару органдары құрылуы мүмкін.
2.1 Жоғары Қамқоршылық кеңес
Жоғары Қамқоршылық кеңесДББҰ-ның жоғары басқару органы болып табылады.
Жоғары Қамқоршылық кеңесті Жоғары Қамқоршылық кеңестің төрағасы басқарады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевЖоғары Қамқоршылық кеңестің тұңғыш
төрағасы болып табылады.
Жоғары Қамқоршылық кеңестің құрылымы, құзыреті, қалыптасу тәртібі,
мүшелерінің өкілеттік мерзімдері, оның шешімдерді қабылдау тәртібі Жоғары
Қамқоршылық кеңестің тұңғыш төрағасы бекіткен Жоғары Қамқоршылық кеңес туралы
қағидамен айқындалады.
7
AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY
2.2 Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес Жоғары Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жатқызылған
мәселелерді шешуді қоспағанда,ДББҰ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын
ДББҰ-ны басқару органы болдып табылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамын Жоғары Қамқоршылық кеңес бекітеді.
Қамқоршылық кеңестің құрамына лауазымы бойынша ДББҰ-ның атқарушы органының
басшысы кіреді.
Қамқоршылық кеңесмүшелерінің көпшілігінің шешімі бойынша комитеттер
құруға құқылы. Комитеттер Қамқоршылық кеңестің үш немесе одан да көп мүшелерінен
тұратын болады. Комитеттер құру кез келген мүшені оған жүктелген жауапкершіліктен
босатпайды. Қажет болған кезде Қамқоршылық кеңес бұрын құрылған комитеттерді
қысқарта және қайта ұйымдастыра алады.
Қамқоршылық кеңес өз қызметін Қамқоршылық кеңесбекіткен Қағиданың
негізінде жүзеге асырады.
2.3 Басқарма
БасқармаДББҰ-ның алқалы атқарушы органы болып табылады, ол Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріменДББҰ-ның басқа басқару органдарының
құзыретіне жатқызылмаған оның қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер
қабылдай отырып, ұйымға ағымдағы басшылықты жүзеге асырады.
Басқарма Жоғары Қамқоршылық кеңестің, Қамқоршылық кеңестің шешімдерін
орындайды.
Басқарма Жоғары Қамқоршылық кеңеске, Қамқоршылық кеңеске есеп береді
және олардың алдында өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.
Басқарманың құрамын Қамқоршылық кеңесбекітеді.
2.4 Зияткерлік мектептердің Директорлар кеңесі
НазарбаевЗияткерлік мектептерінің Директорлар кеңесі Зияткерлік мектептер
директорларынан тұратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Директорлар кеңесінің негізгі міндеттері Зияткерлік мектептер арасында тәжірибе
алмасуға ықпал ететін жағдай жасау үшін ұсынымдарды пысықтау және мектептердің
білім беру процесі мен жұмыс істеуін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып
табылады. Директорлар кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
2.5 Зияткерлік мектептерді мектепішілік басқару
Зияткерлік мектептердегі басқару командалық басқару және бөлінген
көшбасшылық қағидаттарына бағдарланған. Зияткерлік мектептердің директорлары
мектептің алдында тұрған міндеттерді шешуге қабілетті мамандар командаларының
көшбасшылары болып табылады. Әрбір Зияткерлік мектепте мынадай басқару органдары
құрылады:
•
Қамқоршылық кеңес қоғамдық бастамада тұрақты түрде жұмыс істейтін
алқалы орган болып табылады. Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаты Зияткерлік
мектепке оның жарғыда көзделген міндеттерін жүзеге асыруына, сондай-ақ материалдық
базаны нығайту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін қосымша қаржы
ресурстарын тартуға жәрдемдесу болып табылады. Қамқоршылық кеңестің құрамына
ата-аналар, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, әр түрлі
меншік нысандары ұйымдарының, кәсіпкерлік және ғылыми топтардың, бұқаралық
ақпарат құралдарының өкілдері, оның ішінде шетелдік, педагог қызметкерлер, мектептің