Стратегия каз indd



жүктеу 474,72 Kb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата08.03.2018
өлшемі474,72 Kb.
#11986
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»

ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ 

2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ 

ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Жоғары қамқоршылық кеңесінің

2013 жылғы 18 сәуірдегі

шешімімен мақұлданған




2

AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY

МАЗМҰНЫ

1.   КІРІСПЕ .........................................................................................................................................4

1.1   Девиз, миссия және пайымдау ....................................................................................... 4

1.2   Стратегиялық мақсат ....................................................................................................... 4

1.3   Стратегиялық міндеттер .................................................................................................. 4

1.4   Зияткерлік мектептерді құрудың алғышарттары ....................................................... 5

1.5   Қызметінің қағидаттары .................................................................................................. 5



2. БАСҚАРУ ..........................................................................................................................................6

2.1   Жоғары Қамқоршылық кеңес ....................................................................................... 6

2.2   Қамқоршылық кеңес ........................................................................................................ 7

2.3   Басқарма ............................................................................................................................. 7

2.4   Зияткерлік мектептердің Директорлар кеңесі ............................................................ 7

2.5   Зияткерлік мектептерді мектепішілік басқару ........................................................... 7

2.6   Есептілік .............................................................................................................................. 8

3.   СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР ...................................................................................................8

3.1   Сабақ беру және оқыту ................................................................................................... 8

3.1.1   Білім беру модельдері ....................................................................................................... 8

3.1.2   Сабақ беру мен оқытудың негізгі практикалары ..................................................... 13

3.1.3   Үш тілді орта .................................................................................................................... 14

3.1.4   Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалау ............................................... 14

3.1.5   Тәрбие жүйесі .................................................................................................................. 15

3.1.6   Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі ................................................................... 16

3.1.7   Білім беру қызметін ақпараттандыру  ........................................................................ 18

3.1.8   Білім беру бағдарламаларының орталығы ................................................................. 19

3.2   Білім беру сапасын бағалау жүйесі ............................................................................. 20

3.2.1   Педагогиккалық өлшемдер орталығы......................................................................... 22

3.3   Кәсіби даму ....................................................................................................................... 22

3.3.1   Зияткерлік мектептердің педагог қызметкерлері .................................................... 22

3.3.2.  Педагогикалық шеберлік орталығы ............................................................................ 25

3.3.3.  Орталық аппараттың және Орталықтардың қызметкерлері  ................................ 25

3.4   Оқушылар контингентін қалыптастыру .................................................................... 26

3.5   Зияткерлік мектептер желісін құру және дамыту ................................................... 27

3.6   Тәжірибені тарату ........................................................................................................... 28

4.   ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ..............................................................................30

2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУДАН  

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР ...............................................................................................................32



3

AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев  серпінді  білім  беру  бағдарламаларының  бастамашысы 

бола  отырып,  білім  беру  жүйесін  дамытуды  қолдайды.  Мемлекет  басшысы 

барлық бағдарламалық құжаттарда сапа, адами капиталға инвестициялардың 

толықтығы және ұлттың бәсекеге қабілеттілігі арасындағы өзара байланысты 

атап  көрсетеді.  «Қазақстан-  2050»  Стратегиясында  ол  былай  деген  болатын: 

«Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары 

елге айналуымыз керек.».

2008  жылғы  12  наурызда  Президент  жаратылыстану-математика 

бағытындағы  пәндерді  оқуға  қабілетті  дарынды  балаларды  іріктеу  және 

оқыту  үшін  Қазақстан  Республикасының  барлық  өңірлерінде  Зияткерлік 

мектептер желісін құру жөніндегі бірегей жобаға бастамашы болды. 

Зияткерлік  мектептер  Президенттің  ойынша  ұлттың  зияткерлік 

әлеуетін  дамытуға  жәрдемдесуге  тиіс.  Ал  мектептердің  түлектері 

Қазақстанның  әл-ауқаты  мен  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  өрелі  үлес 

қосады. 

Президент  қойған  міндеттерді  орындау  үшін  Зияткерлік  мектептер 

инновациялық  білім  беру  моделін  әзірлейді,  олар  үздік  қазақстандық  және 

халықаралық тәжірибені интеграциялайды.

Дәл 

осындай 


көзқарас 

мектептердің 

түлектеріне 

Назарбаев 

Университетіне,  үздік  қазақстандық  және  беделді  шетелдік  жоғары  оқу 

орындарына  ойдағыдай  оқуға  түсуге  және  оқуларын  аяқтауға  мүмкіндік 

береді.  Олар  еңбек  нарығында  сұранысқа  ие  болатын  болады,  әлеуметтік-

экономикалық  және  саяси  салаларда  белсенді  ынтымақтасатын  болады, 

инновацияларды жер-жерде енгізеді, осылайша, Қазақстанның халықаралық 

аренадағы беделі мен іскер абыройын арттыратын болады. 

«Қазақстан  -  2050»  Стратегиясында  айтылғандай  «Қазіргі  әлемде 

жай  ғана  жаппай  сауаттылық  жеткіліксіз  болып  қалғалы  қашан.  Біздің 

азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде 

жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.». Зияткерлік мектептер 

қоғамда «өмір бойы оқу» тұжырымдамасын енгізуге арналған, ол Мемлекет 

басшысының сөзінше әрбір қазақстандықтың жеке кредосы болуға тиіс. 

Қазақстан халқына 2011 жылғы сәуірдегі өзінің жолдауында Нұрсұлтан 

Назарбаев білім беруді және адами капиталды дамыту аса маңызды мәселелер 

болып  табылатындығын  баса  айтты.  Президент  Зияткерлік  мектептер 

үкіметтің  тәжірибені  трансляциялау  арқылы  орта  білім  беру  жүйесін 

реформалау  жөніндегі  стратегиясының  бір  бөлігі  болып  табылатындығын 

және Зияткерлік мектептердің миссиясы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін 

арттыруға ықпал ететіндігін атап өтті. Зияткерлік мектептердің басты міндеті 

бәсекеге  қабілетті  түлектерді  даярлау  ғана  емес,  сонымен  бірге  өзінің 

тәжірибесін  трансляциялау  арқылы  Қазақстанның  орта  білім  беру  жүйесін 

дамытуға  ықпал  етуден,  барлық  адамдарға  сапалы  орта  білім  алуға  тең 

қолжетімділікті қамтамасыз етуден тұрады.



жүктеу 474,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау