22
AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY
• мектепті басқару тиімділігі.
Білім беру сапасын қамтамасыз етуді бағалау жөнінде зерттеулер жүргізу үшін
зерттеу нәтижелерін жинау, өңдеу және талдамалық қорытындылар дайындау үшін
құралдар (көрсеткіштер, индикаторлар, сауалнамалар, сұрастыру және т.б.) мен тиісті
технологиялар әзірлеу қажет.
Зияткерлік мектептердегі білім берудің жай-күйін және көрсетілетін білім беру
қызметтерінің сапасын кешенді бағалау үшін қызметкерлерді оқыту, бағалау процесіне
Зияткерлік мектептің әкімшілігін және тәуелсіз сарапшыларды тарту қажет. Бұл
Зияткерлік мектептердің рейтингін айқындауға және сапалы білім беру қызметтерін
көрсетуде кінәратсыз бәсекені құруға мүмкіндік береді.
Білім берудің жай-күйін кешенді бағалау нәтижелері мыналар үшін
пайдаланылатын болады:
• білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында даму бағдарламаларын
және мектептердің қызметінің тиімділігін жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар
әзірлеу;
• қоғамды ақпараттандыру мақсатында талдамалық баяндамалар дайындау.
Білім беру сапасын бағалаудың кешенді жүйесін жасау және енгізу, бағалау
саласындағы әлеуетті орнату үшін Педагогикалық өлшемдер орталығы (бұдан әрі –
ПӨО) құрылды.
3.2.1 Педагогиккалық өлшемдер орталығы
ПӨО оқушылар мен педагогтарды конкурстық негізде іріктеу рәсімдерін ғылыми-
зерттеу, ұйымдастырушылық және ақпараттық-технологиялық қамтамасыз етуді,
оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізуді, Зияткерлік мектептерді
бітірушілерді қорытынды аттестаттауды, көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын
қамтамасыз етуді бағалауды жүзеге асырады, Педагогикалық шеберлік орталығының
біліктілікті арттыру крустарында жаттықтырушылар мен мұғалімдердің қызметін
бағалауды жүзеге асырады.
Бағалау рәсімдерінің нәтижелері бойынша білім беру қызметінің жай-күйі туралы
ақпарат білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында басқарушылық шешімдер
қабылдау үшін Зияткерлік мектептерге және ДББҰ-ның құрылымдық бөлімшелеріне,
сондай-ақ Зияткерлік мектептердің қызметі туралы ақпараттандыру мақсатында барлық
мүдделі тараптарға беріледі.
Әзірленген құралдар (көрсеткіштер, индикаторлар, сауалнамалар, сұрастыру және
т.б.) мен тиісті технологиялар білім беру сапасын қамтамасыз етуді бағалау жөніндегі
зерттеу нәтижелерін жинау, өңдеу және талдау үшін Қазақстан Республикасының білім
беру жүйесіне берілетін болады.
3.3 Кәсіби даму
3.3.1 Зияткерлік мектептердің педагог қызметкерлері
Стратегиялық бағыт өзіне оқытушылар құрамын, өз ісіне берілген адамдарды
жасауды және дамытуды, оларды кәсіби даярлығына және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес
оңтайлы және орынды пайдалануды, олардың ұдайы кәсіби өсуін ынталандыруды
қамтиды.
Мұғалімдер Зияткерлік мектептерге тестілеуді, эссе дайындауды, портфолио
көрсетуді, әңгімелесуді және т.б. көздейтін конкурстық рәсімдердің қорытындылары
бойынша қабылданады.
Қазіргі жұмыс істеп тұрған Зияткерлік мектептерде педагогтар контингенті –
тәжірибелі мамандар симбиозы, Қазақстан мектептерінде жұмыс тәжірибесі көп жоғары
23
AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY
білікті пән мұғалімдері мен қажетті тілді және IT-құзыретті білетін жас перспективалы
мамандар қалыптасқан.
Үздіксіз білім алу мұғалімнің негізгі кәсіби өсуі болып табылады, осыған
байланысты Зияткерлік мектептердің педагог кадрлары үшін арнайы Біліктілікті арттыру
жүйесі (бұдан әрі – БАЖ) құрылды, ол мынадай модульдерден тұрады:
• Модуль – «АҚТ»– Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,
• Модуль – «Қазтест» – Қазақ тілі,
• Модуль – «English» – Ағылшын тілі,
• Модуль - «Педагогикалық білім»
Модульдер жинағы оқу-тәрбие процесінде ақпараттық-коммуникациялық ортаның
мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және үштілділікті іске асыру қажеттілігіне сәйкес
жасалған.
Әрбір модуль күрделілік дәрежесі өсіп отыратын құзыреттіліктің үш деңгейінен
тұрады.
Модельдердің мазмұндық толығуы (тақырып және деңгейлер) педагогтың
әлеуетінің өсуіне және Зияткерлік мектептердің талаптарына сәйкес ауысатын болады.
Зияткерлік мектепте оқыту «жағдайы тең» әдісі бойынша жүреді, яғни
әріптестерінің оқытуы (тіл курстары – қазақ және ағылшын тілдерінің мұғалімдері, АКТ
– информатика мұғалімдері). Бұл іргелі пәндік дайындығы бар, Зияткерлік мектептерге
конкурстық іріктеуден өткен педагогтардың әлеуетін толыққанды пайдалануға мүмкіндік
береді. Бұл оқыту қаржылық жағынан аз шығын шығатын болып табылады.
Елде оқыту республикалық және халықаралық деңгейдегі сарапшыларды тартып
жүреді.
Шетелде оқыту халықаралық деңгейдегі сарапшыларды тарта отырып, үздік білім
беру ұйымдарының базасында жүреді.
Біліктілікті арттыру жүйесі өзіне мұғалімді оқытудың жеке траекториясын
қамтиды. Бұл мұғалімге кәсіби өсуі мен мансабынөзі құрастыруына мүмкіндік береді.
Біліктілікті арттыру жүйесі тәуелсіз, танылатын және аккредиттелген ұйымдар
арқылы сертификаттар алуды көздейді.
Біліктілікті табысты арттыру (жетістіктер портфелі), сертификаттардың болуы
және алынған дағдыны оқу-тәрбие процесіне практикалық енгізу мұғалімнің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді, олар тиімділіктің түйінді көрсеткіштерімен
және педагогтың сараланған еңбекақысымен өзара байланысты.
Біліктілікті арттыру жүйесі ұдайы дамуда болады.
Тілдік пәндердің мұғалімдері үшін неғұрлым жоғары деңгейдегі – CELTA
(Certificatein English Language Teaching to Adults), DELTA (Di plomain English Language
Teachingto Adults) халықаралық емтихандар көзделеді.
CELTA – ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуда бірінші сатыдағы неғұрлым
танылатын біліктілік, тілді оқытудың коммуникативтік көзқарасын зерделеуге
бағытталған және тілді кәсіби деңгейде білетіндерге арналған.
DELTA халықаралық біліктілігі ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуда неғұрлым
кеңейтілген білім береді және дипломға дайындалуға біліктілігі жоғары оқытушылар ғана
қабылданады.
Барлық бағыттағы мұғалімдер үшін ЮНЕСКО
2
стандарттарына сәйкес келетін IT
құзыретті халықаралық деңгейге дейін дамыту жоспарлануда.
Пән мұғалімдері үшін перспективада PGСE (PostGraduateCertificateofEducation)
шағын бағдарламасын енгізу жоспарланады.
PGСE – Білікті мұғалім мәртебесін (QTS) алу үшін бакалавр-педагогтардың бір
жылдық курсы.
2
Мұғалімдерге арналған АКТ–құзыреттерініңстандарттары, ЮНЕСКО, 2009 ж., ЮНЕСКОТҚАИ-ның
Білім беруде АКТ қолдану саласында педагог кадрлардың даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі
білім беру бағдарламасы, ЮНЕСКОИнституты, 2006 ж.