Стратегия каз indd



жүктеу 474,72 Kb.
Pdf просмотр
бет12/16
Дата08.03.2018
өлшемі474,72 Kb.
#11986
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

26

AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY

Бұдан басқа, бұл білімдер Зияткерлік мектептердің моделін өз жағдайына енгізетін 

жалпы білім беретін мектептерді қолдау үшін пайдаланылады. 

Зерттеулердің бағыты

Қолданбалы  зерттеулер  мынадай  салаларда:  педагогика  (оқушыларды  оқыту 

және  олардың  жетістігі,  белсенді  зерттеу  әдісі  және  т.б.),  менеджмент  (мүдделі 

адамдардың  өзара  қарым-қатынасы,  мақсаттар  мен  тәжірибені  келісу  және  т.б.), 

социология (қоғамның ДББҰ қызметіне қатынасы және т.б.), психология (оқушылардың 

психологиялық  жай-күйі,  мұғалімдер  мен  ата-аналардың  қарым-қатынасы,  олардың 

құндылықтары және т.б.) практикалық шешімдер іздеуге бағдарланған. 

ДББҰ  Action  Reaseach  жобасы  шеңберінде  мұғалімдердің,  Leadershi p  жобасы 

шеңберінде  мектеп  директорлары  мен  әкімшілігінің  жеке  практикасын  жетілдіру, 

Super,  Hertcam  жобасы  шеңберінде  Ұлыбританияның  мектептерімен  ынтымақтастық 

мәселелері бойынша жеке зерттеулер мен әзірленімдер жүргізетін болады. 

3.4 Оқушылар контингентін қалыптастыру

Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  оқушыларының  контингенті  Зияткерлік 

мектептің  оқу  бағдарламасын  игеруге  қабілетті  балаларды  конкурстық  іріктеу  арқылы 

қалыптасады. 

1-6-сыныптардың контингентін қалыптастыру «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарының  1-6-сыныптарына  қабылдау  қағидасына 

сәйкес  Зияткерлік  мектептерде  бос  орындар  болған  кезде  конкурстық  негізде  жүзеге 

асырылады. 

Бұған  Талдықорған  қаласындағы  Зияткерлік  мектеп  жатпайды,  онда  эксперимент 

ретінде  1-6-сыныптарды  қалыптастыру  үшін  балабақша  құрылды,  оның  контингенті 

жергілікті  атқарушы  орган  айқындаған  рәсімге  сәйкес  және  Талдықорған  қаласындағы 

Зияткерлік мектептің 2-6-сыныптарына оқуға қабылдау қағидасына сәйкес жинақталады. 

Экспериментті  Көкшетау  қаласында  бастауыш  сыныптар  ашу  арқылы  кеңейту 

жоспарлануда. 

Оқушыларды  1-6-сыныптарда  оқыту  ішінара  ата-аналарының  қаражаты  есебінен 

ақылы негізде жүзеге асырылады, 7-сыныптан бастап оқушылар Қазақстан Республикасы 

Тұңғыш  Президентінің  «Өркен»  білім  беру  грантын  тағайындау  және  оның  мөлшері 

қағидасына  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президентінің  «Өркен»  гранты 

есебінен оқиды. 

Грант  тағайындау  жасы  оқушылардың  дарындылығын  бағалаудың  және 

айқындаудың  халықаралық  тәжірибесін  талдауға  негізделген.  12-14  жаста  оқушыларда 

жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілеттілік анықталады. 

Кембридж 

Университетімен 

бірлесіп 

әзірленген 

және 

оқушылардың 



функционалдық  сауаттылығын,  шығармашылық  және  сыни  ойлауын,  зерттеу 

дағдыларын және тіл құзыреттілігін дамытуға бағдарланған Интеграцияланған білім беру 

бағдарламасын енгізуге байланысты оқушылар қабылдауға қойылатын талаптар өзгерді. 

Білім берудің жаңа мазмұнын игеру үшін үміткерлер пәндер бойынша білімді ғана емес, 

жаратылыстану-математика  ғылымдарын  оқуға  қабілетті  болуы  қажет,  бұл  оларға 

Зияткерлік мектепте оқудың барлық кезеңінде табысты болуға мүмкіндік береді. 

Оқушыларды  конкурстық  негізде  қабылдаудың  жаңа  жүйесін  әзірлеу  үшін 

Ұлыбританияның,  Австралияның,  АҚШ  пен  Нидерландының  халықаралық  тәжірибесі 

зерттелді. 

Жұмыс  стратегиялық  әріптестер:  Cito  Педагогиялық  өлшемдер  институтымен 

(Нидерланды)  және  Джонс  Хопкинс  Университетінің  (АҚШ)  Талантты  жастар 

орталығымен (CTY) бірлесіп жүргізілді. 

Әзірленген  жүйе  жаратылыстану-математика  ғылымдарын  оқуға  қабілетті 

балаларды  іріктеуге  бағытталған  және  математика  бойынша  суреттермен,  кестелермен, 




27

AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY

диаграммалармен  жұмысты  бағалау,  тілдер  бойынша  мәтінмен  жұмыс  істеген  кезде 

тілдік құзыретті бағалау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеруге 

бағдарланған жаңа тапсырмаларды қамтиды. 

Сол  сияқты  көргенін  есте  сақтауды,  кеңістік  ойлауды,  логиканы  бағалау  жүзеге 

асырылатын  болады,  бұл  оқушылардың  жаратылыстану-математика  бағытындағы 

мектептерде оқуы үшін маңызды. 

Алғаш  рет  тест  тапсырмаларының  сапасын  ескеруге  және  барлық  үміткерлерге 

апелляция өткізбестен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, қорытынды балдарды 

автоматты түрде түзетуге мүмкіндік беретін оқушылардың нәтижелерін психометриялық 

өңдеу қолданылатын болады. 

Жалпы білім беретін мектептердің 5 және 6-сыныптарының қабілетті оқушыларын 

қолдауды  және  кейіннен  7-сыныпқа  түсуін  қамтамасыз  ету  үшін  «Виртуалды  мектеп» 

және «Каникулярлы мектеп» жобалары іске асырылуда. 

«Үздік» және «жақсы» бағаларға оқитын оқушылар Виртуалды мектепте онлайын 

оқу  үшін  тіркеле  алады.  Виртуалды  мектеп  5  –  6-сыныптардың  оқушыларына  жалпы 

білім  беретін  мектептің  бағдарламасы  бойынша  күрделілігі  әр  түрлі  деңгейдегі  онлайн-

тапсырмалардың  сериясын  ұсынады.  Виртуалды  мектептің  тапсырмаларын  табысты 

орындаған  оқушылар  мектеп  каникулдары  кезінде  Каникулярлы  мектепке  оқуға 

шақырылады.  Каникулярлы  мектеп оқушыларға  Зияткерлік  мектепке түсу  үшін  білімін 

жақсартуға  қолдау  көрсетуге  бағытталған  және  бірінші  кезекте  пәндік  бағдарланған 

оқытуды қамтамасыз етеді.  

Каникулярлы  мектепке  қабылдаудың  басқа  да  мүмкіндігі  бар.  ДББҰ  мұғалімдері 

мен  психологтарын  қамтитын  топтар  5  және  6-сыныптардың  оқушыларын  байқау 

үшін  үлгерім  көрсеткіштері  үздік  мектептерге  барады,  пәндік  және  психологиялық 

тестілеу  өткізеді,  тестілеуден  табысты  өткен  оқушыларды  Каникулярлы  мектепте  оқуға 

шақырады.

Талантты жастарды анықтау және қолдау, олардың академиялық және әлеуметтік 

әлеуетін  дамыту  мақсатында  Зияткерлік  мектептер  базасында  жазғы  мектептер  өткізу 

және жыл бойғы оқу-сауықтыру орталықтарын құру жоспарлануда. 



3.5 Зияткерлік мектептер желісін құру және дамыту

Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму  жоспарына 

сәйкес  Қазақстанның  бүкіл  өңірлерінде  20  Назарбаев  Зияткерлік  мектебі  жұмыс 

істейтін  болады.  2013  жылғы  наурызда  Астана  қаласында  (2  мектеп),  Көкшетау,  Семей, 

Талдықорған, Орал, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе және Шымкент (2 мектеп) қалаларында 

11 Зияткерлік мектеп жұмыс істейді. 2015 жылы Қазықстанның бүкіл өңірінде Зияткерлік 

мектептер салуды аяқтау жоспарлануда. 

Зияткерлік мектептер оқу бейініне қарай физика, химия, биология, информатика 

және басқа да пәндер бойынша мамандандырылған оқу және кеңейтілген зертханалармен 

жарақтандырылатын болады. 

Тұтастай  алғанда,  жобалау,  салу,  материалдық-техникалық  жарақтандыру 

жөніндегі  жұмысты  ұйымдастыру  білім  беру  моделінің  талаптары  ескеріле  отырып 

жүзеге асырылады. 

Бұдан  басқа,  оқушылардың  физикалық  және  рухани  жан-жақты  дамуын 

қамтамасыз ету үшін жыл бойғы оқу-сауықтыру орталықтары құрылады. 

Жобалау  мен салуды ұйымдастыру үшін  ДББҰ  жанынан еншілес ұйым  құрылды, 

оның  құзыретіне  болашақта  салынған  ғимараттарды  күтіп  ұстау  мәселелері  кіретін 

болады.  




жүктеу 474,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау