ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ЖАРАҚАТТАРЫ ЖӘНЕ ЗАҚЫМДАРЬІНЫҢ
ЖІКТЕЛУІ
Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде жақ-бет аймағында кездесетін жарақаттар мен зақымдануларды зерттей отырып Д. А. Энтин және Б. Д. Кабаков 1951 жылы олардың жіктелуін ұсынды. Бірақ, осы уақыт аралығында көптеген терминдер, этиологиясы, сипаттамасы, бейбіт уақытта болатын жарақаттардың құрамы өзгерді. Осыған байланысты С. М. Киров атындағы соғыс-медициналық академиясының жақ-бет хирургия кафедрасының ұжымы, жоғарыдағы жіктелу мен Ю. И. Бернадский, П. 3. Аржанцев, Т. Л. Лурье, Ж. Б. Оразалин т. б. ғалымдардың үсыныстарын негізге ала отырып, 1984 жылы жаңа жіктелуін ұсынды.
Жақ-бет аймағының жарақаттануы мен зақымдануының жіктелуі:
I. Бет аймағының жоғарғы, орталық, төменгі бөліктерінің жарақаттары:
1. Орналасуы бойынша;
А. Жүмсақ тіндердің жақ-бет аймағындағы мүшелермен бірге жарақаттануы: а) тілдің; б) сілекей бездерінің; в) ірі нервтердің; г) қан тамырларының.
Б. Сүйек зақымдары: а) төменгі жақ; б) жоғарғы жақ; в) бет ( сүйегі) мұрын сүйектері; д) екі және онан көп сүйектер.
2. Жарақаттар түрі бойынша: тесіп өткен, соқыр, жанай тиген, ауыз қуысына енген және енбеген, жоғарғы жақ және мұрын қуыстарына енген.
3. Зақымданудың механизмі бойынша: оқпен, жалғыз оқпен, жарқыншақпен, бытырамен, ине тәріздес заттармен.
II. Аралас зақым.
III. Күйіктер.
IV. Ісіктер.
Ескерту. Зақымдану келесі түрде кездесуі мүмкін: жеке, жеке көптеген, жеке қосымша (бастысы және қатар жүретін), қосымша көптеген (қатар жүретін және бастысы).
Халықаралық статистикалық жіктелуі.
Себебі бойынша:
I. Өндірістік:
А. өнеркәсіптік: а) химиялық; б) металлургиялық т. б.
Б. Ауыл шаруашылық: а) техникалық; б) мал шаруашылық.
II. Өндірістен тыс: а) түрмыста; б) көшеде; в) көлікте; г) спортта; д) басқа жағдайда
Егер зақым өндірістен болса, онда жүмыстан босату қағазы (бірінші күннен бастап беріледі. Өндірістен тыс жағдайда зақымданса, алтыншы күннен (алдыңғы 5 күнге Ф-095-І/У формалы анықтама беріледі. Мас болған жағдайда барлық емделген күндерге Ф-094- /У формасын береді.
Сынық түрі бойынша:
а) сынық санына байланысты, жалғыз, екі және көп жерден;
б) сынық бағытына байланысты: қисық, үзына бойы, көлденең, иректелген, доға тәріздес т. б.;
в) күш түскен жерге байланысты: тура, тура емес, жұп (тура сынық күш түсірген жерде пайда болады, ал одан қарама-қарсы жақта болса оны тура емес сынық) деп атайды. Жұп сынық күш түсірген жерде және қарсы жағында болады;
г) механизміне байланысты (А. Э. Рауэр): шектен тыс майысудан, қысымнан, ығысудан, жұлынудан;
д) жарқыншақтың ауытқуына байланысты: алғашқы, кейінгі, қайта ауытқу деп бөлінеді.
Жарқыншақтың алғашқы ауытқуына, тиген күштің орнына, бағытына және күшіне байланысты болғандықтан, оның дәрежесін нақтылы білу қиын. Өйткені күштің тиген жерін ғана байқауға болады, ал бағыты мен күші, белгісіз. Сондықтан дәрігер алғашқы ауытқуды тек болжамдайды.
Кейінгі ауытқу жарқыншақтағы бүлшықеттердің жиырылуына және өз салмақтарының жылжуына байланысты. Бұл ауытқуды дәрігер нақты білуі қажет. Өйткені бұлшықеттердің басталып, аяқталатын жерлерін білумен қатар, олардың жұмыстарын толық білу қажет.
Қайта ауытқу сынықты орнына салып, бекітіп емдеу барысында пайда болады. Оның себептері: науқастардың ем тәртібін бұзуы, дәрігерлердің ем әдісін дұрыс қолданбауы.
ж) Жарқыншақтар ауытқуы мен қозғалуына байланысты (С. С. Тигерштед): қозғалатын, майысып қозғалатын, қиын қозғалатын, бір-біріне кірген, салынбайтын болып бөлінеді.
е) Ашық және жабық сынықтар.
Ашық сынықтар егер сүйек жарасының сыртпен қатынасы болса, ал жабық — қатынасы болмаған жағдайда болады.
Сынық — сүйек бүтіңдігінің бұзылуы. Ол жарақаттық (зақымдану) және патологиялық болып бөлінеді. Сынық сүйекке өзінің пластикалық мүмкіншілігінен артық күш түсуі әсерінен пайда болады. Осы жағдайда сүйекпен қосыла жұмсақ тіндер де жарақаттанады.
Барлық адам қаңқасының ішінде бет-жақ аймағы сүйектерінің сынықтары 3,2%-тен 8%-ке дейін кездеседі.
Оның ішінде орташа есеппен 80% төменгі жақ сүйегінің үлесіне тиеді. Себептері: 1) Төменгі жақ сүйегі қозғалмалы сүйек. 2) Құрылысы шеңбер тәріздес тұйық болғандықтан жаққа тиген күш шеңбер бойымен тарала отырып ең осал жерінде сынады. 3) Бұл сүйек ашық жерде орналасқан, сондықтан барлық зақым осы сүйекке келеді. Жоғарғы жақ сынығы мұрын, шықшыт, сүйектерімен қосылып 12% болады. Себебі: 1) Жоғарғы жақ сүйегі ми-бассүйек тереңінде (артында) және басқа сүйектерінің қоршауында орналасқан. Мысалы, жоғарыда маңдай, екі жағында шықшыт, алдында мұрын, астында төменгі жақ сүйектері.
Жоғарғы жақ сүйегін сындыру үшін күш алдынан артқа қарай бағытталып үлкен пәрменмен берілуі қажет (балтаның шүйдесімен т. б.)
Жоғарғы және төменгі жақтың қосылып сынуы 8% көлемінде. Бұл орташа статистикалық есеп студенттер үшін беріліп отыр. Мысалы Ж. Б. Оразалиннің (1981) ғылыми деректері бойынша, Қазақстан Республикасында бір жыл ішінде 3,5 мың адамдардың төменгі жағы сынған. Оның ішінде 1-2-ші орынды Алматы, Қарағанды, Павлодар қалалары бөліседі.
ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Беттің орталық аймағының сыну механизміне, сүйек кемігінің арқа тәріздес құрылысы және контрфорстардың (сүйектің қатты қабығының қалыңдауы) болуы үлкен әсерін тигізеді. Бүл маңайда 4 контрфорс бар.
1) Мұрын-маңдай контрфорсы альвеолды өсіндінің алдыңғы жағынан басталып жоғары жақ сүйегінің маңдай өсіндісімен көтеріледі.
2) Ұяшық контрфорсы жоғарғы үлкен азу тістерден басталып шықшыт альвеолды жотасы арқылы шықшыт сүйегіне және оның өсінділеріне тарайды.
3) Артқы контрфорс жоғарғы жақ төмпешігін негізгі сүйектің қанатша өсіндісіне қосады.
4) Таңдай контрфорсы мүрын түбіндегі екі астауша тәріздес сай арқылы мүрын-маңдай контрфорсымен жалғасады.
Жоғарғы жақ сүйегі бір-бірімен орталық сызық арқылы байланысып, ауыз, мұрын, көз қуыстарын жасауға қатынасады. Ол сүйектің ішінде гаймор қуысы орналасқан, оның қабырғалары кілегей қабықпен қапталған. Жоғарғы жақ сүйегінде бірнеше осал жерлер бар. Зақымдалған уақытта осы жерлерде сынық пайда болады. Оны зерттеген француз ғалымы Ле Фор (1901 ж.) Со-ндықтан бұл сынықтарды автордың есімімен атайды. Ле-Фор жоғарғы жақ сынығын 4 түрге бөледі.
I. (Ле-Фор I). Сынық бағыты жоғарғы жақ альвеолды өсіндінің негізінен көлбеу жазықтықта, алмұрт тәріздес тесіктің астымен, гаймор қуысының төменгі қабырғасымен, жоғарғы жақ төмпешігімен, негізгі сүйектің қанатша өсіндісі арқылы өтеді. Сынық екіжақты. Мұнда жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісі екі жағынан , жоғарғы жақ сүйегінің денесінен ажырайды (32-сурет).
32-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор III бойынша сынығы.
II. (Ле-Фор II). Сынық маңдай сүйегінің мүрын өсіндісімен мүрын сүйегінің қосылған жерінен (жігінен) басталып көз қуысының ішкі қабырғасы арқылы көзасты астаушысына келеді. Осы жерден алға қарай жоғарғы жақ сүйегімен шықшыт сүйегінің қосындысы және негізгі сүйектің қанатша өсіндісі сынады. Бұл жағдайда жоғарғы жақ, мұрын сүйектерімен қоса шықшыт және бас сүйектерінен ажырайды. Торлы сүйек сынып оның клеткалық өсінділеріне жабысқан ми қабығы жыртылады, яғни бас қаңқасының негізі сынуы мүмкін (33-сурет).
33-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор II бойынша сынығы.
III. (Ле-Фор III). Сынық жолы маңдай сүйегімен мұрын сүйегінің жігінен бастальш көз қуысының ішкі, төменгі сыртқы қабырғалары арқылы өтіп шықшыт-маңдай сүйектерінің жігімен сынады.
Артқы жағынан негізгі сүйектің қанатша өсінді мен шықшыт сүйектің доғасы арқылы өтеді. Сөйтіп жоғарғы жақ, мұрын, шықшыт сүйектері бас қаңқасынан ажырасуы немесе суббазальды (А. Э. Рауэр) сынық деп атайды (34-сурет).
34-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор I бойынша сынығы.
Осындай сынықтар кезінде бас қаңқасының негізі сынады.
IV. (Ле-Фор-Герен). Жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісінің бір жақты сынығы.
Ескеретін жағдай, жоғарыдағы Ле-Фор сынық схемасы барлық сынық түрлерін қамти алмайды. Мысалы, жоғарғы жақ сынығы біржақты, бір жағында Ле-Фор II, екінші жағы Ле-Фор III т. б. аралас түбірлері кездесуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |