Ұстаздарға арналған басылым редакциясы білім жолы нұрлы жол



жүктеу 3,65 Mb.
Pdf просмотр
бет34/34
Дата26.11.2018
өлшемі3,65 Mb.
#24603
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

Цукуба — Жапонияда, 1992 жылы Севилья — Италияда, 1998 жылы Лиссабон — Португалияда, 2000 жылы

Шанхай — Қытайда ЭКСПО халықаралық көрмелері болып өткен. Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы:

«Болашақ   энергиясы»   болмақ.   Көрмеге   қатысушы   мемлекеттер   өздерінің   энергия   саласындағы техникалық

жетістіктерімен   барша жұртты   тәнті   етеді.   Әсіресе,   қазіргі   таңда сұранысқа ие балама   энергия   көздерін   алу

мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер

асты   сулары   арқылы   энергия   алу   болашақта адамзатқа қажетті   ресурс   түрі.   Осыдан,   көрменің   тақырыбы

көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді.

    Соңғы ЭКСПО көрмесінде IPHONE ұялы телефоны көрмеде жобаға қатысып, көпшіліктің назарын аударған

көп мөлшерде дауыс жинап , содан барып осы телефон жүйесі шыққан деген дерек бар екен.

ІІІ. Қорытынды. 

Мұғалім:       ЭКСПО - ның пайдасы қандай? 

          Баламалы   энергия   көздері   бойынша   ғылыми   зеттеулер   жасап   жүрген   ғалымдарымыз   үшін

маңызды.Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш

ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық,

әуежай,   вокзал   тәрізді   инфрақұрылымдық   жұмыстар   өркендейді.Бұл   дегеніңіз   жаңа   жұмыс

орындары.Екіншіден, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі

туризмнің артуына серпін бермек.Үшіншіден,елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі.Көрмеге үш

айда   100   елден   5   млн.   адам   (күн   сайын   50   мыңдай)   келеді   деп   күтілуде.Төртіншіден,ЭКСПО   болашақта

Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын

халықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді. 

EXPO-2017   өткізу   астанамыздың   да,   тұтас   республикамыздың   да   экономикалық   және   инфрақұрылымдық

дамуына   қосымша   ынталандырушы   күш   болмақ.   Дамуға   деген   жаңа,   әрі   айтарлықтай   екпінге   астана   мен

шектес аумақтардың

шағын және орта бизнестері де ие болады, әсіресе ең алдымен – халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі мен

ішкі   туризм   салалары.   Бұл   шара   көрме   нысандарының   құрылысы   мен   астананың   инфрақұрылымына   жеке

инвестициялардың көлемді бөліктерін тартуға мүмкіндік береді. 

         Көрме әлемді көп ұлтты мәдениетпен, ежелгі тарихпен, өнермен, дәстүрмен және қазақстандықтардық

қонақжайлылығымен таныстыратын болады, ал бұл өз кезегінде Қазақстанның туристтік тартымдылығының

танымалдығын арттырады. 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 15 қаңтарындағы №11 Қаулысына сай «Астана

ЕКСПО-2017»   Ұлттық   компаниясы»   Акционерлік   қоғамы   құрылған.   «Астана   ЕКСПО-2017»   Ұлттық

компаниясы» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары: 

- Астана қаласында мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуді дайындау және өткізу; 

- мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғаннан кейін ЭКСПО-2017

нысандарын пайдалану және қолдану болып табылады. 

     Ұлттық компанияның басты міндеті тіркелетін құжаттамалардың мазмұндық бөліктерін дайындау, ЭКСПО-

2017 территориясында инфрақұрылымдар мен нысандарды жобалау және олардың құрылысын жүзеге асыру. 

     Ұлттық компанияның басты міндеті тіркелетін құжаттамалардың мазмұндық бөліктерін дайындау, ЭКСПО-

2017 территориясында инфрақұрылымдар мен нысандарды жобалау және олардың құрылысын жүзеге асыру.

2013 жылдың шілде айында Астана қаласында Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жаңа

белгісіне ұлттық онлайн дауыс берудің қорытындысы жасалды. 

* * * * *

Ақтөбе облыстық арнайы(түзетім ) есту қабілеті бұзылған 

мектеп- интернат-  колледжінің  

бастауыш сынып мұғалімі Касенова Ж.Н

тәрбиеші Кенесова Л. А 

 Психикалық дамуы тежелген балалардың әлеуметтік бейімделуі

    Психикалық дамуының тежелу мәселесі дүние жүзілік психологтар мен педагогтердің бірден-бір көкейтесті

проблемаларының  бірі   болып  табылады.   Психикалық  дамуы   те-желген   балаларды   жан-жақты  зерттеу  1960

жылдардан басталады,осы жылдары енгі-зілген міндетті орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер,жалпы білім

беретін   мектептердің   бағдарламаларының   күрделенуі   көптеген   балалардың   сабақ   үлгерімін   төмендетті       .

Тіптен  кейбіреулері   бағдарламаны  игере   алмады,білім  сапасы   төмендей  бастады.Осы   кезеңде   көптеген   оқу

үлгерімінің сапасы,білім деңгейін көтеру бағытындағы  ғылыми  зерттеулер қалыптаса бастады. Осыған сәйкес

К.С.Лебединскаяның зерттеулерінің нәтижесінде психикалық даму- дың тежелуінің төмендегідей клиникалық

түрлері айқындалған.(1)

           Конститутциональды немесе  гормониялық   инфантелизм  түрінде  қалыптасатын  пси-хикалық   дамудың

тежелуі.Бұл   топтағы   балалардың     негізгі   клиникалық     белгілері   –эмоциялары     мен   жігерлік   қасиеттерінің

тежеліп,жас   жағынан   кіші   балаларға   тән   мі     -     нез,еркелеу,қуаныш-реніш,аңқаулық,сенгіштік   сияқты

психикалық   ауытқулар.Керісінше   ,   өз     жастарына     тән     іс-әрекеттерге     (оқу,жаттау,ойнау,сапалы   іс

бітіру,жауапкершілік) ынталары болмайды.  

78



     Соматпогенді психикалық дамудың  тежелуі.Бұл  топтағы балалардың    психикалық дамуының  тежелуінің

негізгі себептері:баланың іштен  туа,немесе жүре келе жүрек, бүйрек, өкпе ауруларымен жиі ауруы,созылмалы

аурулардың   асқынуы,жүйке   ауру-ларының   әсері   сияқты   соматогендік   зақымданулар   балаларда   астениялық

жағдайларды қалыптастырады.Жиі кездесетін клиникалық белгілері :әлсіздік ,дәрменсіздік, қорқақ-тық,өзіне-

өзінің     көңілі   толмаушылық,жалтақтаушылық.Көптеген   балаларда   жоғарыда   келтірілген   кемістіктер

отбасындағы   тәрбиенің   дұрыс   болмауынан,(баланы   қорқытып,   жәбірлеп,ұрып-ұрысып,қорқытып   өсіруінен

болса,ендігі бір жағдайда  ата-ананың баланы қорғаштап,оның айтқанын істеп,шамадан тыс еркелетіп,олардың

өз бетімен  талаптанып ойланып,шынығуына тиісті жағдай жасалмағандықтан болады.

        Психогенді психикалық дамудың тежелуі.Бұл топтағы балалардың психикалық даму-ының тежелуінің 

негізгі себебі:баланың жас кезінде отбасылық жағдайда немесе әртүрлі созылмалы  жүйке ауруларының  

салдарынан психикалық күйзеліске ұшырауы. Баланың эмоционалдық және жігерлік әрекеттері өте төмен.Бала 

ынжық ,өзіне сенімсіз,әр нәрсе- ге ,әр адамға күдікпен қарайды,жалтақтап,сезіктеніп тұрады.

       Бұл өзгерістерді білікті мамандар ,немесе медициналық,педагогикалық және пси-хологиялық 

комиссиялардың мүшелері анықтай алады.Психикалық дамудың тежелуіне тән белгілерге тоқталсақ:                   

- тез жалығу мен шаршаудың  әсерінен ынта мен қабілеттің  төмендеуі;                                             

сезіммен еріктің жетілмеуі;



жалпы мәлімет пен елестету қорының шектелуі;                                                                                       

- сөздік қорының жеткіліксіздігі;                                                                                                                          



- интеллектуалды іскерлік,ойлау әдетінің қалыптаспауы;                                                               

 ойын іскерлігінің  толық қалыптаспағандығы; қабылдаудың баяулығы; 



- сөйлеу логикалық операциясының ойымен қиылыспауы; 

 - ақыл-естің барлық түрінің бұзылуы;                                                                                                                     

сенсорлық мәліметтерді қабылдау мен оны түсіну мерзімінің ұзақтығы;                                                       



 - өзін-өзі бақылау деңгейінің төмендігі;                                                                                                            

- мектеп жасына келгенде оқу,ойлау операцияларының  қалыптаспауы  талдау,жинақтау, 

салыстыру,қорыту,әдістерінің негіздерін түсінбеуі.

       Осы өзгерістердің дәрежесіне сай, баланың жасын ескере отырып,оларды әлеуметтік 

бейімдеу,тәрбиелеу,оқыту және түзету жолдарын айқындайды.Нәтижелі арнайы әдіс-терді қолдану осы 

балаларға  арналған арнайы балабақшалармен мектептерде, мектеп-интернаттарда  немесе жалпы мектептердің 

арнайы түзету сыныптарында дұрыс жолға қойылған.

     Психикалық дамудың тежелу тәсілдері:(Психикалық дамудың тежелуі өте күрделі , оны тек компонентті 

білімді ,жан-жақты хабардар мүшелері бар дәрігерлік-педагоги-калық комиссия ғана шеше алады).Оларға:         

-мұғалімнің көмегін өте жақсы қолданады  және көрсетілген әрекет-амалын тапсырмаға ұқсас етіп көшіруге 

қабілетті;                                                                                                                                 -  психикалық дамуы 

тежелуі бар балалар оқу техникасын ұғынып,мұғалімнің тапсыруын-сыз-ақ қайталап оқуға 

талпынып,оқығандарын түсінуге тырысады.

      Есте сақтаудың барлық түрлерінің жеткіліксіздігі (еркіндік,еріксіздік,уақытша,ұзақ уақ-ытты)ПДТ-і  бар 

балаларда анықталады.Бірақ мұғалімнің көмегімен берілген тапсырманы ережеге жақын деңгейде  орындауға  

қабілетті,біршама  машықтанғаннан  кейін есте сақ-тау жадысы дами бастайды.                                                        

        Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуын жетілдіру негізінен үш бағыт-та жүргізіледі:          

-балаларға  жан-жақты диагностикалық тексерулер мен мамандардың кеңестерін ұйым-дастыру,негізгі 

зақымданулардың дәрежесін                                                                                     

емдеу,сауықтыру,әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру;



 - түзету және дамыту бағыттарында арнайы әдістемелерді  құрастырып,оларды қолдану.(2)                     

      Мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балаларды қалыптастыру негізінен осы балаларға арналып 

жасалған бағдарламасымен жүргізіледі.Негізгілері:                

жалпы білім беру циклі сабақтарында,сондай-ақ арнайы оқыту кезінде де әр баламен  жеке жұмыс 



жүргізу; -түрліше әдіс – тәсілдермен қажудың алдын алу,яғни  ақыл- ой мен  тәжірибелік жұмыстарды 

алмастырып отыру; -  қызықты және әсемделген дидактикалық  заттарды дайындау,көрнекіліктің түрліше  әдіс-

тәсілдерін қолдану; - дайындық(оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге)жұмыстарын жүргізу және  

қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейту ді  қамтамасыз  ету;

-оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде, қаж-етті  жағдайға 



сәйкес өткізіледі,яғни сауаттылыққа үйрену дайындығы кезеңдермен ор- ындалады.

       Бірінші кезеңде естудің қадағалауымен сөйлеу кезіндегі жекеше зақымдалған ды-быстарды  бөлшектеу 

тәсілін қолданады,бірақ бұл сауаттылықты жақсы меңгеріп кету үшін қажетті талдау мен жинақтау  

дыбыстарының дағдысын қамтамасыз етпейді.

       Екінші кезеңде сөздегі дыбыстың орнын белгілей білуді үйретеді,дыбыстардың сөздегі орналасу ретін  

анықтайды. 

79



     Мүмкіндіктері шектеулі балалардың,қалыпты дұрыс дамыған балалар сияқты жан-жақты 

дамуға,оқуға,танымдық әрекеттерін қалыптастыруға құқықтары бар.Бірақ оларға тиісті білім беру және дамыту 

өте күрделі,сондықтан біліктілікті қажет етеді.

    Сонымен педагог білімді маман болуымен қатар,ол өте ұстамды, парасатты, кішіпейіл, балалардың әртүрлі 

сұрақтарына жауап бере алатын,олармен жұмыс істегенде шарша-майтын және алдына қойған мақсатын анық 

біліп,оған жету үшін әртүрлі ғылыми әдісте- мелерді қолдана алатын  және оның нәтижесін дұрыс талдай 

білетін,өз ісіндегі олқылықтарды анықтап,оны толықтыра алатын,өте білікті болу қажет.Осы көрсетілген 

қасиеттер бойында бар мамандар мүмкіндіктері шектелген балаларға дұрыс көмектесе алатын,оларды түсіне 

білетін және арнайы түзету,дамыту әдістемелерін қолдану арқылы кемтар балаларды әлеуметтік ортаға 

бейімдеуді өз парызы санайды деп білеміз.

                             Әдебиеттер

 1 . Лебединская К.С.- Клиническая систематика задержки психического развития  //      Актуальные проблемы 

диагностики задержки психического развития у детей. –М.:              П едагогика , 1982 г.                                         

2.  Алдамұратов Ә. т.б. Жалпы психология.- Алматы: Білім , 1996 ж.                                                                 

3.  Актуальные проблемы олигофренопедагогики: Сб. науч.  трудов /  Под  ред.   В.В.Воронкова. – М ., 1988 г.

* * * * *                                                  



Кеңесова Ләззат Алмасқызы

 Тубетбаева Ақерке Әлібайқызы

Нугуманова К.С 

 Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған

балалар мектеп – интернат –колледжі, тәрбиеші

Ата-ананың бала тәрбиелеудегі психологиялық ерекшеліктері

     Мақсаты:Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мектепке деген психологиялық көзқарасын, балаға деген 

жауапкершілік сезімін машықтаут арқылы қалыптастыру.



     Міндеті:

 -өзінің және өзгенің даралығын бағалау,өзін құрметтеу;

 -көңіл-күйді көтеру,сезім мен эмоцияны реттеу;

 - ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау.



     Көрнекі құрал: плакат,түрлі,түсті қағаз,желім,қайшы, слайд.

 Тренинг барысы:

 А) сәлемдесу рәсімі

 Б)Тренинг ережесін бекіту

     Кіріспе:

     Дәріс: «Ата-ананың балаға деген махабаты»

     Сәлемдесу рәсімі:

     Әр елдің өзіндік сәлемдесу рәсімдері болады екен, әуеннің ырғағымен билей жүріп, иықтарымен, 

құлақтарымен, маңдайларымен, қолдарымен, тізелерімен, амандасып шығу.

 Талдау: қандай әсер алғандығы жөнінде.

    «Танысу» жаттығуы

     Нұсқау: Өз есімдеріміздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып,өзіңіз туралы 

қысқаша мәлімет беруіңіз керек.

    «Мен қандаймын?» жаттығу

     Нұсқау: Ақ парақты екіге бөліп,бір жағына өзіңіздің жағымды жақтарыңызды,парақтың екінші жағына 

жағымсыз мінез-құлығыңызды жазасыздар.

    Талдау: Сіздерге жағымды жағын жазу ұнадыма,әлде жағымсыз жағын жазуға қиналдыңыздар ма?

    «Қол көмек» жаттығуы

    Нұсқау: Ақ параққа оң қолыңызды басып саласыз.Содан кейін «балаңызға қандай көмек бере аласыз?»деген 

сауалға әр ата-ана баласына,сыныбына қандай көмек бере алатыны жазылады. Жазған жауаптары тыңдалады.

    Шығармашылық жұмыс

    Нұсқау:

    Ата- аналарды үш топқа бөліп, түрлі түсті қағаздарды , керекті құралдарды пайдалану арқылы бейнелеп беру 

және жария ету.

 І топ:Мектепке деген махаббатыңыз…

 ІІ топ: Балаға деген махабатыңыз….

 ІІІ топ Ата-ананың бір-біріне деген махабаты…

    «Сиқырлы жүрек»

     Нұсқау:Бала тәрбиелеуде ата-ана жүрек жылуын жақсы сөздер арқылы білдіріп,мейірімді жүрекке 

айналдыруы қажет. 

80



    Психологтың сөзі: Сіздердің бала тәрбиелеуде аналық мейірімдеріңіз әрқашан балаңызға жылулық нұрын 

төгілтіп мейірімді жүрекке айналдырдыңыздар. 



Қорытынды:

 Әр түрлі смайликтер бойынша қатысушылар тренингтерден қандай әсер алғанына байланысты өз көңіл-

күйлерін көрсету керек.

* * * * *



Разақова Сара Темірбайқызы

Касенова Жанна Нурдаулетовна

Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар

мектеп- интернат-колледжінің бастауыш класс мұғалімдері        

Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды

         Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,



мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты  тәрбиелеу.  Бала  да  жас  терек  сияқты,

қалай  тәрбиелесең,  жастан  қандай  тәрбие  берсең,  ертең  есейгенде  жас  кезіндегі  алған  тәрбиесі  өміріне  негіз

болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. 

    Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде.

Жол   көлік   оқиғалары   жөніндегі   деректерге   зер   салсақ,   қалалық   жерлерде   жаяу   жүргіншілердің   кінәсінен

болатын  оқыс  оқиғалар  саны  едәуір  көп.  Оның   ішіндегі  жас   балалардың   апатқа жиі  ұшырайтыны:  жастай

өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып

қалуы мүмкін.         

      Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын

бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны,

өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін

мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген

ата-ана   балаларды   мектепке   шығарып   саларда   «жолдан   жүгіріп   өтуші   болма,   машина   қағып   кетеді»  деген

ескертуден аса алмайды. Бұл - әрине, жеткіліксіз.

      Бастауыш сынып оқушысы үшін үйден мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін ата-анасы

баласына жол-жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөліп, үйреткені дұрыс. Жол көлікпен

қатынасатын оқушыға ата-анасы жол қиылыстарынан өтуді, көлік толық тоқтағанда түсіп, мінуіне болатынын,

өз аялдамасын дұрыс білуін, бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн. 

      Бастауыш сынып оқушыларының күнделігінің алғашқы беттері, яғни баланың аты-жөні, мектебі, сыныбы,

мекен-жайы,   үй   телефоны,   әке-шешесінің   ұялы   телефондары,   мектеп   телефоны   толық   жазылып,   баланың

фотосы жапсырылуы тиіс. «Менің мектепке барар жолым» кестесі анық сызылып, қандай көшелерден, қандай

қиылыстан,   қай   үйлердің   арасынан   жүретіні   қызыл   бағытпен   сызылып   көрсетілуі   тиіс.   Бастауыш   сынып

оқушыларының әсіресе 1-2 сынып оқушыларының мектепке әке-шешелері міндетті түрде өздері әкеліп-әкетуі

керек. 


        Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барада үнемі мынаны ескеріп отыруы керек: 

-         Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе; 

-         Мас және қауіпті адамнан алыс жүр; 

-         Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме; 

-         Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір. 

    Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек. Мектепке кешікпей баруын, үйге

уақытысында келуін қадағалағаны абзал. 

       Баланың жарақат алуы көбінесе мектеп пен үй арасында болады. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала

міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің

заттарын   тартып   алуы,   бөтен   бұзақы   балалардың   көзіне   түсуі   және   олардың   ақша   талап   етуі,   дүкеннен

жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т.с.с.). Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен

газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет. 

       Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік

ережелерін   және   мынаны   ескертіп   отыруы   керек:   үйде   жалғыз   қалғанда   электр   жүйесіне   жақындамау,   газ

плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с.    

      Ата-анасының   әрбір   ескертуін   ұмытпай,   ереже   талабын   бұлжытпай   орындаған   балалардың   әр   түрлі

сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық. 

      

Құрметті ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда 

балаларыңызға үлгі болыңыздар. Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің 

қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.                                  

* * * * *

81



МАЗМҰНЫ

1. Наванова Замзагүл Тортайқызы

2. Дуйсенгалиева Cания Зиноллаевна

3. Есентаева Гульнар Кобландиновна, Елешова Газиза Едиловна

4. Халенова Арайлым Канатовна

5. Кошмагамбетова К.К

6.  Наванова Замзагүл Тортайқызы

7. Мейрманова Ботагоз Олжабаевна 

8. Какенова Еркежан Тлеутаиевна

9. Орынбаева   Толқын

10. Қалдыбаева К.Т 

11. Елеусіз Г.

12. Жұрмағамбет Қ.Қ

13. Ержанова Айнур Айтбаевна

14.  Кажимова Фарида Адилхайыровна

15.  Нурсултанова Айкерим Сансызбаевна

16. Нурсултанова Гулзада Есенгелдиевна.

17. Сулекина Нурбахыт Байгалиевна

18. Ержанова Айнур Айтбаевна

19. М.Прмаханова

20. Г.Исмагулова

21. Шамуротова Фарида Эргешовна 

22. Хакимова Мехринса

23.  Сайдазимова Алима

24. Раимтаева Наргиза

25. Авезова Хилола 

26. Анаркулова Наргиза 

27. Абдикаримова Клара Макаровна

28. Абдиганиева Шаира Ирисдавлатовна

29. Асия Егемберди

30. Сарбас    Нургүл  Адырбекқызы

31. Туяк  Улжалгас Жусипкызы

32. Бекман  Калия

33. Орынбаева  Гүлмира  Сырлыбайқызы

34. Құрманбек    Перуза  Айтбайқызы

35. Кенжалиева Лайла Кримкуловна

36. Бахтыбаева Амангуль Буркиталиевна

37. Абылова Айсулу Мухамедияровна 

38. Касенова Ж.Н. Кенесова Л. А 

39. Кеңесова Ләззат Алмасқызы. Тубетбаева Ақерке Әлібайқызы. Нугуманова К.С 



40. Разақова Сара Темірбайқызы. Касенова Жанна Нурдаулетовна

82

Document Outline

  • Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы
  • Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімдері
  • Есентаева Гульнар Кобландиновна, Елешова Газиза Едиловна
  • Оқулық, дәптерлер.
  • дәптерлер
  • Смайликтер

жүктеу 3,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау