6 ТАҢДАМАЛЫ (ІШІНАРА) БАҚЫЛАУ
Мақсаты: таңдамалы бақылау түсінігін, түрлерін қарастыру, әр түрлі таңдау кезіндегі қателерді анықтау, таңдамалы жиынтықтың объектілер санын анықтау.
Жоспар:
6.1 Таңдамалы бақылаудың түсiнiгi. Оның түрлері.
6.2 Әртүрлi үлестiрiм кезiндегi таңдамалы бақылаудың қателерiн анықтау.
6.3 Таңдамалы әдіс есептерінің шешу алгаритмдері
6.1 Таңдамалы бақылаудың түсiнiгi. Оның түрлері
Таңдамалы бақылау – зерттелінетін жиынтықтың бір бөлігін ғана зерттеу әдісі.
Таңдамалы бақылау өткізу мақсаты – таңдалған бірлітер қисиеттері бойынщша жалпы жиынтық бірліктеріне сипаттама беру. Таңдамалы жиынтық – репрезентативті болу тиіс.
Таңдамалы бақылауды өткізу кезеңдері:
таңдаманың қажетті бірліктер санын анықтау
таңдауды өткізу
таңдамалы көрсеткіштерді есептеу
таңдама қателерін есептеу
таңдамалы көрсеткіштерді басты жиынтыққа тарату.
Таңдамалы бақылаудың таңдау әдісіне қарай – қайталанатын және қайталанбайтын түрлерін ажыратады.
Бұл таңдау әдістері келесі таңдау түрлерінде пайдаланды:
Кездейсоқ - кезе келген жерден бірліктерді таңдау.
Механикалық – механизм ретінде бірліктерді таңдау (мысалы, әрбір бесінші, 10-шы, 15-ші бірліктерді таңдау).
Сериялық – басты жиынтықтың бірліктері бірдей санмен серияларға (топтарға) бөлінеді, бірнеше сериялар таңдалады.
Типтік – басты жиынтықтың бірліктері белгілі бір қасиет бойынша бірнеше топтарға бөлінеді, кейін әрбір топтан бірнеше белгілер таңдалады.
Таңдамалы бақылаудың мақсаты – басты жиынтықты сипаттау. Алдымен, таңдамалы көрсеткіштердің нақтылығы анықталу тиіс. Басты және таңдамалы жиынтықтың көрсеткіштерін салыстырып, таңдамалы жиынтық көрсеткіштерінің басты жиынтық көрсеткіштерінен ауытқуы табылады. Кейін таңдама қателерін салыстырады.
Көбінесе, таңдамалы жиынтық көрсеткіштерін басты жиынтық көрсеткіштеріне тарату үшін 2 әдіс қолданады:
тура есептеу әдісі
түзету коэффициенттер әдісі.
Таңдамалы жиынтық көрсеткішінгің басты жиынтық көрсеткіштерінен айырмашылығы қате деп аталады.
6.2 Әртүрлi үлестiрiм кезiндегi таңдамалы бақылаудың қателерiн анықтау
Таңдамалы орташаның қатесін анықтау:
А) Кездейсоқ және механикалық таңдау кезінде
Қайталанатын:
,
мұнда - орташа қате,
2- таңдамалы дисперсия,
n – таңдамалы жиынтықтағы объектілер саны.
Қайталанбайтын:
,
N – басты жиынтықтағы объектілер саны.
В) Типтік таңдау кезінде
Қайталанбайтын:
,
С) Сериялық таңдау кезінде
,
мұнда 2- сериялық дисперсия,
R- басты жиынтықтағы сериялар саны,
r – таңдалған сериялар саны.
Достарыңызбен бөлісу: |