2) сенім білдірілгеннің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қосымша ұсыну
қажет.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген
мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы,
Орынбор көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, № 925 қабинет мекенжайы бойынша Министрлік
басшысының атына беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе
Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті
берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдап
алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны
көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын
растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті
шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына
жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе
Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде
қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы
көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе
Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен
келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі
уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және
бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап
он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда
көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті
берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»
бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен
мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай
байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің
байланыс телефондары: 8 (7172) 74-07-54, 74-09-69. Мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Қолжазбаны сақтауға,
жарияланбаған туындылардың
қолжазбаларын сақтауға
тапсыру туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________
тел:_________________________
_____________________________
(паспорттық деректер)
Өтініш
Мен (Біз)______________________________________________________
(автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты)
ЖСН ____________________ _______________________________жасаған
(объектінің жасалған күні, айы, жылы)
_________________________________________________________деп аталатын
_____________________________________________________________________
(авторлық құқық объектісінің түрі)
жалғыз автор(лар)ы болып табылатынымды (табылатынымызды) растаймын (растаймыз) және осы
туындының қолжазбасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде сақтауға қабылдауды
өтінемін (өтінеміз).
Осымен аталған туынды еш жерде жарияланбағанын да растаймын (растаймыз).
Өтінішке қоса беріледі:
1._____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
3._____________________________________________________________
20____жылғы «___»_________ _______________________
(автор(лар)дың қолы)
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ
РМК