12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда
көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті
берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»
бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық
нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен
мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде порталдың «жеке
кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай
байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің
байланыс телефондары: 8 (7172) 74-07-54, 74-09-69. Мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде
басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
_________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_________________________________
(лауазымы, ұйым атауы, бірлестік
басшысының Т.А.Ә.)
Деректемелері:___________________
_________________________________
(заңды мекенжайы)
_________________________________
(байланыс телефоны)
Өтініш
____________________________________________ мекенжайы бойынша
(ұйым орналасқан мекенжай)
орналасқан, тіркеу нөмірі____________________________________________
(заңды тұлғаның тіркеу нөмірі)
БСН________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның толық атауы)
мынадай______________________________________________________________
(«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының
43-бабының 3-тармағына сәйкес)
ұжымдық басқару саласындағы бірлестік мүшелері атынан «Авторлық құқық
және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
46-1-бабына сәйкес аккредиттеуден өткізуіңізді сұраймын.
Өтінішке қосымша мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.______________________________________________
2.______________________________________________
3.______________________________________________
М.О.______________ ____________________________________
(қолы) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
Күні: 20____жылғы «___»_________________
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде
басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
Мәліметтер нысаны
1) Авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды басқаруға жасалған қолданыстағы
шарттар саны___________________________________
2) Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланушылармен жасалған
қолданыстағы шарттар саны_________________
3) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мүшелерінің
тізімі___________________________________________________
4) Мұндай ұйымды құқық иеленушілер мен пайдаланушылар үшін қажетті Қазақстан
өңірлерінде білдіруге уәкілеттік берілген тұлғалар туралы
мәліметтер____________________________________________________
5) Интернет-ресурсының болуы туралы мәліметтер ________________
6) Ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымның авторлық құқық
және сабақтас құқықтар саласындағы соңғы екі жылдағы қызметін тексеру туралы
мәліметтер___________________________
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 25 бұйрығына
3-қосымша
«Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру
туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 10 (он)
минут;
3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған
туындылардың қолжазбаларын сақтауға қабылдау туралы анықтама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін
қызметті алушы).
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы
қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден
18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетелетін қызмет нәтижесін беру сағат
13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік көрсетелетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет
көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтініш. Егер шығарма туынды болса, пайдаланылған туынды авторының тегі, аты, әкесінің
аты көрсетіледі, сондай-ақ туындыны өңдеуге, аударуға құқық беру туралы авторлық шарттың
көшірмесі ұсынылады;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
3) туындының қолжазбасы.
Сақтауға ұсынылатын құжаттар тігілуі, нөмірленуі және көрсетілетін қызметті
алушының қолымен бекітілуі тиіс.
Құжаттарды сенімді адам арқылы ұсыну кезінде:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушыдан
сенімхатты;
Достарыңызбен бөлісу: |