Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 250 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11400 тіркелді
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасының Заңы 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде
басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын
сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы
департаменті:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді
баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға
жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-
ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн
өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Б. Имашев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы «____» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы «____» ___________
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 250 бұйрығына
1-қосымша
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 10
(он) минут;
3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – авторлық құқық объектісіне құқықтарды
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-
тармағымен бекітілген жағдаймен негіздері бойынша қараудан бас тарту туралы дәлелді
жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан
әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға
құқықтарды тіркеу үшін тіркеу алымы «Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті
төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабында
белгіленген 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және салық салу
объектісінің тіркелген жері бойынша тіркеуші органға тиісті
құжаттар берілгенге дейін
төленеді.
Тіркеу алымын төлеу үшін қажетті банктік деректемелер осы мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы
қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден
18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетелетін қызмет нәтижесін беру сағат
13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік көрсетелетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет
көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
өтініш: