Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 30
шетел тіліне айдарылса, онда бұл одан келер пайданы, əсіресе төте шетелдік немесе
қоржындық инвестицияларға қажеттілік контекстінде елеулі көтереді.
• Аудиторлар палатасы Қазақстанда аудиторлық істі дамытуға тиімді жəрдемдесуі үшін,
оның құқықтары мен өкілеттіктерін кеңейту қажет. Атап айтқанда, оның төмендегідей
қызметтер көрсетуге мүмкіндігі болуға тиіс:
o
Палата мүшелері үшін кеңестемелік жəне ақпараттық көмек;
o
шығын аудиторлық фирмалар үшін аудит жүргізу жөнінде нұсқаулық əзірлеу жəне
тарату;
o
аудит жəне шағын аудиторлық фирмалар үшін аудиттың стандартты əдістемесін
əзірлеу.
• Аудиторлар палатасының жүзеге асыруы жəне тиісті туыстас кəсіби органмен
ынтымақтастық туралы келісімшарт жасасу үшін қажетті жұмыстарды толық талдау
жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек.
• Қазақстан қазіргі параллельді оқыту жүйесінің орнына бухгалтерлер мен аудиторлардың
біліктілігін біртіндеп көтеру əдістемесін жараққа алуға тиіс. Бірінші қадам бухгалтер мен
аудитордың мамандықтары бойынша бөлек СAP/СIPA біліктіліктерін алу үшін оқыту
модульдерін бағалау саласындағы ынтымақтастықты жандандыру болуға тиіс. Ең дұрысы
нəтижелерді өзара мойындауға ұмтылу керек. Еінші қадам дəйекті жүйе құру жəне іске
асыру болар еді. СIPA біліктілік деңгейінің ағымдағы сертификаты өдың біліктілігін алу
үшін қажетті талап бола алар еді. Бұл СIPA сертификатына ие əлуеттегі аудиторлар
барлық СIPA біліктілік деңгейінің барлық емтихандарын тапсырған жəне мамандығы
бойынша 3 жылдық жұмыс тəжірибесі бар екенін білдіруші еді. Аудитор болу үшін, екі
қосымша талапты орындау қажет болады:
o
біліктілік комиссиясына аудит бойынша емтихан тапсыру
o
аудиторлық ортада практикалық жұмыс тəжірибесіне ие болып, тағы екі жыл
жұмыс істеу.
Аудит ойынша емтиханды модульдік немесе кешендік нысанда, не болмаса кешенді
форматта жүргізуге болады. Кəсіби жарамдылық тек қосымша практикалық жұмыс
тəжірибесінің негізінле растала алады.
• Практика МФБ талаптарына сəйкес ұйымдастырылуға тиіс. Тəлімгерлікті жəне бақылауды
көтермелеу керек. Қазақстанда қолданыстағы практикаға талаптарды талдау жəне оларды
МСО 5 Халықаралық білім стандартына сəйкестікке келтіру қажет.
82.
Жалпы біілім беру жəне оқыту жөнінде ұсыныстамалар
• Қазіргі орын алған жағдаятқа орай, басты назарды жоғарғы оқу орындарынан бастап жəне
МБФ білім стандарттарының талаптарының шеңберінде өзінің кəсіби бухгалтерлік жəне
аудиторлық біліктіліктерін үнемі арттыра отырып білім беру жүйесінүзіліссіз режимде
дамытуға аудару керек.
• Жоғарғы оқу орнынан кейін оқыту бағдарламасы ХҚЕС бойынша қаржылық есеп-қисапқа,
сондай-ақ МСО 2 стандартына сəйкес ұйымдастырушылық принциптерді жəне клиенттің
бизнесін білу компонентіне баса көңіл бөлуге тиіс. СAP/СIPA біліктіліктерін алуға
куəландыру бағдарламасы бойынша материалдар тапсырылған жəне оқытушылардың
бірқатары тиісті дайындықтан өтті. Бəлкім, ол жеткіліксіз болатын шығар, өйткені
жоғарғы оқу орындарында кейбір пəндер бойынша білікті оқытушылардың жетіспеушілігі
байқалады, сондықтан орыс жəне қазақ тілдеріндеі қосымша əдістемелік жəне оқу
материалдарына қажеттілік бар. Жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарларына экономика,
іскерлік орта, корпоративтік басқару, іскерлік этика, қаржы нарықтары, сандық бағалау
əдістемелері, ұйымдастырушылық аспектілер, басқа жəне стратегиялық жоспарлау
бойынша пəндер, сондай-ақ басқа пəндер кіруге тиіс. Жоғарғы оқу орындарына бизнестің
өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне сəйкес болатын тиісті дипломдар алуға бағдарламалар
Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 31
дайындау үшін кəсіптік қауымдастықтармен жəне бухгалтерлер қоғамдастығымен тығыз
ынтымақтастық қажет болады. Біз атап өткен қажетті сырттан қолдау параметрлеріне
қолда бар материалдарды ағылшын тіліндегі əдебиетпен салыстырмалы талдау,
оқытушыларға арналған оқуды қолдауды жалғастыру жəне материалдарды аударуға көмек
көрсету кіреді.
• СAP/СIPA біліктіліктерін алуға қазіргі куəландыру жүйесін өзгертудің қажеті жоқ, оны тек
дипломды бухгалтердің біліктілігін жəне Кəсіпқой бухгалтерлер мен аудиторлар
палатасына (ППБА) мүшелікті беру үшін негіз ретінде алу керек. Алайда ондай
емтихандар жүйесі МСО5 талаптарына сəйкес практиканы міндетті өтуді енгізудің
есебінен кеңейтілуге тиіс. ППБА толық құқықты мүшелік кандидаттар практиканы өту
туралы талапты орындамайынша, оларға берілмейді.
• ППБА кандидаттар алатын практикалық тəжірибенің сұранысқа ие болуын қамтамасыз
етуге тиіс. Кандидаттарды тəлімгер болып саналатын жетерліктей білікті маманға бекіту
керек жəне жəне кəсіпқой бухгалтердің біліктілігін алуға куəландырудың алдында ППБА
талдау үшін практиканы есепке алу журналын жүргізу қажет.
• Аудиторлар палатасы оған сəйкес дипломды аудиторлар қаржылық есеп-қисап жəне аудит
туралы ең соңғы күнгі білімдер деңгейіне ие болуға міндетті МСО 8 стандартының
талаптарын зерделеуге тиіс. Ол параметрлерді қанағаттандыру үшін, СМПБ біліктілігін
алуға куəландыру аудиторлық кəсіптің өкілі аудитордың жұмысын құзыретті орындау
үшін қажет кəсіби білімдерін, машықтарын жəне құндылықтарды, этиканы жəне іске
көзқарасын бағалаудан кейін оған сəйкес болуға тиіс кірістік талап ретінде қалуға тиіс. Ол
үшін СAP/СIPA біліктілігін алуға куəландыру бағдарламасына қосымша жаңа емтихан
енгізу керек болады.
• Аудиторлар палатасы аудитордың біліктілігін алуға кандидаттар біліктілік куəлігін беру
үшін жеткілікті көлемде жəне мамандығы бойынша практикалық тəжірибе алуын
қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан Аудиторлар палатасы аудит бойынша емтиханнан өтуге
кандидаттардың практикасы МСО 8, сондай-ақ МСО 5 талаптарына сəйкес тиісті түрде
құрылған жəне бақыланатын болуы мақсатында, олар үшін Палатаның қауымдастырылған
мүшесінің мəртебесін құруға тиіс.
• Біліктілік сыны\амалау үшін нақты базаны айқындаудан кейін ППБА жəне Аудиторлар
палатасы мүшесінің мəртебесін ұзартудың кəсіби біліктілікті көтеру жүйесіне (ПК)
қатысуына тəуелділігін белгілеу маңызды. ПК жүйесін кəсіптік қауымдастықтар мен
ұйымдар өздерінің мүшелерінің бухгалтерлік есеп жəне аудит стандарттары мен
практикасы саласындағы білімдерін тұрақты жаңғыртып отыруды қамтамасыз ету үшін
бақылап отыруға тиіс. Бұл тұрғыдан кəсіптік қауымдастықтар мен ұйымдардың
біліктілікті үзіліссіз көтеру жүйесі үшін тиісті курстар мен оқу материалдарын əзірлеуі
маңызды.
• Қазақстанда жергілікті орындарда Қазақстандық фирмаларға тексерістерді жүзеге
асыратын бухгалтерлер мен аудиторларды бухгалтерлік есеп жəне аудиттың бүгінгі
əдістемелерін практикалы қолдануды жетілдіру əдістеріне оқыту механизмін құру қажет.
Практикалық тəжірибеге белгілі кемел бухгалтерлер мен аудиторларды тарту өте маңызды
ұсыныстама болып табылады, оны орындау үшін оларды ХҚЕС жəне ХАС түсіну деңгейін
одан əріде көтеруге жəне оларды Қазақстанда қаржылық есеп-қисап саласында
практикалық жұмыста қолдануға түрткі болатын ынталандыру шараларын қабылдау
қажет.
Егер сұраныс туралы сөзге келсек, онда директивтік органдар позитивті əдістерден
(мысалы, оқу жүйелерін ұйымдастыруға салықтық жеңілдіктерден) ескертуші əдістерге
(мысалы, қаржылық есеп-қисаптардың сенімсіздігі үшін жауапкершілікке тарту) дейін
түрлі əдістер арқылы компаниялардың басшылығы сондай «қайта жарақтауға» қаражат
жұмсауы үшін стимулдар жасауға тиіс. Егер сөз мемлекеттік кəсіпорындар туралы болса,
онда акционер ретінде бой көрсететін мемлекет өзіне бастамашылықты қабылдап,