Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 8
аудит саласында маманданып, жоғарғы оқу орындарын ғылыми жəне оқытушылық қызметпен
шұғылданатын жеке тұлғаларға беріледі.
31.
АП басқа елде алынған біліктілікті тек Қазақстанда сол елмен біліктіліктерді өзара
мойындау туралы келісім болған жағдайда мойындайды. Іс жүзінде бұл білікті шетелдік
аудиторлардың Қазақстанда аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін КК жүргізетін
барлық емтихандарды тапсыруға тиіс болатынын білдіреді, басқа елдерден білікті аудиторлар тартуға
кедергі болып табылады.
32.
Жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заң АП үшін аудиторларды қадағалауды жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. АП аудиторлық лицензияларды қайтып алу, əрекетін тоқтату немесе
күшін жою туралы өтінішпен Қаржы министрлігіне жүгінуге құқығы бар; «Аудиторлық қызмет
туралы» жаңа Заңға сəйкес, АП өз мүшелерінің сапасын сырттан бақылауды жүргізуге өкілеттіктері
бар. Сол секілді, КК аудитор көрінеу жалған немесе біліксіз аудиторлық қорытынды берген немесе
аудит стандарттарының негіз қалаушы талаптарын орындамаған немесе кəсіби қызметін жүзеге асыру
кезінде өзге бір түрде заңнаманы бұзған жағдайда; немесе егер ол Аудиторлар палатасының
аудиторлық қызметтің сапасын бақылау бойынша тексерісінен өте алмаса, аудитордың біліктілік
куəлігінің күшін жоя алады.
33.
«Аудиторлық қызмет туралы» Заңның Қаржы министрлігіне кəсіби аудиторлық
қызметті қадағалауды жүзеге асыру үшін жауапкершілік жүктейтініне қарамастан, қазіргі
кезеңде лицензиялар беруге жəне күшін жоюға байланысты қабылданатын шаралар – юұл
əсіресе, Қазақстандағы аудит процессінің мониторингіне қатысты - тиісті халықаралық
практика ден санауға болатын деңгейге жетпейді. Анағұрлым тиімді мониторинг режимінен басқа,
тиісті халықаралық практика кəсіби аудиторлық қызметті қоғамдық бақылауды көздейді. Қаржы
министрлігі мүдделі тараптардың бірі болып табылатындықтан, ол аудиторлық қызметті бақылау
шеңберінде барлық мүдделі тараптардың (инвесторлардың, несиегерлердің, реттеушілердің) сан алуан
мүдделерін тиісті түрде білдіре алмайды. Қоғамдық бақылау жүйесі ресми аудиторлар мен
аудиторлық фирмаларды бекітуді жəне тіркеуді, этикалық нормалар қабылдауды, аудиторлық
фирмалар мен аудиторлық қызметтің сапасын бақылаудың ішкі жүйелерін, кəсіби біліктілікті
көтеруді, сапаны қамтамасыз етуді, сондай-ақ бұзушылықтарды тергеу жəне тəртіптік жазалар
қолдану жүйесін бақылайтын ақтық инстанция болуға тиіс.
34.
АП МФБ мүшелерінің міндеттері туралы қағидаларды (ПОЧ),
8
сақтауға міндетті
болғанымен, ол қазір барлық ПОЧ сақтамайды. Палата Халықаралық бухгалтерлер
федерациясының (МФБ) жəне Еуразиялық сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлар кеңесінің
толық мүшесі болып табылады. ПОЧ сақтауға келетін болсақ, АП қазіргі уақытта атап айтқанда,
«Сапаны қамтамасыз ету» 1-ші ПОЧ, «Бұзушылықтарды тергеу жəне тəртіптік жазалар қолдану» 6-
шы ПОЧ, «Кəсіпқой бухгалтерлер үшін халықаралық білім стандарттары мен басқа КОМОБ
құжаттары» 2-ші ПОЧ (төменнен II C Бөлімді қараңыз), сондай-ақ «Кəсіпқой бухгалтерлерге арналған
МБФ этика кодексі» 4-ші ПОЧ сақтаайды.
35.
Аудиторлар палатасы қабылдаған, Палата мүшелері сақтауға міндетті Этика кодексі
1998 жылғы МБФ этика кодексінің негізінде жасалған; алайда онда нормативтік құжаттың
мəртебесі жоқ жəне ол тек АП мүшелері үшін міндетті болып табылады. АП Кодексінде кейіннен,
əсіресе аудитордың тəуелсіздігіне қатыстыда едəуір қаталға айналған МФБ қолданыстағы
8
МФБ ПОЧ МФБ мүшелері болып табылатын немесе мүше болуға ниетті ұйымдар үшін нақты бағдар болып,
оларға əлемнің түрлі елдерінде бухгалтерлердің жұмысының жоғары сапасын қамтамасыз етуге көмектесуге
тиіс. ПОЧ сапаны қамтамасыз ету, білім стандарттары, аудит стандарттары, этика, бұзушылықтарды тергеу
жəне тəртіптік жазалар қолдану жəне т.б. секілді мəселелерді қамтиды. Қосымша ақпаратты төмендегі
мекен-жай бойынша сайттан табуға болады:
http://www.ifac.org/Compliance/index.php
.
Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 9
талаптарының барлығы ескерілмеген. Сонымен қатар, РОСК дайындаған топ қазіргі Кодекс
сақталмаған бірнеше жағдайды атап өтті.
C. Кəсіптік білім жəне кəсіптік дайындық
36.
Қазақстандағы бухгалтерлер мен аудиторлардың білім сапасын көтеру қажет
9
. РОСК
дайындаған топ кəсіпкерлік жəне экономика саласындағы білім экономика мен бизнестің жаңа
талаптарына жауап бермейді жəне біліктілікті көтеруге, қысқа мерзімді кəсіптік дайындауды жəне
куəландыруды ұйымдастыруға көбірек көңіл бөлу қажет деген тұжырымға келді.
37.
Іскерлік қоғамдастық өкілдерінің хабарларына қарағанда, оларға лайықты біліктілігі
бар бухгалтерлік есеп жəне қаржы саласындағы түлектерді табу қиын, ал білім беру жүйесінің
барлық
деңгейлерінде
білікті
оқытушылардың
ұдайы
тапшылығы
байқалады.
Университеттерде тек аздаған лекторлардың ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисаппен жұмыс
істеу үшін тəжірибесі немесе біліктілігі бар, соның нəтижесінде университеттердегі бухгалтерлік есеп
жəне қаржы бойынша оқу бағдарламаларының көпшілігі бұрынғысынша кеңес кезеңінде əзірленген
қаржылық есеп-қисап жүйесінің негізінде құрылған. Сонымен қатар, көптеген университеттердің өз
студенттерін тым қатал бағаламайтынын куəландыратын фактілер бар, бұл түлектердің бухгалтерлік
есеп мəселелеріндегі жəне шектес салалардағы құзыреттілігіне сенімді болуға мүмкіндік бермейді.
38.
Кəсіпьік біліктіліктерді университеттердің оқу бағдарламаларына интеграциялау
бойынша бастама қол алынған. АМР США жобасы университеттердегі оқу бағдарламаларының
шеңберінде СAP/СIPA біліктілігін алуға дайындық курстарын ұйымдастыруға ықпалдасуда.
2005/2006 оқу жылының ішінде университеттер СAP біліктілігін алу үшін қажетті пəндер бойынша
кем дегенде 89 курсты ұсынды. Қазір Білім министрлігі екі мемлекеттік университетте шетелден
мамандар тартуды көздейтін экспериментті бастады. Алайда бухгалтерлік есеп жəне қаржы
саласындағы университеттік білімді жалпы алғанда Қазақстанның даму үстіндегі экономикасының
жəне соның ішінде кəсіби бухгалтерлік қызметтің қажеттіліктерімен сəйкестікке келтіру үшін
қосымша жұмыс қажет болады.
39.
II B Бөлімде аталғандай, бухгалтерлік іс саласындағы жоғарғы оқу орнынан кейінгі
кəсіби білімнің негізі халықаралық қаржылық есеп-қисап бойынша СAP/СIPA біліктілігін жəне
АССА дипломын (орыс тілінде ДипИФР) алуға емтихандар болып табылады. ППБА біліктілк
жүйесі екі деңгейлі бағалау сұлбасын, СAP/СIPA қолданады, ал ол уақытта КК СAP/СIPA
біліктіліктерін алуға емтихандарды пайдаланады, бірақ бұл орайда өзінің бағалауын жүргізеді.
Соның нəтижесінде бір емтихандық жауап бір бағалау сұлбасы бойынша қабылданатын, бірақ
бағалардағы алшақтықтарға байланысты басқа бойынша қабылданбайтын жағдай туындауы мүмкін.
Алайда РОСК дайындаған топ КК белгілеген бағалау өлшемдерінің сол емтихандарды табысты
тапсырған КК кандидаттарының (яғни, аудитор бола алатындардың) үлесі тап сол емтихандарды
табысты тапсырған ППБА кандидаттарының үлесінен елеулі өзгешеленетініне əкелуінің ешбір
нышандарын таба алмады.
40.
Жалпы алғанда, емтихандық стандарттар едəуір жоғары, ал емтихандарды
ұйымдастыру жəне бағалар қою қатаң ережелерге сəйкес жүзеге асырылады. Əлуеттегі
аудиторларды бағалау үшін түпкілікті жауапкершілік КК міндетінде жатыр. Мемлекеттік
органдардың өкілдері бұл процессте байқаушылар ретінде көрінеді, бірақ бағалар қоюға тікелей
қатыспайды, ол КК айрықша прерогативасы болып табылады.
9
РОСК дайындаған топтың осы тұжырымы АМР США 2005 жылы жүргізген, жекеше кəсіпорындардың
басшыларының кəсіпкерлік жəне экономика саласындағы білім беру бағдарламаларына көзқарасын
көрсететін Орталық Азия аймағындағы кəсіпорындарды тексеру нəтижелерімен расталады.