Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 6
сақтандыру өтемінің минималды қажетті сомасы туралы ештеңе айтылмаған, ал аудиторлардың
азаматтық жауапкершілігінің ықтимал дəрежесі айқындалмаған. «Аудиторлық ұйымдардың
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заң аудиторлық ұйымдардың
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға байланысты туындайтьын қоғамдық
қатынастарды реттейді жəне оны жүргізудің құқықтық, экономикалық эəне ұйымдастырушылық
негіздерін белгілейді.
23.
Жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заң сондай-ақ аудит бойынша заңнамалық базаға
басқа да бірқатар маңызды өзгертулер (негізінен жақсарту жағына) енгізеді. Ондай өзгертулердің
қатарына төмендегілер жатады:
• Барлық аудиторлық фирмалардың аудиторларының кəсіптік бірлестіктердің біріне
міндетті мүшелігі. Заң келешекте сондай бірнеше бірлестіктің болуын көздейді, алайда
қазіргі сəтке қарай тек бір ғана аудиторлар үшін іс жүзінде əрекет ететін кəсіптік бірлестік
- ПА бар;
• Жекелеген аудиторлардың бір аудиторлық фирманың мүшелері (бұрын жол берілгендей,
дербес практикамен шұғылданатын аудиторлар емес) болуы туралы талап;
• Аудиторлық фирмаларда кем дегенде үш аудитор жəне ішкі сапаны бақылау жүйесінің
болуы жəне аудиторлық фирманың акцияларының бақылау пакеті аудиторларға тиесілі
болуы туралы талап.
• Кəсіптік бірлестіктер Қаржы министрлігінің бақылауының астында өз мүшелерінің
қызметін қадағалауды жүзеге асыруға өкілеттіктер алуға тиіс.
• Кəсіптік бірлестіктер жеке заңды тұлғаның мəртебесіне ие болатын Біліктілік
комиссиясына (КК) қатысу үшін өзінің мүшелерін бөлуге міндетті болады.
Осы есептеменің авторлары ұсынылатын өзгертулердің көпшілігінің идеяларын қолдауымен
қатар, олар сондай-ақ Қазақстанға анағұрлым дамыған елдерді қуып жетуге көмектесуге бағытталған
қосымша ұсыныстамалар береді. Шектеулі реформалар Қазақстан өзінің алдына қойған ғаламат
мақсаттардан алшақ болады.
24.
Реттеу саясаты тұрғысынан, АФН шеңберінде реттелетін ұйымдардың аудитының
бірыңғай нормативтік негіздерін құру үшін жеткіліктібілім алмасу жоқ. Мысалы, егер банктер
АФН бекіткен аудиторлардың қатарынан сырттай аудиторлар тағайындау туралы АФН хабарлауға
міндетті болса, сақтандыру секторында ондай талап жоқ. Сонымен қатар, банктік секторда
аудиторлық ұйымдарды ауыстырып отыруына талап белгіленбеген, бірақ «Сақтандыру қызметі
туралы» Заңға ұсынылатын түзетулердің арасында сақтандыру компанияларының аудиторларды əр
үш жыл сайын міндетті ауыстырып отыруды көздейтін түзету енгізу туралы ұсыныс бар. Осы
баяндамада ауыстыру артықшылықтары қарастырылмаса да, реттеу ші қағидаларды үйлестіру өт
жоғары дəрежеде мақсатқа сай, өйткені ол (a) тапшы реттеу ресурстарын тиімді пайдалануды
қамтамасыз етеді, (b) реттеушілік жүктемені төмендетеді, (c) кəсіпкерлік қызмет үшін артық
кедергілер туындауының алдын алады.
B. Бухгалтер мен аудитордың кəсіптері
25.
2007 жылы қабылданған «Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-қисап туралы» Заң кəсіпқой
бухгалтерлерді куəландыруға жəне құзыретіне талаптарды белгілейді. Мысалы, кəсіпқой бухгалтер
бухгалтердің кəсіби біліктілігін куəладыратын кəсіпқой бухгалтердің сертификатына ие жеке тұлға
болып табылады. Бухгалтерлерді кəсіптік сертификаттау жөніндегі ұйым берген сертификатпен қатар,
Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшелері болып табылатын институттар берген
кəсіпқой бухгалтердің біліктілік куəліктері мойындалады.
Бұл орайда көпшіліктік мүдделі ұйымның бас бухгалтерінің қызметіне тек кəсіпқой бухгалтер
тағайындалады.
Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 7
26.
Келісімшартəпқой бухгалтерлер мен аудиторлар палатасы (ППБА) бухгалтерлердің
кəсіби бірлестігі болып табылады. Оның құрамына 1 127 дербес мүше кіреді, олардың басым
көпшілігі Сертификатталған практикашы бухгалтерлердің (СAP) базалық біліктілігіне ие жəне тек
Палатаның бірнеше мүшесінде одан көрі жоғары Сертификатталған халықаралық кəсіпқой
бухгалтерлердің (СIPA) біліктілігі бар. ППБА мүшелері барлық қамтылу салаларында: олар
тұрғындарға өздерінің қызметтерін ұсынатын көпшіліктік практика саласында, өнеркəсіпте, саудада,
мемлекеттік секторда жəне білім беруде жұмыс істейді. Өнеркəсіпте, саудада, мемлекеттік секторда
жəне білім беруде жұмыс істейтін бухгалтерлер үшін кəсіптік бірлестікке мүшелік ерікті болып
табылады.
27.
Бүгінгі даму сатысында ППБА қызметінің негізгі бағыты САР жəне СIPA біліктіліктерін
алуға ықпалдасу болып табылады,
7
ол туралы төменде ІІ Бөлімде айтылады. ППБА атап
өткендей, Палата мүшелеріне арналған кəсіптік ережелер жарияланған, алайда РОСК дайындаған топ
ППБА жекелеген мүшелеінің ол ережелердің бар екенін білетініне ешқандай дəлелдер таба алмады
деуге болады. Өзінің кəсіптік бірлестік ретінде функцияларын анағқрлым толық дамыту мақсатында,
ППБА Еуразиялық сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлардың кеңесіне қосылды.
28.
Қазіргі сəтте кəсіпқой аудиторлар корпусы олардың қаржылық есептемелері заңнамаға
сəйкес міндетті аудиторлық тексеруге жататын кəсіпорындардың санымен салыстырғанда өте
мардымсыз. Қазір АП қатарында 424 дербес жəне 114 корпоративтік мүше бар. 2005 жылғы қарашаға
қарай ахуал бойынша, Қаржы министрлігі дербес аудиторларға 412 негізгі лицензия жəне фирмаларға
234 негізгі лицензия берген. Олардың ішінде 28 фирмада банктердің аудитын жүргізуге лицензиялар,
36 фирмада – сақтандыру компанияларының аудитын жүргізуге лицензиялар жəне 8 фирмада –
зейнетақы қорларының аудитын жүргізуге лицензиялар болды. Палата мүшесінің мəртебесі мен
лицензиялары барлардың көбісі оларды КК куəландырудан кейін одан көрі күрделі емтихандар
енгізілгенге дейін алған, сондықтан оларға ХҚЕС жəне ХАС білімдері бойынша емтихан тапсыруға
тура келген жоқ.
29.
АП аудиторлар палаталарының федерациясы болып табылады. АП жүйесіндегі
басқарушы
орган
Аумақтық
аудиторлар
палаталарының
қызметін
үйлестіретін
Республикалық аудиторлар палатасы болып табылады. Ол мемлекеттік органдарда, қоғамдық
бірлестіктерде, шетелдік жəне халықаралық бірлестіктерде аудиторлардың, аудиторлық фирмалар мен
Аумақтық аудиторлар палаталарының мүдделерін білдіруге; халықаралық практиканы ескере отырып,
аудит стандарттарын əзірлеуге жəне бұл орайда аудиторлар мен аудиторлық фирмалардың аудит
стандарттарын сақтауын қадағалауға; аудиторлар мен аудиторлық фирмалардың жəне тексерілетін
ұйымдардың арасындағы аудитқа байланысты дауларды қарастыруға; келесіде куəландыру жəне
кəсіптік білім алу үшін аудиторлыққа кандидаттарды оқытуды жəне дайындауды ұйымдастыруға;
аудиторлар мен басқа мамандардың біліктілігін көтеруге; уəкілетті мемлекеттік органға аудиторлық
лицензияларды қайтып алу немесе əрекетін тоқтату туралы ұсыныстармен жүгінуге; заңнамаға жəне
халықаралық келісімдерге қайшы келмейтін өзге қызметпен шұғылдануға уəкілетті.
30.
Аудиторларды куəландыру «Аудиторлық қызмет туралы» Заңмен реттеледі жəне
Біліктілік комиссиясы (КК) жүргізеді. Аудитордың біліктілігін алуға куəландыру емтиханынан өту
құқығы жоғарғы білімі бар, соңғы бес жылдың ішінде экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, талдау,
аудит немесе құқық саласында үш жылдық жұмыс тəжірибесі бар, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жəне
7
СAP/СIPA бағдарламасы – Америка Құрама штаттарының Халықаралық дамыту агенттігінің (АМР США)
кəсіпқой
бухгалтердің
біліктілігі
проблемасын
шешуге
бағытталған
бастамасы
.
СAP/СIPA
бағдарламасының мақсаты халықаралық техникалық талаптарға сай жəне бұл орайда экономикасы өтпелі
елдердің бірегей жағдайларында жұмыс істеу үшін қажетті құзыреті бар кəсіпқой бухгалтерлер корпусын
құру болып табылады. Сонымен қатар, бағдарлама барлық ТМД елдерінде қолдануға болатын бірыңғай
сертификаттау жүйесін құрудың есебінен осы аймақта экономикалық жəне кəсіптік интеграцияны
дамытуды көздейді.