Сүт безі рагында алғашқы өсу кезінде ешқандай шағым болмайды. Тіпті кездейсоқ табылған түйінде ешқандай ауру сезімінсіз.Түйін біртіндеп өсе бастайды, пішіні, көлемі өзгереді, емшектің бір жері домбығып ісінуі не ішке қарай кіріп кетуі мүмкін. Ал кейбір жағдайларда емшекте ауру сезімі туады. Ең алғаш тері алаң сияқты тегістеледі, содан кейін әжімденеді, ішке қарай кіріп “кіндік” сияқты көрінеді. Біртіндеп тері қалыңдап ісінеді, ал емшек ұшы тартылып қолға ұстауға келмей қалады. Жараның шекарасы көмескіл келіп, түбі іріңдейді. Терідегі жара тереңделіп тез қанағыш келеді. Түйіннің беті “одыр-бұдыр” болып, шекарасы әр уақытта көмескіленеді
Достарыңызбен бөлісу: |