Арнайы сыныптарда оқыған (ақыл-ойы дамымаған балалардан басқа)
негізгі орта және жалпы орта мектепті бітірушілер білім алу деңгейіне
сәйкестілігі туралы куәлік алады.
Ақыл-ойы дамымаған оқушыларды мектепте оқытудың барлық кезеңі
арнайы көрнекілік-дидактикалық құралдар мен оқыту тәсілдерін пайдалана
отырып, ерекше оқу жоспары, бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүзеге
асырылады. Оқуды бітірген оқушылар оқытудың берілген түріне арналып
бекітілген үлгідегі (2007 жылдың 28 желтоқсанындағы ҚР Үкіметінің №1310
Қаулысы) оқу туралы куәлік алады.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқу үдерісінде қолдау
бір-бірімен логикалық байланыста тұрған, бірізділік кезеңдерге сәйкес
ұйымдастырылады.
Қызмет мамандарының баланы психологиялық-педагогикалық зерттеуі
қолдаудың бірінші кезеңі болып табылады. ПМПК тұжырымдамасы бар
оқушылар, мектепке алғашқы келген оқушылар, сондай-ақ мектепте
үлгермеушілік қауіпіне байланысты мұғалімдерді алаңдататын оқушылар
тексеріледі. Соңғы жағдайда мұғалімдер қолдау қызметіне мамандардың
кеңесінің қажеттілігі туралы сауал жібереді. Бұндай сауал жазбаша түрде (В
қосымшасы) орындалады.
Балаларды педагогикалық зерттеу диагостикалық және жекеше түрдегі
арнайы тапсырмалар беріле отырып, тікелей сабақ барысында жүргізіледі.
Мұғалім оқушылардың серіктестікке дайындығына, құрдастарымен және
ересектермен қатынас орната білуіне, сабақ оқуға қызығушылығының болуына
назар аударады. Сабақ барысында қоршаған әлем туралы білім мен
түсініктерінің көлемі, санау операцияларын меңгеруі, дыбыстық-әріптік
талдауы, кеңістіктік-мезгілдік түсініктерінің көлемі анықталады. Мұғалім
оқушының өзінің әрекеттерін реттеу және басқару икемділігіне, тұжырымдай,
пайымдай білетініне назар аударады.
Логопедиялық зерттеу логопедтің сабаққа қатысуынан және сөйлеу
тілінде бұзылыстары бар оқушыларды анықтаудан басталады. Осыдан кейін
зерттеу барысында фонематикалық есту қабілеті, сөйлеу тілін түсіну, дыбысты
айту жағдайы, сөздік қоры, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының
қалыптасқандығы зерттелетін тереңдетілген жеке-дара тексеру жұмысы
жүргізіледі.
Психологиялық зерттеу мұғалімде алаңдатушылық сезімдерін шақырған
оқушыларды тексеруден басталады. Бұл оқушының оқу материалын түсінудегі
қиындықтарына, оқу материалын тез ұмытып қалатынына, алаңдаушылықтың
жоғары болуына, жұмысқа қабілетінің төмен болуына, сыныптастарымен
қатынастағы қиындықтарға, тәртіп бұзушылдыққа және т.б. қатысты болуы
мүмкін. Оқушыны арнайы ұйымдастырылған тексеруден басқа, психолог
баланы сабақ әрекеті жағдайында бақылау үшін сабаққа қатысады. Бақылауды
тіркеу үшін Г қосымшасында үлгі ретінде
берілген дайын хаттаманы
пайдалануға болады.
13