Сұрақ Жауап


Жұмыс берушілердің сұрақтары



жүктеу 380 Kb.
бет2/2
Дата14.11.2018
өлшемі380 Kb.
#19444
1   2

Жұмыс берушілердің сұрақтары



Мен жұмыс беруші ретінде неліктен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысып, жарна төлеуім керек?


Жұмыс беруші қарамағындағы жұмыскерлердің проблемасын шеше отырып, бірінші кезекте өз бизнесінің өркендеуіне жағдай жасайды. Бұл жерде мәселе қызметкерлердің денсаулығына қатысты проблеманы қалай шешеміз дегенге келіп тіреледі.

Сақтандыру медицинасы сіздің қарамағыңыздағы жұмыскерлердің тапқан табысына қарамай медициналық көмектің барлық түрлерін алуына мүмкіндік береді. Оның ішіне жоспарлы стационарлық көмек те, дәрі-дәрмекпен қамту да, жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлері мен оңалту да, диагностикалық-консультациялық көмек те, медбике күтімі мен паллиативтік көмек те бар.

Мәселен, егер сіздің қарамағыңыздағы жұмыскер ауыр сырқатқа шалдықты делік. Қымбат ем-дом жасау қажет болғандықтан ол ұзақ уақыт сырқатына байланысты демалыс алуға мәжбүр болады. Бағасы шарықтап тұрған медициналық қызмет құнын өтеуге мүмкіндігі болмағандықтан жұмыс беруші мен еңбек ұжымынан көмек сұрайды. Бұл барлық тараптардың шығынын арттыратыны сөзсіз. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сырқатты емдеу, күту мен оңалтуға кететін шығындарды Медициналық сақтандыру қоры өз мойнына алады.

Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің жарналары бірінші кезекте денсаулық сақтау жүйесіндегі бастапқы звеноны кеңейтуге, ауруханаға түсу фактілерін төмендету мақсатында профилактикалық жұмыстарды арттыруға жұмсалады. Нәтижесінде тиімді емханалық-амбулаторлық көмек есебінен жұмыскерлердің жұмыстан қалу уақыты қысқарады.

Өкінішке орай, қазір нарықтағы жұмыс берушілердің бәрі бірдей жұмысшыларына әлеуметтік пакет, соның ішінде медициналық сақтандыру қызметін ұсына алмайды. Оны тек жоғары білікті мамандарды тартудағы басымдық ретінде пайдаланатын ірі компаниялар саны шектеулі ғана. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін аталған әлеуметтік пакет еңбек нарығына қатысушылардың бәріне қолжетімді болмақ. Бұл өз кезегінде кадр мәселесін шешіп береді.

Мысалы, экономикасы дамыған, еңбек өнімділігі жоғары елдер міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне басымдық береді. Себебі, сақтандырудың бұл үлгісі шығындарды қысқарту арқылы, өндіріс көлемі мен кәсіпорынның табысын арттыру арқылы бизнеске экономикалық пайда әкеледі.

Медициналық сақтандыру жүйесінің тағы бір артықшылығы – жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығынан туындайтын өндірістік шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретіндігінде.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 2,6 млн астам адам жұмысқа уақытша қабілетсіздігіне байланысты еңбекке жарамсыздық парақтарын алады екен. Әр жұмыскердің күн сайын 12,6 мың теңгенің өнімін өндіретінін (немесе қызметін көрсететінін) ескерсек, жұмыс берушілердің жыл сайынғы шығыны 307 млрд теңгеге жуықтайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сапасы жоғары бастапқы көмек алу, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, еліміздегі үздік клиникаларда тиімді емделу және қымбат бағалы операциялар жасату мүмкіндігі жұмыс істейтін әр азаматтың денсаулығын сақтауға, еңбекке жарамсыздық қағаздарының мерзімін қысқартуға және жұмыс берушілердің шығындарын азайтуға ықпал етпек.




Медициналық сақтандыру жүйесіне аударылатын төлемдердің көлемі қандай болуы тиіс?


Міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, жұмыс берушілердің ай сайын Қорға аударатын жарналарының көлемі мынадай болмақ:

2017 жылы 1-шілдеден бастап – әр жұмыскердің табысының 1 %;


2018 жылы 1-қаңтардан бастап – 1,5 %;
2020 жылы 1-қаңтардан бастап – 2%;
2022 жылы 1-қаңтардан бастап – 3% көлемінде.

Мамандар болжамынша, 2018 жылы орташа айлық жалақы 152 106 теңгені құрауы тиіс, яғни 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап жұмыс беруші Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ай сайын 2 281,6 теңге төлеуі тиіс.

Жарна төлеу тәртібі зейнетақы қорының жарна төлеу тәртібіне ұқсас. Жұмыс беруші әр айдың 15-іне дейін өз қызметкерлеріне аударылған жарна жөнінде мәлімет беруге міндетті.
Сонымен қатар, жұмыс беруші 2019 жылдан бастап қарамағындағы жұмыскердің айлық жалақысынан 1 пайыз, 2020 жылдан бастап 2 пайыз ұстап, Қорға аударып отырады. Аударым/жарна төленетін ай сайынғы табыс ең төменгі жалақының 15 еселенген сомасынан аспауы тиіс (2016 жылы – 342 885 теңге).

Табыстың төмендегі түрлерінен сақтандыру төлемдері мен жарна алынбайды:


  • Қызмет бабындағы іс-сапарларға төленетін өтемақы және қызмет бабына қарай барып-келіп істейтін жұмыстар үшін төленетін жол шығыны;

  • Далалықта жұмыс істейтін жұмыскерлерге төленетін қосымша ақы;

  • Жұмыскерлерді жеткізуге, оқу, оқу құралдарының ақысын төлеуге және бюджет есебінен алынатын өтемақыға қатысты шығындар;

  • Еңбек демалысына қосымша сауықтыру үшін төленетін жәрдемақы, медициналық қызмет ақысына арналған төлемдер, бала туғанда, (жақыны) қайтыс болғанда берілетін 8 төменгі жалақы шеңберіндегі көмек ақша;

  • Стипендия;

  • Сақтандыру сыйақысы.

Жұмыс беруші әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар санатына жататын жұмыскерлер үшін, сондай-ақ, әскерилер, арнайы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін жарна төлеуден босатылады.



Жұмыс беруші міндетті әлеуметтік сақтандыру жарнасын аудару тетігін қалай пайдаланады?


Жұмыс беруші қарамағындағы жұмыскерлер үшін жарнаны және/немесе аударымдарды ай сайын аударып отырады.

Есептелген аударымдар мен/немесе жарналарды заңды тұлғалар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы Қордың есеп-шотына аударады. Ақша әр айдың 25-інші жұлдызынан кешіктірмей төленуі тиіс.





2019 жылы табыс салығын есептеген кезде жұмыскерлердің жарналары шегеріле ме?

ҚР Салық кодексінің 100-бабы 14-2 тармағына сәйкес, жұмыс берушінің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеген аударымдары корпоративтік табыс салығын есептеу барысында өтеледі.



Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарында еңбек ететіндер, бюазардағы саудагерлер жарнаны қалай төлейді?


Жарнаны есептеу және төлеу:

Жеке кәсіпкерлер ай сайын 2 төменгі айлық жалақының 5 пайызы мөлшерінде жарна төлейді.

Шаруа қожалықтарының жұмысшылары үшін жарнаны сақтандыру қорына жұмыс беруші (шаруа қожалықтарының басшылары) төлейді.

Базарлардағы саудагерлер жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса жарнаны халықтың экономикалық белсенділігі төмен бөлігінің өкілі ретінде төлейді. Бұл топтағылардың ай сайынғы жарнасы төменгі айлық жалақының 5 пайызын құрамақ.

Егер саудагер жалданып жұмыс істейтін болса (базардағы саудагерлер) жарна жұмыс беруші төлейтін табыс деңгейінде есептеледі.

Жеке кәсіпкерлер ай сайынғы жарнаны екінші деңгейлі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерімен айналысатын қаржы ұйымдары арқылы аударады. Қаржы әрі қарай Мемлекеттік корпорация арқылы Қордың Ұлттық банктегі есеп-шотына түседі.

Жеке кәсіпкерлер жарнаны Қордың есеп-шотына әр айдың 25-іне дейін аударуы тиіс.

Тауар өндіретін, жұмыстар мен қызмет түрлерін ұсынатын жеке тұлғалар жарнаны банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын қаржы ұйымдары арқылы төлейді. Жарна Мемлекеттік корпорация арқылы Қордың есеп-шотына түседі. Аталған тұлғалар жарнаны алдағы 12 ай үшін бірден төлесе де болады.





Менің қарамағымда жұмыс істейтін қызметкерлер бағасы қымбат медициналық көмек түрлерін ала ала ма?


Әрине. Әлеуметтік медициналық сақтандыру Сіздің қарамағыңыздағы жұмыскерлердің мамандандырылған медициналық көмек алуына мүмкіндік береді. Жүйе жалпы құны жұмыс беруші мен жұмыскерлер төлеген барлық аударымдардан бірнеше есе асып жығылатын, жоғары технологиялы қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жалпыға ортақ жауапкершілік және әділеттілік приниципіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жарнаны шама-шарқынша төлеп, медициналық көмекті жарна көлеміне қарамастан, қажетті мөлшерде алуға мүмкіндік береді.





Жұмыс беруші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төленген жарналарын қалай қадағалай алады?


Қор арнайы сауал негізінде сіздің қарамағыңыздағы қызметкерлердің мәртебесі (сақтандырылған немесе сақтандырылмаған) мен сұралып отырған уақыт аралығында төленген сома туралы ақпарат береді.

Сонымен қатар, жұмыс беруші Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін қоғамдық бақылау жүргізу процесіне қатыса алады. Оның мынадай жолдары бар:

- Қордың қоғамдық кеңесіне мүше болып – оның қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге ат салысу;

- Кәсіби қауымдастыққа мүше болып – стандарттарды қарауға және тарифтерді бекітуге қатысу.





Маусымдық жұмыстарда істейтін тұрақты табысы жоқ азаматтар жарнаны қалай төлейді?

Маусымдық жұмыстармен айналысатын азаматтар үшін жарнаны жұмыс беруші төлейді. Ал, табыс тоқтаған кезең үшін Әлеуметтік сақтандыру қорына екінші деңгейлі банк немесе «Қазпошта» бөлімшесі арқылы төлеуіне болады. Жарна мөлшері – төменгі айлық жалақының 5%.



Мен жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріме қызмет көрсететін медициналық ұйымды таңдауға хақым бар ма?

Жоқ, таңдай алмайсыз. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әр адам қызмет көрсететін ұйымды өзі таңдайды.

Жұмыс беруші медицина ұйымын ерікті сақтандыру жүйесінде ғана таңдай алады.





Менің қарамағымда жұмыс істейтін қызметкерлер ерікті сақтандыру есебінен жеке меншік клиникалардың көмегіне жүгінеді. Мен міндетті медициналық сақтандыру қорына не үшін жарна төлеуім керек?


Жұмыс берушілер өз қарамағында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) келісімшарттарын бекітеді. Жұмыскер ерікті сақтандыру пакеті шеңберінде медициналық көмектің белгілі бір көлемін ғана ала алады. Ол бойынша жұмыс беруші аударған ақшадан (лимиттен) тыс қосымша қызмет түрлері көрсетілмейді. Ал, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмек көлемі мен сомасы шектелмейді.

Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскердің келісімі бойынша ЕМС келісімшартына міндетті әлеуметтік сақтандыру пакетіне кірмейтін қызметтер тізімін енгізуге болады. Міндетті сақтандыру пакетіне кірмейтін медициналық қызмет түрлерін ЕМС арқылы алуға болады. Мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеруден өткізу, санаторлық-курорттық ем, косметология т.б.

Оған қоса, ЕМС жүйесінде жеке меншік клиникалар тарапынан көрсетілген қызмет ақысын өсіріп көрсету қаупі жоғары. Бұл жұмыс берушінің күтілмеген шығындарын арттырады. Сондай-ақ, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінде тапсырыс берушінің (жұмыс берушінің) көрсетілген қызмет сапасын бақылау тетігі жоқ. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде Қор медициналық қызмет сапасын бақылайды, сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнаны міндетті төлеу және мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі принципіне негізделген.





Жұмыс берушілер салықтан қашып жұмыскерлерінің санын жасырып қалмай ма?


Өкінішке орай, табысын жасыру және жалақыны «конвертпен» беру үрдісі кез-келген экономикада кездеседі. Салық органдары бұл проблеманы шешудің әртүрлі тәсілдері мен жолдарын қарастырады.

Біріншіден, жұмыскер медициналық ұйымға электронды жүйе арқылы хабарласқан кезде жұмыс беруші жасаған аударымдар (2017 жылдан бастап) мен жұмыскердің өз жарнасы (2019 жылдан бастап) салыстырылады, олардың қаншалықты дер кезінде аударылғаны тексеріледі. Жұмыскер сол арқылы жұмыс берушінің аударымдарын бақылай алады.

Екіншіден, салық органдары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылған жарналар туралы декларация қабылдайды. Сол декларация негізінде қарыз (берешек) өндіріледі.

Қазіргі таңда экономикалық жағдай едәуір жақсарды. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн астам адам жұмыс істейді. Жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайын 53 млрд теңге төлеп отыр. Ал, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өз қызметкерлері үшін 23 млрд теңге аударады. Осы жерде халықтың экономикалық белсенділігі төмен тобын сақтандыруды мемлекет өз мойнына алып отырғанын атап өту қажет. Сол арқылы үкімет енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуіне жағдай жасамақ.





Жұмыскерлері жыл бойы медицина ұйымдарының көмегіне жүгінбеген жұмыс берушінің төлеген аударымдары қатарыла ма?

Жоқ, жұмыскерлері медицина ұйымдарының көмегіне жүгінбеген жұмыс берушінің аударған ақшасы қайтарылмайды. Себебі, бұл ортақ жауапкершілік пен теңдікке негізделген әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі принциптеріне қайшы келеді. Оның үстіне, әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтау жүйесі емес. Төленген қаражат сырқаттанып, медициналық көмекке жүгінген азаматтарды емдеуге жұмсалады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген.





Біздің кәсіпорнымызда ведомствоға қарасты санитарлық-медициналық бөлімше бар. Біз тиісті емді кәсіпорын есебінен сол жерден қабылдаймыз. Ендеше Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына не үшін жарна төлеуіміз керек?

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға сәйкес, барлық азаматтар сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті. Сіздің кәсіпорындағы санитарлық-медициналық бөлімшеге келер болсақ, бөлімше Қор жариялаған емханалық-амбулаторлық, санитарлық көмек көрсету жөніндегі конкурстарға қатысып, қосымша табыс табуына болады.

Медицина саласы қызметкерлерінің сұрақтары



Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істемек?


Жұмыскер, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер және мемлекет төлеген жарналар мен аударымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі есеп-шотына түседі.

Қорға түсетін аударымдарды бақылау қызметі Мемлекеттік кіріс департаментіне жүктеледі, ал, атауландырылған есепті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізеді.

Қор медициналық қызмет түрлерін сатып алатын бірыңғай стратегиялық нысан рөлін атқарады. Медициналық қызметтер конкурс негізінде сатып алынады. Конкурс екі кезең бойынша өтеді.

Бірінші кезеңде медициналық ұйымның ресурстық жабдықталу деңгейінің (орналасқан ғимараты, медтехника, кадрлары) минималды мемлекеттік стандарттарға сәйкестігі тексеріледі.

Ресурсы оң баға алған мекеме екінші кезеңге өтеді. Конкурстың екінші кезеңінде медұйымның көрсететін қызмет көлемі, қызмет құны мен сапасы белгіленген талаптар бойынша бағаланады.

Осылайша, медициналық қызмет көрсету мүмкіндігіне тек қана ең үздік, ресурстық жабдықталу деңгейі жоғары әрі тәжірибелі де білікті мамандары бар мемлекеттік және жеке-меншік клиникалар ғана ие болмақ.





Жұмыскерлер өздерінің сақтандырылған азамат ретіндегі мәртебесін қалай анықтайды?


Барлық медицина ұйымдарына ҚР Сақтандырылған азаматтарының бірыңғай регистріне кіру мүмкіндігі беріледі.

Азамат медициналық көмекке жүгіну үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізіп, сақтандырылған азамат ретіндегі мәртебесін анықтай алады.

Егер аударымдар мен жарналар Қорға дер кезінде түсіп тұрған болса, ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін барлық медициналық көмек түрлерін пайдалана алады. Егер жарна төленбеген болса, оған мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде ғана қызмет көрсетіледі.




Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау ұйымдарына не береді?


Олар біріншіден, көрсетілген қызметіне қарай лайықты деңгейде қаржы алады;

Екіншіден, медперсоналдың жалақысын көтеруге және жұмыс нәтижесіне қарай еңбекақы тағайындау жүйесін енгізуге мүмкіндік алады;

Үшіншіден, тарифке енгізілетін амортизациялық төлемдер есебінен медициналық техниканы жаңартуға мүмкіндік алады.

Бір сөзбен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне шоғырландырылған қаржы денсаулық сақтау саласының сапасын жақсартуға бағытталады.





Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде медицина ұйымдары қалай қызмет көрсетеді?


Қор кепілдендірілген конкурс жариялап, тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді мемлекеттік және жеке меншік клиникалардан сатып алады.

Конкурс 2 кезең бойынша өтеді.

Бірінші кезеңде медицина ұйымдары өзіне қатысты техникалық-экономикалық және медициналық мәліметтерді Жеткізушілердің бірыңғай реестріне (тізіліміне) енгізеді.

Қор осы мәліметтерді негізге ала отырып, олардың белгіленген минималды стандарттарға сәйкестігін тексереді.

Қорытынды нәтижесі дұрыс болған жағдайда медицина ұйымы конкурстың екінші кезеңіне өтеді.

Екінші кезеңде Қор өткен жылдарда көрсетілген қызметтердің көлемін, олардың құны мен сапасын бағалайды (белгіленген талаптар бойынша).

Егер медицина ұйымының ресурстық жабдықталу деңгейі белгіленген минималды стандарттарға, ал, көрсететін қызметі сапа талаптарына сай келетін болса, аталған клиника (ұйым, мекеме) қызмет түрлерін әлеуетті жеткізуші болып таңдалады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек тұтынушыларға денсаулық сақтау субъектісі мен Қор арасында (медициналық қызметтерді сатып алу жөнінде) бекітілген келісімшарт негізінде көрсетіледі.




Міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберінде қандай медициналық қызмет түрлері көрсетіледі?


Алдағы уақытта медициналық қызметтердің екі пакеті болады.

Біріншісі – еліміздің барлық азаматтарына мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТМКК). Оған мынадай қызметтер кіреді:



  • Әлеуметтік маңызы бар сырқаттарды емдеу

  • Екпе егу

  • Жедел жәрдем

  • Санитарлық авиация

  • 2020 жылдың 1-қаңтарына дейін – емханалық-амбулаторлық және шұғыл стационарлық көмек

Екінші пакет – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер пакеті. Сақтандырылған азаматтарға арналған бұл пакетке мынадай қызмет түрлері кіреді:

  • Емханалық-амбулаторлық көмек:

- дәрігердің қабылдауы және консультация

- профилактика

- диагностика

- емдеу


  • Стационарды алмастыратын көмек

  • Стационарлық көмек:

- емдеу және оңалту

- паллиативті көмек және медбике күтімі



  • Жоғары технологиялық қызметтер

  • Дәрі-дәрмектің кейбір түрлерімен қамтамасыз ету



Медициналық ұйымдардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсеткен қызметтерінің ақысы қалай төленеді?


Денсаулық сақтау нысандарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсеткен қызметтерінің ақысы уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша, қызмет көрсету актілері негізінде төленеді. Ақы төлеу барысында:

1) медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты келісімшарт міндеттемелерінің орындалу деңгейін мониторингтеу нәтижесі;

2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері;

3) азаматтардың денсаулық сақтау субъектісін таңдау құқығының сақталу деңгейі есепке алынады;



Денсаулық сақтау субъектілері көрсеткен қызметтердің ақысы Қордың есеп-шотынан төленеді.



Медицина саласы қызметкерлерінің жалақысы өсе ма?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға мүмкіндік береді.

Міндетті сақтандыру қаржысы дәрігерлердің жалақысын көтеруге, қызмет сапасын арттыруға бағытталмақ.



Медицина саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру тетігі қандай? Оны қандай қаржы көзінен жүзеге асыру көзделіп отыр?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әрбір медицина ұйымы еңбекақы төлеудің сараланған тәсілдерін біртіндеп енгізіп, еңбек персоналын материалдық жағынан ынталандырудың тиімді үлгісін өз бетінше қалыптастыруына болады.

Яғни, көпшілік тарапынан мойындалған білікті мамандар, тәжірибелі дәрігерлердің жалақысы қазіргіден әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Медицина ұйымдарының менеджменті белгілі бір клиниканың табысы мен қаржылық әл-ауқатының білікті мамандарға байланысты екенін ұғынуы қажет. Жеке меншік медицина саласында көптен бері пайдаланылып келе жатқан еңбекақы төлеудің бұл тетігі тиімділігін әлдеқашан дәлелдеп те қойды. Өйткені, пациенттердің басым бөлігінің бүгінде беделді дәрігерлерге қаралып, емделуді қалайтыны жасырын емес. Ал, ондай жоғары білікті мамандардың материалдық жағдайы да дәрежесіне лайықты болуы тиіс. Болашақта міндетті сақтандыру жүйесінде медицина саласы мамандарын ынталандырудың осындай тетіктері қалыптасады деп үміттенеміз. Себебі, МӘМС жүйесі діттеген негізгі мақсат – медициналық қызмет сапасы мен ақырғы нәтижеге негізделген.



Медициналық қызмет сапасы қалай бағаланады?


Медициналық қызмет сапасы қызмет көрсетудің әртүрлі кезеңдерінде бағаланады. Ішкі сараптаманы медицина мекемелерінің ішкі бақылау қызметі жүргізеді. Ал, сыртқы сараптаманы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары жасайды. Олар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді, көрсетілетін қызмет көлемі мен сапасына қатысты қолданыстағы индикаторлардың көмегіне сүйенеді. Сапа мен қызмет көлемі ақсап жататын болса медициналық қызмет ақысы жартылай төленеді немесе төленбейді.  

Сонымен қатар, медициналық қызмет сапасын уәкілетті мемлекеттік органдар да қадағалайтын болады. Олар тәуелсіз сарапшылардың көмегіне жүгінеді.

Сондай-ақ, алдағы уақытта халықтың медициналық қызметтерге қанағаттану деңгейін мобильді қосымшалардың және сауалнамалардың көмегімен, денсаулық сақтау субъектілерінде орналасқан қызмет сапасын бағалау терминалдары арқылы анықтау көзделіп отыр.

  Қор көрсетілген медициналық көмектің түріне қарай әр медицина ұйымына арнап тікелей және ақырғы нәтиже индикаторларын әзірлейді.

Қызмет сапасын бағалау нәтижесі бойынша жеткізуші компаниялардың рейтингі жасалады. Рейтинг Қордың интернеттегі ресми сайтында (ресурсында) жарияланады. Әр пациент осы рейтинг негізінде медициналық мекемені таңдау құқығына ие болмақ.



Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы қаржының ашық бөлінуі (мақсатқа сай жұмсалуы) қалай қамтамасыз етілмек?


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығы төмендегі тетіктердің көмегімен қамтамасыз етіледі:

  • жарналар мен қаржы түсімдері тұрақты мониторингтен өткізіледі

  • көрсетілген медициналық қызметтерге тұрақты мониторинг жасалады

  • Қоғамдық кеңестер құрылады

  • уәкілетті органдарға (ҚР ДСМ, Үкімет, Есеп комитеті) қаржының пайдаланылуы туралы стандартты есептер беріледі

  • жалпы жұртшылыққа арналған жылдық есеп жарияланады

  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының веб-сайтында ұйымның стратегиялық құжаттары, сақтандырылған азаматтарға арналған ақпараттар орналастырылады. Ақпарат жалпы негізде (құқықтары, міндеттері, мүмкіндіктері, жаңалықтар, қызмет көрсету талаптары, тарифтер т.б) және жеке кабинет арқылы жеке негізде (жарна төлейтін және қызметтерді пайдаланатын пациентке арналған есеп) жарияланады. Сонымен қатар, веб-сайттан жеткізушілерге арналған ақпараттарды да табуға болады (нормативтік-құқытық актілер, сатып алу тәртібі, тарифтер, жеткізуші компаниялармен бекітілген келісімшарттардың мазмұны, соның ішінде қаржылық мәліметтер, жеткізушілерді бақылау нәтижесі, сатыпалужәне бақылау жоспарлары)

  • медициналық көмек көрсету саласындағы түрлі сараптамалар, шолулар мен зерттеулер

  • жеткізушілердің рейтингтерін жариялау

  • күрделі мәселелер мен жоспарланып отырғанөзгерістерді талқылау мақсатында мүдделі тараптармен тұрақты және мақсатты кездесулер өткізу (жеткізуші компаниялардың өкілдері, пациенттердің ұйымдары)



Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жариялайтын конкурсқа қатысу үшін медицина ұйымының ақпараттық жүйесі болуы міндетті ме?

Денсаулық сақтау ұйымдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет көрсету үшін ақпараттық жүйелер мен электронды ақпараттық ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.



Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне қоғамдық бақылау жүргізіле ме?


«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңда қарастырылған бақылау тетіктерінің бірі – медициналық қызметтердің сапасын бақылайтын бірлескен комиссия. Бұл комиссия Денсаулық сақтау министрлігі, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, жұртшылық өкілдерінің арасындағы диалог пен келісім алаңына айналуы тиіс. Комиссия құрамына дәрігерлер мен пациенттер қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері кіреді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жарғысында міндетті сақтандыру жүйесінің қызметін қамтамасыз ету және дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құру мүмкіндігі қарастырылған. Оған мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен ҚР азаматтары мүше бола алады.





Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне не береді?


Міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілгеннен кейін денсаулық сақтау саласы қызметкерлері жүйенің төмендегідей артықшылықтарын біртіндеп сезіне бастайды:

  • жалақыны еңбегіне қарай төлеу;

  • материалдық ынталандыру, әлеуметтік пакеттер, сыйақы мен бонустардан тұратын ынталандыру пакеті;

  • жұмыс берушінің есебінен біліктілігін арттыру;

  • медициналық техникалар мен жабдықтарды жаңарту;

  • жұмыс процестерін оңтайландыру және еңбек ету жағдайларын жақсарту;

  • жұмыс орнында білімін арттыру (оқу);

  • кәсіби мобильділік;

  • жүйені сапалық тұрғыдан жақсарту.



Міндетті сақтандыру енгізілгеннен кейін ерікті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?


Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) сақтандырылған азаматтың медициналық қызметке кететін шығындарын толық немесе жартылай жабуға мүмкіндік береді. Болашақта міндетті сақтандыру пакетіне кірмейтін қызметтердің кейбір түрлерін қосымша ақы негізінде, ерікті медициналық сақтандыру арқылы алуға болады. Мысалы, ересектерге арналған стоматология қызметі, зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығын міндетті тексеруден өткізу, санаторлық-курорттық ем т.б. Бұл жерде мәселе жеке тұлғаның немесе жекелеген кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері мен қалауына байланысты.



Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін саладағы қызмет көрсету сапасы жақсара ма?


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін медициналық қызмет сапасы сөзсіз жақсарады. Ол үшін мынадай кешенді шаралар қолға алынбақ:

- Сапаны бақылау жөніндегі бірлескен комиссия құру;

- сапаны бақылау саласындағы функцияларды өзара бөліске салу, соның ішінде бақылауға үкіметтік емес ұйымдарды тарту;

- медициналық ұйымдар көрсеткен қызметтерді сараптамадан өткізу қызметін күшейту;

- медициналық қызмет көрсететін клиникалар арасында бәсекелестікті арттыруға жағдай жасай отырып сапаны күшейту;

- сапа индикаторларын Қор мен медициналық қызметтерді жеткізетін ұйымдар арасындағы келісімшарттарға енгізу және қаржыландыру деңгейі соған тәуелді ету т.б.





Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру кадр мәселесін шешуге мүмкіндік бере ма?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуін басқа реформалармен кешенді түрде қарастыру қажет. Соның ішінде, бұл мәселе медициналық ЖОО-ның білікті маман даярлауы және медицина саласы қызметкерлерінің біліктілігін тұрақты түрде арттыруға бағытталған шаралармен қабысып жатыр.

Министрлік пен аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары халыққа білікті қызмет көрсететін медицина мекемелерінің персоналмен және медициналық қондырғылармен жабдықталуын қамтамасыз етеді.



Қызметтерді жеткізетін медицина ұйымдары міндетті сақтандыру шеңберіндегі конкурстарға қатысуға мамандарының саны жағынан да, көрсетілетін қызметтердің тізімі жағынан да жан-жақты дайын болуы шарт.



Жаңа тариф саясаты медициналық ұйымдардың дамуын қамтамасыз ете ма?

Қамтамасыз етуі тиіс. Өйткені, болашақта тарифтерге біртіндеп амортизациялық шығындарды қосу жоспарланып отыр. Бұл негізгі қаржыны жаңартуға және активтерді тиімді бөліске салған жағдайда жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік бермек.



Ауылдық жерлердегі медицина мекемелері жаңа жүйені енгізуге дайын ба?


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін ауыл медицинасы бірден түбегейлі өзгерістерге ұшырайды деу қиын. Құрылымдық өзгерістер шеңберінде ауылдық медицина ұйымдарының атынан медициналық қызметті бір заңды тұлға көрсетеді. Ауыл медицинасының емханалық-амбулаторлық бөлімі белгіленген корпоративтік табыс салығы негізінде, ал, стационарлар клиникалық-шығыны бірдей топтар (КЗГ) көрсеткішін пайдалана отырып қаржыландырылады.



Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшкеннен кейін стационарлардың қабылдау бөлімдері қалай қаржыландырылады?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жоспарлы стационарлық көмек маманның жолдамасы негізінде көрсетіледі. Жолдаманы алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны немесе медицина ұйымы мамандары береді. Егер жолдама берілген азамат ауруханаға жатып емделген жағдайда, Қор келісімшарт бекіткен денсаулық сақтау субъектісі көрсетінің стационарлық көмек ақысын төлеуге міндетті.



Жергілікті атқару органдары шеңберінде медицина ұйымдарына қаржы бөлу дәстүрі сақтала ма?

Жергілікті атқару органдары медицина ұйымдарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне (КТМКК) кірмейтін негізгі шығындарын қаржыландырады.



Қондырғылар сатып алуға және күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар қалай өтеледі?

Қазақстан республикасының 2016-2019 жылдары денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жаңарту шығындарын біртіндеп медициналық қызмет тарифіне қосу жоспарланған. Құны 100 млн теңгеден асатын қондырғылар мен күрделі жөндеу жұмыстарының ақысы жергілікті атқару органдары есебінен төленеді.



Елімізде барлық тұрғындардың біртұтас мәліметтер базасы бар ма?

Иә, мұндай база бар. Олардың қатарында Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасын, сондай-ақ, Тіркелген тұрғындар регистрін атауға болады. МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғалардың тізілімі осы мәліметтер базасы негізінде жасалады.



Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін жеке меншік медицина дамуы мүмкін бе?


2016 жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен 246 жеке меншік медицина ұйымымен келісімшарт бекітілді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін қызмет көрсететін жеке меншік ұйымдардың саны артып, бәсекелестік күшейеді деп үміттенеміз.

Қор денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша, медициналық қызмет көрсететін нысандардың теңдігі принципі негізінде сатып алады. Бұл жеке меншік және мемлекеттік емдеу мекемелерін дамытуға теңдей мүмкіндік беруі тиіс.





Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудағы халықаралық тәжірибе қандай?


Бүгінгі таңда әлемде медициналық сақтандырудың: мемлекеттік, жеке меншік және қоғамдық деп аталатын үш түрі бар.

Сақтандырудың мемлекеттік моделінде медициналық қызметтер салық пен мемлекеттік бюджет есебінен көрсетіледі. Денсаулық сақтау министрлігі ресурстарды бөліске салатын агенттіктен бөлек жұмыс істейді.

Бұл модельдің артықшылығы неде? Оның әлеуметтік жағы басым, елдің бәріне қолжетімді, баға бақылау мүмкіндігі жоғары. Ал, осал тұстары: Жүйе толығымен бюджетке тәуелді, халықтың сұранысынан туындайтын өзгерістерге бірден бейімделе алмайды және таңдау еркіндігі шектеулі.

Сақтандырудың жеке меншік үлгісінде тұрғындар жарна төлеуге міндеттелмейді. Бірақ бұл жүйе халықтың барлық тобының денсаулық сақтау саласындағы қажеттіліктерін толық өтеуге негізделмеген. Мұнда жекелеген жеке-меншік жүйелер жұмыс істейді.

Оның басты артықшылығы – азаматтың қалауы мен мүмкіндігіне қарай сараланған пакет.

Кемшіліктері: бағаны бақылау мүмкіндігінің жоқтығы, медициналық ұйымдардың медициналық емес факторлар бойынша бәсекеге түсуі, экономиканың денсаулық сақтау саласына жұмсайтын шығындарының көптігі, төлеу қабілеті төмен азаматтардың медициналық қызметті пайдалануға мүмкіндігінің жоқтығы.

Үшіншісі сақтандырудың қоғамдық үлгісі: Қордың қаражаты Денсаулық сақтау министрлігінен бөлек ұсталады, медициналық қызмет ақысы Қорға жинақталған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары есебінен қамтылады.

Артықшылықтары: әлеуметтік жағының басымдығы, жалпыға ортақ жауапкершілік, бәсекелестік пен сапаны бақылау мүмкіндігінің артуы, биресми төлемдердің азаюы.

Кемшіліктері: жарна төлеуден бас тарту салдарынан қаржы тапшылығы қаупі туындайды, тиісті ІТ инфрақұрылымдар қажет.

Қазақстан осының ішінде қоғамдық сақтандыру жүйесін таңдап алды. Жүйе мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі принципі бойынша жұмыс істейді.





Қазіргі таңда мемлекеттік емдеу мекемелерінің басым бөлігінің бизнеспен айналысатыны рас. Әсіресе, стационарларда қызметтің басым бөлігі ақылы негізде көрсетіледі. Бірақ олардың денін Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде мемлекет тарапынан қаржыландырылатын қызметтер құрайды. Яғни, бақылау жоқ, халық ақша төлейді, үкімет мемлекеттік кәсіпорындардың ақылы табыс табуын ынталандырып отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін жағдай өзгере ме?

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТМКК) пен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті шеңберіндегі қызметтер қазір де, жаңа жүйе енгізілгеннен кейін де тегін көрсетілуі тиіс. Жұртшылық кепілдік берілген көмектің барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі. Алайда, сұраныстан ұсыныс туатыны белгілі. Азаматтар медициналық сақтандыру жарнасын төлеу арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемі мен түрлерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде ақылы қызметті пайдаланушылар саны азаяды. ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңының 7-бабына сәйкес, сақтандыру пакетіне жоспарлы стационарлық көмек, емханалық-амбулаторлық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоғары технологиялық қызмет түрлері кіреді.




Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен елдегі барлық медицина ұйымдары келісімшарт бекіте ала ма?



Оған ешкім кепілдік бере алмайды. Мысалы, бір қалада кардиология бөлімі бар үш аурухана жұмыс істейді делік. Қор соның ішінде қызметтерді сатып алудың минималды стандарттары мен талаптарына жауап беретін, пациенттерге жағдай жасайтын, сапалы, жоғары технологиялық қызмет көрсете алатын, жоғары білікті мамандары мен заманауи қондырғылары бар медицина ұйымын таңдайды.

Бір сөзбен айтқанда, Қор денсаулық сақтау нысандары желісін де, бәсекелестікті дамыту мақсатында медициналық ұйымдардың ішіндегі бизнес-процестерді де аталған аймақтағы медициналық көмек түрлеріне деген нақты сұранысқа қарай оңтайландырады.

МӘМС шеңберіндегі медициналық қызмет түрлері Денсаулық сақтау субъектілерінен уәкілетті орган бекіткен тәртіп бойынша сатып алынады. Ол тәртіптер мынадай:

1) медициналық көмек көрсету жөніндегі міндеттемелерді орындай отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі табысының балансын қамтамасыз ету;

2) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмектің аумақтық тұрғыдан қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) денсаулық сақтау субъектілерінің теңдігі;

4) дұрыс бәсекелестік;

5) медициналық қызмет көрсету тиімділігі мен сапасы.





Тұрақты тұратын жері жоқ адамдар (БОМЖ) қандай көмек ала алады?

Мұндай санаттағы азаматтар сақтандырылмаған жағдайда Кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көмек ала алады.



Жедел медициналық жәрдем мен Жоғары мамандандырылған медициналық көмек бағасы қандай өзгерістерге ұшырайды?

Жедел медициналық жәрдем мен ЖММК тарифтері де халықаралық тәжірибелер мен медициналық қызметтерді жеткізушілердің нақты шығындарына байланысты жетілдіріледі.



Пациенттер басқа аудандардағы емхананың немесе клиниканың көмегіне жүгінгенде Тіркелген халық регистрі (РПН) қаншалықты рөл атқарады?


Пациенттерді тіркеу мен тіркеуден шығарудың қолданыстағы тәртібіне сүйенсек, пациенттер таңдаған емханасын (клиникасын) мынадай жағдайларда өзгерте алады:

- тұрғылықты немесе уақытша тұрып жатқан жерін, жұмысын немесе оқу орнын басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке ауыстырған жағдайда;

- бастапқы санитарлық-медициналық көмек ұйымы қайта құрылған немесе таратылған жағдайда;

- азаматтың дәрігерді және медицина ұйымын еркін таңдау құқығы негізінде жылына бір рет;

- бастапқы санитарлық-медициналық көмек мекемелерінде жыл сайын өткізілетін тіркелу науқаны кезінде, яғни, 15-қыркүйек пен 15-қараша аралығында.

Егер пациент өзі тіркелген аймақтан басқа өңірдегі емдеу мекемесіне барған жағдайда оған шұғыл жәрдем ғана көрсетіледі.





Мемлекеттік емханалар, шаруашылық жүргізу құқығы бар кәсіпорындар қалай қаржыландырылады?

ҚР заңдарына сәйкес, мемлекеттік орган болып саналмайтын мемлекеттік мекемелерге басқарушылық, мәдени-әлеуметтік және коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерге қоса, табыс табатын қызмет түрлерімен айналысу құқығы берілген (ақылы қызмет көрсету).



Егер жергілікті пациенттер Алматы қаласындағы медицина ұйымдарын таңдайтын болса аудандық ауруханалардың жайы не болмақ?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медицина ұйымын таңдау тетігі мен «ақша пациенттің соңынан келеді» принципі сақталады. Егер пациент Алматыдағы медицина ұйымын таңдаған жағдайда Қор ақшаны қызмет көрсеткен клиникаға аударады. Сонымен қатар, көрсетілген қызмет көлеміне қарай келісімшарт құнын арттыру немесе кеміту тетіктері қарастырылған. Аудандық ауруханалар өздері көмек көрсеткен азаматтар үшін ғана ақша алады.



Медициналық қондырғыларды кім қалай сатып алады және медұйымдар арасында бөліске салады?


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін тарифтер қайта қаралады. Тарифтерге негізгі қорды жаңартуға арналған амортизациялық шығындар қосылады. Сонымен қатар, болашақта медициналық қондырғыларды жеткізушілерден жалға алу мүмкіндігі де қарастырылмақ.



Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек қалай жоспарланады?


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек көлемі Қор мен жергілікті атқару органдары деңгейінде, халықтың белгілі бір медициналық көмекке деген сұранысына қарай жоспарланады. Жоспарлау барысында Қордың қаржылық мүмкіндіктері ескеріліп, демографиялық болжамдар мен макроэкономикалық модельдер де пайдаланылады.



Сақтандыру жағдайы туындағанда көрсетілетін көмек құны қала өтеледі? Клиникалық-шығыны бірдей топтар бойынша төлене ма, әлде, нақты шығындар негізінде төлене ма?


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін медициналық қызмет ақысын төлеудің қолданыстағы тәсілдерін жетілдіру жоспарланған. Соның ішінде, жеткізуші компаниялар арасында бәсекелестікке жағдай жасап, денсаулық сақтау саласының жалпы қаржылық тұрақтылығын қаматамасыз ету мақсатында стационарлық көмек ақысын төлеу тәсілдері де жаңғыртылады.

Амбулаторлық көмек деңгейінде адам санына қарай қаржыландыру жүйесі дамытылып, пациенттердің медициналық қызметтерді кешенді түрде алуын қамтамасыз ететін аралас тарифтерді қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылмақ;

– Стационарлық деңгейде халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, клиникалық-емдеу шығыны бірдей топтардың негізінде тарифтерді жетілдіру жоспарланған;

– Енгізіліп отырған ауруларды басқару тұжырымдамасы шеңберінде кей жағдайларда медициналық көмектің барлық деңгейлерін (бастапқы санитарлық-медициналық көмектен бастап стационарлық ем, әрі қарай оңалту шаралары) біріктіріп, тарифтерді қайта қарау көзделген.





Қазақстан республикасында жұмыс істейтін шетел азаматтарына, еңбек мигранттарына медициналық көмек қалай көрсетіледі?


«Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 2-бабы 2-тармағына сәйкес, міндетті сақтандыру жүйесінде Қазақстан республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ, оралмандарға да ҚР азаматтарымен бірдей құқықтар мен міндеттемелер жүктеледі. Мысалы, олар да қазақстандықтар сияқты салық, соның ішінде, міндетті сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті. Еңбек мигранттарына медициналық көмек мемлекет аралық келісімдер негізінде көрсетіледі. Егер мұндай келісімдер бекітілмеген болса еңбек мигранттары ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) қызметін пайдалана алады. Ал, қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққан мигранттарға тегін көмек көрсетіледі.



Жеке кәсіпкерлер жарнаны Әлеуметтік медициналық қорға қалай төлейді?

Жеке кәсіпкерлер 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап 2 төменгі айлық жалақының 5 пайызы көлемінде жарна төлейді.

Мамандар болжамынша, 2018 жылы төменгі жалақы 28 284 теңге болатынын ескерсек, жеке кәсіпкерлердің ай сайын төлейтін жарнасы 2 828 теңгені құрамақ. Жарнаны ай сайын немесе бірден бір жылға төлеуге болады.

Зейнетақы жарналарын аудару тәртібіне ұқсас болып келетін бұл жүйемен жұмыс берушілер де, жеке кәсіпкерлер де жақсы таныс. Бұл аударымдарды жеке есеп-шот ашу арқылы да, есеп-шот ашпай-ақ, екінші деңгейлі банктер мен Қазпоштаның кез-келген бөлімшесі арқылы да аударуға болады.




Әлеуметтік маңызы бар сырқаттарға не жатады және оларды емдеуге жұмсалатын қаржы қалай бөлінеді?

Әлеуметтік маңызы бар сырқаттарға: туберкулез, иммунтапшылығы вирусынан туындайтын аурулар және ВИЧ, жұқпалы В, С гепатиті, қатерлі ісік, қант диабеті, психикалық аурулар, балалардың сал ауруы, инфаркт (бастапқы алты ай), ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелі зақымдануы, орталық жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті сырқаттары, орталық жүйке жүйесінің миелин қабықшасының зақымдануынан туындайтын аурулар жатады.

Сонымен қатар, айналадағы адамдарға қауіп төндіретін сырқаттар да бар. Ондай науқастарға: иммунтапшылығы вирусынан туындайтын аурулар және ВИЧ індеті, Конго-Қырым қанды безгегі, дифтерия, менингококк инфекциясы, полиомиелит, тек қана жыныстық жолмен таралатын жұқпалы аурулар, алапес, безгек, түйнеменің (сібір жарасы) жеңіл түрі, туберкулез, тырысқақ, оба, іш сүзек, вирусты гепатит, мінез-құлық пен психикалық ауытқулар.



Әлеуметтік маңызы бар сырқаттарға шалдыққан азаматтарға медициналық көмек Тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі (ТКМКК) шеңберінде көрсетіледі.




жүктеу 380 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау