«Солоновка орта мектебі»кмм-нің бастауыш сынып мұғалімі. Ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамасы мен әдістері


Педагогикалық эксперимент – арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген зерттеушінің зерттеу іс-әрекеті



жүктеу 432 Kb.
бет3/3
Дата29.01.2020
өлшемі432 Kb.
#27726
1   2   3

Педагогикалық эксперимент – арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген зерттеушінің зерттеу іс-әрекеті (1, Б.18).

П.И.Пидкасистыйдың басшылығымен дайындаған «Педагогика» оқулығында «Эксперимент - ғылыми болжауды тәжірибе жүзінде тексеру» деп түсіндірген (2,Б.105).

Сонымен, педагогикалық эксперимент деп нақты «қолдан» жасалған жаңа жағдайларда педагогикалық үрдісті түрлендіріп, ғылыми тұрғыдан тәжірибе қоюды айтамыз. Екінші жағынан, эксперимент дегеніміз қатаң қадағалауда болатын және эксперимент жасаушының өзі мақсатты әрі жоспарлы түрде жүзеге асыратын педагогикалық бақылау болып табылады(1, Б.18).

Эксперименттің көлемі кең ауқымда (мұнда экспериментке қатысушылардың саны өте көп) немесе ықшамдалған топта да (мұнда экспериментке қатысушылар саны аз) болуы мүмкін.

Педагогикалық экспериментті ұйымдастыруда оның негізгі ережелерін сақтаған жөн:


  1. Тұлғаның (оқушы, студент, т.б.) денсаулығына зиян келтірмеу;

  2. Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында қолдану;

  3. Зерттеудің мақсат, міндеттеріне, қатысушыларды іріктеуге байланысты эксперименталдық базаны анықтау;

  4. Экспериментті жүргізу алдында зерттеу пәнінің көрсеткіштерін, деңгейлерін, өлшемдерін анықтау.

Орта ғасырлық ғалым Р.Бэкон «Эксперимент - ғылыми білімнің жасанды тәжірибесінің нағыз қайнар көзі болып табылады» - деген. Оның отандасы Ф.Бэкон экспериментті ақиқатты танудың маңызды құралы деп есептеді (3,Б-115). Ф.Бэконның пікірі бойынша ғылыми эксперименттің кездейсоқ тәжірибеден айырмашылығы ол белсенді және мақсатты түрде адамның табиғатқа еніп, жалпы әлем болмысының ұстанымдарын құрайтын тәжірибе болып саналуында деп көрсетті. Ф.Бэкон экспериментті басқаруда бірнеше әрекеттерді ұйымдастыра білу керектігін айтты:

    1. Вариация – зерттеп жатқан құбылысты өзгерту әрекеттері;

    2. Репродукция - тәжірибені қайталау әрекеттері;

    3. Инверсия - өзгертілген жағдайда табылған жаңа дәйекті тексеру әрекеті;

    4. Қажетсінуге бағындыру - ықпал етуші факторлар күштерінің көбеюі немесе азаюына байланысты тәжірибені тоқтаусыз жүргізе беру әрекеттері.

Бұл әрекеттердің мақсаты - зерттеу мәселесіне байланысты дәйектерді түгелдей жинақтау. Тәжірибе кезіндегі жалған немесе уақытынан бұрын алынған мәліметтер бойынша қорытынды нәтижелерде қателеспеу үшін Ф.Бэкон төменде көрсетілген 3 түрлі кестені ұсынады:

1-кесте. Зерттеу құбылысындағы дәйектердің (фактілердің) болуы.

2-кесте. Зерттеу құбылысындағы дәйектердің жоқтығы.

3-кесте. Зерттеу құбылысындағы дәйектердің көрсеткіштері.

Зерттеу құбылысының мақсаты бойынша бұл кестелерден алынған мәліметтер талданып, салыстырылып, ақиқатты нәтижені алуға көмегін тигізеді.

Педагогикалық экспериментті ұйымдастыруда ең алдымен оның жоспары анық болуы қажет, ол үшін:



  1. Эксперименттің мақсатын анықтау.

  2. Эксперименттің міндеттерін анықтау.

  3. Эксперимент барысында «иә» немесе «жоқ»деген жауап көрсеткіштерінің болуы.

  4. Зерттеу құбылысында оңды нәтиже алуға әсер етуші факторларды анықтау.

  5. Зерттеуде әсер етуші факторларды іріктеу және оларды қолдануға шешім қабылдау.

  6. Әсер етуші факторларды міндетті түрде маңыздылығы бойынша реттеу.

  7. Кейбір факторлардың реттелуге келмейтіндігінен, олардың орташа әсерін (мәліметін) есепке алу.

  8. Эксперменттің соңғы сатысы – бұл талдау (нәтижелерді жинақтау, реттеу, статистикалық мәліметтерді енгізу, қорытынды пікір қабылдау).

Эксперименттің мәні – зерттеу құбылыстарын бақылап, дәйектерін айқындау үшін нақты жағдайларды жасаумен анықталады.

Эксперимент жүргізуде төмендегі әрекеттерді орындау қажет.



  1. Экспериментті жүргізу техникасын таңдау және негіздеу:

а) міндеттердің қойылуы;

ә) көрсеткіштерді таңдау;

б) өзгермелі факторларды таңдау;

в) сандық, сапалық деңгейлерді таңдау.

2. Жоспарлау:

а) бақылау сандарын анықтау;

ә) эксперименттің жүргізілу тәртібі;

б) қолданатын реттеу әдісі;

в) эксперименттің математикалық модель негізінде сипатталуы.

3. Талдау:

а) мәліметтерді жинақтау және өңдеу;

ә) ғылыми болжамды статистикалық есептеу арқылы тексеру және

статистикалық есептердің өзін де тексеру;

б) нәтижелердің түсіндірілуі (интерпретациясы).



Педагогикалық эксперимент мақсатына қарай 4 сатыға бөлінеді (2-сурет):


2-сурет Педагогикалық эксперименттің сатылары.


  1. Анықтаушы эксперимент – күнделікті өмірдегі педагогикалық құбылыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.

  2. Қалыптастырушы эксперимент - жаңа педагогикалық құбылысты ғылыми идея негізінде қалыптастыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.

  3. Бақылаушы эксперимент – педагогикалық мәселені пайымдау үрдісінде жасалған ғылыми болжамды бақылау, тексеру мақсатында жүргізілетін эксперимент.

  4. Реттеуші эксперимент – педагогикалық үрдісте зерттеу барысында алынған нәтижелерді өңдеп рәсімдеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.

Сонымен қатар, педагогикалық экспериментке мынадай талаптар қойылады:

  • эксперименттің мақсаты нақты, айқын болуы тиіс;

  • эксперименттің оңтайлы нәтижелі болуы үшін зерттеу әдісіне сәйкес эксперименталдық база ұйымдастырылуы тиіс;

  • зерттелетін мәселе жан-жақты қарастырылып, талданып, өңделуі тиіс;

  • эксперименттік топ қатысушылары оның мақсаты мен міндеттерін анық білуі тиіс;

  • экспериментке ғылыми болжам жасалуы және оның негізделуі анық болуы керек;

  • экспериментті жүргізуде жоспарлы, жүйелі іс-әрекет ұйымдастырылуы тиіс;

  • экспериментті ұйымдастырушылар экспериментті жүргізуде әрбір қадамын бақылап, үнемі талдау жүргізіп отыруға тиісті;

  • экспериментке қатысушы сараптаушылар тобы зерттеушіге және зерттеу мәселесіне тәуелсіз болуға тиіс;

  • эксперимент барысында алынған мәліметтер мен нәтижелер нақты қағазға жазылып алынуы тиіс;

  • эксперимент барысында алынған нәтижелер мұқият талдануы тиіс;

  • эксперимент нәтижесі бойынша соңғы қорытынды пікір нақты, жан-жақты сипатталынып берілуі тиіс.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Осыған орай зерттеушілер отбасындағы, мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың тиімді жолдарын терең зерттеуге міндетті.

Педагогикалық теорияны іс-тәжірибемен ұштастыру негізінде жүргізілетін зерттеулерде эксперименттің алатын орны ерекше. Олай болса, зерттеуші педагогикалық эксперименттің мақсаты мен мәнін ұғыну арқылы ақиқатты нәтижеге жетуі мүмкін. Осы бағытта дайындалған баяндама педагогикалық эксперимент ұйымдастырушыларына өз септігін тигізеді деп ойлаймын.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.


  1. Зерттеу әдістеріне не жатады?

  2. Педагогикалық эксперимент дегеніміз не?

  3. Педагогикалық эксперименттің талаптарын ата?


Әдебиеттер:

    1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы.-А.:Дарын,-2004.-448бет.

    2. Педагогика. Под редакцией П.И.Пидкасистого. Педагогическое общество России. М., 2004, стр- 282.

    3. Методы системного педагогического исследования. Учебное пособие.- Под редакцией Н.В.Кузьминой. Л., 1980, стр-173.

    4. Методы педагогического исследования. – М., 1979


12‑Дәріс. Педагогикалық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістері.

Педагогикалық зерттеудің әдісі мен әдістері.
Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің әдісі мен әдістерін қарастыру.
Жоспар:

  1. Педагогикалық зерттеудің әдістері.

  2. Зерттеудегі әңгімелесуге сұхбат әдісі.

  3. Педагогикалық консилиум әдісі.

  4. Педагогикалық эксперимент әдісі.

  5. Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері.

Ғылыми үрдіс зерттеу әрекетінде іске асады. Теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттер бар: а) фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; б) бастапқы теориялық негіз, ол зертттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; ә) теорияның логикасы мен құрылымы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы. Ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқау, теңеу, талдау және жинақтау,моделдеу, салыстыру эксперимент, дерексізден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция. Бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана туседі.

Яғни зерттеу әдісі дегеніміз - күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Әдісті құрайтын тәсілдер зерттеу тәртібінің феномоменологиялық сипаттамасын, оның құрамындағы элементттердің эмпирикалық бөлінуін, зерттеу обьектісі мен оның психологиялық-педагогикалық сипаттарын жүйелі түрде түсіну мақсатында зерттеу элементтерінің құрылымдық-қызметтік талдауын қамтамасыз ететін өлшеу бірліктеріне бөлінілді.

Зерттеу әдістері педагогикалық ғылымы дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогика ғылымы мен тұтас педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол жаңа білімдерді табуүрдісі. Ол - адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі. ЭКСПЕРИМЕНТТІК - ЭМПИРИКАЛЫҚ деңгей әдістері. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эксперименттік-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар.

Байқау - зерттеу заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинақтау, тікелей байқау-зерттеу, жанама байқау-зерттеу, монографиялық байқау - зерттеу, үздіксіз байқау - зерттеу, бірқалыпты зерттеу, іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданады. Мұндай байқау -зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы керек. Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапалық суреттемесі мен өлшемінің тәртібі байқау негізін құрайды. Өлшем - зерттеу обьектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау үрдісі.

2.Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың даму жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында зерттеу кұбылыстың күнделікті байқауға болмайтын қасиеттерін ашуға болады. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Педагогикалық зерттеулерде эксперименттің ойдағы эксперимент түрі де болады, алайда оны ойша эксперимент деп шартты түрде ғана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз- тәжірибе, практика.

3. Сұрақ - жауап әдістері: а) Әңгіме-сұхбат; ә) әңгіме; б) сауалнама. Мәліметтер мен зерттеудің басқа да әдістері парадигмалық түсініктер мен зерттеудің тұжырымдамасын құрастырудың әдістемелік ерекшеліктері жүйесінде талдау жасалуы тиіс, алғашқы эмпирикалық ақпаратты алуға бағытталған. Зерттеу - белгілі бір мәселені шешудің ақыл-ой, тұжырымдамасын және практикалық үрдісі. Алайда бұл мәселені тек эмпирикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден олардың теориялық қорытындыларына көшуі қажет.

Зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.

Теориялық деңгей әдістері:

1. Әдебиет көздерін зертеу зерделеу бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зертттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет. Зерттеу мәселесінен ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық тұжырымдар, көзқарастар, ғылыми мектептер, білім беру үрдісіндегі заманға сай тенденцияларды анықтауы қажет. Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау жұмыстары жүргізіледі. Зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттары мен міндеттерімен анықталады.

2. Талдау мен жинақтау. Талдау арқылы эмпирикалық материалдыжүйелеу, түтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау. Талдау қарапайым болуы мүмкін, зерттеу барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады. Талдау мен жинақтау диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, "талдау" термині көбінесе зерттеу үрдісін тұтастай қарастыру кезінде қолданады. Сондай-ақ белгілі нәтижелері бар деректерге, жүйеге кірерде және оларды қорытуда талдау жасап, салыстыруға болады.

3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту - көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу-бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу үрдісі. Дәріптелген (дерексіздендірудің бір түрі) - объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.

4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға және керісінше, жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.

5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Моделдеу - зерттеу обьектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Моделдің түпнұсқадан айырмашылығы бар, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады. Моделдеу ауызша, логикалық, физикалық, заттық, белгілілік болады. Моделдің түрін таңдау таным зерттеу обьектісінің күрделілігіне байланысты.

7. Болжау әдісін зерттеуші педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің даму бағытын табу үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүгінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең талдау жасалуда.

8. Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.

Теориялық деңгей әдістерінің бұл түрі, тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторларды және олардың ішкі мазмұнының факторларын түсіндіруге бағытталған. Эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде "құбылыс" деңгейінде зерттесе, теориялық әдістер "мәні" деңгейінде зерттейді.

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің жоғарыда аталып, айтып кеткеніміздей әдістер нақты зерттеу міндеттерін қолданатын құралдарының ішіндегі - ең негізгілері.

Ғылыми зерттеуге тән нәрсе, сол мәселеде үйлестірілген сұрақ және болжамды белгілі бір жобаланған жауап ретінде, үлгі түрінде көрсетіледі. Осыдан зерттеудің міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын негіздеу (теориялық сипаттама) және зерттеудің теориялық моделін жасау, эмпирикалық практиканы зерттеу әрекеттерімен және педагогикалық шындықты қайта құру (қалыптастыру тәжірибесі).

Қойылған міндеттерді шешу зерттеушінің соған сай ғылыми әдістерді қолдануын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы міндеттерді шешу үшін - теориялық деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы талдау, нақтылы абстрактылық және абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент) қолданады. Теориялық - қолданбалы және қолданбалы міндеттерді шешу үшін: бақылау, әңгімелесу, анкеталық педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданады.

Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолданатын терминдердің біртектілігі (бір мағыналылығы) болып табылады, себебі басынан бастап, басты ұғымға қандай мағына мән берілетіндегі, не туралы екендігі айқын болуы керек.

Бір терминді бірнеше мағынада қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы сонда, зерттеу пәніне ұғымдық сипаттама (теориялық сипаттама) беру зерттейтін құбылыстың мәнін мазмұнын ашып көрсетудің кепілі, оның теориялық моделін жасауға негіз болады. Соңғысы арқылы зерттеу құбылыстарының нақтылы педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс-әрекеттер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар болашақ педагогикалық іс - әрекеттер жобасына салынып, практика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар макеті ретінде болады.

Әдіс белгілі бір ғылыми міндетті орындалуға және амалдар мен процедураларды орындауға бағытталған зерттеу қызметінің нормативті моделі арқылы түсіндіріледі.

Педагогика ғылымының әдістерінің сипаттамасынан бұрын, нақты зерттеу міндеттерін шешуге арналған екі негізгі таңдау ұстанымдарын есепке алу қажет. Олардың біріншісі – зерттеу әдістерінің сипаттамасынан бұрын, нақты зерттеу міндеттерін шешуге арналған екі негізгі таңдау ұстанымдарын есепке алу қажет. Олардың біріншісі – зерттеу әдістерінің көптігі ұстанымы – кез келген ғылыми мәселені шешуге бір емес, бірнеше әдіс қолданылатынын білдіреді. Әдістердің өздерін зерттейтін құбылыс табиғатымен байланыстыра отырып ғалым қайта қарастырады. Екіншісі – алынған әдістің зерттелінетін пәннің мәніне және алынатын нәтижесіне сәйкестігі ұстанымы. Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін қарастырайық. Оларды эмпирикалық және теориялық деп бөлгеніміз жөн.

Эмпирикалық әдістер. Олардың ішіндегі ең көп тарағаны-байқау әдісі болып табылады. Бұл зерттелетін педагогикалық құбылыстарды, үрдістерді зерттеушінің тікелей қабылдауы. Сонымен қатар, болып жатқан құбылыстардағы бақылаумен бірге үрдістің өзі жасырын, ал оның нақты бейнесі белгілі бір көрсеткіштер арқылы бейнеленеді. Мысалы, оқушының танымдық белсенділігін күшейту бағытында эксперименттер жүргізіліп отырады. Бұл жағдайда алға жылжулардың көрсеткіштерінің бірі оқушылардың үлгерімін, бағалаулардың түрлері, оқулықытың мәліметтерін игеру қарқыны, игерілген материал көлемі, білім іздеудегі оқушының жеке ынтасы болып табылады. Оқушылардың танымдық белсенділігі тіркеуге бірденнен беріле қоймайды, тек басқа аралық факторлар арқылы беріледі.

Байқаулардың бірнеше түрі бар. Ең алдымен, ол бақылау тікелей және аралық болғандықтан зерттеушінің өзі немесе оның көмекшілері жұмыс істейді, не фактілер бірнеше жанама көрсеткіштер арқылы белгіленеді. Әрі қарай, жаппай немесе дискреттік бақылаулар бөлінеді. Бірініші орында үрдістер толық ауқымда алынады, олардың басынан соңына дейін қамтылады. Екіншіден, үзік үрдістерде таңдамалы түрде зерттелетін құбылыстар көрсетіледі. Мысалы, мұғалім мен оқушылардың сабақ үстіндегі еңбек көлемі оқытудың соңына дейін байқалынады. Бақылау материалдарды хаттамалық, күнделік жазулар, бейне, кинотіркеулер, фонографиялық жазулар және сол сияқты басқа құралдар арқылы белгіленеді. Нәтижесінде, байқау әдісі оның барлық мүмкіншіліктеріне қарамастан шектеулі. Ол тек педагогикалық фактілердің сыртқы көрінісін білдіреді. Ішкі үрдістерді байқауға мүмкіндік болмай қалады.

Сұрастыру әдістері. Бұл топтағы әдістер ұйымдастыру, қарапайым мәліметтерді алу жағынан әмбебапты құралдар болып табылады. Олар социологияда, демографияда, саясаттануда және басқа ғылымдарда қолданылады. Сұрастыру әдістеріне қоғамдық пікірді зерттеуші мемлекеттік қызметкердің, халық санақтарын жүргізушінің басқару шешімдерін қабылдауға қажет ақпаратты жинаушының жұмыс тәжірибесі енеді. Мемлекеттік статистика негізінде халықтың әр түрлі топтары арасындағы сұрастыруды өткізу жатады.

Педагогикада көпшілікке мәлім сұрастыру әдісінің үш түрі қолданылады: әңгімелесу, сауалнама, сұхбат ұйымдастыру. Әңгімелесу – зерттеушінің зерттелінетін адаммен алдын ала өңделген бағдарлама арқылы диалогі. Әңгімелесуді қолданудың жалпы ережелеріне білікті респонденттерді таңдау жатады.

Зерттеудегі әңгімелесуге сұхбат әдісі жақын зерттеушіні мұнда сұрастыру арқылы көзқарасты айқындауға және сыналатынды бағалауға арналған тақырыпты қояды. Сұхбатты ұйымдастыру ережелері сынлатындарды шынайылыққа ынталандыратын, шарттарды жасаудан тұрады.

Сауалнама алу жазбаша сұрақ сияқты мәлімет алу мүмкіншіліктерімен және өңдеумен өнімді, деректі және икемді. Сауалнама алудың бірнеше түрі бар.



Педагогикалық консилиум әдісі оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағдарлама арқылы және біріңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның сол немесе басқа жақтарын бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулардың себептерін табу немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге талқылауды қамтиды.

Диагностикалық бақылау жұмыстары әдісі. Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық‑тәжірибелік сипатта болуы мүмкін. Олардың нәтижелілігі бірнеше талаптарға тәуелді болады:



  1. а) оқушылардың даярлығының барлық негізгі элементтері туралы ақпарат беру: фактілік білімдері, арнайы іскерліктері, оқу еңбегіндегі және танымдық іс‑әрекетті дағдылары туралы; б) объективті тұжырымдарды жасау үшін, оқушылар даярлығының осы немесе басқа жағынан жеткілікті толық ақпаратты ұсыну; в) бақылаудың әрбір тәсілмен берілетін ақпараттың нақтылығын қамтамасыз етуді қамту керек.

  2. Қолданылатын әдістер, үйлесімді жиілікпен және сол бір оқу үрдісін реттеуге болатын кезеңдерде қажет ақпарат беруге тиісті.

  3. Бақылау жұмыстары мазмұнына енетін тапсырмалар келесі талаптарға сай болуы керек: а) олар меңгеруге күрделі және ең қиын, сонымен қатар оқудың келесі кезеңдеріне өзекті болып келетін, сұрақтардан тұру тиісті; б) тапсырмалардың жиынтығының орындалуы оқушының зерделі іс‑әрекетінің ерекшелітері туралы тұтас түсінік құруға арналған материалдарды беруге тиісті; в) олардың орындалуы әмбебапты және кіріктірілген осы оқыту кезеңдерінде көкейкесті және күрделі екенін көрсетеді.

Тексеріс жұмыстары былай жіктелінеді:

  • мақсаттары бойынша – оқу мүмкіндіктерінің жолын тексеретін, кешенді, сонымен қатар бөлек параметрлерді тексеретін, жеке;

  • оқу үрдісіндегі алатын орны бойынша – тақырыптық, тоқсандық және жылдық;

  • ұйымдастыру формасы бойынша – жазбаша бақылау, ағымдық бақылау, эксперименттік жұмыс, жаттығулар, бақылау жұмысы;

  • көлемі мен құрылымы бойынша бір тақырыптағы жазбаша бақылау жұмысы бірнеше тақырыптағы жазбаша бақылау жұмысы бірнеше тақырыптағы бағдарламаланған және бағдарламадан тыс жазбаша бақылау жұмысы;

  • жауаптарды көркемдеуіне қарай – ой жүгіртулерді сипаттау жұмысы ойластыруды, сипаттамайтын шешімдері бар жұмыстар;

  • тапсырмалардың орналасуы бойынша – тапсырманың күрделілігінің кемуін көрсететін жұмыстар, күрделілік жағынан бір-біріне ұқсамайтын тапсырмалар.

Педагогикалық эксперимент әдісі. Бұл әдісті педагогика ғылымының ең негізгі әдістеріне жатқызады. Ол болжамды тәжірибеде тексеру арқылы анықталады. Масштабы юойынша ғаламдық эксперименттер, яғни оған қатысушылардың көп сандылығына байланысты, аз болса микроэксперименттер деп бөлінеді.

Педагогикалық эксперименттерді ұйымдастырудың белгілі бір ережелері қалыптасты. Ол ережелерде қатысушылардың денсаулығына және даму тәуекеліне жол бермеу, нақ осы шақ пен болашақта өмір сүруге қауіп төндірудің болмауына кепілдік береді. Эксперименттің ұйымдасуында әдіснамалық түсіндірулер кездеседі. Олардың арасында репрезентативті таңдау арқылы эксперименттік база іздеу бар. Эксперимент алдында көрсеткіштерді, өлшемдерді тәрбие, оқыту жұмыстарын бағалау үшін жасайды. Олар сондай-ақ тәжірибелік тексеруден өтеді.

Педагогикалық эксперимент, әңгімелесу, сұхбат, сауалнамалық сұрақтарды, арнайы жағдаяттар туғызуды пайдаланатын кешенді сипаттағы әдіс болып табылады. Бұл әдіс зерттеудің мына міндеттерін шешеді:

- оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің дамытудың нәтижелерінің белгілі бір педагогикалық әсерлерге тәуелділігін анықтау;

- белгілі жүйелер мен педагогикалық нәтижелердің өзара тәуелділігі;

- педагогикалық шаралардың жүйелері мен оқытушылардың және оқушылардың белгілі бір нәтижелерге жетуі үшін уақытын және күшін жұмсауы арасындағы тәуелділікті анықтау;

- екі немесе бірнеше педагогикалық әсерлердің тиімділігін салыстыру, және оларға бір оңтайлы нұсқа табу. Немесе оларға белгілі бір өлшемнің арқасында оңтайлы нұсқа таңдау;

- белгілі бір жүйенің тиімділігін бірнеше өлшемдер арқылы дәлелдеу;

-себептік байланыстар табу.

Эксперименттің мәні зерттелетін құбылыстарды белгілі бір жағдайға қойып, ұйымдасқан жағдаяттарды жасайды, жоспарлы фактілерді анықтау арқасында эксперименттік әсерлер мен объективті нәтиже арасында кездейсоқ емес тәуелділік пайда болатынын анықтайды. Педагогикалық құбылысты табиғи жағдайда зерттеуден басқа, тікелей бақылау арқылы эксперименттің зерттелетін құбылысты басқалардан бөліп көрсету, оқушыларға педагогикалық әсердің шарттарын өзгерту, кейбір педагогикалық құбылыстарды сол бұрынғы жағдайларда қайталау мүмкіндігі бар.

Эксперименттің тиімдігінің маңызды шарттары:


  • құбылысты алдын ала нақты теориялық талдау, оған тарихи шолу жасау;

  • болжамның нақтылығы, жаңалықты эксперименталды дәлелдеуді талап ету керек. Бұл мәнінде болжам тек бұл құрал нәтижені жақсартады деп қана қоймайды сондай-ақ болжам осы құрал басқа бар құралдардың ішінде белгілі бір жағдайлар үшін дұрысы деп ұсынады.

Өзіне баға беру мен рейтинг әдістері. Рейтинг – сарапшылардың әрекетке бір немесе бірнеше қырынан баға беру.

Сарапшылардың таңдауға мынадай талаптар қойылады:



  • біліктілік;

  • креативтік – шығармашылық міндеттерді шешу қабілеті;

  • сараптауға жағымды көзқарас;

  • конфоризмге берілмеу, яғни ғылымдағы шектен тыс беделді ұстамау, ғылыми объективтілік;

  • ойлау кеңділігі мен талдау қабілеті;

  • ойлаудың құрастырушылығы;

  • ұжымдық ерекшелік;

  • өзін-өзі сынау.

Педагогикалық консилиум әдісі. Бұл әдіс рейтинг әдісінің бір түрі болып есептеледі. Ол – бағдарламаға сай оқушылардың тәрбиелілігінің нәтижелерін ұжымдық талқылауды қарастырады.

Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері. Теориялық сипаттағы әдістер нақты педагогикалық процестердің талдауынан шығады да, олардың даму көзерінің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін себептерді анықтайды. Оларға, ең алдымен, үлгілеу, идеалды объектілерді құру жатады. Мұның алдындағы бөлімде теориялық және нормативті модельдер педагогикалық зерттеудің логикасына байланысты айтылып кетекен. Үлгілеу әдісінің ерекше маңыздылығының нәтижесінде, нақты, айқын емес – түрде ол кез келген зерттеуде қолданылады, біз оған толық тоқталамыз.

Үлгілеу – арнайы зерделеу үшін жасалған басқа объектіде белгілі бір объектінің сипаттамасын елестету, объектілердің екіншісі біріншісінің моделі деп аталынады. Жалпы түрде алғанда үлгі зерттеу объектісінің кейбір жақтарын, байланыстарын, қызметін көрсететін элементтер жүйесі болып табылады.



КОНТЕНТ-АНАЛИЗ ӘДІСІ

Контент анализ арқылы сандық – сапалық талдау жүргізуге болады. Бұл әдіс алғашқы рет АШҚ-та 20-30 жылдары жуналистика мен әдибеттану саласында кино, радио, телидардың өсуіне байланысты көп қолданыла бастады. Мысалы: газет бетіндегі мәтіндер бойынша тақырыпқа қызыққан адамдар саны саналып, саяси мәселенің дамуын талдау, жинақтау жасалды. Кеңес дәуірі кезінде яғни, 60-70 жылдары контек анализ әдісі өте көп қолданылды. Алексевтің пікірінше бұл әдістің ерекшелігі:

1) Өлшенетін нәрсені өлше.

2) Сізді тексеретіндей өлше.

В.Н.Семенов контент-анализді ғылыми әдіс ретінде психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолданудың әлеуметтік комуникатциялық моделін жасап оның мүмкіншілігін анықтап береді. 1-ден, бұл әдіс өз бетімен ақпараттық мазмұнын анықтау үшін қолданылады. 2-ден, басқа әдістермен бірге нәтиже алу үшін қолданылады. 3-ден, көмекші ретінде қолданылатын әдіс.

Контент анализді педагогикалық зерттеулерде пайдалану үшін бастапқы бағыттары. 1 – Ең басты зерттеуші пәні мен обектісі мақсаты көрсетіп отыру керек.2- сұқбаттасу анықтамасы және эмперикалық әлуметтік зеттеулерде.3 – теориялық жағдайға байланысты. 4-зерттейтін проблеманың класификасиясына (ерекшелігіне) байланысты қолдануды.

Контент анализді қолданған кезде мына жағдайларды анықтау керек 1 зеттеуші нақты мақсатты арқылы нені білгісі келеді.2.болжам таңдап алынған материал мазмұнын талдау арқылы болжау.3 бастапқы ақпараты арқылыамалын білу.4 талдаудың бірліктерін байқау.5 мақсатқа сәйкес деңгейлерін анықтау,жіктеу.7.жинақталған ақпараттарды сандық жағынан талдау жасау.8 жинақталған мәлиметтердің мазмұнын реттеу. Мысалы: Л.М.Ахмедиязвой зерттеулері бойынша табиғатпен педагогикалық атағын контет анализ бойынша 30 биография атақты педагогтардың Зерттеу барысында Я.А.Коменский,И.Пестолотсий, А.Дистерверг.К.Д.Ушинский Л.Толстой.Н.К Крупская А.С Макарко және басқалары қаралды.Талдау әр тұрлі болды (монаграфия,күнделік,араласу қағазы,еске алу дәптері)Зерттеу қортындысы бойынша 18/ балалық шақтан бастап мұғалім болғысы келген 82/ әр түрлі жағдайлармен педагог атағына ие болған.
Өзін-өзі бақылауа арналған сұрақтар:


  1. Педагогикалық зерттеудің әдістері дегеніміз не?.

  2. Педагогикалық консилиум әдісі дегеніміз не?

  3. Педагогикалық эксперимент әдісін қалай түсінесің?

  4. Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістеріне не жатады?

  5. Контент анализге сипаттама беріңіз?


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабанский Ю.К. Проблемы повышени эфективности педагогических исследовании. М.,1982

  2. Скаткин М.Н Методология и методика педагогических исследований. М., 1986

  3. Журавлев Я.И. Взаимосвязь педагогической науки и практики.М.,1988

  4. Введение в научное исследование по педагогике./ под. Ред. В.И.Журавлева.М.,1988

  5. Методы системного педагогического исследования. Учебное пособие.- Под редакцией Н.В.Кузьминой. Л., 1980, стр-173.

  6. Методы педагогического исследования. – М., 1979



13 дәріс Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді оқып үйрену және тарату

Тарих- дегенде өткен дәуір, небір заман ойға оралып, қиялымыз шарықтап оқыған, естіген, білген тіпті көргеніміз көзалдына келеді. Тарихи кезеңдерді зерттеп ондағы кейбір оқиға, құбылыстар қоғамдық өзгерістер мен сол замандағы адамның санасы мен бүкіл бір халықтың немесе ұлттың ахуалын нақтылау, деректер, дәлелдер, айғақтар іздеп тауып, оның анық-қанығына көз жеткізу т.б.- ғылыми-зерттеудің құзырында. Өйткені, «қоғам тарихы - халықтың зердесі» дейді тарихшы ғалымдар.

Кезкелген зат не құбылыстың келіп шығу тегі, дамуы, өзгерістерге ұшырауы, білгілі бір уақыт аралығындағы ахуалы оның тарихын құрайды. Қазақ ұлттық энциклопедиясында тарих «1) табиғат пен қоғамның уақыт пен кеңістіктегі өткен жолы; 2) адамзат қоғамының өткенін жан-жақты зерттейтін ғылым саласы» -делінген. Қоғамның тарихи даму барысындағы мынадай үш нәрсенің адам үшін аса маңызды екенін даналар атап өткен: адамзат қауымын азықтандыру; адамзат қауымын емдеу; адамзат қауымын үйрету; Осы үшеуінің қай-қасысы да келіп ғылымға тіреледі. Солардың ішінде адамзат қауымын үйрету- қоғамның дамуына, адамзат санасының дамуына байланысты оқытуға, сол арқылы үйретуге дейін даму тапқан. Үйрету де, оқыту да ежелгі дауірден бастап осы күнге дейін тәрбиелеумен тығыз байланысты.

Бұл өз кезегінде мынадай үштік - оқыту, үйрету, тәрбиелеу- бір үрдістің үш тарабы ретінде, жалпы тарихтың ішіндегі құрамды бөлігі, біртұтас құбылыс ауқымында қарастырылады. Осыған орай ілім «Педагогика» деп аталып оның даму тенденцияларын, тарихи дәуірдің әр кезеңіндегі жай-күйін зерттейтін ғылым саласын «Педагогиканың тарихы» - деп атау қабылданған.

Қоғамдағы барлық ғылым саласы секілді педагогиканың тарихы ең алдымен диалектиканың себеп пен салдар және олардың өзара әрекеттестігі; қайшылықтардың тұтастығы мен оның шешілуі; мәңгілік қозғалыс немесе даму үрдісі, оның прогрессе(үдеріс), регресстік(шегініс) сипаты; даму кезіндегі мазмұн мен пішімнің өзгеруі; санның сапаға өтуі; терістеуді терістеудің даму кезіндегі алатын орны; маңыз(суть, сущность) бен құбылыс арасындағы көпқырлы байланыс; мазмұн мен форманың сәйкестігі және оның мәні(значение); кездейсоқтық пен қажеттіліктің қоғам дамуындағы, адамның іс-әрекетіндегі т.б. маңызы; шындық пен мүмкіндіктердің қоғам және адам дамуындағы мәні олардың арасындағы байланыстар сияқты т.б. көптеген заңдылықтарына тәуелді. Сондықтан ғылыми зерттеулерде жұмыс барысындағы әдіснама мен әдістеріне мән беріледі. Өйткені бұл заңдылықтар табиғат, қоғам, адам санасының барлық тұстарында орын алады.

Педагогика тарихы- ежелгі дәуірден бастап осы күнге дейінгі әр түрлі тарихи дәуірде тәрбие, мектеп және педагогикның теориясының дамуын танып - біледі. Педагогикалық энциклопедия да «педагогиканың тарихы - әр түрлі тарихи кезеңдердегі тәрбиелің, оқыту мен білім берудің теориясы мен практикасының дамуын танып-білетін ғылым. Педагогиканың тарихы сонымен бірге педагогика және тарихи ғылым» делінген. Тарихи-педагогикалық таным мен ізденістер философияның «абсолютті шындыққа дереу қол жеткізу мүмкін емес, ол алдымен шындыққа жақын нәрселерден жинақталады» -деген тұжырымынан да тысқары емес.

Педагогиканың тарихы оқу пәні ретінде болашақ педагог мамандарды, кәсіби педагогтарды даярлау жүйесінде маңызды орын алады. Өйткені оқыту мен тәрбиелеудің териясы мен практикасының әр түрлі қоғамдық саяси- экономиклық шарттардағы тарихи даму жолын танып-білу, біріншіден, педагогикалық мұраларға дұрыс көзқарас қалыптастыруға септігін тигізсе, екіншіден, педагогиканың теориялық негіздерінің дамуын пайымдауға және меңгеруге; үшіншіден, күнделікті педагогикалық практикалық іс-әрекетінде тарихи тәжірибеден өткен тәлім-тәрбие жолдарын ескеруге; төртіншіден тарихи-педагогикалық зерттеулер жүргізуде көптеген проблемалар мен құбылыстардың келіп шығу тегін пайымдап қазіргі күн талаптарына сай пайдалануға мүмкіндік береді.

Диссертациялық зерттеулерге қойылатын басты талап таңдап алған тақырыптың өзектілігі(көкейкестілігі-актаульность). Бұл алынған тақырыптың ғылымда қаншалықты дәрежеде зерттелгеніне және оның педагогикның теориясы мен практикасына тигізетін пайдасына байланысты. Осыған орай ғалымдар, көкейкесті мәслелерді шешуге арнлаған және бұрын-соңды болмаған жаңалығы бар, оны зерттеуден келіп шыққан нәтиже педагогиканың кейбір мәселелеріне не болмаса осы ғылым саласына толығымен жаңа кзқарас қалыптастырып, қолданбалы мәселені шешуде жаңа бір ғылыми - зерттеу бағытын ашатын тболса онда ғкөкейкестілігі немесе өзекітілігі ең жоғары дәрежедегі тақырып деуге болатынын көрсеткен.

Бұдан басқа белгілі бір ғылым саласында кейбір тұстары шешімін таппай келе жатқан мәселені меңзесе, не болмаса ғылымда табылған шешімі әлсіз, оған арналған басылымдар да жеткілксіз болса ондай тақырыпты да көкейкесті деп санауға болады. Бұндай тақырыптарды зерттеу ғылымның осы саласына қатысты теориялық мәселелерді толықтырып, қолданбалы зерттеулерге жол ашады.

Кейбір тақырыптардың өзектілігі немесе көкейкестілігі төмен, мәселе теориялық жақтан зерттелген, бірақ кейбір тұстары шешемін таппаған, басылымдарда жариялануы жеткілікті көрініс тапқан болуы мүмкін. Бұндай жағдайда тақырыпты зерттеу теорияның кейбір тұстарын нақтылап, жекелеген адамдардың талабын қанағаттандырады.

Кез келген диссертацияның тақырыбында, оның басты шешімін табуға тиісті мәселесінің көрініп тұруы - оның көкейкестілігін байқатады. Тақырыпқа байланысты түпкі мақсат көрсетілген соң соған сәйкес оның нысаны мен пәні айқындалып осыған орай шешімін табуға тиісті мәселелер зерттеу жұмысының міндеттері ретінде анықталады, болжамы, жаңалығы және басқа да ғылыми аппараты белгіленеді.

Диссертациялық зерттеулерге қойылатын басты талаптардың бірі белгілі бір дәрежеде жаңалықтың болуы мен оның сол ғылым саласында алатын орны практикалық және теориялық мәнділігі ретінде көрсетіледі. Жаңалық дегенде белгілі бір нысанаға қатысты қойылған мәселенің, жалпы бұрын соңды ешкім айтпаған, жазбаған, елең еткізерлік шешімін тауып ұсыну деп түсінген жөн. Олар ғылыми жаңалықтардың сипаты нысанаға, қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты әр түрлі дәрежеде болатынын біз келтірдік. Бұл туралы ғылыми-теориялық және практикалық мәндегі шығармашылық үрдістерді зерттеген ғалымдар Я.А.Панамарев, В.И. Андреев, Г.С.Альтшуллер, Д.Б.Богоявленская, А.В.Бушлинский, А.М.Коршунов, А.Б.Мигдал, П.К.Энгельмейер т.б. өз еңбектерінде көрсеткен. Ғалымдар, қай тұрғыдағы зерттеулерді жаңалық деп санауға болатынын көрсетуге ұмтылған. Олар мынадай болуы тиіс:



  1. Бұрын зерттелген нысананың, толық ашылмай қалған тұсын көрсетіп, оны мәселе ретінде қойып, шешудің жаңа әдістері, тәсілдері, жолдары, құралдары т.б. бірқатар нұсқаларын тауып ұсыну және табылған шешімді ғылыми тұрғыда дәлелдеп көрсету;

  2. Қойылған мақсатқа сай белгілі бір дәрежеде тиімді нәтже алу үшін нысананың кейбір тұстарын ғана өзгерту. Бұндай жағдайда оның(өзгертудің) көптеген нұсқаларын (варианттарын) қарастыра келіп ең тиімді деген бір немесе бірнеше жолдарын анықтап ұсынуға болады. Осы нысананы өзгертудің өзін жаңалық деп көрсетуге де оны ғылыми-теораляқ дәлледеу аса маңызды. Алйда оны шешу барысында қолданған әдістер, тәсілдер, құралдар т.б. бұрыннан белгілі болуы да мүмкін;

  3. Қойылған мәселенің шешімін, көптеген жаңсақ шешімдердің арасынан іздеп тауып, айқындау арқылы нысананы айта қаларлықтай жіті (серьезно) өзгертуді ұсыну. Бұндай жағдайда оны шешу әдістері мен тәсілдерін т.б. басқа ғылым салаларынан іздестіріп тауып, осы нысанаға сәйкестендіруге болады. Бұнда алынған нысананың жаңа сипатын және оны жаңғыртуға қолданған құралдар, әдістер, тәсілдер, технологиясын т.б. жаңалық ретінде ұсынуға болады;

  4. Қойылған мәселені шешу барысында нысана толық өзгертіліп жаңа түрде, нұсқада, сипатта ұсынылады. Мұнда оны жаңартудың немесе жаңа нұсқасын ұсынудың шешімдері техника, жеңіл өнеркәсіп, химия, математика, физика, басқа да ізгілікті(гуманитарлы) ғылымдар т.б. іздестіріледі.

  5. Нысананы құрайтын бүкіл жүйені түгелдей, толығымен өзгертуге байланысты мәселе қойылған жағдайда, оның шешімдерін іздестіру барысында көптеген қателіктер, кемшіліктер, жаңсақтықтардың болуы заңды құбылыс деп қабылдаған жөн. Бұндай күрделі мәселені шешудің құралдары мен тәсілдері, әдістері дәл сол сәтте, уақытта, дәуірде табыла қолюы да екіталай болған жағдайда, оның жекелеген тұстарына қатысты нағыз жаңалық ашу қажеттігі туындайды. Сондықтан күрделі мәселелерді бөлшектеп жеңілдету, кейбір тараптарын ғана қарастыру секілді т.б. жүзеге асырылады.

Ғылыми зерттеулерге классикалық тұрғыда жуықтайтын(подход) болсақ кейбір жаңалықтар дәл сол уақытта ғалымдар тарапынан, кейде тіпті көпшілік тарапынан дереу танылмай, қателік ретінде қарастырылыуы да қоғамда орын алады. Бұл да сол диалектиканың заңдылықтарының бірі екенін ескерсек, зерттеулерде, егер белігілі бір дәрежеде ашылған жаңалық ғылыми тұрғыда дәлелденсе оны дұрыс таный білген жөн. Қалай болған күнде де тақырыпты анықтаған кезде онда зерттелетін басты мәселе(проблема) көрініп тұруы керек. Бұл зерттеу жұмысының нысаны мен пәнін т.б. дұрыс анықтауға шарт түзеді.

Тарихи-педагогиклық зерттеулерге тоқталамыз. Барлық басқа салалардағы зерттеулер сияқты бұл да көрсетілген диалдектиканың заңдылықтарына тәуелді. Бұл ретте тарихи-педагогиклық зерттеулердің жаңалықтары қандай болуы мүмкін- деген сауал туындайды. Осыған орай қарастыратын болсақ жаңалық зерттеу нысанына байланысты, ал ол тарихи-педагогикалық зерттеулерде саналуан. Солардың кейбірлеріне тоқталайық.

Диссертацияның тақырыбы Қазақстанда білім берудің даму тарихына байланысты болса мұны жалпы тарихты зерттеушілер, философ, әлеуметтанушы, саясаттанушылар да зерттеген. Сонымен бірге тарихи-педагогиклық тұрғыда Қ.Бержанов, Ә.Сембаев, И.Б.Мадин, К.Қ.Құнантаева, Г.А.Уманов т.б. зертеген. Педагогиканың басқа салаларына байланысты, мысалы, мектепке дейінгі мекемелер мен педагогиканың дамуы: бастауыш білім және педагогикасының дамуы; Қазақстанда жалпы орта білім беретін мектептердің дамуы; Қазақстанда орта кәсіптік мектептердің дамуы; Қазақстанда коллдждер мен лицейлердің дамуы деп қарастырған еңбектер де баршылық.

Қазақстанда жоғары мектептің дамуы; оның өзі педагог кадрлар даярлаудың даму тарихы, инженер, экономика, техникалық және басқа да кадрлар даярлаудың дамуы секілді т.б. бөлінеді. Бұдан басқа педагогика ғылымының дамуы; педагогика теориясының дамуы, оқушыларға адамгершілік тәрбие беру теориясының дамуы - деген секілді тәрбие мен оқытудың жекелеген құрамдас бөліктерінің дамуы мен қалыптасуына қатысты еңбектерді кездестіреміз.

Белгілі уақыт аралығындағы қоғамның даму кезеңіне байланысты не бүкіл бір дәуірге қатысты тарихи - педагогикалық ғылыми зерттеулер бар. Мысалы, Х-ХІҮғғ. Қазақстандағы тәлімдік ой-пікірлердің дамуы, ХІХ ғ. екінші жартысында ағартушылардың мұрасындағы рухани-адамгершілік идеялардың дамуы, Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ойлардың дамуы, ақын-жыраулар мұрасындағы жас ерекшеліктеріне қатысты педагогикалық ойлар; қазақ ойшылдарының мұрасындағы ұстаз тәрбиесіне қатысты ойлар, Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұралары, инновациялық бастауыш мектептің дамуы, Шығыс Қазақстан аймағындағы білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы т.б. бағыттағы еңбектерді айтуға болады.

Бұлардан басқа жекелеген белгілі тұлғалардың өмірі, педагогикалық қызметімен тәлім-тәрбиелік көзқарастарына қатысты еңбектерді де тарихи - педагогикалық зерттеулер аясынан көреміз.

Атап айтсақ, Ыбрай Алтынсаринның өмірі, қызметі және педагогиклық көзқарасы; М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі мен тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері; Абай Құнанбаев мұраларын оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің тарихы; М.Әуезов еңбектеріндегі педагогикалық ойлар т.б. арналған диссертациялық жұмыстар бар. Бұндай диссертациялық жұмыстар да тарихи-педагогиклық зерттеулерге жатады. Бірақ олардың өзіне тән ерекшелігі алынған тақырыптың алдына қойыған мәслесі, көкейкестілігіне сай өзгешеленеді. Біз бұл жерде жалпы мәселені ғана қозғап отырмыз.

Осы тағы басқа да тарихи – педагогикалық мәндегі зерттеулердің басты мақсаты өткен дәуірдегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді зерттеп, соның ішіндегі қазіргі өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қажетті тұстарын іріктеп алып іс жүзінде қолдану, сол арқылы педагогика ғылымының теориясы мен практикасын байыту, толықтыру, керек десеңіз жаңғырту деуге де болады. Жалпы алғанда зерттеу үшін таңдап алған нысананың өткені, бүгіні мен болашағын тарихи - педагогикалық тұрғыда көрсету осындай зарттудің міндеті саналады.



Қалай болған күнде де аталмыш сипаттағы ғылыми- зерттеулер тарихи –педагогикалық тақырыпта болуы себепті өткен дәуірдің белгілі бір кезеңіне соқпай өтпейтіні анық. Өйткені қоғамның дамуы біртұтас сипатта болғаны себепті ондағы болып жатқан өзгерістер, саси-әлеуметтік, экономикалық т.б. ахуалдар жеке адамға да, ондағы сол қоғамға қызмет етіп жатқан мекмелереге де ықпалын тигізбей қоймайды. Осы және басқа да жоғарыда келтірген пікірлерді ескере келе жалпы педагогиканың тарихына қатысы бар еңбектерге қойылатын талаптарды былайшы көрсетуге болады:

  1. Қарастырып отырған нысананың (объектінің) - ол белгілі бір тарихи кезең бе, жоқ әлде жекелеген оқу-тәрбие институтына байланысты ма, жекелеген тұлғаның өмірі мен қызметі педагогикалық көзқарасына қатысты ма, қазіргі кездегі жай-күйі мен оның өткен тарихи кезеңмен байланысы және болашағын, мысалы оқыту мен тәрбиелеуге тигізетін пайдасын, пайымдап көрсету зерттеу жұмысының мәнділігін дәріптейді;

  2. Объектінің даму тенденцияларын айқындау; бұл алдыңғы көрсетілген пунктпен байланысты. Өйткені соған сүйене отырып болашақта қай сипатта дамуы мүмкін және оқу-тәрбие үрдісіне қай тұрғыда ықпал етіп, оның дамуы мен қлапытсуына қалайша септігін тигізбек; кейде тіпті жекелеген адамға әсері қандай болмақ деген секілді мәселелерді де қамту жұмыстың құндылығын ашып көрсетуге әсер етеді;

  3. Кезкелген тарихи-педагогикалық зерттеу жұмысы белгілі бір кезеңді қамтиды. Сондықтан объектінің даму тенденцияларын көрсетуде хронологиялық реттілікті сақтау маңызды. Ол жай ғана жылдарды ретімен көрсетіп қою емес, соның ішінде объектінің жал-ма жыл қай тұрғыда өзгеріп дамығанын не кері кеткенін, оның себептір және салдарымен қоса педагогикалық сипаттап көрсету зерттеу жұмысының жаңалықтарының дәлелділігін арттырады.

  4. Тарихи – педагогикалық зерттеуде объектінің белгілі бір кезеңдегі жай-жапсарын талдап көрсетуде оны дәуірдің сол кезеңіндегі әлеуметтік, саяси, экономикалық ахуалмен тығыз байныста қарастыра келіп олардың өзара ықпалдастығын ашып көрсету оның ғылыми негізін нығайта түседі. Мұнда әрине басқа ғылым салаларына қайрылуға тура келеді. Мысалы, тарих, философия, экономика, әлеуметтану, саясаттану, мәдениет, әдебиет, өнер, психология т.б.

  5. Зерттеуге алынып отырған нысана (объект) ең әуелі, бастапқы кезде қандай күйде еді, қазір қандай күйде оның қалай өзгертуге болады – деген саулға жауаптар іздеп табу, алынған нысананың ахуалын нақты, анық көрсетуге және жалпы ғылыми- зерттеу жұмысының теориялық мәнділігін дәлелдеуде маңызды. Бұл нысананың нағыз даму үрдісін сипаттауға, талдауға байланысты болуы себепті, жұмыстың тараулары мен пәрелері (параграфтары), бөлімдері арасындағы логикалы байланысты көрсетуге септігін тигізеді.

  6. Әр бір ашылған жаңалық, немесе жаңа педагогикалық пікірлер мен ой тұжырымдар айғақтар, дәлелдер, деректер, құжаттар, жазбалар тағы басқа нақты материалдармен дәл, анық көрсетіліп, педагогикалық тұрғыда сипатталып, қажеттілігі дерек көздерімен дәріптелуі тиіс. Бұл жұмыстың тарихилығының көрсеткіші болмақ.

Кезкелген зерттеу жұмысының мәні- сол салада, бұл жерде педагогика саласына қатысты жаңалық ашу арқылы оны байыту, ондағы туындап отырған мәселелерді шешуге ықпал ету, осы ғылымның өз ішіндегі белгілі бір саласына қатысты теориялық және практикалық мәслелерді шешу жолдарын көрсету.

Отанадық педагогика ғылымының мазмұнын байыту, оның теориясы мен практикасына үлес қосуды көздейді. Бұл ретте бірқатар жұмыстар жүеге асып та жатқаны белгілі. Алайда педагогика секілді аса күрделі де, терең, әрі жан-жақты ғылым саласы әлі де болса көптеген іргелі зерттеулерді қажетсінеді. Алдымызда 12 жылдық мектеп мәселесі бой көтеруде. Осының өзі-ақ педагогика тарихына қайрылып, ондағы озық тәжірибелерді қайта жаңғыртып қазіргі заман талаптарына сай азаматтарды оқытып тәрбиелеуде ұтымды қолдану міндетін қойып отыр.


Әдебиеттер:

  1. Таубаева Ш.Т. Введение в методологию и методику педагогического исследования. – “Тұран”, Түркістан: 2007. – 190с.

  2. Глазунов А.Т. Педагогические исследования: содержание, организация, обработка результатов: М., 2003. – 41с.

  3. Журавлева В.И. Введение в научное исследование по педагогике: М.: Просвещение, 1988. – 239с.

  4. Коджаспирова Г.М. Словарь по педагогике.





жүктеу 432 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау