Табиғат пен қоршаған Іргелі ғылыми
әлемнің дүние жүзілік жетістіктеріне сүйене
мәселелерін қарастырады. отырып, өмір - тіршіліктегі
Әлем мен жаратылыс міндеттерді қарастырады.
құрылымының жалпы
және ортақ заңдылықтары
сипатталады.
Зерттеу бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады:
Алғашқы кезең – зерттеу мәселесімен танысу, өзектілігін, зерттеу деңгейін анықтау. Мақсат, міндет, объекті, пәні анықталады.
Екінші кезең - әдіснама, таңдау кезеңі. Алдыңғы тұжырымдамалар, теориялық ілімдер, таным әдістері, тәжірибенің болжамдық нәтижесі.
Қолданылатын әдістер: жүйелілік, кешендік, тұтастық, жекелік, іс-әрекеттілік.
Үшінші кезең - болжам жасау. Зерттеудің болжамы болашақта теориялық, тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеуді қажет етіп, ғылыми тұрғыдан негізделген болжам жасаушылық.
Төртінші кезең – зерттеу әдістерін таңдаумен сипатталады.
Бесінші кезең – тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу.
Алтыншы кезең – зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау, безендірумен ерекшеленеді.
Жетінші кезең – практикалық ұсыныстар жасау.
Мысалы диссертациялық ғылыми зерттеуді қарастыратын болсақ, диссертациялық зерттеудің қамтитын мәселелері мыналар:
Зерттудің көкейкестілігі
Зерттеудің мақсаты
Зерттеу нысаны
Зерттеу пәні
Зерттеудің ғылыми болжамы
Зерттеудің міндеттері
Зерттеу көздері
Зерттеу әдістері
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы
Зертеудің практикалық мәні
Қорғауға ұсынылатын қағидалар
Алынған нәтижелердің шынайылығы
Диссертациялық жұмыстың құрылымы
Қорытынды
1. Зерттеудің көкейкестілігі.
Жұмыстың көкейкестілігін анықтауда қорғалып отырған тақырыптың қазіргі таңдағы зерттелу деңгейіне баға беріліп, аталмыш тақырыптың зерттелу қажеттілігі негізделеді. Жұмыстың көкейкестілігі әлемдік және отандық ғылымның дамуындағы қажеттілікті ескере отырып, қазіргі заманғы жетістіктер тұрғысынан бағаланады.
2. Зерттеудің мақсаты. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Зерттеу мақсаты жұмыстың кезеңдік және қорытынды нәтижелеріне бағытталады. Зерттеудің тақырыбы мен мақсатын негіздеу жұмыстың бірінші кезеңінің нәтижесі болып табылады. Жұмыстың тақырыбы мен мақсатын анықтау құрамдас екі элементтен тұрады: зерттеу нысаны мен күтілетін нәтижелері. Мақсаттың үшінші элементі – ол нәтижеге жету жолы. Шын мәнінде зерттеу мақсатынан жалпы зерттеуде көзделетін ой – тұжырымдар анықталады. Сондықтан, жұмыстың мақсаты қысқа да нұсқа, мәнді әрі нақты болу шарт. Дұрыс қойылған мақсат зерттеу тақырыбының түбегейлі анықталуына ықпал етеді.
Зерттеу мақсатының төмендегідей бірнеше қызметі бар:
2.1. Танымдық қызметі – зерттеу мәселелері бойынша теориялық шолу жасау және тұжырымдау; ғылыми зерттеудің тиімді жолдарын іздестіру; зерттеу пәнін негіздеу; зерттеу мақсатын анықтау; зерттеліп отырған тақырыпқа сәйкес зерттеудің теориялық және тәжірибелік бөлімдерінің бағыты мен көлемін анықтау; зерттеу тақырыбына байланысты зерттеу құбылыстарын топтасыру, теориялық пайымдаулар мен болжамдар жасау; зерттеу нысаны мен зерттеу пәнінің нұсқаларын жасау; жалпы тұжырымдар мен қорытындылар және күтілетін нәтижелерді анықтау.
2.2. Бағалаушылық қызметі – зерттеу мәселелері бойынша толық және дұрыс шолу жасау, зерттеу міндеттерінің қажеттілігі мен жеткіліктілігін анықтау; теориялық зерттеулердің қажеттілі мен жеткіліктілігін анықтау; зерттеу бағдарламасының қисынды әрі кең көлемді болуын қамтамасыз ету; зерттеу әдістемесінің дұрыстығын дәлелдеу; теориялық және тәжірибелеік негіздемелердің күтілетін қорытынды нәтижелерге сай болуын анқтау; жасалған модельдердің дұрыс әрі қарапайым болуын қамтамасыз ету; зерттеу нысанының мазмұнын анықтау және топтастыру; зерттеу жұмысының нәтижелерін пайдалануға болатын салаларды анықтаудың алғышарттарын жасау.
2.3. Зерттеу мақсатын дұрыс қоя білу үшін төмендегі мәселелерді анықтау керек:
зерттелетін мәселе мәні және оның қандай негізгі қарама-қайшылықтары бар; болашақта жүргізілетін тәжірибелік және теориялық сипаттағы ғылыми зерттеу арқылы шешуге болатын мәселелер;
зерттелетін нысанның құрылымы мен қызмет көрсету заңдылықтарын түсіндіру үшін қолдануға болатын теориялық білім;
зерттеуді теориялық және тәжірибелік негіздеудің басты жолдары мен көлемі;
зерттеу нысанының теориялық және тәжірибелік негіздемесін жасауға қажетті педагогикада кездесетін әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдыр.
3. Зерттеу нысаны – зерттеу аясын анықтауға мүмкіндік беретін тұжырымдар мен байланыстар жиынтығы. Нысанды анықтағанда педагогикалық концепцияларды талдап, оның заман талабына сай, даму жолдарын есте сақтау қажет.
Ізденуші міндетті түрде мыналарды еске сақтауы керек:
зерттеудің нақтылы нысаны – маңызды, әрі мазмұнды ғылыми акция. Ол зерттеушіге біртұтас, кең мағынада зерттеу пәнінің орны мен беретін білімін анықтауға жол ашады;
нысан шексіз кең аталмауы керек, ол объективті шындықтың шеберінен шықпауы керек;
нысан зерттеудің басқа құрамды бөліктерімен тікелей байланысты сипаттайтын маңызды элемент болуы керек;
нысан белгілі білімдер жүйесі арқылы берілген педагогикалық шындықты сипаттауы қажет.
4.Зерттеу пәні – зерттеу жұмысының бағыты болып табылатын белгілі бір маңызды құбылыстар, оқиғалар, фактілер және әрекеттердің жиынтығы.
Зерттеу жқмысының нысаны мен пәні ғылыми процесс категориялары ретінде бір-бірімен жалпылай және жекеше байланысты болады. Зерттеу пәніне белгілі бір ғылыми қырынан қарастырылатын зерттеу аясына жататын мағлұматтар кіреді:
а) терең арнайы зерттеуді қажет ететін құрылымдар мен қарым-қатынастың нәтижесі, ізденістің шекарасы мен бағыттары, оларды сәйкес әдістер мен тәсілдер арқылы шешудің мүмкіндіктері мен маңызды міндеттері;
б) қойылған мәселелерде көрсетілген маңызды болжамдар, оларды бір жүйеден уақытша алу және қосу мүмкіндіктері;
в) ерекшеленген жеке мәселені көруге мүмкіндік беретін айқындау нүктесі, мәселенің ішкі мәндік байланысы, яғни, нысанды зерттеулің белгілі бір қыры.
Ізденуші міндетті түрде мыналарды сақтауы керек:
зерттеу пәні нысан немесе нысанның тек бір бөлігі ғана емес, нысанды анықтауға болатын немесе оған кіретін “есік” іспеттес болуы керек. Нысан мен пәннің айқындалған тәуелділігі мен байланысы неғұрлым жоғары болған сайын, зерттеудің теориялық деңгейі, әдіснамалық нақтылығы мен тұтастығы айқындала түседі;
зерттеу пәнін таңдалған ғылыми концепцияға орай нақтылы талдаулар жасауға және көздеген мақсат-міндеттерді жүйелі жеткізе беруге мүмкіндік беретіндей етіп, ғылыми шындыққа негіздей отырып зерттеушінің өзі құрайды.
пәннің құрамына нысанның даму тарихы және ол туралы білімдер, оның маңызды қасиеттері, сапасы мен даму заңдылықтары, пәнді тұжырымдау үшін қажетті логикалық аппарат пен әдістер кіреді;
зерттеу пәні нысанға қарағанда тар ұғым. Ол нысанның бір элементі, бөлігі, қыры болып табылады. “Нысан” және “пән” түсініктері салыстырмалы түсініктер. “Зерттеу пәні” ұғымы “зерттеу нысанына” қарағанда нақтырақ;
зерттеу пәнін анықтай отырып, зерттеуші соңғы нәтижеге жету мүмкіндіктерін алдын-ала болжай алады;
нысан мен пәннің ара қатынасын қысқаша былай сиапттауға болады: нысан – объективті, ал пән – субъективті;
пән – зерттеу нысанының моделі;
зерттеу нысаны мен пәнін анықтау зерттеушінің алынған тақырыптың маңызын түсіну дәредесін және зерттеу барысындағы бағытын көрсетеді.
5. Зерттеудің ғылыми болжамы – зерттеу мәселелерінің маңыздылығы мен қажеттілігін, жаңалығын, практикалық маңызын, зерттеу жүргізудің көкейкестілігін, алынған нәтижелердің шынайылығын анықтайды.
Ғылыми болжам педагогикалық зертеу барысында белгілі бір алынған тәжірибеге сүйене отырып, алдын ала пайымдаулар жасау үшін қажет.
Педагогикалық зерттеулердің болжамын дұрыс құра алу үшін төмендегідей мәселелерді білу керек:
педагогикалық зерттеулер боолжамының мәні, түрлері және құрылымы;
педагогикалық зерттеулер болжамына қойылатын әдіснамалық талаптар;
зерттеу болжамдарын анықтау кезеңдері;
зерттеу болжамын анықтау бойынша тәжірибелік нұсқаулар мен болжам құруда кететін қателіктер;
педагогика саласындағы зерттеу болжамын айқындаудың үлгілері;
болжам мәселелрі бойынша ғалымдардың көзқарастары.
Педагогикалық зертеулердің 3 түрі бар:
а) сипаттамалы болжам (себептер мен олардың салдары сипатталады);
ә) түсіндірмелі болжам (себептер мен олардың салдары түсіндіріледі);
б) прогностикалық болжам ( ойлау экспериментінің негізінде әлеуметтік шындықты бейнелейтін алыс болашақты болжайды).
6. Зерттеудің міндеттері
Зерттеуді жүйелі отырып зерттеуші мақсатқа жетудің жолын көрсететін бірқатар жекелеген міндеттерді анықтайды. Әдіснамалық талаптарға сәйкес мұндай міндеттер саны 5-6 дан аспауы керек. Олар зерттеу мақсатына жету үшін қажет шешімдердің өзара байланысқан жиынтығы болуы керек. Зерттеу міндеттерін іздену жолының бағытын нақтылауға мүмкіндік беретіндей етіп түзу керек. Жалпы зерттеудің мақсатын жекелеген міндеттерді рет-ретімен шешуді көздей отырып құрастыру керек.
Дидактикада әр түрлі сипаттағы зерттеу жұмыстарының жіктемелік белгілерінің құрамы келесі терминдер арқылы айқындалады: талдау ендіру; айқындау; болжам; қосымша; зерттеу; қолдану; нақтылау; қорытындылау; негіздеу; талқылау; сипаттау; анықтама; теріске шығару; бағалау; дайындау; дәлелдеу; мәселені қою; құрастыру; жүйеге келтіру; жетілдіру; нақтылау.
7.Зерттеу көздері.
Зерттеу көздеріне зерттеу нысанын таңдау үшін қажет құжаттар, айғақтар, заттар, пайдаланылған әдебиеттер, т.б. кіреді.
8. Зерттеу әдістері
Зерттеу әдістері объективті шындықтың жалпы және жекелеген заңдылықтарына сүйене отырып мақсатқа жету жолдарын, зерттеудің теориялық және практикалық амал-тәсілдерін анықтайды.
Әдіс жалпы ғылыми танымдық ұстанымдардан келіп шығады және жұмыс тәсілдерінің бірлігі арқылы жүзеге асырылады.
Тәсіл – берілген мәселемен шұғылданатын зерттеушінің нақты іс-әрекеті, танымның тәжірибелік кезеңдерінде қандай да бір мақсатқа жету түрі.
9. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы.
Зерттелмеген материалдарды, анықталмаған құбылыстар мен заңдылықтарды зерттеу, бұрыннан бар ғылыми нәтижелерді қорытындылап, оларға жаңаша ғылыми тұрғыдан қарап, жаңа қырынан тану – зерттеудің ғылыми жаңалығы болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңалыы болып автордың алғаш алған және ғылыми негіздеген теориялық немесе практикалық нәтижелері есептелінеді.
Зерттеудің теориялық құндылығы ғылыми зерттеу нәтижелерінің болашақта педагогика ғылымын дамытуға қолданылу мүмкіндіктерімен анықталады.
10. Зерттеудің практикалық мәнділігі.
Зерттеудің практикалық мәнділігі автордың қол жеткізген зерттеу нәтижелерінің іс жүзінде пайдаланылуында. Ол автордың алған зерттеу нәтижелерін практика мен оқу үрдісіне ендірумен анықталады.
Қазақстанда ғылымдаы ұйымдастыру алғашқыда әртүрлі ғылыми – зерттеу мекемелереінде шашыраңқы күйде жүргізілді. 1945 жылы Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін, ғылыми-зерттеу институттарының бірыңғай тұтас жүйесі қалыптасты. ҒА құрылғаннан бергі жарты ғасырдан астам уақытта онда үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді; өндіріске құнды жаңалықтар енгізілді; ұйымдастыру құрылымы қалыптасты.
Қазақстан Республикасы президенті Н. Назарбаевтың 1993 ж. 21 қаңтардағы жарлығымен республика ҒА Қазақстан Ұлттық ҒА болып қайта құрылды. Ғылымның соңғы он жылда даму ерекшелігі қалыптасқан экономикалық құрылыммен байланысты болды. Тәуелсіз мемлекеттік сараптаудан конкурстық негізде өткен қолданбалы және іргелі зерттеулер бағдарламалары мақсатты түрде қарыландылып келеді. ҚР –дағы ғылымды басқару мен ұйымдастырудағы бұл жаңа бастамалар ғылымдарды басқару мен ұйымдастыруға қойылатын халықаралық стандарт талаптарына үндеседі. Ғалымдардың бірлесе жұмыс істеуі қарқын алды. Бейресми ғылыми бірлестіктер, ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар дами бастады.
Өзін-өі бақылауға арналған сұрақтар.
1. Ғылым дамуының негізгі бағыттарын ата?
2. Ғылыми – педагогикалық зерттеулердің құрылымы не?
3. Зерттеу мақсатының неше қызметі ба, оларды ата?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Герасимов И.Г. Научное исследование, М, 1972
Кочетов А.И. Педагогическое исследование. Рязань, 1975
Кояетов А.И. Культура педагогического исследования, Минск 1996
Алиев У.Ж. Общая дисциплинария теория науки. А., 1996
Кусаинов А.К., Таубаева Ш.Т. Методика подготовки магистерской диссертации. А., 2006
Больщая Советская энциклопедия. М., Сов. Энциклопедия. 1977, том-1
Қоянбаева Ж.Б. Педагогика. А., 2002
Абиев Ж., Бабаев С. Педагогика. А., 2004
6‑Дәріс Педагогикалық зерттеудің тақырыпты таңдаудың алгоритмі.
Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің таңдаудың алгоритмін қарастыру.
Жоспар:
Тақырыпты таңдау.
Зерттеушінің зерттеп жатқан тақырыбына байланысты жұмыстары.
Тұтас алғанда, ғылым сияқты ғылыми танымның бұл саласы екі қырынан көрінеді: білім жүйесі ретінде және ғылыми‑зерттеу әрекеті жүйесі ретінде. Әрекеттің екі түрі бар – әдіснамалық зерттеулер және зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз ету алынып отыр. Алғашқыларының міндеті – педагогика ғылымының практикамен байланысы түрінде даму заңдылықтары мен тенденциялары, педагогикалық зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыру, олардың ұғымдық құрамы мен әдістерін талдау. Зертеуді әдіснамалық қамтмасыз ету‑ әдіснамалық білімдерді зерттеу бағдарламасын неіздеу мен оның сапасы бағлауға қолдану.
Мұғалім мен ғалым әдіснамалық білімдерді әр түрлі қолданады. Егер мұғалім шын мәніндегі зерттеу жұмысымен айналысқысы келсе, жоғарыда әңгімеленген әдіснамалық мәдениет жеткіліксіз. Ғылыми жұмыспен оқыту және тәрбие практикасы – осы кітаптың екі тарауында айтылғандай, әрекеттің әр түрлеріне жатады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Тақырыпты таңдаудың агоритмі дегенімі не?
Тақырыпты қалай таңдаймыз?
Зеттеуші қандай жұмыстар жүргізу қажет.
Қолданылған әдебиеттер.
Тотанова А.С. Методика научно-педагогического исследования. Учебно-методическое пособие для специалльности 050102-педагогика и методика начального обучения, 050103 – педагогика и психология. Алматы, 2006.
Зогвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования. Учебное пособие дя студентов высшего пед. учеб. заведений. М.: Изд. Центр. «Академия», 2001.
Полонский В.М. Типология и уровни исслледовательской и пробематики // Педагогика – 1997.
Валиев Г.Х. Объект, предмет и тема научного исследования // Педагогика.-2002.
Таубаева Ш. Исследоватеьская культура учителя: от теории к практике. Монография. Аматы: Науч.изд.центр. «Ғылым», 2001.
7‑Дәріс. Педагогикалық зерттеудің пәні және нысаны.
Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің пәні және нысанын қарастыру.
Жоспар:
Педагогикалық зертеудің нысаны.
Педагогикалық зерттеудің пәні
Педагогиканың пәні мен нысаны.
№
|
Ғылым атауы, анықтамасы
|
Сипаттамасы
|
Нысаны
|
Пәні
|
1.
|
Педагогика – өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу жайлы ғылым.
Педагогика ‑ өзін‑өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу және адамды дамытуға бағытталған оқыту, білім беру және тәрбиелеудің өзара байланыс процесінде пайда болған тәрбиелеу қатынасының ғылымы.
|
Қоғамның мақсаты бағдарланған іс‑әрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз.
|
Пәннің ғылыми анықтамасы теориялық лауазымына байланысты. Егер тәлім‑тәлімдену үдірісі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зертеуімен философия әлеуметтану, жантану, экономика және де басқа ғылымдармен шұғылданады.
|
2
|
Педагогика – рухани бай, шығармашылық жағынан белсенді және өмірге толығымен қанағаттанған, қоғам мен табиғат арасында тепе‑теңдікті табу жайлы ғылым.
|
Бала ғылыми танымның объектісі ретінде бірлікте және біртұтас. Оны зерттейтін ғылым кешенді танымға ұмтылады,әр зерттеу пәні ерекше орын алады.
|
Арнайы әлеуметтік мекемелерде отбасы, тәлім ұсыну және мәдени тәрбие орындарында – мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық үдеріс ретінде көрінетін жүйеленген ілім саласы.
|
3
|
Педагогиканың басты міндеті адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми тәлімдерді жинақтау және жүйелестіру.
|
Адам оның ойын, оқу, еңбек және қоғамдық іс‑әрекеттері. Ақиқаттың нақты сол ғылым зертеуге алатын саласы.
|
Индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық үрдіс.
|
Зерттеушінің рефлексияның мазмұнындағы ғылыми жұмысқа қатысты бөлікте педагогикалық зерттеудің сапасын бағалауға мүмкіндік жасайтын он бір сипатамасын бөліп қарауға болады: мәселе, тақырып, көкейтестілігі, зерттеу нысаны, оның пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы және қорғауға ұсынылатын қағидалары, жаңалағы, ғылым үшін маңызы, тәжірибе үшін маңызы.
Мәселені қою – дегеніміз бұрын оқып үйренілмегеннің ішінен нені зерделеу керек деген сұраққа жауап беру деген сөз. Ғылыми мәселені практикалық міндеттен ажырату керек (бұл туралы осы кітаптың 1.1 бөлімінде айтылған). Мәселеде ғылыми білімдегі ақаулар көрініс табады. Бұны, білмейтініміз туралы.
Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, біз мынадай сұраққа жауап береміз. Тақырыпта ескі білімнен жаңа білімге қарай қозғалыс көрініс табады, яғни бір жағынан, тақырып қандай кең ұғымдармен және мәселелермен сәйкестендіріледі, ал басқа жағынан – қандай жаңа танымдық және практикалық материалды меңгеру жоспарланған еді. Зерттеудің көкейтестілігін негіздеу, яғни – бұл мәселені осы кезде неге зерделеу керек екендігін түсіндіру. Практикалық және ғылыми көкейтестілікті ажырату керек. Зерттеуді бұлар сәйкестенгенде ғана бастаудың мәні болады. Мәселе ғылымда шешілген, бірақ белгілі бір себептермен ғылымда алынған білімдер практикаға жетпей қалуы ықтимал. Бұл бар ғылыми еңбектерге тағы ұқсас біреуін жазудың қажеті жоқ. Зерттелген мәселеге қайта күшті жұмылдырудың орнына мәселенің ғылыми шешімін практикалық қолдануға жеткізу дұрыс болып табылады.
Зерттеу объектісін (нысанын) анықтау дегеніміз – зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау.
Дегенмен, объект туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан зерттеудің пәнін анықтау қажет, яғни нысанның қалай қарастырылып жатқанын, ондағы қандай қатынастардың болатынын, оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтерді ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.
Пән – объектіден кесіп алынған бөлік емес, ол объектіні қарастырудың тәсілі немесе аспектісі.., мысалы, «оқулық...», «ғылыми негіздеме...», «тұлғалық тәжірибе қосу...» және т.б. Пәнді бөліп, біз объектіні тұтас, барлығын, белгілі бір көзқараспен қарастырамыз: зерттеу пәні – зерттеу объектісі шеңберінде белгілі бір қырынан қаралатын бөлік.
Объектіні барлығы иемденеді, ал пән зерттеушінің жеке иелігінде, оның объектіні өзіндік көре білу. Ол мақсатты түрде зерттеу пәнін қарастырады, объектінің жаңа білім алуға қажетті бөлігін бөліп қарастырады. Зерртеушінің, оның балаларының, немерелері мен шөберелерінің бүкіл өмірі, мысалы мектеп оқулығы туралы жаңа білім алуға жетпеген болар еді, өйткені оқулық туралы толық жаңа білім, яғни оқулықтың мүмкін болатын қызметтері, оның әдістемелік, дидактикалық, тәрбиелік, эстетикалық, психологиялық, полиграфиялық, экономикалық, гигиеналық және т.б. барлық қырларынан қарастырылуы мүмкін емес. Бұл жұмыстың нәтижелерін аяқталған күйінде көрсетуге үлкен ғылыми ұжым да үлгермейді, себебі ол жұмыс «шектелмейді», яғни шексіз. Пәнді анықтай отырып, біз соңғы нәтижеге (осы кезеңдегі) келуге мүмкіндік аламыз.
Сондықтан шын мәнінде жүргізілген зерттеулердің объектісінде «мектеп оқулығы» зерттеу пәні ретінде бөлініп алып көрсетілген.
Осындай жұмыстың бірінде мектеп оқулығы оқушылар білімін жүйелеу құралы, басқа жұмыста ол кіші жастағы мектеп оқушыларының ақыл‑ойының даму құралы есебінде қарастырылады. Сонымен, кез келген оқулық туралы барлық білімдер пәннің айналасына топтастырылады, обектіні пәнде көрсетілген қырынан ғана қарастырады. Зерттеу пәнін жазып көрсету – объектінің ғылымдағы бар сипаттамасы мен міндеттерді есепке алудың нәтижесі ретінде бөліп көрсетті. Өз адына мақсат қоя отырып, ғалым зерттеу барысында қандай нәтиже алу кректігін анықтайды, ал міндеттер мақсатқа жету үшін не жасау үшін не жасау керектігі туралы түсінік береді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Педагогикалық зеттеудің пәні дегеніміз не?
Педагогикалық зерттеудің нысаны дегенді қалай түсінісің?
Қолданылған әдебиеттер:
Клименюк А.В., Калита А.А., Бережная Э.Л. Методология и методика педагогического исседования. Постановки цели и задач исследования. Учеб. пособие. Киев, 1988.
Таубаева Ш. Исследоватеьская культура учителя: от теории к практике. Монография. Аматы: Науч.изд.центр. «Ғылым», 2001.
8‑лекция. Педагогикалық зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің мақсаты міндеттерін қарастыру.
Жоспар:
Педагогикалық зерттеудің мақсаты.
Педагогикалық зерттеудің міндеті.
Әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы процестер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу. Олардың біріншісі – қоятын мақсаттар сипаты.
Мақсат парактикалық немесе танымдық болуы мүмкін. Мұғалім балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін практикалық мақсатпен сабақтар жүргізеді. Егер ол осы сыныпта қандай тәсілдер пйдалануға, осы сыныпта қандай тәсілдер пайдалануға, осы жағдайларда өте жақсы нәтижеге жетуге болатыны туралы білім алса, ‑ бұл әзірге ғылым емес. Мұндай білім стихиялы‑эмпирикалық. Ал егер ғылыми танымдық деңгейде мақсат қойылса, яғни ғылыми танымдық деңгейде мақсат қойылса, яғни ғылыми негізделген оқыту әдісінің немесе өзіндік жұмыстың тәрбиелік қызметі түрлерінің тиімділігін анықтау сияқты мақсат қойылса, бұл танымдық мақсат болады да, алынған білім педагогика ғылымының қорына енеді.
Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы объектісін бөліп қарастыру. Бұл кітапта педагогика ғылымы объектісін педагогикалық әсер объектісіне, яғни балаға теңдеудің шындыққа үйлеспейтіні жайлы айтылған.
Біздің ғылымның объектісі онда білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі деп анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу объектісі сол салаға жатады. Әр ретте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. Мысалы, оқушыларды шетел тілінде жағдаятты сөйлеуге үйрету зерттеу объектісі емес, кіші жастағы оқушыларды оқу‑тәрбие үрдісінде мұғалімдердің гуманистік қарым‑қатынастар қалыпатастыру зерттеу объектісі болып табылады.
Үшінші белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану. Мұғалім практикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін, материалдық құралдарын: компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, моделдеу, болжам жасау және т.б. әдістерін қолданады.
Тағы бір, соңғы белгі терминологияның бір мәнділігі. Бұл ғылыми танымға қойылатын міндетті талап. Әрине, бүкіл ғылымды зорлықпен, бұйрықпен бірмәнділікке әкелу мүмкін емес. Оның дамуы барысында түсініктер мазмұны үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үрдіс. Бір ғылыми еңбектің ‑ дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақаланың шеңберінде – автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және аяғына дейін соны басшылыққа алуға тиіс. Арнайы ескертпейінше, терминді әр түрлі мағынада қолднуға оның құқығы жоқ.
Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жататындығы мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы оъектісінің бөлініп қаралынуы, танымның арнайы құралдарының пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділігі сияқты белгілері бойынша анықталады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.
1.Педагогикалық зерттеудің мақсатын қалай түсінесің?
2. Педагогикалық зерттеудің міндеті дегенімі не?
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Клименюк А.В., Калита А.А., Бережная Э.П. Методология и методика педагогического исследования. Постановка цели и задач исследования: Учебное пособие. – Киев, 1988.
Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого исседования: Учебное пособие для студентов высших педагогических заведений. – М.: Изд. центр. «Академия», 2001.
Давыдов В.П. Основы методологии, методики и технологии педагогического исследования: Начно-методическое пособие. – М.: Академия ФСБ, 1997.
Волков Б.С., Волкова Н.В. Методы исслледований и психологии. М.:Педощество России, 2002. – 208.
Рузавин Г.И. Методология научного исследования: Учеб. пособие для вузов. – М.: ЮНИТА-ДАНА, 1999.
Ядов В.Я. Социоллогическое исследование: Методология. Прогамма. Методы. – М.: Наука, 1972.
Валеев Г.Х. Гипотеза педагогического исследования// Педагогика. 1999.
9‑Дәріс. Педагогикалық зерттеудің болжамы.
Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің болжамын түсіндіру.
Жоспар:
Зеттеу болжамы.
Педагогикалық зерттеудің болжамының түрлері.
Болжам мен қорғалатын қағидалар зерттеушінің объектіде анық көрінбейтін, басқалар байқамағанды көргені туралы түсінікті ашып көрсетеді.
Болжам – фактілер негізінде объектінің бас екендігі, құбылыстардың байланыстары мен себептері туралы тұжырым жасалатын алдын ала болжау. Бұл ретте тұжырым толық дәлелденген деп есептеуге болмайды. Болжам шынайы емес, ықтимал білім. Оның шынайлығы мен шынайы еместігі әлі анықталмаған. Болжамның шынайылығы немесе шынайы емес екенін анықтау – таным үрдісі.
Типтік қате – болжамның ғылыми болжам ретінде дәлелдеуді қажет етпейтіндей түрде құрылуы. Егер көп және жақсы жұмыс жасаса, нәтижелері жақсы болады егер «дәстүрлі жұмыс жасаса», шын мәнінде қалай болса, солай, нәтижелері нашар болады» деген ақиқатты қорғап және дәлелдеудің керегі жоқ.
Өз жұмысының қорытындыларын шығара отырып, зерттеуші алынған нәтижелерінің жаңалығы туралы айтуға мүмкіндікке ие болады да демек ол, ‑ басқалар жасалмағанның ішінен не жасалынғанын, қандай нәтижелер алғаш рет алынғанын көрсетеді. Оның үстіне, бір жағынан, зерттеу нәтижелерінің жаңалығы мен, екінші жағынан, олардың ғылымдағы маңызы арасында мәнді айырмашылық бар. Нәтижелерінің жаңалығын сипаттай отырып, зерттеуші өзі қойған міндеттер шеңберінде қалады, оларды шешу барысында, қандай жаңа білім алғанын көрсетеді. Алынған жаңа білімнің маңыздылығы танымның басқа саласына, болашақтағы енді жүргізілетін ғылыми жұмысқа қатысына байланысты анықталады.
Өзін-өзі бақылауа арналған сұрақтар:
«Болжам», «ой», «концепцияға» анықтама бер?
Божам дегеніміз не?
Қолданыған әдебиеттер тізімі:
Андасова Б.З. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономис тердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. – Астана, 2007.
Краевский В.В. Методология педагогического исследования. - Самара, 1994.
Николаев И.Г. Педагогические условия моделирования воспитательных систем. – Краснодар, 2000.
Рузавин Г.И. Методология научного исследования: Учеб. пособие для вузов. – М.: ЮНИТА-ДАНА, 1999.
Ядов В.Я. Социоллогическое исследование: Методология. Прогамма. Методы. – М.: Наука, 1972.
Валеев Г.Х. Гипотеза педагогического исследования// Педагогика. 1999.
10‑Дәріс. Педагогикалық зерттеудің өлшемдерінің сапалығы.
Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің өлшемдерінің сапалығын қарастыру.
Жоспар:
Өлшем, диагностика, параметрға анықтама беру.
Педагогикалық зеттеудің сапалығы.
Кез келген ғылыми - зерттеудің нәтижелі аяқталуы проблеманы дұрыс таңдап, оған негіздеме жасай білумен тығыз байланысты. Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарында зерттеу проблемасы дұрыс анықталмағандықтан, зерттеулерде көбінесе тек жаңа фактіні айтып көрсету орын алады да, ғылымға ешқандай жаңалық қосылмайды. Ғылыми - зерттеудегі қойылған проблеманың нәтижелі шешілуі, ғылымға жаңалық қосып, оны жетілдіреді.
Ғылыми-зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе екені белгілі. Ғылыми-зерттеу проблемасының табиғаты өте күрделі, сондықтан зерттелетін танымдық проблема ескі білімді жаңа білімге алмастыруы тиіс, ал жаңа білім өзінің кемелденген қалпына әлі жете қоймағандықтан, осы қайшылық танымдық процесті дамытып, жаңа ғылыми нәтиженің пайда болуына әкеледі. Зерттеу проблемасы ғылым мен практика арасындағы қайшылықты көрсетеді.
Ғылыми білімнің даму барысында қайшылықты тенденция пайда болады:
біріншіден – ескі түсінікті жаңа болжам негізінде өзгертіп, бұрынғы теорияның фундаментальды, яғни іргелі негіздерін сақтап қалу керек;
екіншіден, педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары – оқыту мен тәрбиенің жаңа тиімді мақсаттарын жүзеге асыруды көздеуі шарт.
Зерттеу проблемасын таңдауда басты төрт мәселені ескеру керек:
оқу-тәрбие жұмысына қажеттiлiгi;
адам тәрбиелеудегi қоғамның перспективалық талабы;
педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуы;
зерттелмеген тың мәселелердi ескеру.
Педагогика ғылым саласының жеке зерттеулеріндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары келешекпен сабақтастық заңдылықтарын сақтауы тиiс. Сонымен, проблеманы нақты анықтай білу - зерттеу логикасын iске асырады. Зерттелетiн проблема нәтижелi болу үшiн педагогикада және оған ықпал ететін басқа ғылым салаларында зерттеу нысанасына алынатын мәселелер, зерттелген болуы тиiс.
Егер зерттелетін проблема дұрыс белгіленсе, онда зерттеудің жетекшi идеясының басты бағыты белгiлі болады. Проблеманың шешім табуы, оның идеясының нақты белгіленуімен және зерттелуiмен анықталады. Жетекшi идея – зерттеу жұмысының ең басты мәселесi болып саналады.
Кейде жетекшi идея тек бiр қырынан ғана зерттелiп, оған қайшы құбылыстар мен процестер ескерiлмей қалады. Осыған орай, жетекшi идеяны қойылған мақсатқа байланысты жан - жақты талдау қажет.
Жетекшi идея мен зерттеудiң жалпы бағыты – зерттеудiң басты координатын, оның «өзгешелігін» сипаттайды. Ғылымның дамуына ықпал ететiндер - iргелi ғылыми-зерттеулер мен маңызды идеялар екені белгілі. Идеяларды ғылымның алтын қоры деуге болады.
Ғылыми-зерттеу проблемасын анықтауда ізденуші практика мен өмiрдiң қажеттiлiгiн ескеріп, бұрынғы зерттеушiлердiң ғылыми-зерттеулерiн талдап, өзінің нақты зерттеу мақсатын белгілеу керек. Зерттеу проблемасының құндылығын міндетті түрде практика анықтайды.
Қазiргi кезеңде педагогикалық проблемалардағы болжамның рөлiн нақты анықтаудың маңызы ерекше.
Педагогикалық ғылыми-зерттеудің нәтижесінде ақиқатқа жету үшін, болатын нәрсенi ойда түйiндеп, оны iске асыру жолдары мен алынатын нәтижелері алдын ала болжанады. Болжау - ғылыми зерттеудiң тiрек көзi саналады. Болжам құра бiлу өте күрделi мәселе. Болжам жетекшi идеямен бiрге туындап, проблеманың мәнiн түсiну барысында дамиды. Болжамның екі түрі болады:
- біріншісі, жұмыс болжамы, уақытша бар фактiнi жүйеге келтiру үшiн қолданылады;
- екіншісі, ғылыми немесе шынайы болжам - ауқымды материал жинақталғаннан кейiн, оны қисынмен қорытып, оған кейбiр түзетулер енгізіп, оны ғылыми теорияға айналдырыуға көмектеседі.
Жұмыс болжамы мен ғылыми болжам арасындағы ерекшелiк салыстырмалы түрде ғана болады.
Практикалық болжам нақты сипатта болады. Жинақталған материалдардың молдығына қарай, практикалық болжам зерттелген материалдардан қорытынды жасайды. Мұндай болжамдар индуктивті тәсілмен пайда болады; бір фактінің үйлесімді қоланылуына қарай, белгілі бір оқыту жүйесінде немесе кейбір педагогикалық ситуацияларда дәледенсе және осы тәсіл ұтымды көрінсе, болжам педагогикалық қызмет барысында дамып жетілдіріледі. Сондықтан практикалық болжамның мынадай тізбегі пайда болады:
Проблема. Сәтті шешілген тәжірибе фактілері - Жетекші идея - Болжам, шығармашылық тәжірибеде жетіледі – Анықталған болжам – Тәжірибеде тексеріп, практикалық ұсыныстар жасау.
Абстрактілі – теориялық болжам жасау өте күрделі. Бұл жағдайда ғылыми пайымдау ретінде абстрактілі – теориялық болжам шынайы құбылыстар мен процестердің себебін білдіреді.
Педагогикалық зерттеулердегі болжам алдын - ала анықталады. Болжамның мәні мен рөлі туралы Ш.И.Ганелиннің пікіріне тоқталсақ, ол былай дейді: “ Болжам – кез келген зерттеудің өзегі болады. Онда зерттелетін мәселе анық көрсетіліп, оның теориялық негіздері мен оның шешімін табу жолдары көрсетіледі… Онан кейін, оны зерттеу әдістері айқындалады: ол қажетті фактілер мен көп жағдайда эксперименттік материалдарды жинақтап, тексеруді, оны талдауды қажет етеді. Болжам - ол зерттеу кезеңіндегі белгілі бір зерттеу мәселесін ғылыми пайымдау. Болжам мәселені шешудің жобасын көрсетеді. Ондағы теориялық қағидалардан, белгілі мәселені шешу тәсілі көрінеді. Болжам зерттеу барысында зерттеудің бағытын анықтаумен бірге, өзі де толығып дамиды”.
Мысалы, “Тәрбие жүйесін моделдеудегі педагогиалық жағдайлар” атты ғылыми-зерттеу тақырыбын қарастырайық. Тәрбие жүйесін зерттеген ғалымдардың еңбектері талданғаннан кейін, осы мәселенің теория мен практикада толықтай шешім таппауының салдарынан, гуманистік тәрбие жүйелерін жүзеге асырудың тиімді шарттарын қамтамасыз ету қажеттігі туындайды.
Сонымен, тәрбие жүйесін моделдеу процесі - құбылыс және қазіргі кезеңдегі педагогикалық практиканың қажеттілігі ретінде қарастырылғанымен, оның теориялық негіздері мен тәрбие жүйесін моделдеу технологиялары арасындағы қайшылық және оның педагогика теориясында жеткілікті зерттелмеуі, нақтырақ айтқанда, оны құрудың педагогикалық шарттарының бірлігін және әр түрлі білім ұйымдарында гуманистік тәрбие жүйелерін тиімді жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу тақырыбын анықтады.
Зерттеу нысаны. Тәрбие жүйесін моделдеу болса, онда зерттеу пәні – тәрбие жүйесін моделдеудің педагогикалық шарттары болады.
Зерттеудің мақсаты – білім ұйымдарындағы тәрбие жүйесін моделдеудің педагогикалық шарттарының жинақталуын анықтап, негіздеп, оны эксперименттік зерттеуден өткізу.
Зерттеу болжамы. Егер де тәрбие жүйесін моделдеу, педагогикалық шарттарды толықтай пайдалануды талап ететін, педагогикалық жағдайдың құрамына кіретін алғашқы дайындық процесін, тәрбие жүйесінің тұжырымдамасы мен нормативті моделін анықтаса; практикада моделді іске қосып, дамытса; тәрбие жүйесінің бастапқы моделін толықтырып жетілдірсе; әр түрлі типтегі білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын құру жалпы (кез келген білім беру ұйымдарында моделді жасау, оны іске қосу және жүзеге асыру) және арнайы білім беру мекемелерінде ( оны жүзеге асыру) қамтамасыз етілсе ғана, тәрбие жүйесін моделдеудің педагогикалық шарттары анықталады.
Тағы да бір мысал келтірейік: «Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» деген тақырып.
Зерттеудің мақсаты: кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеу және практикалық түрде жүзеге асыру.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орнындағы оқу үдерісі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орнында кредиттік жүйе бойынша оқытуда экономика мамандықтарының студенттерінің өздік жұмысын ұйымдастыру үдерісі.
Зерттеудің болжамы: егер жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары анықталып және сол шарттарға сәйкес ұйымдастырылса, онда кредиттік оқыту жүйесі жағдайында мамандарды кәсіби даярлаудың сапасы артады, өйткені өздік жұмыс студенттердің өз бетімен жұмыс істеу және шығармашылық белсенділігін арттырып, оқу материалын терең игеріп бекітуге, жаңа кәсіби білім алуға, практикалық білік, дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасайды.
Зерттеудің қойылған мақсаты мен пәні, жасалынған болжамына сәйкес зерттеудің міндеттері анықталды.
Педагогикалық болжамға қойылатын әдіснамалық талаптар:
ұсынылған болжамның фактiге сәйкес келуi;
оны тексеруге болатындығы;
ауқымды құбылыстарға қолдануға болатындығы және мүмкiндiгiнше қарапайым болуында.
Болжам екi құрамнан тұрады: бiрiншісі - кейбiр қағидаларды ұсыну, екіншісі - оны логикалық және практикалық жағынан дәлелдеу.
Ұсынылған болжамды дәлелдеу үшін зерттеу міндеттері анықталады.
Зерттеудiң негiзгi кезеңдерi.
Ғылыми-зерттеу жұмысы өте күрделi, әр жағдайда өз қисынымен, әдiсiмен, ұйымдастырылуымен ерекшеленедi.
1. Зерттеудiң нақты мiндеттерiн анықтау.
Ол үшiн негiзгi ғылыми әдебиеттердi оқып, оның зерттелу жәйiн анықтау шарт. Зерттеудiң теориялық, практикалық жақтары жан-жақты ескерiлуi тиiс.
2. Бар материалдарды жинау және оларды есепке алу. Олар:
а) проблеманың тарихы мен теориялық жағдайын сипаттайтын әдебиеттерді талдау;
ә) мектеп және мұғалiм тәжiрибесiн ескеру;
б) педагогикалық нормативті құжаттармен танысу, оны ескеру;
в) оқушылардың шығармашылық және оқу-тәрбие iстерiн талдап қорыту;
д) тәжiрибелiк жұмыс пен педагогикалық экспериментті жүзнгн асыру.
Осы жұмыстардың барлығы педагогикалық процестiң бiр-бiрiмен байланысын және оқушылардың даму заңдылықтарын анықтауға көмектеседi.
Барлық материалдарды жинақтап, оларды есепке алып, талдап, қорытындылау.
Фактiлерден идеяларға қадам жасау.
Фактiлер дәлелдi және шынайы болулары тиiс. Фактiлер теорияға негiз болу үшiн ғылыми танымдық жағынан ескерiлу қажет.
Эксперименттiк тексеру және ұжымдық талқылау жүргізу.
Ғылыми нәтижелердi реттеп, жүйелеу, жазу. Зерттеу нәтижесi түйiн мен қорытындыда берiледi. Зерттеудiң түйiнi, теорияны байытатын ең маңызды нәрсе. Оны нақты, негiзделген түрде жазу қажет.
Ғылыми-зерттеуді практикаға ендiру, ол екi түрлi болады: тiкелей нұсқау арқылы және ғылыми эксперимент арқылы.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Болжам дегеніміз не?
Зеттеудің болжамы дегенді қалай түсінісің?
Педагогикалық зерттеудің сапалығын қалай түсінесің?
Әдебиеттер
Андасова Б.З. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономис тердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. – Астана, 2007.
Краевский В.В. Методология педагогического исследования. - Самара, 1994.
Николаев И.Г. Педагогические условия моделирования воспитательных систем. – Краснодар, 2000.
Проблемы методологии педагогики и методики исследования. - М. «Педагогика» 1971.
11-Дәріс. Педагогикалық зерттеудің әдісі мен әдістері, педагогикалық экспериментті жоспарлау және ұйымдастыру
Мақсаты: Педагогикалық экспериментті жоспарлау және құруды қарастыру.
Зерттеу әдістері.
Педагогикалық эксперимент.
Педагогикалық эксперименттің талаптары.
Педагогикалық ғылыми зерттеудің нәтижелі болуы оның зерттеу әдіс-тәсілдерінің тиімді қолданылуына тәуелді. Педагогикалық зерттеудің мақсаты, міндеттері, жалпы бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, тарихи-педагогикалық зерттеу, әдіснамалық, дидактикалық-әдістемелік с.с.т.б. Зерттеуші ғылыми зерттеу әрекетінің мақсатын, міндеттерін анықтап алып, зерттеу әдістерін іріктейді.
Педагогика ғылымындағы зерттеу әдістерінің үнемі жетілуі оның дамуына өз әсерін тигізеді. Төменде көрсетілген әдістерге назар аударайық (1-сурет Зерттеу әдістері).
сурет Зерттеу әдістері.
Әр әдістің өзіндік мәні мен қызметі бар. Олардың әрқайсысы педагогикалық құбылыстың бір немесе бірнеше қырларын ғана зерттеуге бағытталады және бір-бірін толықтырып, тығыз байланыста қызмет етеді. Бір әдістің зерттеудің ақиқатты нәтижесін беруге әлеуеті жеткіліксіз, сондықтан зерттеуші әдістерді бір жүйеге келтіріп, зерттеу барысында оларды бірізділікпен қолданып отырады.
Бұл баяндаманың мақсаты - жоғарыда айтылған ойдың мәнін педагогикалық эксперимент әдісі негізінде сипаттау болып табылады.
Педагогикалық эксперимент дегеніміз не? Оның мәні неде? Оны қалай қолдану керек? деген сұрақтарға жауаптар іздеп көрейік. Көптеген әдебиеттерді оқып, талдап, педагогикалық эксперимент ұғымына мынадай түсініктер берілгенін анықтадық.
Достарыңызбен бөлісу: |