Сөж тақырыбы: Түрік қағанаты Орындаған:Қалмахан Л. Тобы


Түрік қағанатының қалыптасуы



жүктеу 86,96 Kb.
бет3/5
Дата21.05.2022
өлшемі86,96 Kb.
#38728
1   2   3   4   5
Түркі мемлекеттер тарихы

Түрік қағанатының қалыптасуы. «Түркі мемлекетінің құрылуы - бүкіл адамзат тарихының бетбұрыс кезеңі. ...Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондай–ақ, көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таңқалдырады» дейді Л.Гумилев.
Ұлы қоныс аудару кезінде яғни, (II — V ғасырлар) кезінде Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстана бастады, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. VI ғасырда Қазақстан жерлері ең құдіретті билеушілер түркі тайпасының Ашина деп аталатын руынан шыққан Түркі қағанатының билігіне түсті.Түркі этносының өзі қағанаттың құрылар алдындағы кезеңде Гәңсу,Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында ІІІ ғасырдан VІ ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасқан болатын.
Негізінде Түрік қағанаты мекендеген жері Жетісу деп пайымдалады.Ал Жетісу мен Шығыс Қазақстан ол кездері аварлардың яғни, жужандардың шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналасқан теле тайпалары 492 жылы жужандарға қарсы шығып, тәуелсіз мемлекеттерін құрады. Дегенмен, 516 жылы жужандар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 жылы теле тайпасының Ашина атты руы жужандарға қарсы күресті басқарады. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдык тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. Мұның бір көрінісі авар қағанына келіп, авар қағаны үйінің ханшасын Бумынға әйелдікке бер деп үзілді-кесілді талап еткен түрік елшілігі болды. Мұның өзі қағанмен тең құкықтылығын көрсетуден гөрі оны басынғандық еді. Авар қағаны Анағұй: «Маған бас иетін — вассал. Бұлай деуге қайтіп дәтің барды ?» деп Бумынға жаушыларын жібереді. Бірақ аварлар қалыптаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Енді бұрынғы вассалдардың бұрынғы билеушілеріне қарсы соғыс ашуға дәлелі табылады. 552 жылы көктемде ашина руынан шыққан батыр Бумын аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңгені соншалық, Анағүй өзін өзі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп аварлардың бұрынғы күш-қуатына да, олардын барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады.Осы жылы яғни, 552 жылы Бумын «елхан» атағын алады.

  1. Түрік қағанатының жорықтары

Бумын 553 жылы қайтыс болады. Оның орнына таққа інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағындағы бір жердегі Букрат тауларында аварларды тағы екінші рет жеңеді. Қара Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді атайды, ол қағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болған. Ол 553-572 жылдары қаған болады.Мұқан қаған жужандарды түпкілікті жеңіп, Ұлы даланың қожасына айналады. Ол билік құрған жылдарда Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды өздеріне бағындырады, және Солтүстік Қытайды алым салық төлеп тұруға мәжбүр етеді.563-567 жылдары эфталит патшалығын басып алады. Осыдан кейін Түріктердің жерлері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан. Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі.Бұларды Бумынның екінші інісі яғни, Иштеми бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумынмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні басқарды, он түмен әскері болды, ху елін талқандауға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады» деген. Мұны шежіре дәстүрінің өзі де ескермеген, бұл дәстүр бойынша тайпалық-әскери ұйымның ондық жүйесінің шығуы Жетісу түріктерінде 651 жылы ғана болады, сол жылы Ашбара-Териш-қаған (Шаболо-Дилиши) «өзінің мемлекетін күтпеген жерден он ұлысқа бөледі: әрбір ұлыс оны басқарушы бір адамның қарамағында болады». Оны шэ (шад) деп атаған. Әрбір шадқа бір жебеден сыйлық береді, осыдан келіп Он жебер деген ат шығады. Тайпалық-әскери санаудың ондық дәстүрі Жетісудың ежелгі түрік тілді тайпаларында VI ғасырдың орта кезінде-ақ болған және Батыс Түрік қағанатының этникалық-саяси құрылымында айқын бейнеленеді.

жүктеу 86,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау