Сөж тақырыбы: Түрік қағанаты Орындаған:Қалмахан Л. Тобы


Тақырыптың зерттелу деңгейі



жүктеу 86,96 Kb.
бет2/5
Дата21.05.2022
өлшемі86,96 Kb.
#38728
1   2   3   4   5
Түркі мемлекеттер тарихы

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Көк түріктер туралы тарихи жазбалар өте көп. Бұл жөнінде зерттеушілер арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер, түрлі көзқарастар, болжамдар аз емес. Кейбір зерттеушілердің ойынша көк түріктер қатаң даланың жыл мезгілдерінің ығына жығылып, көшіп қонып жүріп, табиғатқа тәуелділікке түскен көшпелілердің тарихы жоқ дейді. Алайда Оңтүстік Сібір мен Орталық Азияда ұзақ жылдар бойы жүргізілген археологиялық және палеографиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері көшпелілер «адамзаттың арамтамағы» үстірт түсінікті теріске шығарып, ғылыми дәйексіздігін көрсетіп берді.
Көне түріктерді зерттеген отандық және шетелдік зерттеушілердің қатарына В.В. Бартольд, А.С.Аманжолов, Н.Я.Бичурин, Ғ. Айдаров, И.В.Стеблева, С.Е.Малов, Л.Н.Гумилев, Ш.Уәлиханов, О.Сүлейменов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, т.б. ғалымдардың еңбегі қолданылады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Көк түріктердің тарихын, дүниетанымын, рухани қазынасын тұтас, әрі жан-жақты зерттеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Осыған байланысты көк түріктердің тарихқа тигізген әсерін талдау мақсат етіп алынды. Мақсатымызға қарай біз мынадай міндеттерді анықтадық:

  • Көк түріктердің тарихи-этно-мәдени даму үрдісін талдау;

  • Түркілердің қоғамдық және әлеуметтік құрылысын анықтау;

  • Көне түркілердің діни наным-сенімдерін зерттеу.

Жұмыстың хронологиялық шеңбері: Зерттеу жұмысы VІ-ғасыр мен VІІІ-ғасырлар аралығын қамтиды. Осы кезең аралығында Көк түріктердің құрылуы, дамуы, шаруашылығы мен құлауы қарастырылады.
Жұмыстың құрылымы: БӨЖ жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


  1. Негізгі бөлім

  1. Тарих ғалымдарының зерттеулері

Жеті жүз жылда әр тілде сөйлейтін түрік қауымдарының тілі ор­тақ­танды. «Сахарада қыр халықтарына жата­тын жомылдардың тілі бөлек бір тіл болып, олар түрікше де бек жақсы біледі. Қай, иабақу, татар, басмыл тайпалары да солай. Олардың әрбірінің өзіне тән тілі бар, сонымен бірге түрікшені де жақсы біледі» деп Махмуд Қашқари тарихи шындықтың бір кезеңінен анық хабар береді (М.Қашқари. Түрік сөздігі. Алматы, 1997. Том I.). Осы кезеңде Хинған жотасынан батыстағы Бұлғар тауына дейінгі құс қанаты талар ұлан-ғайыр жалпақ өңір жұрты түріктену процесін бастан өткерді. Хотан-сақ тілді Шығыс Түркі­стан­ның қамал қалаларының тұрғындары, пар­сы тілді сармат, алан, албан, абар, суар, соғ­дақ­тар, қидан тілді қай, татар, татабылар, угор тілді мажар, зирян, сібір, шоран, шортан тайпа­лары түгел түркіленді. Түрік тілі әлемнің белді тілінің біріне айналды. Қыпшақ – латын, қып­шақ – араб, қыпшақ – армян сөздіктерінің дү­ние­ге келуі астарында осындай сыр бар. Бабаларымыз төл әліппе ойлап тауып, өз­дері­нің бастан кешкен тарихы мен кейінгі ұр­пақ­қа арналған өсиет сөздерін тас бетіне қашап жазды. «Тізеліні бүктірдік, бастыны жүгін­ді­р­дік»... «Бек ұл ұрпағың құл болды, сүлік қыз ұр­пағың күң болды»... «Түрік халқы үшін түн ұйық­тамадым, күндіз отырмадым»... «Өлімші ха­лықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды қыл­дым. Шығай халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым». Төл жұрты үшін шыбын жанын шүберекке түйген қағанның жан айғайы шырт ұйқыңнан шошытып оятқандай. Баба­лары­мыз жазып қалдырған «Тас кітап» бойтұ­мар­дай көз жазбас, бояуы оңып, қадірі кемімес құндыларымыздың құндысы. Бабаларымыздың жартасқа қашап салған суреттері де өзге жұрттарда кездеспейтін, баламасы жоқ, түрік әлеміне ғана тән төлтума өнер. Ол да суретпен шежіреленген түрік өмірінің бір ғажап айнасы.Түрік қағандықтары кезінде тәңірлік діннің көсегесі көгеріп, шырқап дамығанына да заттық дәлелдер жетіп артылады. Қағандардың кешендерінде тәңірлік діннің жөн-жораларын атқара­тын барық (храм) болған. Бітіктастар сол ба­рық­тың ішіне тігілген. Қытай жылнамалары­ның «шөптің шүйгінін, судың тұнығын іздеп, үнемі көшіп-қонады» дегеніне қарап, оларды ұшарын жел, қонарын сай білер қаңбаққа балап сөйлеу уақыты өткен шалағай түсінік. Қазір Моң­ғолия топырағынан іргесін түріктер қала­ған 17 қаланың, екі мұнаралы беріштің (бас­тион­ның) орны белгілі боп отыр (Л.Р.Кы­зыласов. Городская цивилизация средней и северной Азии» М, 2006). 682 жылмен таңбаланған қытай тарихи жазбаларында түріктердің Хэйшачэн (Қарақұм) қаласын тұрғызғаны туралы мәлімет бар. Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрпан, Құ­шар қалалары да осы түріктердің ата қоныс, бас­пана мекендері. Ал Карл Байпақов болса, осы түрік дәуірінде Қазақстан топырағында жүз­ден астам қала, іргелі елді мекен болғанына заттық айғақтарды алдыңа тартады. Демек, тү­рік­тер қысы-жазы, жыл он екі ай мал соңынан маңыған жұрт деген түсінікке өзгеріс енгізетін кез келді. Өзге жұрттың құлағына оғаш қыстау-жайлау деген маусымдық тұрмыс салты осы тұста көрініс табады. Өз жұртының жылы оңтүстік өңірлерін қыстауға айналдырған түрік­тер қар кетіп, күн жылынысымен терістікке жыл­жиды, күзде кері қайтып, қалалардың төңі­регіндегі қыстақтарға жайғасады. Өстіп – түріктер – «мәңгі көктем» аясында өмір сүруді мақсат тұтқан халық . Бұл ғылыми тұрғыдан «жартылай көшпелі» тұрмыс-салтына жатады. Әлемдік ғылым өркениет шарттары деп: төл жазуы болуды, қала салу мен монументті мүсін өнерін айтады. Түріктерде мұның бәрі болды, оның сыртында тәңірлік дін, жартас графикасы қағидаларын қалыптап, ХI ғасырда төл грам­ма­тикасын негіздеп, «Түрік сөздігі», «Құдатқу білік» сынды этика-философиялық трактатын жаз­ды. Міне, осы жоралар аясында «Түрік өр­ке­ниеті» термині қалыптасып, әлемге мойындалды. Түрік жазуы мен тарихын зерттеуге әлемнің ұлы түріктанушылары мен синологтарының ат салысқанын мақтанышпен атағанның артық­ты­ғы жоқ. Аты-заты белгісіз, жұмбақ жартас жазу­лары туралы мәлімет Н.Г.Спафарий жазба­ларын­да кездеседі. Ол 1675 жылы Қытайға орыс елшілігін бастап барып, 1678 жылы Тобольскіден Қытай шекарасына дейінгі көрген-білгенін хатқа түсіреді. «Енесейдің үлкен құла­масына жетер-жетпесте құз жартас бар. Осы жар­тасқа белгісіз жазу қашалған, жазу ара­сын­да крест белгілері, қолына асатаяқ ұстаған адам бейнелері де бар...Онда не жазылғанын, кім жазғанын ешкім білмейді» деп баяндайды Н.Г.Спафарий. Нидерлан елшілігі құрамында Ресейде болып қайтқан Н.К.Витсен (1641-1717) 1692 жылы жарық көрген еңбегінде: «Верхнетурье маңындағы жартаста бірнеше сурет және әріптері бейтаныс жазу бар. Жергілікті халық­тың кәріқұлақтары олардың 100 жылдан астам уа­қыт тұрғанын айтады. Бірақ қашан, кім жазғаны туралы ешкім ешнәрсе білмейді» деп хабарлайды. Ресейге бағынышты Сібір өңірін­дегі жұмбақ жазу туралы Еуропа құлақтанып қалған соң, оған мән бермеуге болмады. Петр I 1717 жылы Д.Г. Мес­сершмидтті шақырып, Сібірді түбегейлі зерттеу мақсатымен ғылыми экспедиция шығарды. 1721-1722 жылдары жартастағы, мүсінтастағы, қола ай­на­дағы жазулардың бедері суретке сызылып, қағаз бетіне көшірілді. Жоғары Енесей жазу­лары­ның нобайы осы кезде жинақталды. Экс­пе­диция құрамында швед әскерінің тұтқын капи­таны Филипп Иоганн Табберт (Страленберг) те болған еді. Ол 1730 жылы Стокгольмнен бас­ты­рып шығарған «Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлігі» атты еңбегінде аталмыш жазу­ды Скандинавиядағы жартас жазуларына ұқсастығына иек ар­тып, «руникалық жазу» деп атады. Ғылымда осы атау орнығып қал­ды. 1818 жылы Г.И.Спас­­- ский өзінің «Древности Сибири» журналында жартас жазуларының, оған берілген зерттеушілер пікірінің латын тіліне аударылған нұсқасын жариялады. Абель-Ремюза, Г.Ю.Клапрот сынды шығыстанушы ғалым­дар тақырыпқа назар аударып, көшпелі тайпалар ту­ра­лы біраз зерттеулер жүргізіп, Дешті Қыпшақ та­рихының біраз қатпарын қопарды. Абель-Ремюза бұл жазуларды үйсін жазуына, Г.Ю.Клапрот көне қырғыз жазуына таңды. Ал З.Г.Байер кельт мұрасына жатқызды. Әзірше жинақталып, назарға іліккені Енесей жазулары еді. Бұл өңір ежелгі угро-финдердің отаны деп есептелетін. Сон­дық­тан Енесей мұраларына фин ғалымдары тара­пы­нан айрықша ықылас білдіріліп, толық күйде жинақталып баспа бетін көр­гені­не таңғалуға болмайды. Құлпытас жазуына ұқсаған қысқа жазулар өзгелерді онша қызықтыра қойған жоқ. Жартас жазуына әуес­тік осылай қызу басталып, біртіндеп саябыр тапты. 1889 жылы Н.М.Ядринцевтің Орхонның Кошо-Цайдам шұратынан төрт қабырғасы түгел қашалған ұзақ мәтінді қос ұстынды табуы ашық-жарықта күн күркірегеннің әсерінен кем болмады. Атақ шығаратын ұлы жаңалықтың ау­жайын аңдаған ғалымдар Моңғолияға жөң­кілді. Ресей Ғылым академиясы В.В.Радловтың бас­шы­лығымен шұғыл экспедиция жасақтады. Бі­рақ фин ғалымдары олардың алдын орап кетті. Аксель Олай Гейкель басшылық еткен экспеди­ция 1890 жылдың 15 мамырында Орхонда болып, Кошо-Цайдам ескерткіштерінің көшір­ме­сін жасап, 1892 жылы жарыққа шығарып та үлгерді. Фин экспедициясының басты табысы «Күлтегін» ескерткішіндегі қытай мәтінін оқу еді. Екі ғасырдан бері там-тұмдап жиналғанмен, сырын ашпаған жазу – Түрік қағандығының жазуы екені, Кошо-Цайдам қос ұстыны Түрік мемлекетінің қағаны Можилян мен оның інісі Кюе-делеге (Күлтегінге) қойылғаны жарияланды. Іле-шала 1893 жылдың 23 қарашасында дат филолог-ғалымы В.Томсон Орхон жазуы­ның кілтін тауып, «Тәңір» және «Түрік» сөзін ажыратып оқығанын Дат академиясының 15 желтоқсанындағы ресми мәжілісінде жария етті. Бұл кезде В.В.Радлов та оннан астам әріпті ажыратып үлгерген-ді.


  1. Түрік этнонимі қалай қалыптасты?

Ұлы қоныс аудару кезінде «Түрік» этононимі қытай жылнамаларынды көптеп кездесе бастады.Және бұл кездер 542 жылға тән болатын.
Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылықтар жасап, ойрандап кететін болды деп хабарлаған. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты болған. Қытайлар түріктерді сүнну-ғұндар деп атаған. Түрік этнонимі ежелгі Көк түріктеріне тән. Оны түркиялық түріктермен шатастырмау керек. Оларды Осман түріктері деп атаған жөн. Ал бүгінгі күндегі кең қолданылып жүрген түркі сөзі - жасанды сөз. Ресей ғалымдары көк түріктерді осман түріктерімен шатастырмау үшін тюрк сөзін ойлап тапқан. Кейіннен қазақ ғалымдары да ресейлік әріптестерінен қалыспай тюрк сөзін өздерінше түркі деп аударып алған.

жүктеу 86,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау