1 мысал DoS/DDoS-шабуылынан қорғану
1) шабуылдаушыға мүмкіндігінше аз ақпарат беру;
2) DDoS қорғаушысына мүмкіндігінше көбірек ақпарат беру;
3) нақты шабуылдарды сүзу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
4) шабуылға ұшыраған қызметтің сенімділігін қамтамасыз ету.
К еңестер:
1) Әлеуметтік желідегі мессенджерлер арқылы құпия ақпаратты (банк картасының нөмірі, PIN-код, төлқұжат деректері) жібермеңіз. Сканерленген құжаттары бар хаттарды жіберген немесе алғаннан кейін бірден жойған дұрыс, оларды поштада сақтаудың қажеті жоқ.
2) Әлеуметтік желіге немесе басқа біреудің компьютерінен поштаға кірсеңіз, жүйеден шығуды ұмытпаңыз.
3) Қолданбаған кезде Wi-Fi желісін өшіріңіз. Өзіңізді қорғаңыз және батарея қуатын үнемдеңіз. Телефонда немесе планшетте Auto Wi-Fi мүмкіндігін өшіруді ұмытпаңыз.
4) Құпия сөзді сұрамайтын, расталмаған Wi-Fi қосылымдарына сенбеңіз. Көбінесе киберқылмыскерлер пайдаланушылардың жеке деректерін ұрлау үшін дәл осындай желілерді пайдаланады.
5) Кафеде немесе көшеде ашық Wi-Fi желілері арқылы онлайн банктерге және басқа да маңызды қызметтерге бармаңыз. Мобильді интернетті пайдаланыңыз.
6) Есіңізде болсын: банктер, қызметтер мен дүкендер ешқашан сілтеме бойынша өтуге, парольді өзгертуге, банк картасының нөмірін және құпия растау кодын енгізуге немесе басқа да жеке деректерді ұсынуға өтінішпен хат жібермейді!
7) iPhone телефонындағы Siri қызметін өшіріңіз. Сірә, сіз оны қолданбайсыз, бірақ алаяқтар дауыстық командалар арқылы Интернет-банк арқылы ақша алуды үйреніп алған.
8) Бірнеше электрондық пошта мекенжайларын алыңыз: жеке, жұмыс және ойын-сауық (жазылымдар мен қызметтер үшін).
9) Әр пошта жәшігі үшін әртүрлі күрделі құпия сөзді ойлап табыңыз.
10) Мүмкіндігінше екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.
11) Құпия сөздерді үнемі өзгертіңіз, шолғышты және спам сүзгілерін жаңартыңыз.
12) Белгісіз файлдарды, әсіресе .exe кеңейтімімен іске қоспаңыз
13) Сілтеме мекенжайларын, логотиптерді, мәтіндік және хабарлама жіберушіні мұқият тексеріңіз.
14) Ешқашан спамға жауап бермеңіз.
15) Күмәнді қосымшаларды жүктеп алмаңыз және оны белгісіз сілтемелер арқылы жасауға тырыспаңыз. Тек ресми App Store, Google Play және Windows Market пайдаланыңыз.
16) Google Chrome, Firefox және Opera пайдаланушыларына кеңес: Егер сіз жиі саяхаттасаңыз және қоғамдық орындарда ноутбуктен желіге қосылсаңыз, Интернетке қауіпсіз қосылу үшін арнайы шолғыш кеңейтімін орнатыңыз. Электрондық шекара қорынан (EFF) HTTPS Everywhere жүйесін ұсынамыз. Әдепкі бойынша, бұл плагин Yahoo, eBay, Amazon және кейбір басқа веб-ресурстар үшін қауіпсіз қосылымды қамтамасыз етеді. Сіз сондай-ақ қалаған сайттарды қоса аласыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Internet Security Threat Report. www.symantec.com.
https://ru.wikipedia.org/wiki/
https://habr.com/ru/post/357192/
Kaspersky Lab: Отчеты об ИТ-угрозах. securelist.ru.
FBI Safe Online Surfing Internet Challenge — Cyber Safety for Young Americans (FBI)
https://rocit.ru/knowledge/internet-banking/50-pravil-internet-bezopasnosti
Достарыңызбен бөлісу: |