Тоғыс есебі бойынша жыл басы - бір тоғыс айы, ол григориан календары бойынша әрдайым май айында басталады, содан соң сәйкес ретімен 25, 23, 21, ... 5,3 тоғыс айлары келеді, ең ақырғысы (13 = ай) - 3 тоғыс айы. Бір тоғыс айында Қазақстан жеріне жыл құстарының бәрі де келіп болады. Сондықтан жыл құстарының келуі жаңа жылдың (тоғыс есебі бойыпша) басталғандығының қарапайым табиғи белгісі болған. «Жыл құсы» революциядан бұрынғы қазақ әдебиетінде үлкен тақырыпқа айналған. Тоғыс есебі бойынша жыл басы - бір тоғыс айы, ол григориан календары бойынша әрдайым май айында басталады, содан соң сәйкес ретімен 25, 23, 21, ... 5,3 тоғыс айлары келеді, ең ақырғысы (13 = ай) - 3 тоғыс айы. Бір тоғыс айында Қазақстан жеріне жыл құстарының бәрі де келіп болады. Сондықтан жыл құстарының келуі жаңа жылдың (тоғыс есебі бойыпша) басталғандығының қарапайым табиғи белгісі болған. «Жыл құсы» революциядан бұрынғы қазақ әдебиетінде үлкен тақырыпқа айналған.
1
- Жоғарыда айтылған кейбір авторлар қазақ жылында 13 ай, айларында 27-28 күн болды дегенде азаматтық айлар мен тоғыс айларын шатастырып алған болуы керек. В.В. Радлов қазақ жылының басымай (отамалы) айы деген болатын. Бір тоғыс айы жуық түрде майға сәйкес келеді.
2
- Астрономиядан жазылған белгілі кітаптарда тоғыс есебі айтылмаған, кейбір мақалаларда айтыла қалған күнде «уақыт есебін Үркер бойынша жүргізген» дей салынған. Қалай жүргізілгені мәлімсіз. Тоғыс есебінің анықтамасы мен теориялық негіздері бізге белгілі әдебиетте X. Әбішев пен осы жолдар авторының еңбектерінде ғана кездеседі.
3
- Тоғыс есебі ежелгі түркілер мен үнділерде болған. Г. Н.Потаниннің келтірген деректеріне қарағанда Сибирьдің түркі тілдес халықтары (алтайлықтар, хакастар, тувалықтар т. б.) 1917 жылға дейін тоғыс есебін қолданып келген. Қырғыздардың байырғы календарындағы «тоғыздың айы», «жетінің айы», «бестің айы» т. с. с. ай аттары ежелгі қырғыздардың да тоғыс есебін қолданғандығын көрсетеді.
Байырғы қазақ календарында тізілген жұлдыздарды алсақ, онда хамал (амал) жұлдызы наурызға, сәуір жұлдызы апрельге, зауза жұлдызы мамырға т. с. с. сәйкес болған. Ол даусыз. Мұның қандай себебі бар, есепшілер шатастырып жіберген бе? Жоқ, есепшілер кіналы емес. Мәселе зодиак шоқжұлдыздарының өз орындарынан бір «адым» жылжып кетуінде. Ертеде Тоқты (хамал) шоқжұлдызы Балықтар (үт) шоқжұлдызының қазіргі орнында болған. Басқа шокжұлдыздар да осы тәртіппен бір «адым» жылжып, орындарын ауыстырған.
Бұл - табиғи кұбылыс, ұлы грек астрономы Гиппарх ашқан прецессия құбылысының бір салдары осы. Орнынан жыл-жып кеткен Хамад, Үт, Дәлу т. с. с. шоқжұлдыздар өз шеңберінің бойымен болар-болмас сырғып отырып, 26 мың жылда бұрынғы орнына қайта келеді. Гиппархтан бері өткен 2150 жылда ол шеңбердің 12-ден бір бөлігіндей, яғни 1 айға сәйкес жолға сырғып кетті. Гиппархтың тұсында, шынында да, хамал наурызға, сәуір апрельге т. с. с. сәйкес болған. Сондықтан байырғы қазақ календарындағы зодиак айлары, яғни жұлдыз айлар, мынадай болған:хамал –наурызға сәйкес, сәуір - апрельге сәйкес, зауза – мамырға сәйкес, саратай–маусымға сәйкес, асет –шілдеге сәйкес, сүмбіле–тамызға сәйкес, мизай–қыркүйекке сәйкес, ақырап –қазанға сәйкес, қауыс –қарашаға сәйкес, жәди –желтоқсанға сәйкес, дәлу –қантарға сәйкес, хұт –ақпанға сәйкес.
Жұлдыз айларды сөз еткенде біз олардың ертеде қолданылған ескілікті сәйкестігін және тарихи қалыптасқан ескіше аттарын айтқанымыз жөн. Зодиактың қазіргі сәйкестігі біздің практикамызда қолданылмайды, өйткені есепосы күні жаңа санат бойынша жүргізіледі. Ескі атауды сақтау дәстүрі рим календарында да бар: қыркүйек (римше - «септембер») - «жетінші ай» деген сөз, бірақ ол қазір тоғызыншы ай, қазан (римше - «октобер») - «сегізінші ай» деген сөз, қазір оныншы ай. Қараша, желтоқсан айлары да осылар сияқты. Орындары өзгергенімен, ескіше атаулары сақталған. Бір айта кетерлік жайт: енді 2200 жыл өткенде Хамал (Тоқты) шоқжұлдызы қазіргі Сәуір (Торпақ) шоқжұлдызының орнына барады, онда хамал мамыр айына сәйкес болады. Басқа шоқжұлдыздар да солай жыл-жып кетеді. Мұның себебі де жоғарыда айтылған прецессия.
Достарыңызбен бөлісу: |