Пайдаланылған әдебиеттер:
Егемен Қазақстан газеті, «Елбасы және түркі әлемі», – 30.11.10 жыл
Бекжан Бейсенбай, Түркі халықтарының әдебиеті әлем әдебиетінің бастауында, Алтын ұя //http://altyn-uya.kz/alash-zholy/90-turki-haliktari// сайтынан алынды
Г. Садықова, Басты мақсат – түркі халықтарының әдеби байланыстарын дамыту, «Қазақ үні» республикалық-қоғамдық саяси апталығы, 4 желтоқсан, 2012 жыл
Т.Джафаров, Р. Камал, «Поставим многоточие», Литературная газета, 04.06.09
http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B8%D0%B1%D1%80
Современная узбекская литература, http://www.voyage.uz/ сайтынан алынды
17 Қазан 2013, 14:24, ТҮРКІСОЙ-ға 20 жыл: Түркі жұртының рухани ордасы, Ирина Дынникова
http://www.abai.kz/node/14946// Түркі академиясының тың туындылары //«Абай-ақпарат»//09/21/2012
Аннотация
Берілген мақалада түркі әдебиетінің өткені мен бүгінгі жағдайы айтылады. Әдебиет халықтың «көзі, құлағы һәм тілі», қоғам жаршысы, уақыт таразысы делінген. Оны зерттеу, сараптау, саралау оны жетілдіру мен дамытудың бастауы деп жазылады.
Әдебиет - ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Жалпы, түркі әдебиетінің қазіргі бет-болмысы туралы көптеген пікірлер бар екендігі, сонымен қатар осы пікірлердің алуан түрлі болуы тек қана түркі халықтары әдебиетінің дамуы мен оның әрқилылығына ғана байланысты емес, сондай-ақ қазіргі әлем әдебиетінің даму үрдісінде орын алып отырған түрлі үдерістер мен құбылыстарға тікелей қатысы бар екендігі туралы айтылған. Сондықтан да сонау ықылым заманнан бізге жеткен бүкіл түркі әлеміне ортақ мәдени, тарихи мұраларды сақтап, оны кейінгі ұрпаққа таза, саф күйінде жеткізу бүгінгі күннің негізгі міндеті болып тұрғандығы жайлы сөз қозғалады.
Кілт сөздер: жаңғыру, үдеріс, қазына, құбылыс, рухани, діл.
Annotation
This article deals with the state and the history of Turkic literature. Here is written that the literature is the heart of the nation and its protector. Researching, analyzing the literature are the ways of improving and developing of the country.
Literature is the spiritual wealth and cultural heritage that passes on from generation to generation. Basis of Kazakh literature was laid during the formation of the Turkic tribes, until they formed as a nation.
Generally there exist a lot of opinions about the modern state of the Turkic literature. Of course, the diversity of opinions does not depend only on the process of development of Turkic literature, but with the different changes and events.
Key words: sound, process, wealth, phenomenon, sacred, heart
ҚАЗАҚ БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ҚЫЗДАР БЕЙНЕСІ
Алтынай Айдарханова ҚазмемқызПУ 1-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент С.Сәкенов
Қазақ халқының рухани құндылықтарының ішіндегі ең бір елеулі орын алатындарының бірі эпикалық жырлар десек, солардың құрамындағы айшықты да маңызды және әр шығармада міндетті түрде кездесетін бейнелердің санатына қыздар образдары жатады. Мұны біз батырлар жырына шолу жасау арқылы айқын аңғарамыз. Қазақ қаһармандық эпосындағы қыздар бейнесінен біз халқымыздың адамгершілік асыл мұраттарын, таным-талғамдарын, әр замандардағы салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерін, эстетикалық ұстанымдарын, тарихи мағлұматтарын сезіп- білеміз.
Батырлық жырларымыздағы қыздардың басым көпшілігі қаһарман сипаттағы бас кейіпкердің тағдырына жазылған қалыңдығы, болашақ жары әрі сенімді серігі болып табылады. Отандастарымыздың азаматқа лайық жар туралы түсініктерінің қалыптасуына Құртқа, Гүлбаршын, Назым, Ақжүніс және т.с.с. батырлар жырында суреттелетін қыздардың образдары шешуші ықпал еткендігі даусыз. Халқымыздың сұлулық туралы түсініктерін де осынау кейіпкерлердің кескін – келбеттері байқатады. Оның үстіне бұл арулардың таңдауына іліккен ерлердің ең басты қасиеті батырлық болып табылатындығы да - ел тәуелсіздігі ең басты байлық саналған жаугершілік заманның шындығы. Сондай аласапыран замандар қыздардың арасынан да ерлік әрекеттерімен дараланған тұлғаларды шығарғаны белгілі. Зерттеушілер амазонкалар туралы аңыздар мен жырлардың астарында шындық жатқанын анықтаған (1,135). Осындай батыр қыздар қазақ даласында да аз болмағанын «Қобыланды батыр» жырындағы Қарлыға, «Қарғабойлы,Қазтуған» жырындағы Қазтуған қызының ерліктері аңдатады. Батырдың болашақ жарын дәріптеу дәстүрін мықтап ұстанған жыршылар кейде мұндай көркемдік мақсаттарына жету үшін тотемдік мотивтерді де пайдаланады. Бұл тұста аса жиі бейнеленетін образ аққу-қыз кейпіндегі қалыңдық болып табылады. Мысалы, Едіге туралы жырлардың көпшілігінде қаһарман аққу-қыз бен Баба түкті шашты Әзіздің некесі нәтижесінде дүниеге келсе, «Аңшыбай батыр» жырында да қаһарманға мұсылман және кәпір перілерінің қыздары тұрмысқа шыққан соң батырдың өзі де, ұрпақтары да барша мұраттарына жететін ерекшелікке ие болады. Қазақ қыздарының өзге қандастарынан өзгешелігінің бірі - еркіндік екенін қазақ эпосындағы кез-келген ару аңғартады. Тіпті олар ақылдылығымен, көріпкелділігімен, жігерлілігімен қаһарманға шешуші сәтте көмек беретінін Құртқаның, Ақжүністің, Қарлығаның әрекетттері анық көрсетеді. Кейіпкердің пешенесіне жазылған жарын іздеу мотивтері әр уақыттағы салт-дәстүрден хабар береді. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршын батырдың бесік кертпе қалыңдығы болса, Қобыланды батыр Құртқаны сайыстағы өнерін асыру арқылы алады. Ал, «Қамбар батыр» жырындағы Назым күйеуін өзі таңдау жөнінде әкесінен рұқсат алады. Алғашқы қауым адамдарының тұрмыс-салтында бұндай салттың орын алғандығы туралы атақты этнограф-ғалым Дж.Фрезер: « Зерттеушілердің еңбектеріне қарағанда, қыздардың өзіне жарын таңдаудағы салты алғашкы қауымдық құрылыс дәуірінде өмірден орын алған шындық болған» - деп жазған (2,246)
Қазақ батырлар жырындағы типологиялық сарындардың бірі – зынданда жатқан қаһарманға жау елі билеушісінің қызы ғашық болып, тұтқындағы кейіпкерді босатуы. Сол сияқты «Арқалық батыр», «Мырқы батыр» секілді тарихи жырларда да осындай оқиға баяндалады. Бұл сюжеттің өзге халықтарда да кездесетінін зерттеушілер анықтаған.
Дегенмен, батырлар жырындағы барлық қыздарға ұнамды мінез-құлықтар тән емес. Оған «Қарабек» жыры мен Мұрын жырау репертуарындағы өздерінен барлық жақсылықтарын аямаған ағаларына опасыздық жасап, бауырының жауына көмектесіп, қаһарманды өлтірмекші болған қыздардың әрекеттері айғақ. Бұндай сарындар қазақ ертегілерінде де, сонымен қатар өзге халықтардың фольклорлық мұраларында да ұшырасады. Мысалы,: Сібір халықтарының архаикалық эпосында да осындай мотивтер кездесетініне академик Е.М.Мелетинский: «К относительно поздним сюжетам алтайского эпоса относится также популярный сюжет о жене или сестре, предавшей богатыря его» , - деп тоқтала келіп (3,140) , бұл құбылыстың астарында жатқан сырды: « В приведенных случаях измена сестры –явное следствие ортодоксальных брачных норм, т.е. нарушение эндогамии», - деп түсіндіреді(4,290).
Пайдаланылған әдебиеттер:
Е.М.Мелетинский, «Произхождение героического эпос» Москва «Вост. Лит.» 2004ж
Дж.Фрезер, «Золотая ветвь» Москва «Вотс. Лит.
Түйіндеме
Алтынай Айдарханованың «Қазақ батырлар жырындағы қыздар бейнесі» атты баяндамасында қазақ қаһармандық эпосындағы қыздар бейнесі жүйелі, диахрондық, синхрондық және салыстырмалы–салғастырмалы зерттеу тұрғысынан жан-жақты қарастырылған. Ізденушінің бұл еңбегі зерттеу тақырыбына қатысты тың да нақты байқаулар білдіруімен және өзіндік ой-пікірлері мен ғылыми қорытындыларын ұсынуымен ерекшеленеді.
Резюме
В докладе Алтынай Айдархановой на тему «Образы девушек в казахском богатырском эпосе» всесторонне рассматрываются образы девушек в казахском эпосе с позиции системного, диахронного, синхронного сравнительно-сопоставительного научного анализа. Данный труд молодой соискательницы отличается с выдвижением новых, конкретных научных наблюдений и получением собственных идей, суждений и научных выводов.
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ХАЛЫҚТАР ЭПОСЫНДАҒЫ НҰРАДЫН БЕЙНЕСІ
Фариза Байболат. ҚазмемқызПУ 1- курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент С.Сәкенов
Қазақ және онымен қандас халықтардың эпосында айшықты түрде бейнеленетін тарихи тұлғалардың бірі-атақты Едіге бидің тұңғыш ұлы Нұрадын. Бұл кейіпкер эпикалық жырлардың нұсқаларында әр қилы аталатынына көңіл аударған Қ. Алпысбаева:«Мелиоранский бастырған түпнұсқада Едігенің баласы Нұрадын бір - екі жерде Нұралын, бір жерде Нұрадын деп, енді бірде Нұралы деп, жазылған (жырдың басқа халықтардағы нұсқаларында Нүредін, Нұрадын, Нұралын, Мұрадын, т.б.). Мелиоранский мұны байқағанымен, түзетпеген» ,-деп жазған[ 1,393].
Нұрадынға арналған жеке жырлар тек қазақ эпосында ғана кездеседі. Ал, өзге халықтар эпосында Нұрадынның іс-әрекеттері Едіге туралы туындылардың құрамында суреттелген. Олардың мазмұндары Мәшһүр Жүсіп қағазға түсірген «Ер Едіге» жырына ұқсас. Мұнда бас қаһарман өзінің жауы Тоқтамысты елінен қашырған соң болған оқиға: «Жалғыз баласы Нұралыны:«Тоқтамыстың басын кеспей, көзін теспей қайтушы болма»,-деп, соңына салып қоя беріпті. Сонда Нұралы әкесіне қатты тапсырып айтып кетіпті:
- Тоқтамыстың екі қызының бірін өзің аласың, бірін маған қой,-деп.
- Жарайды, балам, Тоқтамыстың қарашығын жер үстінде қалдырмасаң болады,-депті. Тоқтамыстың ханымы мұны естіп, әкелі-балалы екеуін араз қылу үшін екі қызын бірдей Едігенің қойнына салып, бауыр бастырып, өз некесін қидырып, меншікті етіп қойыпты»,- деп суреттелген.
«Едіге» жырының өзге халықтардағы нұсқаларында және қазақша «Едіге жыры», «Едіге батыр әңгімесі», «Ер Едіге» атты нұсқаларында осы оқиғадан басталған әкелі-балалы батырлардың араздығына кеңінен орын беріледі. Дегенмен, бұндай сарындар Едіге туралы жырдың барлық қазақша нұсқаларында кездесе бермейді. Оған қазақ жыршыларының өздері айтып отырған туындылардың тәрбиелік мәніне баса назар аударып, теріс қылықты көпшілікке мағлұм етуден бойларын аулақ салуы себепші болған.
Мысалы, Мұрын жырау айтқан жырларда да баланың әкесіне қарсылығы мүлде сөз болмайды. Ол кісіден жазып алынған «Қырымның қырық батыры» эпопеясының бірінші циклында «Едіге» жырынан кейін «Нұрадын» атты жырда бас кейіпкердің әкесінен бата алып, әкесі берген тұлпармен ындыс еліне аттанғандығы баяндалады. Сол сапарында Тарқас хан бастаған жауларын жеңген Нұрадын Етірек пен Күргендегі қызылбас еліне жорыққа аттанып, одан да жеңіспен оралады.
Ал, профессор Васильев қағазға түсірген 2000 тармақтан тұратын жырда әуелі Нұрадынның ұрпақтары Мұсаның, Алшағырдың, Мамайдың және Орақтың қалмақтармен соғыстары суреттелген. Жырдың Нұрадын батырға арналған бөлігінде, қалмақ ханы Тайып ноғайдың ханы Шуманға әйелдікке қызын бермесе, соғыс ашатындығын айтып елші жібереді. Ноғай ханы көмекке он төрт жасар Нұрадын батырды шақырады. Нұрадын Тайыппен болған шайқаста жеңіп, қалмақтарға қарсы ойсырата соққы беріп еліне оралады.
Жырдың Мұрын және Васильев нұсқаларын тарихи деректермен салыстыру барысында академик В. М. Жирмунский бұл туындылардың фоны анахроникалық сипатқа ие екенін атап өткен болатын [2,395-396]. Шындығында Нұрадынды қалмақпен, үндіспен және қызылбастармен соғыстыру шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені Ноғай ордасының адамдары қалмақтарды ең алғаш рет XVII ғасырдың басында көргені, ал, Едігенің заманында Ақсақ Темірдің шабуылынан есеңгіреген Үндістан мен Иранның Ноғай ордасымен соғысатын шамасы жоқ болғаны белгілі.
«Ер Едіге» жырында Нұрадынның Едіге қаза тапқан сәтте тірі екендігі баяндалады. Дегенмен, бұл айтылғандардың шындыққа жанаспайтындығын Қадырғали Жалайырдың өз шежіресінде: « Едіге бидің көзі тірісінде, Нұраддин мырза іш ауруы тиіп отыз жеті жасында қаза болды»,-деп жазғанынан аңғарамыз [3,255].
Жыршылардың тарихи танымының шектеулілігін Мұрын жырлаған туындының соңында Нұрадынның зайыбы Мұса атты ұл туғаны айтылуынан да байқаймыз. Өйткені Мұсаның Нұрадынның ұлы емес, немересі екенін Қадырғали Жалайыр: «Нұрадын мырзаның ұлдары Афас, Оқас, Хуразми еді... Оқастың ұлдары Мұса, Ямғурчи еді. Атасынан соң Мұса би болды. Содан Хуразми би болды. Мұса Ямғұрчымен бір анадан туған еді.»,-деп анықтап көрсеткен[3,256].
Едіге жырының кейбір қазақша нұсқаларында Едіге өлгеннен кейінгі уақыттағы Нұрадын мен Қадірберді арасындағы қарым-қатынас суреттеледі. Бұл да шындыққа сәйкес келмейді. Себебі, Едігені Қадырберді өлтіргені – ақиқат. Ал, жоғарыда келтірген деректер ол кезде Нұрадынның өмірде болмағанын білдіреді.
Пайдаланылған әдебиет.
Бабалар сөзі. Т-39. Астана: «Фолиант», 2006.
В. М. Жирмунский. Тюркский героический эпос. Москва. 1974.
Қадырғали би Қосымбекұлы. Жылнамалар жинағы. Алматы: Қазақ университеті, 1991.
Түйіндеме
Фариза Байболаттың «Қазақ және өзге халықтар эпосындағы Нұрадын бейнесі» атты баяндамасында қазақ және өзге де халықтар эпосындағы Нұрадынның бейнесі салыстырмалы және типологиялық тұрғыдан ғылыми талданған. Студент өз зерттеуінде көптеген тың байқауларын білдіріп, көкейге қонымды өзіндік пікірлері мен ой қорытындыларын жасай білген.
Резюме
В докладе Фаризы Байболат на тему «Образ Нураддина в эпосе казахского и тюркоязычных народов» осущестлен научный анализ образа Нураддина в казахском и тюркоязычных эпосах с позиций сопостовительного и типологического исследования. Студент в своем научном труде смог выдвинуть свои новые наблюдения, сформулировать собственные суждения и умозаключения.
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ ЖІГІТ СИПАТЫ
Сайлау Гүлжамал №156 Жалпы білім беретін орта
мектептің оқытушысы
Мақал-мәтелдер-ғасырлар шежіресі, сөз мәйегі, асылы, саф алтыны. Мақал-мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Прозалық, поэтикалық құрылымы көп болады. Олардың қайсысынан болсын проза, поэзияға, тән ырғақ, үйлесім, саз, интонация- барлығын байқауға болады. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Мақал-мәтел-дерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған. Халқымыздың мақал-мәтел-деріне үңіле қараған сайын, оның қоғамның барлық саласын қамтитынын көреміз. Даналықты білдіретін ұғым-түсініктер мен олардың атаулары тілі-мізде өте көп. Олар: «мақал», «мәтел» , «аталы сөз», «нақыл сөз», «қанатты сөз» сияқты тәрбиелік мәні көп ауыз әдебиетінің бір салалары. Мақал да, мәтел де тілімізге араб тілінен енген.Мақал араб тілінде «орынды айтылған сөз» деген мағына береді. Ал, мәтел сөзі де түпнұсқада айтылуына, жазыл-уына байланысты тұлғасы өзгертіліп айтылған араб сөзі. Мақал-мәтел деп қосарлап айтудағы мақсат- «әрі мысал, әрі тәмсіл» дегенді аңғартады. Мақал-мәтелдер қосарлана айтылып, бір-біріне туыс болғанымен, екеуінің өзара айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалатынын айта кеткен жөн.Негізінен, мақал екі бөлімнен тұрады және ой тиянақты болып келеді. Мақалда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Ал, мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгешерек. Мәтелде ой тұспалдап, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ болады. Мәтелдегі бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды, мәтелде дәлелдеу де, тиянақты тұжырым да болмайды. Мақал мен мәтел бір-бірінен осындай белгілер арқылы ажыратылады.
Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған. Дастан, хиссаларға қарағанда, мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті- көлемінің шағын-дығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Мақал-мәтелдерді дана бабаларымыздан қалған аталар сөзі десе де болады.
Мақал-мәтелдер-халық даналығы, халық мұрасы. «Ұлт ұстазы» атанған Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиеттанытқыш» (1926) атты еңбегінде: «Мақал-тақпаққа жақын халықтың салт-санасына сәйкес айтылатын пікірлер. Ал, мәтел дегеніміз- кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын келеді»,- дейді. Шынында да,мақал-мәтелдерде айтылатын ой, ақыл бір-екі сөзбен ғана ықшамдалып, терең мағыналы сөздермен беріледі. Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болады. Мақал-мәтелдердің үлкен бір саласы ерлікке, батырлыққа байланысты. Халық ел қорғаны батырды мадақтаған. Мақал-мәтелдерде ер мен ез, батыр мен қорқақ қатар айтылады. Сөйтіп, елден туған ерді үлгі-өнеге етеді, қоян жүрек қорқақты сынайды. Жастарды ерлікке баулуды мақсат етеді. Әсіресе, мақал-мәтелдер-дің Отан, туған жер, өнер-білім, еңбек, адамгершілік, сондай-ақ ел қорға-нышы бола білген ер-азаматтарға арналған ерлік, батырлық туралы түр-лері көп. Мақал-мәтелдерді заттық-тақырыптық белгілері бойынша топтас-тыруға болады.
Менің қарастыратыным- қазақтың мақал-мәтелдерінде жігіт сипаты-ның берілуі болғандықтан, қазақтың мақал-мәтелін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне үңілдім. Мақал-мәтелдерді тақырыптық жағынан топтастырған қазақ ғалымдары: Ө. Тұрманжанов, Б. Адамбаев, Ә. Қайдар, М.Әуезов, Мәлік Ғабдуллин, Қ. Жұмалиев, Т. Кәкішев, С. Қасқабасов, М.Әлімбаев болды.
Ал, Өтебай Тұрманжанов «Қазақ мақал-мәтелдері» атты еңбегінде (1977) мақал-мәтелдерді үлкен 7 тақырып аясында 24 тақырыпшаға бөлген. Автор оның 1 бөлімінде «Ерлік-батырлық» туралы және 7 бөлімінде «Ер тура-сында» жазған. Ал, 2003 жылғы Т. Смаилова құрастырған басылымында мақал-мәтелдерді 63 тақырыптық топқа бөлген. Онда 1) жігіт-күйеу, 2) бірлік- батырлық, 3) еркек пен әйел турасында, 4) ер турасында, 5) ұл турасында сияқты тақырыпшаларға бөлінген тағы басқа бөлімдері бар. Мұндағы «ер турасында», «ұл турасында» деген тақырыптарды біріктіріп, «ел турасында» деген бөлімге сыйыстырса ұтымды болар еді деген өз ойымды айта кетуді жөн санадым. Ал, «Халық даналығы» атты (2004) еңбектің авторы Ә. Қайдар өз еңбегінде мақал-мәтелдерді терең зерттеп, әрбір мақал-мәтелге сипаттама түсініктеме берген. Бұл еңбектен де жігіт турасында жазылған мақал-мәтелдерді көп кездестіреміз. Ақын-жазушылар-дың шығармаларында мақал-мәтел болып кеткен жолдарды да кездестіруге болады. Мысалы, Ы. Алтынсарин мен А.Құнанбайұлының көптеген өлең жолдары қанатты сөздерге айналып кеткен.Ал, қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері: Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабиден сияқты қазақтың ұлы жазушыларының шығармаларында да мақал-мәтел боп кеткен жолдар аз емес екенін айта кеткім келеді.
Жалпы алғанда, жігіт сипатына, мінезіне байланысты мақал-мәтелдер көп. Өйткені, қазақ халқы ер баланы жас кезінен бастап батырлыққа, өжет-тілікке, қайсарлыққа тәрбиелеген. Дүниеге ұл бала келсе, ерекше қуанған. Оның адал, батыр, көпшіл, намысшыл болып өсуіне көп көңіл бөлген. Халқымыз ер баланың шымыр денелі, зор күш иесі болып тәрбиеленуін қолдаған. Ұл баланың сөзге шешен, ділмар, ақылды, ат құлағында ойнай білетін ер жігіт болып өсуіне ата-анасы, қоғам өз ықпалын тигізетін болған.
Қазақтың мақал-мәтелдеріне үңілсек, ер жігіттің ерлігі, намысы, жақсы мінезі, қайсарлығы, сондай-ақ кейбір жігітке тән емес қорқақтық, сатқындық, екі жүзділік, өсек айту, еріншектік, ұрлық, қаталдық, тағы басқа қасиеттер ерекше айтылады. Сонымен қатар, ер жігіттің қару-жарағы және сәйгүлік аты болады. Халқымыз ұл баланы ерекше қастерлеп, оны болашақ ел қор-ғаны болатын азамат деп дәріптеген. Батыр-өзінің ел-жұртын қорғаған, жауды көріп үрейленбеген, оған қарсы шапқан, жекпе-жекте ұрысқа түсіп, жұрт алдында жауын жеңген, намысын таптатпаған. Осындай қасиеттерге тәрбиелеу үлгісін біз мақал-мәтелдерден көреміз. Жігітке байланысты тілі-міздегі мақал-мәтелдерді былайша топтастырдым:
а)жігіттің ерлігін, ар-намысын сипаттайтын мақал-мәтелдер;
ә) жігіттің елі, Отаны туралы мақал-мәтелдер;
б) жігіттің түр-сипаты, мінезі, қасиеттері, өнері туралы мақал-мәтелдер;
в) әке мен ұл бала арасындағы байланысты дәріптейтін мақал-мәтелдер;
г)ердің бес қаруы, тұлпар аты туралы мақал-мәтелдер;
а) Жігіттің батырлығын, ерлігін, өжеттігін, ар-намысын сипаттайтын мынадай мақал-мәтелдер кездеседі: Ерлік білектен емес, жүректен; Ауыр қазаны ер көтерер; Қабырғалы қара нар, қабырғасын сөксе бақ етпес; Жүкті нар көтерер, Қайғыны ер көтерер; Ердің екі сөйлегені -өлгені; Ер өлсе де, аты өлмейді; Ер бір рет өледі; Еменнің иілгені- сынғаны, Ер жігіттің ұялғаны-өлгені; Күшті ер алып та жығды, шалып та жығады; Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді; Күш- атасын танымас; Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме; Судан тонын аямаған, жаудан жанын аямас; Ер мойнында қыл арқан шірімес; Ерді қорласаң-састырар; Ер жігіт үйде туып, түзде өлер; Палуанға оң-терісі бірдей; Жүк ауырын нар көтерер; Шын ер жеңсе, тасымас, жеңілсе, жасымас; Болат қойнауда шынығады, Батыр майданда шынығады; Ер қаді-рін, ел білер; Елуінде ер –дана; Ер бала ата-анаға таяу; Батыр қол бастар, көсем сөз бастар; Ердің ерлігін білмеген, құдайдың бірлігін білмейді; Ер шекіспей, бекіспейді; Арыстанда бір жігіттің күші бар, қырық жігіттің жүрегі бар; Ердің аты айқаста шығады; Ердің сөзі-біреу; Ердің көгі-үшеу (М. Қашқари); Жау көргенде, алып ер- арыстан болар; Батыр жауда көрінеді, Данышпан дауда көрінеді; Ер жігіт не көрмейді; Ерегісте ер өлер; Екі батыр егессе, Екеуінің бірі өлер; Батыр бір оқтық; Ерлік білекте емес, жүректе; Алыстан шабынған ердің күші қайтар; Ер айтпас, айтса қайтпас.
Бұл мақал-мәтелдерден халқымыздың ер-азаматты арқа тұтып, сүйеніш тұтқанын көреміз. Ерге тән қасиеттер: намыс, төзімділік, сөзге беріктік, екі сөйлемеу, ар-ұят, айла, сырға беріктік, айтқанынан қайтпау, даналық, ел алдында қарапайым болу, асып-таспау, секілді қасиеттердің барлығы халық сөзі болып табылатын мақал-мәтелдерде көрініс тапқан.Халық ел қорғаны деп батырды мадақтаған деген ойға тоқталасың.
ә) Жігіттің елі, Отаны туралы мақал-мәтелдер: Ерден аспақ болса да, елден аспақ жоқ; Ел барда, ер қор болмас; Ердің ісі-елдің мойнында, елдің ісі-ердің мойнында; Ел үмітін-ер ақтар; Ер атасын – ел сақтар; Ер салмағын ел көтереді, Ел салмағын жер көтереді; Ерді ел теңгерер; Елін сүйген, ер болар; Ердің сыншысы-елі; Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі; Батыр туса- ел ырысы; Ер-елдің көркі; Ер сүрінбей, ел танымас; Ер туған жеріне, ит тойған жеріне барады; Ел даусыз болмас, ер жаусыз болмас; Ердің ерлігі елінен танылар, Елдің байлығы жерінен табылар; Ел мақтаған жігітке, қыз тоқтаған; Ер бала елін сүйеді; Ер елінде, жер гүлінде; Ер елінде көгерер; Ат айналып, қазығын табар, Ер айналып, елін табар; Елінен безген ер оңбас: Су тасыса- жиегіне, ер тасыса-еліне; Ердің малы-елдің малы; Ел-ырыстың кілті; Ер-ырыстың қорғаны; Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас; Есі бар жігіт, елін табар.
Батыр елімен батыр. Оның ерлігі де, салмағы да елдің ішінде танылады деген тоқтам айтылады.
б) Жігіттің түр-сипаты, мінезі, қасиеттері туралы: Ат ерінді келер, Ер мұрынды келер; Бөрі соғар жігіт, бөркінен белгілі; Адаспаймын деген ер тал түсте адасады; Айнымас жүрек, ер көңіл, ер жігіттің серігі; Ер жігіт үйінен шықса, үйіріне қосылар; Тәуекел тау жығады; Айласыз батыр алдырар; Жігіт бір қырлы, сегіз сырлы болсын; Жігітке жетпіс өнер де аз; Ер жолдасы-тәуе-кел; Жігіттің түсін айтпа, ісін айт; Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, Олақ жігіт оңай істі күш қылар; Қырсыққан жігіт мал таппас, Адасқан жігіт жол таппас; Жаман болатын жігіт шегіншек келер, Кедей болатын жігіт еріншек келер; Ер еңбегімен озады, Еріншек езілумен тозады; Ер дәулеті-еңбек; Өзі зордың иығы да зор; Көңілшек жігіт жарлы болар; Асыл жігіт белгісі- аз сөйлер де, көп тыңдар; Адам болар жігіттің жары өзіне лайық; Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады; Өнерлі жігіт өрге озар, Өнерсіз жігіт жер соғар; Жігіттің екі өнері бар: атқанда-жыққан, ашқанда-оқыған; Жаман жігіт есебінен белгілі; Батыр көпті, жомарт жоқты білмейді; Талапты ерге нұр жауар; Ердің асылы ісінен білінеді; Уайым-ердің қорғаны; Жақсы жігіт ел-жұрттың қаласындай; Батырлардың мықтысы қарушы болады, Жігіттердің сұлуы бауырмал болады; Қас батыр тәкаппар келеді; Жұдырық жұмсау, ер жігітке ерлік емес; Жомарт ер білім жолын жете білер; От түтінсіз, жігіт мінсіз болмас; Жақсы еркектің атын, жақсы әйел шығарады; Ақылды ер әр адамның көңілін аулайды; Ер адамның көркі-ақыл-ойы; Осал ер қу тақыр кедей болады; Атақ қуған ер өзінің түбіне жетеді; Тентек жігіт той бұзар; Батырдың бір ісі тентек, Қорқақтың екі ісі тентек; Жігіт жанған шоқ болсын, Шоқ болмаса, жоқ болсын; Мұртқа өкпелеп жүргенде, сақал шығыпты; Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер.
Ер азамат ер болуы үшін, соған сай мінезі, өнері, тәрбиесі болған жөн деген ой туады.
в) Әке мен ұл бала арасындағы байланыс, бала тәрбиесі туралы: Жалғыз жігіт би болмас; Жалғыз жігіт басына іс түскенде, ақылынан адасады; Жал-ғыз жігіттің айласы көп, Жалғыз аттың пайдасы көп; Салт аттылы, сабау қамшылы; Жалғыз батыр жауға жоқ, Жалғыз жігіт дауға жоқ; Үш ағайынды жігіттің отарда малы бар, Екі ағайынды жігіттің мойнында тасы бар, Жалғыз жігіттің шығар шықпас жаны бар; Ұл туғанға, күн туар; Атадан жақсы ұл туса,әкесінің есіктегі басын төрге сүйрер, Жаман ұл туса, әкесінің төрдегі басын есікке сүйрер; Атаңның ұлы болма, Адамның баласы бол; Әкеге қарап ұл өсер; Ұлдың аты-әкенің көзі; Ұл мен қыз –көздің нұры; Ұл атаның ері, екі көзінің бірі; Ұлдың күні күн емес, атадан мал қалмаса; Дәулетті ұл-ошақтың қоры, Дәулетсіз ұл-атаның көрі; Ұл туса, мінез-құлқы әкеге тартады; Ұл өссе, әке тынығады; Ұлы барды өкпелетпе; Ел ұлсыз болмас; Жігіттің құны жүз жылқы; Ұлың өссе, ұлықтымен ауылдас бол; Аталы ұл-қожалы ұл; Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді; Әдепті жігіт-қылықты қыз; Әке-балаға сыншы; Әке көрген оқ жонар; Әкенің дәулеті балаға қырық жыл азық; Әкеңнің баласы емес, адамның баласы бол; Әке тұрғанда ұл ер жетпейді.
Бұл мақалдар ұл бала тәрбиесінде әкенің қандай маңызды рөл атқара-тынын көрсетеді. Әкенің отбасы тәрбиесінде маңызды орын алатынын және әкенің тәрбиесін көріп өскен бала өмірде тәрбиелі, өнегелі, ер жігіттің жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп өсетінін айта кету керек деп ойлаймын.
г) Жігіттің тұлпар аты және қару-жарағына байланысты туындаған мақал-мәтелдер: Ер қанаты-ат; Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар; Жылқы-малдың патшасы; Атының сыры иесіне мәлім; Ердің құны-мың жылқы; Ат баспаймын деген жерін үш басады; Ер бармаймын деген жеріне үш барады; Ат басына күн туса, ауыздығымен су кешер, Ер-басына күн туса, етігімен су кешер; Алып-анадан, ат-биеден туады; Ат шаттанады-ер шат-танады; Ер-атымен, Құс –қанатымен; Тұлпар ерін сақтайды, Ер елін сақтай-ды; Шабан жылқы ұранды білмес, Жаман жігіт туғанды білмес; Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар; Ер сүрінбей, ел танымас, Ат сүрінбей, жер танымас; Ерге лайық ат туады; Ер аруағы –қазығы; Ат арыса-тулақ, Ер арыса-аруақ; Жақсы аттың жалын сақтағанша, Жақсы жігіттің арын сақта; Ер сасқанда, ат шапқанда белгілі; Жігіттің ары мың жылқы; Азынаған айғырдың үйірін көр, Менменсіген жігіттің үйін көр; Жалғыз шапқан ат- жүйрік, Жалғыз сөйлеген жігіт- шешен; Ақылсыз жігіт-ауыздықсыз ат; Жүйрікте де жүйрік бар-қазанат жөні бір басқа, Жігітте де жігіт бар-азамат жөні бір басқа; Жігіттің сырлысын, аттың жолдысы теңейді; Еруліге –қару-лы; Аңдыз болса ат өлмес, Айғыр болса- ер өлмес; Арғымақ аттың баласы, Аз оттап, көп жусайды; Асыл ердің баласы, Аз сөйлеп, көп тыңдайды; Ат-құлыннан, Батыр-баладан.
Мақал-мәтелдің ауыспалы мағынасы болады. Мысалы, «Ер қанаты-ат» ,- деген мақалда ешқандай тұспал, астар, ауыстырмалы мағына жоқ, ой ашық айтылған, ишаралау жоқ. Ал, «Тай атқа, ат мұратқа жеткізеді» ,-деген мақалда ишара да, астар да мол кездеседі. Ер жігіттің бес қаруының бірі жақсы атты күтіп-баптаудың жөн-жосығын білу ерге сын. Сондықтан, мұндағы мақал-мәтелдердің көпшілігінде ер мен ат қатар аталады.
Қорыта келгенде, қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары-өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік. Ойды ұштап, қиялды қанаттандыратын да осы мақал-мәтелдер десе болады. Халық даналығының қайнар көзі-тіліміздегі мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдерде ер мен ез, батыр мен қорқақ қатар айтылады. Сөйтіп, елден туған ерді үлгі-өнеге етеді, қоян жүрек қорқақты сынайды. Жастарды ерлікке баулуды мақсат етеді. Мақал-мәтелдерде «Елінен безген ер оңбас, Көлінен безген қаз оңбас!»-десе оны біз өзімізге мансұқ етеміз. Сонымен қатар, «Ер бір өледі, ез мың өледі!»,- дегенде ел қорғанышы болатын азаматтарға отаныңды, халқыңды қорға, ұлттық намысыңды таптатпа, қас-қағымдық үрейге беріліп «мың өлме»,- деп меңзейді. Мақал-мәтелдердің тағы бір ерекшелігі- дыбыс үндестігіне негізделгені. Сондықтан олар музыкалық саздылығымен оқушысына әсер етеді, мақалдағы негізгі ойға жетелейді. Мысалы, «Ердің ісі-келіс, ездің ісі-керіс»,-деген мақалды алалық. Осында «е, і» дыбыстары бірнеше рет қайталанған. Сол дыбыстар мақалдың саздылығын күшейтіп, құлаққа жатық та әсем үн естіледі. Мақалдағы негізгі ой ер мен езге байланысты. Бұл жерде әңгіме солардың бойындағы адамгершілік қасиет болып отыр. Сонан соң осы мақалдағы сөздер үйлесе үн тапқан. Негізгі ұйқас жол аяғындағы «келіс» пен «керіс» сөздеріне негізделсе , мақалдағы басқа сөздер іштей үйлесім тапқан. Бұл ұйқастар мақалды ажарландырып тұр. Қазақ өміріндегі әлеуметтік-тарихи өзгерістерге байланысты мақал-мәтелдердің де мазмұны байып, өзгеріп отырады. Әрбір тарихи кезең мақал-мәтелдерде өзінің ізін қалдырған. Жалпы білім беретін мектептермен бірге арнаулы орта және жоғары оқу орындарына да ұлттық болмысымызды сипаттап , айқындайтын ауыз әдебиеті үлгілерін, соның ішінде мақал-мәтелдердің бала тәрбиесіндегі орнына айырықша көңіл бөлуіміз керек. Өйткені, қазіргі әлеуметтік жағдайға сай ер-азаматтарды тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы деп айтар едім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ө. Тұрманжанов. Қазақ мақал-мәтелдері. А.,1997,
2. Т. Смаилова. Қазақ мақал-мәтелдері. А., 2003.
3. Ә. Қайдар. Халық даналығы. А., 2004.
4. Б.Адамбаев. Қазақ мақал-мәтелдері. А., 1986.
3-секция.
Оқытудың жаңа технологиялары: үрдістер мен тәжірибе
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Шарапатова А.М. 4 – курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент А.З.Тілеуова
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы
Сабақ – мұғалім ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушыларыдың пәнге деген ынта – ықыласын төмендетеді. Ал сабақты ынғайына қарай түрлендіріп өтсе, дәрістің мазмұнын аша түседі. Оқушылардың пәнге қызығуын арттырудың бір жолы – сабақты жаңа тәсілмен, жаңа педагогикалық технологиялармен өткізу. Қай технология болмасын жеке тұлғаның өзін – өзі дамытуына, шығармашылық қабілетін арттыруына, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруына көмектеседі. Педагогикалық технологиялардың қай – қайсысы болмасын бірін – бірі толықтырып, сабақтасып келеді. Жоспарланған нәтижеге жетуге, қойылған мақсаттың орындалу мүмкіндігіне кепілдік береді. Демек, педагогикалық технология мен әдістемелерді ретіне қарай мұғалім өз қалауымен таңдап қолдана алады. Бүгінде оқу үрдісін ұйымдастыруда инновациялық оқытуға көбірек назар аударылуда. Инновация – педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация – жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмұндағы түрі.
Инновациялық әдістеме – инновациялық әдіс – тәсілдер мен дидактикалық құралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.
Қазіргі таңда қазақ әдебиеті сабақтарын оқыту барысында көптеген ірі блокты жүйелі түрдегі модульдер қолданылуда. Соның негізіне орай модульдік оқыту технологиясы назардан тыс қалмайды.
Модульдік оқыту технологиясы оқу үрдісін жаңаша құруға және оптимазациялауға байланысты қазақстандық және әлемдік оқыту жүйесінің барлық саласында кеңінен қолданыла бастады. XXғ. 60 – шы жылдары АҚШ, Германия, Англия сияқты елдердің оқу үрдісіне еніп, алғаш рет осы елдерде оқытудың мазмұнына қарай оқу материалдарын бөліп оқыту тиімді деген идеяны енгізген. Модуль ( лат.) – «өлшем», «шама», «мөлшер » деген ұғымды білдіреді. Модуль арқылы оқытудың тәжірибелік тұрғыдан тиімділігін, оқу материалдарын модульге құру, соның нәтижесінде модуль
арқылы оқыту ұтымды екенін Ю.У.Байсалов, Г.С.Күрдебаева, Н.Оралбаева, К.Жақсылықова, Р.Жанпейісова, З.Бейсембаева, Н.Г.Нуртаева т.б. өз зерттеулерінде атап көрсетті.
Модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушы өз мүмкіншілігіне қарай жұмыс істейді. Көптеген ғалым – педагогтар зерттеп, мұны көрсетуде. Модульдік оқу – білім мазмұнын әр қырынан жетілдірудің, ұйымдастырудың құралы мен әдісі. Сондай - ақ теориялық және практикалық білімді қамтамасыз етудің құрылымдық жүйесі. Зерттеуші ғалымдар: Г.Қ.Нұрғалиева, А.Құсайынов, Қ.Мусин: «Модуль – іріленген мазмұнды дидактикалық бірлік. Ол зерттеліп отырған педагогикалық құбылыстың мәнін сипаттайтын ғылыми білім жүйесін өзара функционалдық байланыстармен қоса ашып көрсетеді», - деп анықтама береді.
Модульдік оқу жүйесінің тиімділігі және оның нәтижесі көбінесе студенттердің, оқушылардың өз беттерімен тапсырманы орындай білулерінен, мәселені жан –жақты қарастырып, шеше алуларынан, сапалы жұмыс түрлерінен толық көрінеді. Демек, оқушы атқаратын танымдық іс – әрекеттің әр түрлілігі олардың танымдық қызығушылығын туғызуға, оның қабылдауын, түсінуін, ойлауын, есте сақтауын, тұжырым жасай білуін т.б. дағдылары мен біліктерін дамытуға негізделген.
« Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Біздің зерттеулеріміз 7 – 12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті», - деп жазады М.М.Жампейісова.
Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1- 2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10 – 20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2 – 6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуінен құрылған. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткендей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте – 13- тен 24 ретке дейін – қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
( оқу материалын меңгеру оған 7 мәрте қайта оралып, пысықтағанда ғана жүзеге асатынын психологтар дәлелдеп отыр. ) Оқу модулінің қорытынды
бөлімі бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір – біріне көмегі, бірін – бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.
Сонымен қатар модульдік оқытудың тағы бір ерекше тиімділігі:
Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
Оқушының жеке қабілеті айқындалады;
Іштей бір – бірінен қалмауға тырысады ;
Тапсырмаларды күрделену деңгейіне сәйкес оқушылардың ойлау қабілеті артады;
Әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
Жұмыс дәптерінің соңында әр деңгейді орындағаны жайлы белгі қойылып, жиналған ұпай санын оқушылар өздері жазып отырады;
Сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біледі.
Мазмұнына бірнеше рет қайтып оралу арқылы оқушының қарапайымнан күрделіліктеріне репродуктивтік білімнен шығармашылық ізденіспен жұмыс жасауына, түсіну деңгейінен тасымалдау деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік туғызады.
Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:
Оқытудың жалпы мақсатын қою;
Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
Оқушылардың білім деңгейін алдын – ала бағалау;
Оқу әрекеттерінің жиынтығы;
Нәтижені бағалау;
Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:
Жалпы білім сапасын жоғарылату;
Сабақтың тиімділігін жоғарылату;
Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;
Оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;
Жеке тұлғаның өзін – өзі реттеуі, өзін – өзі тәрбиелеуі, өзін – өзі дамытуы.
Модульдік технология алға қойған мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруда және оны дамытуда ықпалы зор.
Жас ұрпақты білімді өз бетінше меңгеруге, ойлау, есте сақтау, ауызша және жазбаша дамытуға дағдыландыруда модульдік технологияны оқытудың маңызы зор.
4-секция
Кәсіптік білім және тәлім-тәрбие
ЖАСТАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Базылбеков Маралбек Абай атындағы ҚазҰПУ студенті
Ғылыми жетекші: п.ғ.д. профессор Баймолдаев
Тұрсынбек Молдаханұлы
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Абай атындағы ҚазҰПУ.
Қазіргі жастар қоғамы ерекше қоғам. Ерекше болғанда дәл сол қалпы бірақ әлде қайда жаңа прогреске бет бұрған қоғам. Олардың замандары олардан көп нәрсені талап етеді. Олардың заманы дегеніміз бұл ХХІ ғасыр көшбасшылық, нарықтық экономика, бәсекелестік заманы. Осындай заманда дарынды жастар, интелектуалды толқын тәрбиеленуде. Бұл бүгінгі күннің жаңалығы емес. Бұл қай заманда да болған.
Адамдардың табиғаты әр түрлі болу себепті, олар әр түрлі қалыпта қабылдайды, әр түрлі деңгейде тәрбиеленіп сонымен қатар әр түрлі өз жолын табады. Өзінің қандай екенін анықтауға байланысты Ж.Аймауытов: «Кісінің өзі байқамай жүрген қуатын кейде тұтқиылдан өмір, іс туғызады, ірі адамдардың өмірін оқыған жас бұларды байыптар еді, олардан өнеге, тәжірибе алар еді. Өмір бойы еңбек еткен адамның қандай кемелдікке жеткенін сол адамдардың өмірінен көруге болады. Кемелдікке жету үшін ірі адамдарда келешектегі игілікке зор үміт, өзінің күніне зор сенім болған. Бір нәрсені іздей, соңына түскен адам, егер ынтасы, қабілеті, таланты болса, түптің түбінде мақсатына жетпей қоймайды» [1]- деген болатын, бұдан біздің ұғарымыз олардың өз ортасы болуы керек екендігі. Және сондай ортада адамның өзін-өзі тани алуы, таба алу мүмкіншілігі болатынын байқаймыз.
Біздің көтеріп отырған тақырыбымыз да жастардың ұжымы (ұйымы) жайында. Әуелі ұжым жайында. Ұжымның педагогика саласында өзін-өзі тәрбиелеу процесінде екі қызметі қарастырылады:
Біріншісі, ұжымның өзі балалардың өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады (ұжым балалар бойында жағымды әлеуметтік іс-әрекеттерге деген оң көзқарастарын, ұжымдық іс-әрекетке қатысуға деген қызығушылықтарын, қоғамдық борыш, белсенділік т.б. қасиеттерді дамытады).
Екіншісі, ұжым осы процесті тікелей ұйымдастырады. (балалардың санасын қалыптастырады, өз-өзімен жұмыс істеуге ынталандырады, өз талаптарының нәтижелерін жоспарлап бағалауға көмектеседі)[2]
Жеке тұлғаның дамуындағы ұжымның, әлеуметтік ортаның әсерін атақты педагогтар К.А.Гельвеций, Д.Дидро, Р.Оуэн жоғары бағалап, адамды өзгерту үшін оны қоршаған ортаны өзгерту керек деген идеяны негіздеп кеткен. [2] Ал КСРО кезінде мұны шеберлікпен жүргізген А.С.Макаренко болатын. Ол өзінің Горький атындағы колониядағы және Дзержинский атындағы коммунадағы жүргізген тәжірибе жұмыстарында ұжым және оны тәрбиелеу турасында еңбек етті.
Сол секілді енді үкіметтік дәрежеде тіркелген ұжымдар бар. Ол-ұйым. Ұйымның кішігірім түрі ҚР-ның ЖОО жұмыс жасап жатқан студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарын, және соған қарасты кішігірім клубтарды да өз кезегінде ұжым деп атауға болады. Себебі олардың әрқайсысы өзіндік жиналу мақсаты бар, бір мүддесі бар қоғамның мүшелері болып табылады.
Осы мақалада аталған ұжымдардың, ұйымдардың, клубтардың бүгінгі күнде нарықтық заманда, өз мамандығын дұрыс таңдауда, тұлға тәрбиелеуде маңыздылығын ерекше атап өту керек.Олардың жастарға әсері де өз кезегінде ерекше екенін айта кету керек. Сонымен қатар, мұнда ХХ ғасыр басындағы болған ұйымдардың сол кездегі жастарға әсерін де қарастыруға тырыстық.
Бұл күндері жастар еліміздің үштен бір бөлігін құрауда. Заң бойынша қарайтын болсақ бұл жастағы адамдар тобына 14-пен 29жас аралығындағы адамдар кіреді. Бұл топтың, қатардың ішінде оқушы, студент, сонымен қатар үйленген, шаңырақ көтерген адамдар да кіреді. Бұнымен айтпағымыз бұл адамдардың өзі әр түрлі және әр толқынның адамдары десе болады. Бұның ішінде студенттерді бөліп қарауға болады. Қазақстан Республикасында ЖОО оқу міндетті болмағанымен оны бізде оқушылар көп. Шамамен Республикада 500 мың. Оларды оқытқан оқу орындары да жеткілікті. Соңғы статистика бойынша бұл шамамен 150 жоғарғы оқу орындары болып отыр.
Жоғары оқу орындарындағы студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдары бары анық. Олардың болуы үшін де өзіндік шарттары бар. Олар: Жүйелілік; Автаномды болу; Иерархиялықтың студенттердің өзін-өзі басқаруында қалыптасуы: Ішкі ортамен байланыстың болуы; Өзін-өзі басқару органдарының саны; Өзіндік іс-әрекеттің болуы; Мақсаттылық; Тәуелсіздік Оқу орнын басқаруға қатысуы студенттердің өзін-өзі басқару органдарына қойылған басты талаптар болатын. (Негізгі материал ретінде орысша Уикипедия пайдаланылды). [3]
Қазіргі кездегі жастар ұйымдарын жастар клубының жай-күйін біле отырып, оның кем-кетіктерімен артықшылықтарын саралай білген жөн. Ол үшін әрине тарихпен салыстырған жөн. Себебі, «кешегісін білмеген бүгінгісін білмейді, бүгінгісін білмеген ертеңгісін білмейді» деген бар. Қазақ тарихында ұйымдар, қозғалыстар, клубтар қоғамда прогрес тудырушы ең басты фактор болған. Оларға ең басты Алаш партиясының әуелде «Алаш» қозғалысы болғандығы, Меркедегі «Жастардың ревалюцияшыл одағын», «Жас Азамат» ұйымын т.б. мысалға келтірсе болады.
Қазақ жастарының ұйымдары- 1917 ж. ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанның қалалары мен елді мекендерінде құрылған қазақ жастарының ұйымдары. Қазак жастары, интеллигенциясы, ауыл мұғалімдері өкілдерінің бұл ұйымдары негізінен 1917 ж. көктем және жаз айларында кұрылды. Олар «Демократиялык оқушы жастар кеңесі» (Омбы), «Жас қазақ» (Ақмола), «Жас жүрек» (Спасск), «Қазақ жастарының революциялық одағы» (Мерке), «Жанар» (Семей), «Талап» (Петропавл), «Бірлік» (Омбы) т.б. ұйымдар болды. Бұл ұйымдардың көпшілігі алдына халық арасына газет-журналдар тарату, халыктың сауатын ашуға көмектесу, әйел теңдігі үшін үгіт жүргізу міндеттерін койды. Большевиктердің басшылығымен жұмыс істеген кейбір ұйымдар («Қазақ жастарының революциялық одағы», «Жас қазақ», «Демократиялык оқушы жастар кеңесі») ағартушылық максаттарымен қатар үстем таптарға, Уақытша үкіметке карсы күрес жүргізу сияқты мәселелерді көтерді. Ал «Жанар», «Талап», «Бірлік» ұйымдары негізінен ұлттық бағдарламаларды ұстанып, Алашорда өкіметімен тығыз байланыста жұмыс атқарды. [4].
«Дәстүрлі мектептердегі оқуды бітіргеннен кейін қазақтар өз балала- рын шәкірттерді жаңа әдіспен оқытатын Уфадағы «Ғалия», Орынбордағы «Хусаиния», Троицкідегі «Расулия», «Уазифа» сияқты ірі медреселерге оқуын жалғастыруға жіберетін.
Басқаларымен салыстырғанда, «Ғалия» медресесінде мына пәндер: шығыс тілдері, логика, философия, тарих, математика, география, орыс тілі, адам физиологиясы оқытылатын. Бұл медресенің қабырғасында 300-ден астам қазақ баласы білім алды. Олардың арасында қазактың белгілі зиялылары, жазушылар Б. Майлин, М. Жұмабаев, педагог-ақын Т.Жомартбаев, М. Оразаев, Н. Манаев, Ж. Тілепбергенов, М. Тұрғанбаев, Ғ. Қайыров, Ә. Сұлтанов және басқалар бар.
Медресенің тәрбиленушілері озық демократиялық идеялардың ықпа- лына түсті. Олар ескі оқыту әдістеріне, артта қалушылық пен надандыққа қарсы шықты. Шәкірттер арасында ұлтты түлету, өз елінің тарихын, әдебиеті мен тілін окып-үйрену, зерттеу идеялары кең таралды. «Ғалия» медресесінің қазақ шәкірттері жастарды әдебиетке тарту мақсатымен 1916 жылдан қолжазба «Садақ» журналын шығарып тұрды. «Садақ» журналы апта сайын шығарылды, оның редакторлары сол жылдары медреседе оқып жүрген Б.Майлин мен Ж.Тілепбергенов болатын. «Садақ» журналы елді жаңғыртуды казақ әдеби тілін дамыту, ұлттық әліпбиді калыптастыру, ана тілінде оқулықтар шығару проблемасымен ұштастырды. [6;718бет]» . Бұдан жастар ұйымдарының, клубтарының сол кездің өзінде халық ағарту жолында, әдебиеттің, мәдениеттің дамуына үлкен еңбек сіңіргенін байқаймыз.
Мұнда тәрбиеленіп, тәжірибе жинап қазақтың әдебиет тарихындағы М.Жұмабаев, Б.Майлин, Т.Жомартбаев сынды ақын-жазушыларды тәрбиелеген орта қазіргі кездегі «өзін-өзі басқару ұйымдары» екенін байқауға болады.
Ендігі бір ақын «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» армандаған Сұлтанмахмұт Торайғыровты атауға болады.
Троицкіге Сұлтанмахмұт оқуға барған кезде жастарға ұйытқы болған үш қоғам бар еді. 1. Мейірімділік қоғамы;
Музыка және драма;
Білім тарату қоғамы;
Қазан, Уфа зиялыларынан ұйымдастырылған «Шарқ кеші» (Васточный вечер). Мұнда ауызекі басшылықпен шектелмей, қаржылай да көмек көрсеткен. Шәкірттік өмірге араласу, шәһарлі жердегі түрлі мәлени ұйымдардың жұмысына қатысу, ең бастысы «Айқап» журналының редакциясымен тығыз байланыс орнату жас таланттың жігерін жанып, ынталы шығармашылық жігерге жетелейді. Бұл Сұлтанмахмұт өмірінде үлкен тәжірибе кезеңі болып қалды. [7]
Оқуды аяқтаған соң С.Торайғыров «Шоң серіктігі» деп ат қойып ағарту ұйымын ашады. Ондағы мақсат елдегі жастарды оятпақ, көзін ашпақ болып, қалалы жерден көргенін істеп «Шоң серіктігі» деп ат қойып, ағарту ұйымын ашады.
Осындағы істен, бастамадан көптеген тәлім тәрбие алуға болады. Мәселен, «Шарқ кешіне» мүше болуы оның мәдениетін, білімін өсірді. Оған көптеген адамдармен араласуына жол ашты. Тіпті жас болса да «Айқап» секілді үлкен-үлкен баспасөз құралдарына жақындай түсті. Және көрген тәжірибесіне сәйкес сондай ағарту ұйымын ашуға тырысты.
Бірақ өкінішке орай оның ойы іске аспаса да қолынан келгенін жүзеге асыруға тырысты. Бұдан оның ұйымды басқаруға деген қабілетінің болуы, жүргізе алу ойының бар болғанынан хабар береді. Қаржылық жағынан жетіспеушілік болғандықтан ойы жүзеге аспаған Сұлтанмахмұт қайта келіп «Айқап» журналында еңбек етеді. Ол да бұрынғы «Шарқ кешінің» мүшелігінде болған кезінде туған қарым-қатынастан болса керек.
Келесі бір ұлт зиялысы бұл – Мұстафа Шоқай. М.Шоқай өз заманында федеративті республика жасап бүкіл түркі халықтарының басын қосуға ұмтылуы өз заманының ерлігі іспеттес. М.Шоқай заңгерлік білім алып ол да оқуын Ресей жерінде алғаны бар. Және де дәл сондай қазақтың топырағында туған М.Шоқай өмірінде де студенттік шақтағы ұйымдармен жиындардың рөлі зор болғанын байқауға болады. Өмірі керемет дәрежеде шалқып өмір сүрмесе де ұлтын танытуда, мәдениетін дамытуда өзіндік үлесін тастап кеткен.
Өз халқының ауыз әдебиетіне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне қызығушылығы М. Шоқайды Ташкент гимназиясында оқып жүрген шағында «Түркістан археология әуесқойларының» жиындарына әкеледі. Ол жерде этнограф, түркі халықтары ауыз әдебиетінің білгірі О. Диваевпен, кейін оның еңбектерімен танысады. «Түркістан археология әуесқойларының» жиындары М.Шоқайдың студенттік шағындағы мүше болған алғашқы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының бірі еді. Бұл білікті ғалымдарға өзінің халқының мол мұрасына байланысты үлкен еңбек жасауына көмектесті.
«Қайырымдылық қорлары», «жерлестіктер» бұлар Мұстафаның тағы бір мүше болған ұйымдары. Осы ұйымдар арқылы ол ұлтына қызмет ету керектігін түсінген орта деп атаса болады. Педагогика ілімінде адамның тәрбиесіне үш нәрсе әсер етеді дейді. Олар: 1) Тұқымқуалаушылық; 2) Ата-ана; 3) Ортасы; делінген. Мұстафаға Шоқайдың бұл кезеңінде өзінің ортасы әсер ете бастаған шақ.
«Пегербургте Мұстафа алғашқы күндерден-ақ түркі-мұсылман жастарының ортасына түседі. Мұнда XIX ғасырдың аяғында әзірбайжан қайраткері Ә. Топчибашы мен қазақ кайраткері С. Жантөриннің көмегімен «Мұсылман қайырымдылық қоры» кұрылады.
Ол осы «жерлестіктер», «Мұсылман қайырымдылық қоры» арқылы ел, жер көреді. Бұл оның танымдық жағынан өсуіне өз септігін тигізеді.
«Түркістан студенттері жерлестігінің» т.б ұйымдарының шараларына қатыса жүріп М.Шоқай бойында салыстыру, талдау, әр нәрсеге өзіндік пікір білдіру деген секілді қабілеттері қалыптасады. Бұл оның өмірде қалыптасуына ашылған жол еді.
Белгілі бір кезеңдер, жылдар ғасырлар араны бөліп жатқанымен дәл осы екі дәуірдің басындағы жастарды қосып көруге болады.
Әлбетте қазіргі кездегі ұйымдарды, өзін-өзі басқару органдарын нәтижесіз, сапасыз деп атауға келмес. Егер есептеу керек болса да ол уақыт еншісінде. Бірақ екі заманның екі жастарының жағдайларын айта отыра алдыңғы толқыннан белгілі бір тәрбие алуға болады. Олар:
«Өзін-өзі басқару ұйымдары» атауына сай болуы. Бұл атау кейінгі кезде пайда болғанымен бұлар расында да өз-өздерін басқаратын дәрежеде болды. Себебі «Қазақ жастарының ревалюцияшыл одағы», «Бірлік», «Талап» ұйымдары болсын мұның барлығы дерлік жастардың өзінің еркімен құрылған еді.
Өзіндік мақсаты болды. Ол мақсат көбіне көп ортақ болды, бөлінушілікке қарағанда. Мақсат халықты ағарту болатын. Сол себепті де газет шығару, оқу үйрету жүзеге асырылды. Мақсат - мәдениетті сақтау болатын. Мысалға: «Түркістан археология әуесқойларының жиыны», «жерлестіктермен» іс-шара ұйымдастыру т.б.
Олардың өзіндік ісі. Өзіндік ісі оларда елдің жыртығына жамау болу. Себебі халықтың қай жерінде не жетіспеді олар сол жерге баруға тырысты. «Қайырымдылық қорлар», «Мұсылман студенттерінің орталық комитеті» т.б
Аға буын өкілдерінің көмектесуі. Мәселен, «Жас Азаматтықтарды» «Қазақ» газетінің қолдауы. «Шарық кешінде» студенттерге қаржылық жағынан болсын көмектесуі. Бұған М.Сералиндер атсалысқан.
Дәл қазіргі заманда өз актуалдылығын жоймаған М.Шоқай секілді түрлі ұйымдарда болып түрлі адамдармен қарым-қатынаста болу. Бұл адамға өз серіктестерін табуға, мүдделестерімен бірге жұмыс жасауға жол ашады.
Жер, ел аралау. М.Шоқай жастық шағын байқап көрсек біраз елді аралағанын, танысқанын байқаймыз. Бұл жоғарыда айтқандай өзінің дүниетанымын қалыптастыруға, елдің жайынан хабардар болуға жол ашты.
Бүгінде жұмыс жасап жатқан жастардың түрлі ұйымдарына осы жоғарыда айтылған ұсыныстар мен бағыт-бағдарларды қарастыра отырып, келешек тұлғаны қалыптастыру оны тәрбиелеу ошақтарының бірі бұл студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдары екенін айтқымыз келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Әлемдік саясаттану онтологиясы 10 томдық. Алматы, «Қазақстан» 2008жыл. 400бет
А.Е.Берикханова. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Кәсіби құзіретті ұстаздарды даярлау негіздері. Алматы 2009жыл., барлығы 241бет
Уикипедия материалдары.
Алаш. Алашорда энциклопедия. Алматы «Арыс»2009жыл., 536бет
Төлепбергенов.Б. Мәңгі жас- Алаш идеясы. Алматы., «Алматы» баспасы 2008 жыл барлығы 302бет
Қазақстан тарихы 5-томдық, 3-ші том Алматы «Атамұра» 2002жыл. Барлығы 740бет
Аңыз адам журналы 2013жыл
Мұстафа Шоқай шығармаларының толық жинағы. Ітом 12томдық. Алматы., Дайк-Пресс 2012жыл барлығы 544бет
Әбиев.Ж. Педагогика тарихы. Алматы 2006жыл., «Шұғыла»баспасы., барлығы 400бет
Аннотация
Мақалада ХХ ғасыр басындағы ұйымдармен қазіргі заманымыздағы ұйымдардың ортақтықтары мен ерекшеліктерін саралаған. Сол арқылы жастар ұйымдарына бағыт пен бағдар беру көзделген.
М А З М Ұ Н Ы:
1-секция. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселелер
Әбидін Қ. Қазақ тіліндегі қызға қатысты фразеологизмдердегі
символдық мән.............................................................................................
Ақбажакова Қ. Қазақ тілі дыбыстары құрамының зерттелу жайы........
Бақтиярова А. «Қырық» санының танымдық мәні...................
Рахманұлы А. Асқар сүлейменовтың «бесатар» повесіндегі ұлттық таным мәселесі..............................................................................................
Байжанова Б.М.Қашқаридың «диуани лұғат ит-түрк» (түркі тілдерінің сөздігі, хі ғ.) деген еңбегінің қазақ тіл білімінде зерттелуі................
Самархан С. Түркі тіл біліміндегі атаулы сөйлемдердің прагматикалық қыры............................................................................................................
Абиева Ф. Қазақ тілі біліміндегі атаулы сөйлем мәселесі.........................
Ділдәбекова Ф. Қазіргі қазақ тілі сөзжасамының даулы мәселелері.......
Ерханқызы М. Жаңылтпаштардың жасалу жолдары мен тәсілдері........
Лесбекова Ұ. Қазақ тіліндегі «тәңір» концептісі...............................
Байменова А. Ұлттық тұлға және тілдік метафора ......................................
Бәкен Ә. Орфоэпиялық тіркестердің фонетикалық сипаттамасы......
Сатоболд К. Буын мен тасымалдың арақатынасы..........
Жұмақадыр Ә. Қазақ тіл біліміндегі буын теориясы жайлы көзқарастар..
Тоғызбаева П. Фразеологизмдер халық өмірінің айнасы...........
Байгалиева У. Қазақ тіл біліміндегі интонация мен функционалды
стильдердің байланысу ерекшеліктері......................................................
Төкешова Г. Тілдік тұлғаны қалыптастырудағы афоризмдердің
рөлі..................................................................................................................
Шарапатова Т. С.Исаевтың грамматика саласындағы мұрасы........................................................................................................
Қабылбек З.Е. Қазақ және ағылшын тілі сан есімдері...............
2-секция. Қазақ және әлем әдебиеті: мәдени байланыстар
Байболова Ж. Жапон әдебиетіндегі күнделік жанрының қалыптасу, даму ерекшеліктері...............................................................................
Найзабаева А. М.Мағауиннің «Жармақ» романынының филологиялық кеңістіктегі зерттелуі....................................................................................
Шамеева Ш. Қазіргі түркі әлемі әдебиеттері.......................................
Айдарханова А. Қазақ батырлар жырындағы қыздар бейнесі.....................
Байболат Ф. Қазақ және өзге халықтар эпосындағы Нұрадын бейнесі...
Сайлау Г. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі жігіт сипаты...........
3-секция. Оқытудың жаңа технологиялары
Шарапатова А. Мемлекеттік тілде оқытпайтын мектептерде қазақ әдебиеті сабағында модульдік оқыту технологиясын пайдалану......
4-секция. Кәсіптік білім және тәлім-тәрбие
Базылбеков М. Жастардың өзін-өзі басқару ұйымдарының қазіргі замандағы маңыздылығы.................................................
Достарыңызбен бөлісу: |