142
жаңғырту жұмысы. Әдебиетші ғалым С.Мақпырұлы «Шығарма жұмысы
бағдарламалық материалды мазмұны тұрғысынан меңгерту, оқыған-білгенін
тексеру-қадағалау десек, қателесеміз. Шығарма жұмысы әдебиет атты әсемдік
әлемінің ішкі сырын терең түсініп, сол арқылы өмір-болмыс сырын пайымдауға
баулудың, әдеби эстетикалық талғамды қалыптастырудың тиімді бір тәсілі.
Сондықтан да шығарма жұмысына тән ерекшеліктің бірі - оның оқушының
өнер туындысы жайлы өзіндік толғанысына құрылуы», - деп шығарма жазудың
эпикалық көркем туындыларды оқытудағы орнын дәйектейді. Бұдан біз
шығарманы жазуда оқушының талғамы, қызығушылығы және оқырмандық
қабілетінің де дамитынын байқаймыз [137].
Шығармалардың бiрнеше түрлерi қалыптасқан:
1. Әдеби кейiпкерлер туралы шығармалар.
2. Шығарманы тұтас талдау шығармалары. Бұлар өз кезегiнде бiрнеше
түрге бөлiнедi:
а) шығарманы тұтас бағалау (М.Әуезовтiң “Абай жолы” романы неге ХIХ
ғасырдағы қазақ қоғамының энциклопедиясы деп танылады?);
ә) шығармада көтерiлген адамгершiлiк, әлеуметтiк, философиялық
мәселелер;
б) шығарманың көркемдiгiн талдау.
3. Көркем шығарманың жеке үзiндiлерi бойынша шығарма.
4. Әдеби шолу шығармалары, т.б.
Оқушы шығармаларын бағалап, рецензия жазғанда мынадай талаптардың
орындалуы ескерiледi:
1. Шығарма мазмұнының берiлген тақырыпқа сәйкестiгi.
2. Тақырыпты қамтудағы мазмұн толықтығы, оның аяқталынғандығы.
3. Айтылған ойдың дәлелденгендiгi, қаралып отырған пiкiрлердiң
мысалдармен дәйектелiнуi.
4. Шығарманың баяндалуының логикалық мәнiнiң болуы, жүйелiлiгi,
желiлiгi.
5. Тақырыпты ашуға өз жолымен келуi.
6. Баяндалу стилiнiң бiрiздiлiгi, бiрыңғайлылығы, айқындылығы, дәлдiгi,
нақтылығы, түсiнiктiлiгi, тiлiнiң бейнелiлiгi.
7. Эпиграф
пен дәйек сөздердiң дәлдiгi, нақтылығы, дұрыстығы.
8. Шығарма авторының пiкiрлерiмен көркем шығарманың, әдеби
сынының үйлесiмi.
9. Шығармадағы әдеби қателер, дәлсiздiктер.
10. Сөздердi дұрыс қолдануы, грамматикалық, стильдiк сауаттылығы,
әдеби тiл нормаларын сақтауы.
Оқушылардың жазбаша тiлiн дамыту сабақтарында оқушыларды мынадай
жұмыстарды өз бетiнше атқаруға дағдыландыру қажет:
- тақырыпты таңдау;
- бiр-бiрiне мағыналары ұқсас
тақырыптарды айыру;
- керектi кiлт сөздердi iрiктеп алу;
- көтерiлетiн мәселенi айқын түсiнiп меңгеру, оны басқа мәселелермен