Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет18/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77

37 
 
сыныптардың игі нәтижеге жетуі барысында төмендегіше талаптарды ескеруді 
ұсынады. Олар:  
а)  әдебиеттен  сыныптан  тыс  жүргізілетін  жұмыстар  қазіргі  кездегі  өмір 
талабымен тығыз байланыста болуы қажет; 
ә) сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастырылуы мектептің 
оқу-тәрбие жоспарының міндеттеріне сәйкес болуы керек
б)  сыныптан  тыс  жүргізілетін  жұмыстардың  өткізілетін  уақыты,  күні, 
орны  нақты  белгіленіп  отырғаны  дұрыс;  оқушыны  шаршатпайтын, 
жалықтырмайтын жақтарын ескеру керек; 
в)  әдебиеттен  сыныптан  тыс  жүргізілетін  жұмыстар  оқушының  жас 
ерекшелігіне, білім деңгейіне сай болуы керек. 
Сонымен қатар ғалым әдебиетке байланысты жүргізілетін сыныптан  тыс 
жұмыстардың  ең  бір  өзекті  саласы  –  сыныптан  тыс  оқуда  әдеби  білім  аясы 
толықтырылатынын, ол шәкірттердің әдеби талғамын ұшқырлай түсетінін, тілін 
байытып, 
білімін 
кеңейтетінін, 
мұнда 
ең 
бастысы 
кітап 
оқуға 
қызығушылықтары оянатынын алға тартады. Бүгінгі күнге дейін қазақ әдебиеті 
оқу  бағдарламаларында  орта  мектептегі  әдебиет  пәні  бойынша  сыныптан  тыс 
оқу ауқымының үш түрі көрсетіліп келеді: 
1. Міндетті оқуға және талдауға ұсынылатын шығармалар
2. Өздігінен оқуға және сыныпта пікір алысуға арналған шығармалар
3. Сыныптан тыс ерікті оқуға арналған әдеби туындылар.  
Жалпы алғанда оқудың осы үш түрінің де құқығы бір-бірімен деңгейлес, 
шамалас.  Олар  нақтылы  жағдайға  сәйкес  бірінің  орнын  бірі  алмастыра  да 
алады.  Қазіргі  кезеңде  оқушының  өздігінен  көркем  шығарма  оқуға  ықыласы 
азайып  бара  жатқаны  мұғалімдер  қауымын  алаңдатуда.  Оқушыға  жан-жақты 
күнделікті нөпір болып тасқындап құйылып жатқан ақпараттар ағымы аз емес. 
Оқушының  біраз  бөлігі  соны  қанағат  тұтып,  құлағы  естіп,  көзі  көріп,  қалған 
ағымдағы  ақпаратпен,  теледидар  экранынан,  интернеттен  алған  біліммен 
қанағаттанып  жүре  береді.  Мұндайда  оқушының  кітап  оқуын  өмірлік 
қажеттілігіне  айналдыру,  оған  зәрушілік  туғызу  өте  күрделі  проблема  болып 
табылады [75,165 б]. 
Сондықтан  пән  мұғалімі  мектеп  шәкірттерінің  ой-санасын,  дүниеге 
көзқарасын,  өмірге  құштарлық  сезімін  қалыптастырып,  білімді  де  мәдениетті 
оқырман  тәрбиелеуде  сыныптан  тыс  оқуды  өз  дәрежесінде  дұрыс 
ұйымдастырып,  оқу-тәрбие  үдерісінде  тиімді  пайдалана  білудің  оңтайлы 
жолдарын іздестіріп отыруы қажет. Себебі, сыныптан тыс оқу дегеніміз:  
а)  ең  алдымен  оқушылар  әдебиет  сабағынан  алатын  білім  қорын 
молайтып, дүниетану қабілетін арттырады; 
ә)  оқыған  шығармаларын  жан-жақты  терең  талдай  білуге,  оның 
қайталанбас әсемдігін сезініп, қабылдай білуге үйретеді; 
б)  өмірге  үңіле  қарап,  адамның  мінез-құлығы,  іс-әрекеті  мен  қоғамдық 
құбылыстарды  бағалай  білуге,  олардың  өзара  қарым-қатынастарының  сырын 
аша білуге баулиды
в) баланың танымдық қабілеттерін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің және 


38 
 
онда білмекке құштарлыққа, өз бетімен оқуға тәрбиелеудің қуатты  түрі болып 
саналады;  
г)  осыдан  келіп  сыныптан  тыс  оқуды  ұйымдастыру  оқушылардың  өз 
бетімен  кітапты  пайдалана  білуіне  үйретеді,  әдеби  талғамдарын  тереңдете 
түседі; 
д)  ең  бастысы  –  кітап  оқуға  деген  құштарлықты  оятып,  оқырмандық 
қарым-қабілетін ынталандырады. 
Сөз  орайы  келгенде  жалпы  орта  білім  беретін  қазақ  орта  мектептерінің 
жағдайында  шәкірттердің  оқырмандық  мәдениетін  тәрбиелеу,  кітап  оқуға 
қызығушылығын  қалыптастыру  мәселесіне байланысты  алғаш рет орындалған 
әдіскер-ғалым 
А.Тамаевтың 
«Әдебиет 
сабағында 
жоғары 
сынып 
оқушыларының 
оқырмандық 
қызығушылығын 
қалыптастыру» 
атты 
диссертациялық  еңбегін  де  ерекше  атауға  болады  [37,172  б].  Бұл  қазақ 
әдебиетін  оқыту  әдістемесі  ғылымында  мұндай  тақырыпта  арнайы  зерттеліп, 
тұңғыш  жазылған  еңбек.  Мұнда  ғалым  жоғарғы  сынып  оқушыларының 
оқырмандық  қызығушылығын  қалыптастырудың  теориялық  мәселелерін  сөз 
етіп,  әдебиет  сабақтарындағы  тіл  дамыту  жұмыстарының  орнына,  оқырман 
тәрбиелеудегі  әдістемелік  іс-тәжірибелер  жұмысына,  көркем  әдеби  мәтінмен 
жұмыс  жүргізудегі  арнайы  жаттығулар  жүйесіне  мән  береді.  Бұған  мысал 
ретінде Х сынып оқушыларының М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын, 
ХІ сыныптағы М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқыту үдерісі арқылы 
қабылдау  ерекшеліктеріне  арнайы  тоқталады.  Бұл  ғылыми  зерттеу  де 
шәкірттердің  жоғарғы  сыныптарда  оқырмандық  қабілетін  дамыту  мәселесін 
зерттеуде елеулі үлес болғанын айту абзал.  
Мектеп  оқушыларының  оқырмандық  қабілетін  дамыту  бағытындағы  ой-
пікірлер  соңғы  жылдары  тиянақты  түрде  қолға  алына  бастады.  Бұл  мәселе 
алғашында  жалпы  білім  беретін  қазақ  мектептеріне  арналған  типтік  оқу 
бағдарламаларында  көрініс  тапты.  Айталық,  Қазақстан  Республикасы  Білім 
және  ғылым  министрлігінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығының  60-
қосымшасына  сәйкес  бекітілген  Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  қоғамдық-
гуманитарлық  бағыттағы  10-11сыныптары  үшін  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінен 
типтік  оқу  бағдарламасында  (оқыту  қазақ  тілінде)  көркем  шығармада 
бейнеленетін  қоғамдық-әлеуметтік  құбылысты  көркемдік  тұрғыда  қабылдауға 
қажетті  білім,  білік,  дағдыларын  меңгерген,  әдебиетті  өмірмен  байланыстыра 
қабылдай  алатын,  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  талаптарға  сәйкес  өзіндік 
белсенділік  көрсете  алатын,  азаматтық  көзқарасы  айқын,  адамгершілік, 
елжандылық қасиеттерді бойына жинақтаған интеллектуалдық әлеуеті  жоғары 
дара  тұлға  тәрбиелеу;  әдеби  шығарма  арқылы  оқушылардың  санасына  көркем 
сөз  құдіретін,  эстетикалық,  танымдық  тәрбиені  сіңіру;  шәкірттердің  көркем 
шығарма  оқу  әрекеттерін,  образды  ойлау  қабілеттерін  өзіндік  ізденіс 
шығармаларымен  жетілдіріп,  олардың  сөз  өнерін  рухани  құндылық  ретінде 
қабылдауына  мүмкіндік  туғызу  қазақ  әдебиеті  пәнін  оқытудың  мақсаты  мен 
міндеттері ретінде ескертіледі [79]. 
Сондай-ақ  типтік  бағдарламада  «10-11  сынып  оқушысының  дайындық 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау