Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет14/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77

29 
 
мәдени  дамуы  мәселесін  әлеуметтік-педагогикалық  проблема  ретінде 
қарастырды. Бұл ғалымдардың ғылыми тобы 1950 жылдардың ортасынан 1970 
жылдарға  дейін он бес  жыл  бойы оқушының көркемдік қабілетіне  әсер  ететін 
факторларды,  сыни  ойлаудың  даму  динамикасын,  қоршаған  ортаның  әсер-
ықпалын  тереңдей  зерттеуге  көңіл  аударды.Олар  біріншіден,  мектеп 
оқушыларының  көркемдік  қабылдау  қабілетін  жеке  өнер  салалары  бойынша 
емес, тұтас түрдеяғни кешенді түрде, екіншіден, үш түрлі ортада /кәсіби, оқуға 
қызығушылығы,  бос  уақыттағы/,  үшіншіден,  5-10  сынып  оқушыларының 
қызығушылығының  даму  динамикасындағы  ерекшеліктерді  білу,  төртіншіден, 
қоршаған  ортаның  оқушының  көркемдік  қызығушылығына  әсері,  сонымен 
бірге,  тұрғылықты  елді  мекеннің  мәдени  даму  дәрежесі  мен  аймақтық 
ерекшеліктердің  ықпалы,  тағы  сол  сияқты  әлеуметтік  факторлардың  жас 
шәкірттердің  оқырмандық  қабілетін  қалыптастыруда  орны  орасан  болатынын 
дәлелдеді. 
Ғалым  Ю.В.Шаровтың  зерттеулерін  негізге  ала  отырып,  сол  кезеңдегі 
КСРО Педагогика ғылымдары академиясының ғылыми тобы 1967-1972 жылдар 
аралығында  бұрынғы  Кеңестік  одақтың  деңгейінде  оқушылардың  көркемдік 
қабылдау  қабілетін  кешенді  түрде  анықтауға  әрекет  етіп,  нақты  әлеуметтік-
психологиялық ғылыми ізденістер жасады. Аталған зерттеулердің бұған дейінгі 
ғылыми  ізденістерден  елеулі  айырмашылықтары  бар  болатын.  Бұрындағы 
жүргізілген  әлеуметтік  зерттеулерде  негізінен  белгілі  бір  аймақ  немесе  елді 
мекендер ғана қамтылған болса, бұл жолы бірнеше ондаған ірі қалалар, одақтас 
республикалардың  астаналары,  ауыл-селолардағы  жүздеген  мыңға  жуық 
мектеп  оқушылары  бақылау-байқау  жұмыстарына  қатысты.  Сол  жылдарда 
жүргізілген  әлеуметтік  зерттеулердің  барлығында  да  әдебиетке  деген 
қызығушылық  өзге  өнер  түрлеріне  қарағанда    барлық  уақытта  басым  болып 
отырғандығы аңғарылды [69,98б].  
Жетпісінші  жылдары  аталған  мәселе  бойынша  жүргізілген  көптеген 
әлеуметтік  зерттеулерге  қатысқан  А.А.Никольский,  Р.Г.Рабинович  секілді  т.б. 
ғалымдар осы жағдайды атап көрсете отырып, бұл жайттың күні бүгінге дейін 
көп  өзгеріске  ұшырамағанын  ескертеді.  Мұнда  ол:  «Жалпы  алғанда  мектеп 
оқушыларының  өнерге  қатысты  мамандықтарға  және  соған  сай  оқу  пәндеріне 
деген  қызығушылығы  соңғы  40-50  жылда  ерекше  өзгеріске  ұшырамаған»,– 
деген қорытындыға келеді А.А.Никольский [70]. 
1970  жылдары  педагогикалық  психология  бойынша  әдеби  білім  беруді 
теориялық  тұрғыда  жетілдіре  түсу  бағытында  оқушылардың  оқырмандық 
қабілетін қалыптастыру, көркемдік қабылдауын тереңдету, әдебиетті оқытудың 
теориялық негіздерін жаңаша қарастыру бағытындағы профессорлар З.Я.Рездің 
«Мектепте лирикалық шығармаларды оқытудың әдістемесі», Н.И.Кудряшевтің 
«Әдебиет  әдістемесінің  теориялық  негіздері»,  Н.Я.Мещерякованың  «Әдебиет 
сабақтарында  оқушыларды  адамгершілікке  тәрбиелеу»,  В.Г.Маранцманның 
«VIII сыныпта А.С.Грибоедовтың «Ақылдан қайғы» комедиясын талдау»/1971/, 
«Оқушылардың оқырмандық қабылдауы және әдеби шығарманы талдау»/1974/, 
К.К.Платоновтың «Қабілет проблемалары»/1972/, Н.Д.Молдавскаяның «Мектеп 


30 
 
оқушыларының оқыту үдерісіндегі әдеби дамуы»/1976/ еңбектері жарық көрді.  
Аталған  еңбектер  өз  заманының  оқырманының  әлеуметтік-эстетикалық, 
ғылыми-теориялық  қажеттілігін  өтеп,  шәкірттерге  әдеби  білім  берудің 
педагогикалық-психологиялық,  ғылыми-әдістемелік  негіздерін  жетілдіре  түсті. 
Ал,  профессор  Н.Д.Молдавскаяның  «Мектеп  оқушыларының  оқыту 
үдерісіндегі  әдеби  дамуы»  атты  еңбегі  оқушылардың  әдеби  дамуын  ғылыми 
проблема  ретінде  тұңғыш  рет  қарастыруымен  ғана  емес,  бұл  мәселеге 
педагогикалық,  психологиялық,  әдебиеттік-әдістемелік  тұрғыда  жан-жақты 
талдау жасауымен де аса бағалы болды.  
Әдіскер-ғалым бұл монографиясында мектеп шәкірттерінің әдеби дамуын 
–  біріншіден,  теориялық  проблема  ретінде,  екіншіден,  оқушының 
психологиялық  даму  дәрежесіне  сай;  үшіншіден,  оқыту  әдістемесі  арқылы 
қалыптастыру  бойынша  зерделейді.  Ол  әдеби  білімді  тереңдету  ісінің 
психологиялық  арналары  туралы  психолог  ғалымдардың  еңбектеріне  сүйене 
отырып, және өз  зерттеулері негізінде  орта  мектеп  шәкірттерінің  оқырмандық 
қабілеттерін  қалыптастыру  мәселесіне  баға  береді.  Мұнда  ғалым  мектеп 
оқушысының  оқырмандық  қызығушылығын,  көркемдік  қабылдау  қабілетін 
олардың  ақыл-ой  дамуына  байланысты  қарастыруды  ұсына  отырып, 
оқырмандыққа тәрбиелеудің ең алғашқы сатысы – оқушының көркем әдебиетке 
деген  қажеттілігін  оята  білуді,  шәкіртті  тәрбиелей  отырып,оған  әдеби  білім 
берудіңтиімділігін  дәлелдейді.  Осы  орайда:  «Ең  алдымен,  ақыл-ой  әрекетін 
міндеттеуге  емес  /жинақтау,  нақтылау  т.б./,  оқырмандық  қабылдаудың 
құрылымын  құрайтын  психикалық  әрекеттерге  әсер  етуге  ұмтылыс  қана 
неғұрлым  тұрақты  және  өрісті  нәтижеге  жеткізеді»,  –  дейді  профессор 
Н.Д.Молдавская [71]. 
 
Баланың  оқырмандық  қабылдау  мәселесін  ғалымдар  психологияда  – 
психикалық  үдеріс  деп  таниды.  Бұл  әдебиеттану  мен  өнертану  ғылымында 
мәдени-рухани  құбылыс  ретінде  қарастырылады  да,  осы  екі  саланың 
жетістіктері әдебиетті оқыту әдістемесінде қатар пайдаланылады.  
Ал,  мектеп  оқушысының  кітап  оқуға  қызығушылығын  дамыта  отырып, 
оқырмандық  қабілетін  қалыптастыру,  көркемдік  қабылдауын  тереңдету 
мәселесі әдістемелік зерттеулерде қай тұрғыда, қандай бағытта құрылатындығы 
жөнінде  Н.Д.Молдавская:  «Әдістемелік  зерттеулерде  әдеби  шығарманы 
қабылдау  мәселесі  тәрбиелік  оқу  тақырыбы  ретінде  қарастырылады 
(жазушының  өз  дәуірі  және  оның  шығармашылығы  жөнінде  оқушыларға 
берілетін  барлық  білімдермен  бірге)  Әдебиеттің  әдістемесінде  оқушы-
оқырманның көркемдік қабылдауын қарастыру оқыту үдерісіне қатыссыз емес 
(мектеп  оқушыларының  оқырмандық  қызығушылығы  мен  оқырмандық 
талғамын  зерттеуші  әлеуметтанушылардың  істеп  жүргеніндей).  Бұл  үдерісте 
әдіскерлерді де тікелей оқушылардың оқу әрекетінің ерекше, арнайы, мақсатты 
бағытта ұйымдастырылуы оларды әдеби шығарманың әсерлілік сипатына қарай 
қызықтыра  түседі.  (сабақ  және  оның  түрлері,  құрылымы,  оқыту  әдістері, 
оқушыларға арналған тапсырмалардың ерекшеліктері және басқалар)», - деген 
пікір білдіреді [71, 224 б]. 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау