42
ұстанымдардың түп қазығы, негiзi болып табылады.
Қазақ әдебиетін оқыту ұстанымдары – осы саладағы заңдылықтарға,
оқытудың мақсаты мен маңызына, басты бағытына сүйенеді. Мектептік
жүйедегі пәндерді оқытуда әдіскер-ғалымдар ұстанымдарды төмендегідей
төрт топқа бөліп қарастырады:
1) әдіснамалық ұстанымдар;
2) ғылыми ұстанымдар;
3) психологиялық ұстанымдар;
4) жеке дидактикалық ұстанымдар.
10-11 сыныптардағы «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуда аталған төрт топқа
қатысты ұстанымдардың бәрі ескеріледі. Оқулықта берілген білім мазмұнын
меңгертуде оқытудың ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік, сабақтастық, іс-
әрекеттілік, пәнаралық ықпалдастық, сабақтастық, оқытудың көрнекілік
ұстанымы және т.б. дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып,
оқушылардың бейіндік ерекшеліктері ескеріледі. Оқытудың барлық
деңгейлерінде жалғасын табатын
сабақтастық ұстанымы пәндік білім
мазмұнын меңгертудің әдіснамалық және әдістемелік қағидаларынан
көрінеді.Қазақ әдебиетін оқытуда
түсініктілік ұстанымы оқушылардың
өзіндік қабілеті мен ерекшеліктерін ескере отырып үйлесімді психологиялық
ахуал тудыруға мүмкіндік жасайды. Бұл ұстанымдар әдебиетті оқытуда
мектептік жүйенің барлық деңгейлерінде шешімін тапқан. Мәселен,
оқушыларды Абай шығармашылығымен таныстыру бастауыш мектептен
бағдарлы мектепке дейінгі аралықта жалғасып жатады.
Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы күрделі
тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталып,
оқушылардың күтілетін нәтижеге жетуіне мүмкіндік береді. Тұлғаның жеке
қабiлетiн ескеруұстанымы тiке байланыс ұстанымына негiзделедi. Бұл қағида
оқыту әдiсiнде оқушының жеке басына тән барлық қасиеттердi психологиялық,
педагогикалық тұрғыдан зерттеуге және онымен үнемi санасып отыруға
негiзделедi. Барлық оқыту жүйесі оқушының зердесiне, ынтасына, қабiлетiне
қарай бейiмделедi. Адамның жеке қабiлетiн ескеру оқушының iстеген жұмысын
тексеру не бағалаған кезде оның кемшiлiктерiнен гөрi жетiстiктерiне көбiрек
көңiл бөлiп отырғанды қажет етедi. Оқушының жеткен жетiстiгiн, табысын
атап өту арқылы мұғалім оның ынтасын, қабiлетiн, өзiне деген сенiмдiлiгiн
арттырады. Оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды беруде
олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі мен икемділігі ескеріледі.
Мұғалім әрбір сабақтың үстінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере
отырып жұмыс жүргізеді. Сабақты нашар және орта меңгерген оқушыларға
жеке тапсырмалар береді. Әрбір баланың темпераментін назарға ала отырып
жұмыстар орындатады. Бұл ұстаным – әдiстемелiк әдебиеттерде жан-жақты сөз
болып жүрген қағидалардың бiрi. Осыған орай оның өзiндiк белгiлерi мен
түрлерi, ерекшелiктерi т.б. айқындалған. Аталған ұстаным эпикалық
шығармаларды оқытуда да өте тиімді.
Жұмыс түрлерiн айқындау ұстанымы мұғалiмнiң жан-жақты iзденуiн,