4.2 Тапсырма
4.2.1 Сызықты емес индуктивтіліктің (конденсатордың) ВАС алу үшін барлық аспаптарын қарастырып сызбасын салу.
4.2.2 Тізбек ЭҚК көзінен қоректенгенде сызықты емес индукивтіліктің және конденсатордың бірізді қосылған тізбегінің ВАС сипаттамасын алу үшің сызбасын салу.
4.2.3 4.2.2 пунктісінің сызбасын тізбек ток көзінен қоректенгенде салу.
4.2.4 Сызықты емес индуктивтілік (конденсатор) үшін берілген ВАС бойынша кернеулер феррорезонансы қандай жиілік пен кернеу кезінде болатынын анықтау. L және С 4.6 суретінде көрсетілген.
4.6 Сурет
4.2.1-4.2.4 пунктілерін аудиториядан тыс уақытта орындау керек.
4.2.5 Сызықты емес индуктивтілік пен конденсатордың ВАС тәжірибелік жолымен алу.
4.2.6 Сызықты емес индуктивтілік пен конденсатордың ток көзінен қоректенген бірізді жалғанған тізбегінің ВАС тәжірибелік жолымен алу.
4.2.7 ЭҚК көзінен қоректенген тізбектің ВАС тәжірибелік жолымен алу:
а) кернеуді нөлден максимумға дейін баяу көтергенде;
б) кернеуді максимумнан нөлге дейін баяу төмендеткенде.
4.3 Жұмысты орындау бойынша нұсқаулар
4.3.1 Сызықты емес индуктивтіліктің (конденсатордың) ВАС алу үшін «Тапсырма» бөлімінің 4.2.1 пунктісінің электірлік сызбасын жина және аспаптардың бес көрсетімін 4.1 кестесіне жазу керек (1 тәжірибе – сызықты емес индуктивтілік, 2 тәжірибе - конденсатор).
4.3.2 «Тапсырма» бөлімінің 4.2.2 пунктісінің электірлік сызбасын жина. Жұмсалған токты баяу өзгертіп аспаптың 7 көрсетімін 4.1 кестесіне жазу керек (3 тәжірибе).
4.1 Кесте
Өлшеу
|
1 Тәжірибе
|
2Тәжірибе
|
3Тәжірибе
|
нөмірі
|
U, B
|
I, A
|
U, B
|
I, A
|
U, B
|
I, A
|
|
|
|
|
|
|
|
4.3.3 «Тапсырма» бөлімінің 4.2.3 пунктісінің электірлік сызбасын жинап, жұмсалған кернеу шамасын баяу өзгертіп 4.2 кестесіне аспаптардың көрсетімдерін жазып алу және токтың секіріп өзгеруіне сәйкес келетін кернеудің мәнін тіркеу.
4.2 Кесте
Өсуі
|
Төмендеуі
|
U, B
|
I, A
|
U, B
|
I, A
|
|
|
|
|
4.3.4 Бір графикте сызықты емес индуктивтілік (4.1 кесте 1 тәжірибе) пен конденсатордың (4.1 кесте 2 тәжірибе) ВАС бойынша тізбектің ВАС және эксперименталды алынған ВАС (4.1 кесте 3 тәжірибе) салу. Алынған қисықтарды салыстырып, олардың арасындағы ерекшеліктерін түсіндіру. Кернеулер феррорезонансы кезіндегі сыйымдылықтардың (конденсатордың) шектерін анықтау, яғни және .
4.3.5 4.2 кестесінің берілгендері бойынша тізбектің ВАС салу және үш режим үшін ток пен кернеудің векторлық диаграммасын салу:
С>, С=, С<.
Достарыңызбен бөлісу: |