Қазақстан Республикасындағы баламалы қызметтер мен ділдік/менталды денсаулығы бұзылған азаматтарды әлеуметтік біріктіруді дамыту бойынша
ҰСЫНЫСТАР
Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
психиатриялық көмек ұсыну саласындағы МӘМ-ді институтсыздандырудағы халықаралық тәжірибелерді, соның ішінде Экономикалық Ынтымақтастық пен Даму жөніндегі Ұйымның мүше-елдерінің тәжірибесін Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсыныстарына сай енгізуге күш қосу;
сәйкесінше құжаттарға менталды денсаулығы бұзылған ересектерді әлеуметтік біріктіру және баламалы қызметтерді дамыту мәселелері бойынша келесідей толықтырулар мен өзгерістерді енгізу: 1) Қазақстан Республикасындағы мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұзақмерзімді болашаққа Ұлттық іс-әрекет жоспары; 2) 2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мүгедектер өмірін жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар Жоспарының Үшінші кезеңі (2016-2018 жылдар);
ұлттың психикалық денсаулығы саласындағы тікелей және тікелей емес шығындар мен ысыраптарға ведомствоаралық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;
жүргізілген зерттеулер негізінде психикалық денсаулық саласында жедел жауап қайтарудың мемлекеттік саясатын жасақтау;
ұлттың психикалық денсаулығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, жоспарлар және жобаларды жүзеге асыру бойынша қаржылай және қаржылай емес мәліметтердің уақытылы жарияланып, ашық болуын қамтамасыз ету;
менталды бұзылыстары мен психикалық қиындықтары бар азаматтар мен олардың туыстарына құқықтық қызметтер мен адвокацияға қолжетімділікті қатамасыз ету;
денсаулығының менталды қиындықтары мен психикалық ауытқулары бар жастардың кәсіптік бағдарлануы мен оқытылуы, сондай-ақ кейінгі жұмысқа орналасуы саласындағы ведомствоаралық өзара әрекеттесу мәселелерін шешу;
үміткер денсаулығының психикалық ахуалы турасында анықтаманың берілуі тиіс жұмыс орындарының тізімін бекіту;
ҮЕҰ мемлекеттік қызметтерді табыстау кезіндегі ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға септесетін сенімгерлік пайдалануға үй-жай, жабдықтарды тапсыруды регламенттейтін ведомствоаралық бұйрықты жасақтау.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне:
психикалық денсаулық саласындағы жаңа беталыстарды ескере отырып, психиатриялық көмек құрылымын түбегейлі қайта ұйымдастыруды жүргізу;
психикалық денсаулықты сақтау, қатерлі топтың адамдары арасындағы психикалық ауытқулар мен асқынулардың алдын-алу бойынша ұзақмерзімді аймақтық бағдарламаларды жасақтау;
генетикалық зерттеулер орталықтарын ұйымдастыру және дамыту;
келесі вектор бойынша көмек көрсету жүйесін қалыптастыру: отбасылық дәрігер – психикалық денсаулық сақтау қызметі – психиатриялық аурухана;
АМСК деңгейіндегі психиатриялық және психологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
психикалық аурулары бар адамдарды диагностикалау, емдеу және бақылау мәселелері бойынша жалпы машық дәрігерлерін даярлау;
көпсалалы стационарларда психиатриялық көмек бөлімдерін ашу;
деменциясы бар науқастарға арналған хоспистер ашу;
психикалық науқастарға арналған стационарлардың материалды-техникалық базасын жақсарту;
бала және жасөспірімдік психиатриалық және психотерапиялық көмек және осы санаттағы балалар тәрбиеленіп жатқан отбасыларға қолдау жүйесін дамыту;
жасөспірімдер мен жастар, сондай-ақ ересек халыққа бағытталған аффективті патология және суицидтік қатері бар емделушілерге арналған аудандық, қалалық және облыстық орталықтарды құру;
оңалту орталықтары, күндізгі стационарлар, күндізгі жұмысбастылық орталықтары және емдеуші-еңбектік шеберханалар желісін кеңейту, менталды бұзылыстары мен психикалық ауытқулары бар емделушілерге арналған сыйымдылығы шағын үйлерді ашу;
қарқынды көмекті қажет етпейтін адамдарға арналған «қорғалған тұрғын үйлерді» ашу;
психикалық қиындықтары бар адамдарға уақытша тұратын мекемелерді құру (туыстарына «демалысқа шығуға», яғни уақытша тынығуға және психо-эмоционалдық ауыртпалықты жеңілдетуге мүмкіндік беру);
психикалық науқасы бар емделушілердің және менталды бұзылыстары бар азаматтардың туыстарына арналған психологиялық қолдау қызметтерін құру;
ауылдық жерлерде, аудандарда, қалаларда және облыс орталықтарында сыйымдылығы шағын үйлерді ашу;
менталды бұзылыстары мен психикалық ауытқулары бар адамдарға, және де олардың туыстарына әлеуметтік қызметкерлерді, қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды бағалау, күтім мен қамқорлықты қамтамасыз ету бойынша мамандарды таңдауға құқық беру;
менталды бұзылыстары немесе психикалық ауытқулары бар бірінші топ мүгедектеріне;
арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды анағұрлым кеңірек қамту үшін науқастарды тәулік бойы ұстайтын МСМ-ін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы формаларына ауыстырудың амалдарын қарастыру;
психикалық денсаулық саласында жұмыс жасайтын еңбек нұсқаушылары, әлеуметтік қызметкерлер және басқа да мамандарды оқытуға, даярлауға және біліктілігін көтеруге арналған бағдарламаларды жасақтау;
арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың баламалы формаларына ауысу барысында әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы кадрларды және кіші медициналық қызметкерлерді (санитарларды) кәсіби даярлау жүйесін енгізу;
нарықтың (мемлекеттік емес сектордың) арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге және оларды табыстауға қажетті шарттарға даярлығына талдау жүргізу;
елдің барлық аймақтарында МСМ-де арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың тиімділігін талдау бойынша кешенді зерттеу жүргізу;
арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынудың баламалы формаларын ескере отырып, арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттарын жетілдіру;
мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын бақылау және бағалау жүйесін енгізу;
МСМ мен баламалы формаларда ұсынылатын әлеуметтік қызметтерді бағалау жүйесін жасақтап, ендіру және жұртшылық үшін бағалау нәтижелерінің мөлдірлігін қамтамасыз ету;
«Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңның жүзеге асырылуы аясында жұртшылық үшін арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын МСМ мен баламалы формалардың қызметінің мөлдірлігін қамтамасыз ету;
отбасы жағдайындағы психикалық проблемалары бар адамдардың құқығын бұзушылық орын алу-алмауы тұрғысынан туыстардың, сондай-ақ, туыстары жағынан менталды бұзылыстары мен психикалық ауытқулары бар адамдардың МСМ-де ұсталатын жағдайында осы санаттағы азаматтарға қатысты күш көрсету және кемсітушіліктің қолданғанын бақылауға алынуын қамтамасыз ету;
18 жастан жоғары психоневрологиялық науқастарға арналған арнайы әлеуметтік қызметтерің көрсетілу стандарттарын жасақтау;
психоневрологиялық науқастарға ұсынылатын қызметтердің сапасын бағалау және бақылау бойынша зерттеулердің жүргізілуін қолдап отыру;
көп салалы стационарларда үнемі күйзелісті халде болу салдарынан пайда болған невроздарды, неврозтәріздес ауытқуларды, депрессияларды емдейтін бөлімшелерді ашу;
дәрігер-психиатрлардың (балаларға және ересектерге арналған) жүктемесін азайту;
күтім мен қамқорлықты қамтамасыз ету үшін жеке көмекшілер ретінде ата-аналардың немесе жақын туыстардың бірін рәсімдеуге мүмкіндік беру.
ҚР Білім және ғылым министрлігіне:
психикалық дамуының бөгелісі, интеллектуалды кемдігі және/немесе психикалық ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдерге, сондай-ақ, өмір бойы менталды бұзылыстары бар жастар мен ересектерге инклюзивті білім беру мен қоғам жүйесін дамыту;
суицидтік мінез-құлықты о бастан анықтау және алдын-алу технологияларын мектеп психологтарына, кәмелетке толмағандар істері бойынша инспекторларға және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың басқа да мамандарына оқыту;
арнайы педагогтар мен психологтардың қолдауымен жалпы білім беру мектептеріне психикалық даму бөгелісі бар балалардың кіруіне рұқсат стандарттарын жасақтау (ПДБ бар балалар сыныптарына арналған түзету-дамытушылық оқыту бағдарламалары бар дегенімен?);
ерте шақтағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы «қатерлі топ» балаларын, сондай-ақ, айрықша қажеттіліктері бар жасөспірімдерді диагностикалап, зерттеуге бағдарланған психологтық-медициналық-педагогикалық комиссиялардың қызметін баршаға ашық, мөлдір және қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
үйде жәрдемші бағдарлама бойынша білім алып жатқан балалар мен жасөспірімдерге білім беру саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтердің ұсынылуын қамтамасыз ету;
еңбек пәндері мен кәсіби бағдарлануға байланысты көмекші мектептерге арналған арнайы оқу бағдарламаларын қайта қарастыру;
көмекші мектеп түлектеріне арналған мамандықтар мен еңбек бейіндері тізімін кеңейту;
техникалық және кәсіби білім беру, ортадан кейінгі және жоғары білім берудің оқу орындарында мүгедектігі бар адамдарды оқытуға арналған үлестеменің орындалуына бақылау жүргізу;
медициналық-әлеуметтік бейінді әлеуметтік жұмыс бойынша мамандарға арналған жаңа, халықаралық деңгейде сынақтан өткізілген мамандандыруды дамытуға қатысты «Мамандықтар мен қызмет түрлерінің сыныптауышына» келесідей толықтырулар енгізу:
- бакалавр дипломымен: 1- «басқыншылық терапевт», 2- «физикал терапевт»;
- магистр дипломымен: 1- «әлеуметтік психиатрия», 2- «эрготерапия».
10. НҚА-ге жаңа МСМ енгізуге және «әлеуметтік көрсеткіштер бойынша» МСМ-ге балалар мен жастарды қабылдау өлшемдерін қаталдандыруға тыйым салдыру.
Үкіметтік емес ұйымдарға:
қоғамдық ұйымдарды дамыту: бастамашыл топтар, науқастар мен туыстардың қауымдастықтары, кәсіби мамандардың қауымдастықтары, қорлар және т.б.;
қамқоршылық, қоғамдық және сарапшылық кеңестер құру арқылы психоневрологиялық үйлер-интернаттардағы қоғамдық бақылау тетіктерін құруға ықпал ету;
психикалық аурулары бар емделушілердің туыстарына олардың құқықтарын қорғау және сақтау бойынша ҮЕҰ ашуға кеңес қызметтері мен көмек көрсету;
арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесіне қолданыстағы қоғамдық бақылау механизмін енгізу (Қоғамдық бақылау комиссиялары).
Нормативтік-құқықтық база:
заңнамаға созылмалы психикалық ауруларға арналған патронажды қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ететін нормаларды енгізу;
заңнамаға психикалық ауруы бар 1-ші топ мүгедегіне күтім жасап отырған отбасы мүшесінің біріне орташа жалақы мөлшерінде және еңбек өтілі сақталынатын заңнамалық жеңілдіктер енгізу;
НҚА-ге айрықша білім беру қажеттіліктері және/немесе мүгедектігі бар балалар мен жасөспірімдердің ата-анасына жеңілдетілген зейнеткерлік жас мөлшеріне қатысты өзгерістер енгізуді қарастыру;
меморгандар мен жұртшылықтың тарапынан сәйкесінше бақылаудың болуы шартымен науқастардың мүлкіне айырбас ретінде оларға күтім жасау туралы келісімшарттар құру мүмкіндігін заңнамалық негізде бекіту;
заңнамадан менталды және психикалық бұзылыстары және/немесе мүгедектігі бар адамдарға қатысты терминология мен кемсітушілік сипаты бар тұстарды алып тастау;
психикалық денсаулық саласында медициналық, әлеуметтік қызметтер ұсыну барысында мемлекеттік емес секторды дамытуға арналған нормативті-құқықтық актілерге (рұқсат ету жүйесі, біліктілік талаптары, көмек көрсетудегі шектеулер) өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
психикалық ауытқулары бар адамдарға арнайы оқытудан өткен қызметкерлері бар арнайы білім беру ұйымдары, күндізгі қызмет Орталықтары және шағынжиынтықты тұрғын үйлер қолжетімді болу үшін арнайы әлеуметтік қызметтер Стандартына толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
психикалық ауытқулары бар адамдарға өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын үйрету бағдарламаларын, менталды бұзылыстары бар азаматтарды жұмысқа орналастыру және күндізгі жұмысбастылық Стандарттарын жасақтау;
Салық кодексіне мына тұстарда толықтырулар енгізу:
әлеуметтік кәсіпкерліктің анықтамасын беру,
әлеуметтік кәсіпорындар мен Коммерциялық емес ұйымдарға арналған эндауэнмент ұғымына анықтама беру,
менталды бұзылыстары, психикалық аурулары бар адамдарға қорғалған жұмыс орындарын құратын әлеуметтік кәсіпорындарға салық салу бойынша жеңілдіктер белгілеу;
10. Неке және отбасы туралы Кодекске және іс-әрекетке қабілеттілік мәселелеріне қатысты басқа да НҚА-не толықтырулар мен өзгерістер енгізу. Атап айтқанда:
1) «шектеулі іс-әрекетке қабілеттілік» ұғымына анықтама беру: міндетті түрде көрсету арқылы клиенттің қажеттіліктері мен жағдайды бағалау нәтижелеріне қарай өмірлік іс-әрекеттің шектеулі немесе толықтай іс-әрекетке қабілетсіздік салалары анықталады;
2) клиенттер өмір сүретін/оларға қызмет көрсетілетін мекемелерге қамқорлыққа алу құқықтарын тапсыруға тыйым салу;
3) қамқорлыққа алу құқықтарын жаңадан құрылған аудандық әлеуметтік қызметтер бөлімшелерінің әлеуметтік жұмыс бойынша мамандарына тапсыру.
Достарыңызбен бөлісу: |