Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады. Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті – ұжымды ұйымдастыру және дамыту. Сынып жетекшісінің үшінші міндеті – оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау. Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады: Бірінші топ міндеттері – әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату. Екінші топ міндеттері – диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу. Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру. Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия. Осы бастапңы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Олар: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері:
Талдау қызметі: • балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу; • өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау; • оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау; • сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау; • ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау; • өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау;
Болжамдық (прогностикалық): • тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау; • оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау; • ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау; • мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру; • ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру: • әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету; • оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету; • әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау; • оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу; • оқушылардың отбасылары мен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, оларға кеңес беру, т.б.; • өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, мұғалімдерінің сабақтарына қатысу; • көсіби бағдар беру, болашаң мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру; • қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, жеке іс қағазды, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары);
Коммуникативтік: • оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу; • "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату; • оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы; • ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер: • баланың денсаулығы; • отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы; • баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы; • мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т.б. психологиялық ерекшеліктері; • үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатынасы; • моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері; • еңбекке көзқарасы; • әстетикалық талғамдары, қызығулары, өнерге, әдебиетке көзқарасы; • интелектуалдық дамуы; • саяси сауаттылығы, т.б.
2. Сынып жетекшісі тәрбие процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін мынадай бірізділікпен басқарса жұмыс нәтижелі болады: • тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеріп алуы; • талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің көзқарасын қорғап, дәлелдей алуы; • тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы; • сынып жетекшісі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда, оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөлген жөн; • тәрбиелеу барысында мұғалімнің өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі; • тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы; • оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы.
Достарыңызбен бөлісу: |