ІV. Т.С.Қ
Сыныбы: 8 «а»,8 «ә».
Пәні: Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 15ХІХ ғ. І-ші жартсындағы Англия.
Сабақ түрі: «АС-№3»
Сабақ әдісі: ББД қалыптастыру.
Көрнекілігі: карта, кесте,суреттер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ХІХ ғ. І-ші жартсындағы Англияның әлеуметтік саяси және экономикалық дамуы туралы айту.Өнеркәсіп төңкерісі жөнінде мәлімет беру.
Өз елінің тарихын білетін,елін қорғай алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Білім: тарихи анықтама,терминдер.
Біліктілік: ауызша және мәтіннен танып білу.
Дағды: жылдамдық,есте сақтау.
Сабақ барысы : І..МЖ бойынша КС
ІІ.КС. (21 сөз.ООМ бойынша)
ІІІ. ҚҚС. (ООМ бойынша)
ІV.МС(анық) (ООМ бойынша)
V. Т.С.Қ.(5 мин)
І.МЖ бойынша КС айту.
(Оқушылар мәтінді үйден оқып келеді)
ІІ.КС (21 сөз тақтаға жазылған,салыстырады)
1.луддашылар
2. жұмысшы
3 машина
4. тори партиясы
5. виги партиясы
6. сайлау
7. «жаңа дваряндар»
8. парламент
9. радикалдық клуб
10. Ливерпул кабинеті
11. утопия
12. «фабрикалық заң»
13. мануфактура
14. бу машинасы
15. «Дженни»
16. кәсіпорын
17. чартизм
18.хартия
19.петиция
20.тред-юнион
21. реформа
Жаттайды,есіне сақтауға 2 мин. беріледі,қайта жаңғыртып,дәптерге жазуға
2 мин.ООМ бойынша тексеріледі.
ІІІ. ҚҚС қою.(ООМ бойынша сұрау)топтар бір-біріне сұрақ қояды.
ІҮ. МС қою. .(ООМ бойынша сұрау)топтар бір-біріне сұрақ қояды.
Ү. ТСҚ (5 мин)
Сыныбы: 8 «а»,8 «ә».
Пәні: Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 14 ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ Мәдениет пен ғылым.
Сабақ түрі: «АС-№2»
Сабақ әдісі: ББД қалыптастыру.
Көрнекілігі: карта, кесте,суреттер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ мәдениет пен ғылым туралы үйрету. Өз елінің тарихын білетін,елін қорғай алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу ХVІІІ ғасырдағы
Ғалымдар өмірі мен қызметі туралы түсінік беру.
Білім: тарихи анықтама,терминдер.
Біліктілік: ауызша және мәтіннен танып білу.
Дағды: жылдамдық,есте сақтау.
Сабақ барысы : І..МЖ (5 бет-10 мин)КС
ІІ.КС. (14 сөз.ООМ бойынша)
ІІІ. ҚҚС. (ООМ бойынша)
ІV.КС (анық) (ООМ бойынша)
V. Т.С.Қ.(5 мин)
Жылдамдық: 1.қоғам
2.сана
3.өркениет
4. ғылым
5. дін
6. білім
7.мәдениет.
І.МЖ(1 бетке 1,5 мин тақырып 5 бет- 10 мин)
(Оқушылар өз бетімен мәтінмен жұмыс жасайды)
ІІ.КС (14 сөз тақтаға жазылған,салыстырады)
1.сенім
2. ғылым
3 құқық
4. табиғат
5. идеология
6. телескоп
7. инквизиция соты
8. әлемдік тартылыс заңы
9. есептеуші машина
10. техника
11. Эмпиризм
12. «Айнымалы шама»
13. суретші
14. композитор
Жаттайды,есіне сақтауға 1 мин. беріледі,қайта жаңғыртып,дәптерге жазуға
1 мин.ООМ бойынша тексеріледі.
ІІІ. ҚҚС қою.(ООМ бойынша сұрау)
1.ХҮІІ-ХҮІІІғ.ғ қандай қоғамда өзгерістер болды? ( ғылымның дамуы,таным мүмкіндіктері)
2. Қандай көзқарастар теріске шығарыла бастады? ( діни және саяси бедел иесіне негізделген )
3. Джон Локк кім,қандай пікір айтқан? ( ағылшын филосфы, білім тәжірибеден жинақталады)
4. Француз ойшылдары кімдер? (Монтескье,Д.Аламбер,Дидро)
5. Олардың пікірлері қандай? ( адам ақыл-ойының құдіреттілігі)
6. Галилео Галилей кім,алғаш не ойлап тапты? ( механик,физик,телескопты)
7. Ол кімдердің көзқарасының дұрыстығын дәлелдеді? ( Коперник пен Бруно)
8. Қандай еңбек жазды? ( «Әлемнің басты жүйелері-Птолемейлік және Коперниктік туралы диалог»)
9. Қай жылы Галилео Галилей инквизиция сотына тартылды? ( 1633ж)
10. И.Ньютон қандай еңбек жазды? ( «Табиғат философиясының математикалық принциптері»)
11. Бұл еңбекте Ньютон қай жылы әлемдік тартылыс заңын тұжырымдады? ( 1687ж)
12. Қандай жаңалықтарды ғылымға енгізді? ( механикалық қозғалыс,жарықтың таралу заңы,есептеудің жаңа әдістері)
13.Готфрид Вильгельм Лейбниц кім? ( неміс ғалымы)
14. Қандай ғылыммен айналысты? ( физика,геология,заң,тарих)
15. Қандай есептеудің негізін салды? ( дифференциалдық және интегралдық есептеу)
16. Бүкіл Еуропаны Лейбниц несімен таңқалдырды? ( есептеуіш машина ойлап шығарды)
17. Ол тағы не ойлап тапты? ( бу двигательдері идеясы)
18. Ғалымдар қандай сұраққа жауап іздей бастады? ( «Әлем неден тұрады?»)
19. Фрэнсис Бэконның қандай кітабы бар? ( «Жаңа Атлантида»)
20. «Жаңа Атлантида» еңбегінде ол таңғажайып арал тұрғындарының бақыты неде дейді? ( техникалық өнертабыстарында)
21. Бэкон ғылымның мақсаты не дейді? ( адамның табиғатқа өктемдігінде)
22. Эмпиризм дегеніміз не? ( тәжірибе)
23. Рено Декарт ғылымға не жаңалық енгізді? ( Айнымалы шамалар)
24. Кеплер ғылымға қандай термин енгізді? ( «инерция»)
25. «Мен Кеплерді оның еркін және терең ойы үшін әрқашанда жоғары бағалаймын» деп кім айтты? (Галилео Галилей)
26. Суретшілерден кімдерді білесің? ( Антуан Ватто,Франсуа Буше)
27. Картиналары кімдерге арналған? ( ақсүйектерге)
28. Кескіндеме өнерге үлес қосқан кім? ( Уильям Хогарт)
29. Неміс композиторларын ата? ( И.С.Бах,Георг Фридрих Гендель)
30. Бах қай жерде музыка ойнаған? (шіркеуде,органда ойнаған)
ІV. Т.С.Қ
Сыныбы: 8 «а»,8 «ә».
Пәні: Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 19 ХІХғ соңы мен ХХ ғ басындағы Италия.
Сабақ түрі: «АС-№2»
Сабақ әдісі: ББД қалыптастыру.
Көрнекілігі: карта, кесте,суреттер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ХІХ-ХХ ғ.ғ дүние жүзі туралы түсіндіре отырып,Италия мемлекетінің бірігуі мен 1848-1849ж.ж ревалюцияның себебі мен барысы туралы айту. Өз елінің тарихын білетін,елін қорғай алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу .
Білім: тарихи анықтама,терминдер.
Біліктілік: ауызша және мәтіннен танып білу.
Дағды: жылдамдық,есте сақтау.
Сабақ барысы : І..МЖ (5 бет-10 мин)КС
ІІ.КС. (14 сөз.ООМ бойынша)
ІІІ. ҚҚС. (ООМ бойынша)
ІV.КС (анық) (ООМ бойынша)
V. Т.С.Қ.(5 мин)
Жылдамдық: 1.кәсіпкер
2.шаруа
3.өнеркәсіп
4. ревалюция
5. конгрес
6. ұйым
7.бірлік.
І.МЖ(1 бетке 1,5 мин тақырып 5 бет- 10 мин)
(Оқушылар өз бетімен мәтінмен жұмыс жасайды)
ІІ.КС (14 сөз тақтаға жазылған,салыстырады)
1.өнеркәсіп
2. ревалюция
3 «Жас Италия»
4. Вена конгресі
5. либералдар
6. «корольдік соғыс»
7. республика
8. граф Кавур
9. бірлік
10. король
11. «мәңгілік қала»
12. конституция
13. сенат
14. консерваторлар
Жаттайды,есіне сақтауға 1 мин. беріледі,қайта жаңғыртып,дәптерге жазуға
1 мин.ООМ бойынша тексеріледі.
ІІІ. ҚҚС қою.(ООМ бойынша сұрау)
1.Қай ғасырда Италияның жекеленген облыстарында экономикалық даму күшейе бастады? (ХІХғ 20-30 ж.ж)
2. Солтүстік Италияда қандай шаруашылық дамып,ненін пайда болуына әсер етті?
( ауылшаруашылығының дамуы,өнеркәсіптің қалыптасуына әкелді)
3. Қандай жағдай Италияны басқа мемлекеттердің үстемдік жүргізуіне жағдай жасады?
( бытыраңқылық)
4. ХҮІ ғ кімдердің билігі орнады? ( Испандықтар,Австриялық Габусбургтер әулетінің)
5. ХҮІІІғ қандай мемлекеттің үстемдігі арта бастады? ( Францияның)
6. Қандай жағдай Италияда ұлттық қозғалыстың өрбуіне әсер етті? (Наполеон соғыстары)
7. Қандай жағдай Италияның бірігуіне кедергі болды? ( Вена Конгресінің шешімі)
8. Бұл қандай шешім? ( Солтүстік Италияның екі облысы Австрияға берілді)
9. «Жас Италия» ұйымын құрған кім? ( Джузеппе Мадзини,1831ж)
10. 1848ж ревалюция Италияда қандай көтерлістен басталды? ( Сицилиядағы )
11. Бұл көтерлісті тағы кімдер қолдады? ( 1848ж Ломбардина мен Венецияның Австрияға қарсы көтерлісі )
12. Біріккен Италиян әскерінің қолбасшысы кім? ( Карл Альберт)
13.Кімдер сатқындық әрекет жасады,себебі не? ( монархтардың революцядан қорқуы,сатқандақ әрекетке апарды)
14. Қай жылы Карл Альберт Австриялықтарға қарсы соғыс қимылдарын жалғастырды?
(1849ж наурызда)
15.Қашан Гарибальди әскері Римді тастап шықты? ( 1849ж 2 шілде)
16. 1848-1849ж.ж Италиядағы ревалюция немен аяқталды? (жеңіліспен)
17. ХІХ ғ ортасында Италияны біріктіру туралы кім жоспар ұсынды? ( граф Камилло Бенсо Кавур)
18. Оның жоспары қклай болды? ( Австрияны күйретуге басқа ұлы державалы мемлекеттен көмек алу арқылы біріктіру)
19. Бұл идеяны кім қолдады? ( Сардиния королі ІІ Виктор Эммануил)
20. Қай жылы қай жерде Кавур мен ІІІ Наполеон арасында құпия келісім жасалды?
1858ж шілдеде)
21. Қай жылы Австриямен соғыс басталды? ( 1859ж сәуірде)
22. «Гарибальди мыңдығы» деп неге аталды? ( 1100 әскері болды)
23. Кімге көмектеспек болды? ( 1860ж Сицилия шаруаларына)
24. Италия қай жылы бірікті? ( 1860ж соңында)
25. ІІ Викторды Қашан король деп жариялады? ( 1861ж наурызда)
26. 1867ж қандай оқиға болды? ( Гарибальди Римді басып алды)
27. 1870ж тарихта қандай соғыс басталды? ( Франция мен Прусся)
28. 1870ж 20 қыркүйекте италия әскері қандай қаланы басып алды? ( Римді)
29. Италияның бірігуі қандай оқиғамен аяқталды? ( Римді астана етумен)
30. Рим папасы тек қай жердің билеушісі деп есептелді? ( Ватикан сарайының)
ІV. Т.С.Қ
Сыныбы: 8 «а»,8 «ә».
Пәні: Дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § ІІ бөлімге кіріспе сабақ.Тест сұрақтарына жауап.
Сабақ түрі: «Алған білімдерін тексеру сабағы .»Тест сұрақтар.ІІ бөлімге жалпы шолу.
Сабақ әдісі: ББД қалыптастыру.
Көрнекілігі: карта, кесте,суреттер.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексеру.
Өз елінің тарихын білетін,елін қорғай алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Білім: тарихи анықтама,терминдер.
Біліктілік: ауызша және мәтіннен танып білу.
Дағды: жылдамдық,есте сақтау.
Сабақ барысы : Тест сұрақтарына жауап беру.
1.Үндістанның Солтүстігінде қандай мұсылман мемлекеті құрылды ? (Дели сұлтандығы)
2. Қай жылы,кім Дели сұлтандығын жаулап алды? (1526ж,Орта Азиядан шыққан Бабыр)
3. Бабыр кім? ( Әмір Темірдің ұрпағы)
4. Бабырдың Ауғаныстан мен Солтүстік Үндістандағы иеліктері қалай аталады? ( Ұлы Моғолдар мемлекеті)
5. Барлық билік кімнің қолында болды? ( падишахтың )
6. Осман империясының әлсіреу себебі не? ( жағ.нашарлауы,ашаршылық,яничарлар көтерлісі,сарай төңкерісі,өзара соғыс)
7. Түріктер халқы қалай бөлінді? ( мұсылман және мұсылман емес)
8. 1475ж Қандай хандық бағынышты болды? ( Қырым хандығы)
9. Қай жерлерді басып алу халықаралық сауданың дамуына себепші болды? ( Кіші Азиядағы Анадолының шығыс бөліктерін)
10. 1514 ж Кімді түріктер женді? ( сефидік Иранды)
11. Королдік меншік жүйесін жою актісі қашан бекітілді? ( 1646ж 24 ақпан)
12. Жеке меншік жер иеленушілер кімдер болды? ( буржуазия мен жаңа дворяндар)
13.Левеллерлер сөзінің мағынасы қандай? ( теңестірушілер)
14. Левеллерлер саяси партиясының негізгі идеясы қандай? ( адамдар теңдігі,қоғамдық келісім)
15. 1645-1646ж Левеллерлердің жетекшілері кімдер? ( Дж.Лильберн,У.Уолвин,Р.Овертон)
16. Ағартушы элита кімдермен ашық күреске шықты? ( шіркеу мен мемлекетке)
17. Ағартушы элита нені сынға алды? ( абсолюттік билікті,шіркеуді, сол заманғы білім беруді)
18.Вольтер католик дінбасшыларын қалай сынады? ( халықты алдап қараңғылықта ұстау)
19. Ағартушылық ғасырдың ғалымдары қандай ғылымдардың дамуына ерекше көңіл бөлді? ( жаратылыстану ғылымдарының дамуына)
20. Ағартушылық ғасырдың ғалымдарының санасында дүниеге қандай екі көзқарас қалыптасты? ( ғылыми және діни)
21. «Табиғат сондай қарапайм және түсінуге оңай,жаратушы Құдайдың құдіреттілігі осында» деп кім айтты? ( Исаак Ньютон)
22. « Табиғат заңдары өзінше жүреді,бұл жерде ешқандай Құдайдың құдіреті жоқ»деп кім айтты? ( Пьер Лаплас)
23. І Петрдің сыртқы саясатта негізгі мақсаты не болды? ( теңізге шығу)
24. Не себептен Ресей Түркиямен соғысуға мәжбүр болды? (қара теңізге шығу)
25. Қай жылы,неше жылға Ресей мен Түркия арасында бітімге қол қойылды? (1700ж 30жыл мерзімге)
26. Ресейдің саяси беделінің өсуіне байланысты қандай мемлекеттермен бітім жасады? ( шведтер және Польша)
27.Қашан Ресей Шведтерге соғыс жариялады? (1700ж 9 тамызда)
28. Тарихта қандай соғыс деп аталды,кімдердің жеңісімен аяқталды? ( Солтүстік соғыс,Ресей жеңісімен)
29.Қай жылы Санкт-Петербург қаласының ірге тасы ұаланды? ( 1703 ж)
30. Солтүстік соғыс нәтижесін ата? (Шведция беделі түсті,Еуропа Ресейді империя екенің мойындады)
31. Азамат соғысы дегеніміз не ? ( бір мемлекеттің ішінде болатын соғыс)
32. Король кімге қарсы соғыспақ болды? ( парламентті жақтаушыларға қарсы)
33. Жұлдызды палата немен айналысты, қашан құрылды?(1641ж, шілдеде мемлекет қауіпсіздігімен,шын мәнінде заңсыздықтармен күрескендерді қудалады)
34. Жоғарғы комисия немен айналысты,қашан құрылды?( 1641ж,7 тамызда,тыңшылықпен)
35. Парламенттік оппазиция кімдерге сүйенді? ( халыққа)
36. 1641ж 12 мамырда қандай оқиға болды? ( граф Страффорд дарға асылды)
37. Алғаш Америка жерін кімдер иеленді? (испандықтар мен португалдықтар)
38. «Этникалық қазына» дегеніміз не? ( неміс,голландықтар,швейцариялықтар Америка жеріне қоныстануы)
39. Ағылшындардың Америка жеріндегі алғашқы отары қалай аталды? ( Виргиния)
40. Ағылшындар қай жылдан бастап Американы отарлай бастады? ( 1607ж)
ІІ. ХІХ-ХХ ғ.ғ басындағы дүние жүзі туралы кіріспе.
ХІХ-ХХғғ басындағы дүние жүзі күреске толы, 1848-1849жж ревалюциялар,олардың нәтижесі туралы, Германия мен Италияның саяси бірігуі,Англиядағы өнеркәсіп төңкерістері туралы.Англиядағы Чартистер қозғалысы олардың талаптары жөнінде мағұлмат алады. І Наполеонның жаугершілік соғыстары ,Францияның саяси-экономикалық дамуы туралы түсінік беру.Азия және Африка елдері,Латын Америка елдеріндегі саяси өзгерістер жөнінде айту.
Тест сұрақтарының жауаптары.
1. (Дели сұлтандығы)
2. (1526ж,Орта Азиядан шыққан Бабыр)
3. ( Әмір Темірдің ұрпағы)
4. ( Ұлы Моғолдар мемлекеті)
5. ( падишахтың )
6. ( жағ.нашарлауы,ашаршылық,яничарлар көтерлісі,сарай төңкерісі,өзара соғыс)
7. ( мұсылман және мұсылман емес)
8. ( Қырым хандығы)
9. ( Кіші Азиядағы Анадолының шығыс бөліктерін)
10 ( сефидік Иранды)
11 ( 1646ж 24 ақпан)
12 ( буржуазия мен жаңа дворяндар)
13 ( теңестірушілер)
14 ( адамдар теңдігі,қоғамдық келісім)
15 ( Дж.Лильберн,У.Уолвин,Р.Овертон)
16.( шіркеу мен мемлекетке)
17. ( абсолюттік билікті,шіркеуді, сол заманғы білім беруді)
18.( халықты алдап қараңғылықта ұстау)
19. ( жаратылыстану ғылымдарының дамуына)
20. ( ғылыми және діни)
21. ( Исаак Ньютон)
22. ( Пьер Лаплас)
23. ( теңізге шығу)
24. (қара теңізге шығу)
25. (1700ж 30жыл мерзімге)
26. ( шведтер және Польша)
27.(1700ж 9 тамызда)
28.( Солтүстік соғыс,Ресей жеңісімен)
29. ( 1703 ж)
30. (Шведция беделі түсті,Еуропа Ресейді империя екенің мойындады)
31. ( бір мемлекеттің ішінде болатын соғыс)
32. ( парламентті жақтаушыларға қарсы)
33. (1641ж, шілдеде мемлекет қауіпсіздігімен,шын мәнінде заңсыздықтармен күрескендерді қудалады)
34. ( 1641ж,7 тамызда,тыңшылықпен)
35. ( халыққа)
36. ( граф Страффорд дарға асылды)
37. (испандықтар мен португалдықтар)
38. ( неміс,голландықтар,швейцариялықтар Америка жеріне қоныстануы)
39. ( Виргиния)
40. ( 1607ж)
Сыныбы: 8 «а»,8 «ә».
Пәні: Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 16 ХІХортасы менХХ ғ.басындағы Англияның саяси-экономикалық дамуы.
Сабақ түрі: «АС-№2»
Сабақ әдісі: ББД қалыптастыру.
Көрнекілігі: карта, кесте,суреттер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ХІХ ортасы мен ХХ ғ. басындағы Англияның саяси-экономикалық дамуы,саяси партиялар туралы үйрету. Өз елінің тарихын білетін,елін қорғай алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу .
Білім: тарихи анықтама,терминдер.
Біліктілік: ауызша және мәтіннен танып білу.
Дағды: жылдамдық,есте сақтау.
Сабақ барысы : І..МЖ (5 бет-10 мин)КС
ІІ.КС. (14 сөз.ООМ бойынша)
ІІІ. ҚҚС. (ООМ бойынша)
ІV.КС (анық) (ООМ бойынша)
V. Т.С.Қ.(5 мин)
Жылдамдық: 1.саясат
2. партия
3. виги
4. тори
5. сайлау
6. билік
7. сауда.
І.МЖ(1 бетке 1,5 мин тақырып 5 бет- 10 мин)
(Оқушылар өз бетімен мәтінмен жұмыс жасайды)
ІІ.КС (14 сөз тақтаға жазылған,салыстырады)
1.Либерал
2. Консерватор
3 партия
4. парламент
5. реформа
6. «шіріген жер»
7. графтық кеңес
8. «дүние жүзілік банкир»
9. «Британ империясы»
10. монополия
11. отар
12. рынок
13. өнеркәсіп
14. «ғаламат бейтараптық»
Жаттайды,есіне сақтауға 1 мин. беріледі,қайта жаңғыртып,дәптерге жазуға
1 мин.ООМ бойынша тексеріледі.
ІІІ. ҚҚС қою.(ООМ бойынша сұрау)
1. ХІХ ғ ортасында тори партиясынан қандай саяси жаңа партия құрылды? ( консервативтік партия)
2. Консервативтік партия кімдердің мүддесін көздеді? ( ірі жер иеленуші,ірі кеме иелері,саудагер)
3. Консервативтік парияның тірегі кімдер? ( фермерлер)
4. Виги партиясынан қандай саяси партия құрылды? ( либералдар партиясы)
5. Кім бұл партияның тірегі? ( ақсүйектер)
6. Кімдердің мүддесін көздеді? ( сауда-өнеркәсіп буржуазиясының)
7. ХІХғ 50-60ж.ж Англияда қандай саяси партия жетекші роль атқарды? ( либералдық партия)
8. Қандай саяси топтар болды? ( фритредерлер,чартистер)
9. Королдік комиссиялар қай уақытта құрылды? ( 2 саяси партия әлсірегенде)
10. Либералдық партияның көсемі кім? ( Уильям Гладстон)
11. 1866ж Либералдық партияның көсемі Уильям Гладстон қандай жоба ұсынды,қабылданды ма?
( мүліктік цензді төмендету,жұмысшыларға сайлауға қатысуға құқық беру, қабылданбады)
12. Консерваторлар кабинетінің премьер-мин. кім? ( Бенжамин Дизраэли)
13.Қандай жоба ұсынды,қолдау тапты ма? ( мүліктік цензді төмендету мен қоса ірі өнеркәсіптік қалалар өкілдіктерін кеңейту, ия)
14. Парламент қай жылы реформа қабылдады? ( 1867ж)
15. 1867ж реформа нәтижесі қандай болды? ( мүлік ценз төмен,сайлаушы саны көбейді,жұмысшы сайлауға құқық алды)
16. 1868ж сайлауда қандай саяси партия жеңіске жетті,кім премьер-министр болды? (либералдар,Уильям Гладстон)
17. Қай жылы «шіріген жерлер» құқығы жойылды? ( 1885ж)
18. Парламент депутаттарынан басқа қандай кеңестер құрылды? ( қалалық және графтық)
19. Ұлыбритания қай кезенде дамыған еуропалық мемлекетке айналды? ( ХІХғ 70 жылдарында)
20. Қай ғасырда Англия «дүниежүзілік банкирге» айналған еді? ( ХІХ ғ ортасында)
21. Не себептен ағылшын капиталы өз елінің ішінде аз пайдаланылды? ( шетелге шығарудан пайда көп түсті)
22. Қайда шығарылды? ( шикізат пен жұмысшы қолы арзан отарға)
23. Атақты Лондондық банктер қалай аталды? ( «үлкен бестік»)
24. Не себептен Англия дүниежүзілік рынокта АҚШ пен Германиядан артта қала бастады?
( ескі технологиямен өндірілген тауар өтпеді)
25. ХІХ ғ 90ж Англияның ішкі рыногына қандай мемлекеттін тауарлары ене бастады? ( Германия)
26. «Британ империясы» атауы қай кезеннен бастап пайда болды? ( ХІХғ70ж королева Виктория
Үндістан императоры атағын алғаннан кейін)
27. 1875ж Мысыр билеушісі Исмаил не істеді? ( Суец каналы компаниясы акциясының 44 пайызын Англияға бар жоғы 4 млн фунтқа сатып жіберді)
28. ХХғ басындағы ірі монополиялық бірлестіктерді ата? ( әскер өнеркәсіпте Виккерс және Армстронг концерндері)
29. Англия тарихында ХІХғ соңы мен ХХғ басы қандай уақыт деп аталады? ( монополистік капитализмнің даму уақыты)
30. «Ғаламат бейтараптық» жағдайдан шығу Англияны қандай жағдайға әкелді? ( І д.ж.с. қатысуға)
ІV. Т.С.Қ
Пән: Дүние жүзі тарихы. 8 «а»,8 «ә» сынып.
Тақырып: § 9. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. ғ. Жоңғар хандығы.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Сабақтың мақсаты: Берілген тақырып бойынша оқытудың нормативтік көрсеткішіне жету.
Білімділік: Оқушыларға ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар хандығының саяси-экономикалық дамуы,шапқыншылық әрекеттері,олардың себептері, жоңғар-қазақ соғысы туралы түсінік бере отырып тақырыпшалар бойынша дәріс оқылады.
Дамытушылық: Тақырыпқа ену барысында оқушылардың ақпаратты бөлу іскерліктері ақпараттық құзырлықтары дамиды. Оқушылар ойлаудың – дедукция мен индукция, зейін, қабылдау және жалпы есте сақтау сияқты негізгі түрлеріне жаттығады және қалыптасады. Жазбаша сөйлеудің жылдамдығы мен техникасы дамиды.
Тәрбиелік: Оқушылар өз бетімен материалды түсініп, негізгісін алуға тәрбиеленеді.
Үстеме міндет: Картаның регламентін орындау. Мүмкіндігінше кілттік сөздер негізінде ақпаратты ұяшықтарға толтыра отырып, қысқарту.
Күтілетін нәтиже: Қойылған мақсатқа жету. Оқу үрдісіне деген жоғары қызығушылықты ояту.
Әдіс-тәсілдер: Әңгіме, жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстар.
Сабақ түрі: «Белгілі. Арнайы. Жаңа» технологиялық картасы. 3 типтегі оқу сабағы. Білім мен іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы: Сергіту сәті>білім мен оқу іс-әрекеті кешенін өзектендіру>ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетімен білімді қолдана білу>өзіндік бақылау және бақылау>түзету>рефлексия.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Оқулық, деректі фильм, мультимедиялық презентация, қосымша материал.
Кестені толтыру әдістемесі: Кесте үш бөлікке бөлінеді: белгілі, арнайы, жаңа. 1. Әрбір баған түскен дәрістік материалдың негізінде толтырылады. Жеке іріктеліп, сөздер мен ұғымдар арнайыға жазылады – бұл ең алдымен пәннің тілі мен негізгі ұғымдары. Мысалы, тарих: кезеңдер, даталар, тарихи тұлғалар, тарихи ұғымдар. Белгілі бағанына оқушыға таныс тірек сөздер енгізіледі, жаңа бағанына – таныс емес сөздер жазылады. Оқушыларға тірек конспект жазуға рұқсат берілмейді. Кестені толтыру ұғымдар негізінде болуы шарт, оны мұғалім сабақтың алдында әрбір баған бойынша таңдайды.
Кесте: «Белгілі. Арнайы. Жаңа»
Белгілі
|
Арнайы
|
Жаңа
|
Наполеон – таныс сөз, бәлкім торттың атымен байланысты.
|
1812 жыл – бұл дата.
|
Ресейге басып кірді – бұл оқиға.
|
Достарыңызбен бөлісу: |