ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ СОТЫ
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
2016 жылғы 3 маусым Минск қаласы
Еуразиялық экономикалық одақ Сотының мынадай құрамдағы Үлкен алқасы:
Төрағалық етуші, Сот Төрағасы А.А.ФЕДОРЦОВ, баяндамашы судья Э.В. АЙРИЯН,
судьялар Ж.Н. БӘЙІШЕВ, Д .Г. КОЛОС, Т.Н. НЕШАТАЕВА, В.Х. СЕЙТІМОВА, А.Э. ТУМАНЯН, К.Л. ЧАЙКА,
сот отырысының хатшысы Ю.С. БОРЕЛЬДІҢ қатысуымен,
іс материалдарын зерттеп, баяндамашы судьялардың материалдарын тыңдап,
Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің өтініштері мен дәлелдерін талқылап, Еуразиялық экономикалық одақтың Соты Статутының 46, 50, 68, 69, 73, 96, 98-тармақтарын, Еуразиялық экономикалық одақ Соты Регламентінің 11-бабының 1-тармағының д) тармақшасын, 72, 85-баптарын басшылыққа ала отырып,
өтініш бойынша мынадай:
Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия, ЕЭК) Монополияға қарсы реттеу департаменті құқық қолдану практикасы және бәсекелестік қағидаларының бұзылғаны туралы істерді қарауға материалдар дайындау бөлімінің бастығы Елена Анатольевна Кузнецоваға, ЕЭК Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті бәсекелестік заңнама және әдіснама бөлімінің бастығы Татьяна Николаевна Чесноковаға, ЕЭК Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті бәсекелестік заңнама және әдіснама бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Асанұлы Бекботаевқа, ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаменті талдау және тергеу жүргізу бөлімі бастығының орынбасары Мария Юрьевна Котқа, ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаменті құқық қолдану практикасы және бәсекелестік қағидаларының бұзылғаны туралы істерді қарауға материалдар дайындау бөлімінің кеңесшісі Әділхан Әуезханға, ЕЭК Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті бәсекелестік заңнама және әдіснама бөлімінің кеңесшісі Анар Мақсұтқызы Талыповаға, ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаменті талдау және тергеу жүргізу бөлімінің кеңесшісі Антон Валерьевич Мартыновқа, ЕЭК Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті халықаралық ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі Надежда Николаевна Пустоваловаға, ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаменті талдау және агроөнеркәсіптік кешен саласында тергеулер жүргізу бөлімінің консультанты Ирина Евгеньевна Михалинаға, ЕЭК Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті бәсекелестікті адвокаттау бөлімінің сарапшы маманы Владимир Александрович Пшеничнийге (бұдан әрі – өтініш берушілер, ЕЭК қызметкерлері),
Еуразия экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы ереже нормаларын өтініш берушілер қойған сұрақтар бөлігінде түсіндіру туралы консультациялық қорытынды ұсынады.
Өтініш берушілердің сұрақтары
1. Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің және Комиссияның Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің ұжымдық шағым мен өтінішті дайындаған, оларға қол қойған және оларды жіберген қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу кезінде аттестаттау комиссиясы қабылдайтын шешімдерге әсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысының туындауы мүмкіндігін болдырмайтындай түрде аттестаттау комиссиясы құрамын қалыптастыру қалайша қамтамасыз етілуге тиіс (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерін Аттестаттаудан өткізу ережесінің 5-тармағы; бұдан әрі – Аттестаттау өткізу туралы ереже)?
2. Аттестаттаудан өткізілетін қызметкердің Аттестаттау өткізу туралы ереженің 6 және 12-тармақтарында белгіленген ережелер шеңберінде оның кәсіби қызметтік жұмысына (Аттестаттау өткізу туралы ереженің 16-тармағы) қатысты кәсіби және жеке сапаларын, оның ішінде аттестаттау комиссиясының құрамына құзыретіне кадр мәселелері жататын Комиссия департаментінің қызметкері дауыс беру құқығынсыз аттестаттау комиссиясының хатшысы ретінде кіретінін және аттестаттау комиссиясы отырысына құзыретіне кадр және құқықтық мәселелер жататын Комиссия Департаменттерінің өкілдері дауыс беру құқығынсыз шақырылатынын (Аттестаттау өткізу туралы ереженің 9-тармағы) ескере отырып, объективті талқылау қалайша қамтамасыз етілуі тиіс?
Аттестаттаудан өтетін қызметкердің жеке қасиеттері мен аттестаттау комиссиясы Аттестаттау өткізу туралы ереженің 17-бабында көзделген шешімдер қабылдау кезінде оларды ескеру өлшемшарттары қандай негізде бағалануы тиіс?
Комиссия қызметкерлерін аттестаттау рәсімі нені білдіреді: тек ұсынылған құжаттарды қарау, аттестаттаудан өтетін қызметкерді, қажет болған жағдайда – Комиссияның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамын тыңдау немесе аттестаттаудан өтетін қызметкерге қосымша, оның ішінде Комиссияның тиісті департаментінің қарауындағы салаға кірмейтін мәселелер бойынша сауалдар қою мүмкіндігі ме?
5. Қандай мәліметтерді Аттестаттау өткізу туралы ереженің 15-тармағы ұғымы бойынша кәсіби қызметтік жұмыс туралы қосымша мәліметтер деп санаған жөн, яғни аттестаттаудан өтетін қызметкердің ұсынылған пікірмен келіспеуі қосымша мәліметтер беру арқылы емес ұсынылған пікірмен келіспеу туралы өтінішпен немесе түсіндірме жазбамен ресімделу туралы сөз болып отыр (Аттестаттау өткізу туралы ереженің 13-тармағы)?
Аттестаттау комиссиясы отырысында Комиссияның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамын тыңдау қажеттілігі қалайша айқындалады?
Комиссияның аттестатаудан өтетін қызметкерінің, егер Аттестаттау өткізу туралы ережеде аттестатау комиссиясы отырысының аудио- және (немесе) бейне жазбасын жүргізуге тыйым салынбаса, аталған әрекеттерді жасауға құқығы бар ма?
Сот құзыреті
8. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 2 қосымша болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одақ Соты Статутының (бұдан әрі – Сот Статуты) 46-тармағымен Еуразиялық экономикалық одақ Соты (бұдан әрі – Сот) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО, Одақ) мүше мемлекеттің немесе оның органының өтініші бойынша 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарт), Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар мен Одақ органдары шешімдерінің ережелерін, сондай-ақ Одақ органдары мен Соттың қызметкерлері мен лауазымды адамдарының өтініші бойынша 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарттың, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар мен Одақ органдары шешімдерінің еңбек құқықтық қатынастарына байланысты шешімдерінің ережелерін түсіндіруді (бұдан әрі – түсіндіру) жүзеге асырады.
Өтініш берушілер Сот Статутының 46-тармағы тәртібімен Сотқа жүгінуге уәкілетті берілген адамдар Комиссия қызметкерлері болып табылады. Бұл мән-жай оларды тиісті лауазымдарға тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелерімен және бұйрықтардан үзінді-көшірмелермен тиісті түрде куәландырылып, расталады (өтінішке қоса беріледі).
2014 жылғы 29 мамырдағы Шарттың 2-бабының он төртінші абзацына сәйкес Одақ органдарында олармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) негізінде жұмыс істейтін, лауазымды адам емес, ЕАЭО мүше мемлекеттерінің азаматтары қызметкерлер болып табылады.
Бір құжат нысанында жасалған, он адам санындағы Комиссия қызметкерлері қол қойған өтініш ұжымдық өтініш болып табылады, бұл Сот Статутының 46-тармағына сәйкес келеді.
Сот Статутының 46-тармағына сәйкес Одақ органдарының қызметкерлері мен лауазымды адамдарының өтініші бойынша Аттестаттау өткізу туралы ереженің нормаларын түсіндіру Сот қарауына берілген.
Өтініш мазмұнына қарай бұл сұрақтар Аттестаттау өткізу, аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру тәртібі мен қағидалары және аттестаттау өткізу туралы ережелерінде көрсетілген құқықтық реттеудегі түсінбестікке байланысты туындаған, бұл келешекте олар үшін аттестаттауды өткізу нәтижелері бойынша келеңсіз құқықтық салдарларға әкелуі мүмкін. Мәлімделген сұрақтар негіздемесінде ЕЭК қызметкерлерінің дәлелдері өтініштерде жазылған, оған тиісті материалдар мен құжаттар қоса берілген.
Өтініш берушілер ЕЭК-тің аттестаттау комиссиясының оларды аттестаттау жөніндегі отырысы өткізілгенге дейін алдын ала жүгінді және өтініште көрсетілген сұрақтар теориялық сипатта ғана, өйткені іс жүзінде ЕЭК-тің нақты қызметкерлеріне қатысты бұл мәселелер туындаған жоқ және quaestio facti (факті мәселелеріне) жатпайды.
9. Аттестаттау өткізу туралы ереже 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша болып табылатын, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (бұдан әрі – ЕЭК туралы ереже) 54-тармағына сәйкес қабылданған және Комиссия қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды, еңбек құқықтық қатынастарын реттеумен тікелей байланысты.
Аттестаттау өткізу туралы ереже 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді, ЕЭК Кеңесінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 98 шешімінің ажырамас бөлігі болып табылады, ЕЭК туралы ереженің 13-тармағына сәйкес нормативтік-құқықтық сипатта және 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарттың 6-бабының 1-тармағы негізінде Одақ құқығына кіреді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 17 наурыздағы №11 шешімімен Аттестаттау өткізу туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Бұл шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енді.
Аттестаттау өткізу туралы ереже 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарт негізінде Комиссия Кеңесіне берілген өкілеттіктер шеңберінде оның шешімімен бекітілді. ЕЭК туралы ереженің 54-тармағының 12-абзацына сәйкес Комиссия қызметкерлері Комиссия Кеңесі бекіткен тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
ЕЭК Кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы №10 шешімінің 10-тармағында Комиссия департаменттері қызметкерлерінің кезектен тыс аттестаттауын 2016 жылы өткізуге рұқсат етілген.
Аттестаттау өткізу туралы ереженің 2-тармағына сәйкес аттестаттау мақсаты Комиссия қызметкерінің атқаратын қызметке оның кәсіби қызметтік жұмысын бағалау негізінде сәйкестігін айқындау болып табылады. Аттестаттау Комиссияның жоғары білікті кадрлық құрамын қалыптастыруға және Комиссия қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етпек.
Аттестаттау өткізу туралы ережені талдау бұл Ереженің нысаналы мақсаты, құқықтық реттеу нысанасы, мазмұны бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 2013 жылғы 12 сәуірдегі A /RES /67/257 қарарымен назарға алынған, БҰҰ Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі Комиссиясының Баяндамасында («Халықаралық азаматтық қызметке арналған әрекет стандарттарының» IV қосымшасы) (бұдан әрі – БҰҰ Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі Комиссиясының 2013 жылғы 12 сәуірдегі Баяндамасы) бекітілген халықаралық азаматтық қызметтің негіздемелік қағидаттарына сәйкес келеді. Осы Баяндаманың 13-тармағына сәйкес халықаралық азаматтық қызметшілердің жауапкершілігі қағидаты белгіленеді, оған сәйкес көрсетілген адамдар өздерінің әрекеттері мен олар қабылдайтын шешімдер, сондай-ақ өз функцияларын орындау кезінде олар қабылдайтын міндеттемелер жөнінде есеп береді және солар үшін жауап беруге тиіс. Баяндаманың 30-тармағында, атап айтқанда персонал мен әкімшілік арасындағы сындарлы қатынастар үшін айрықша маңызы бар қолайлы жағдайлардың болуы және олар ұйымдарды мүдделері үшін қызмет ететіні туралы қағида белгілене отырып, персонал мен әкімшілік арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы норманы қамтиды.
10. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 32 қосымша болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (бұдан әрі – Әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереже) 43-тармағында Комиссия Алқасы мүшелерінің, Сот судьяларының, лауазымды адамдар мен қызметкерлердің еңбек қатынастары осы Ереженің нормаларын ескере отырып, болу елінің заңнамасымен реттеледі деп белгіленген.
ЕЭК туралы ереженің 54-тармағының 10 және 12-абзацтарына сәйкес Еңбек шартын (келісімшартын) жасасу, оны ұзарту мен бұзу негіздері тәртібін Комиссия Кеңесі бекітеді. Комиссия қызметкерлері Комиссия Кеңесі бекітетін тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
Еңбек шарттарымен байланысты мәселелер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық комиссияда лауазымдарды атқару мәселелері туралы» 2014 жылғы 12 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясында еңбек шартын (келісімшартын) жасасу, оны ұзарту және бұзу негіздері тәртібімен (бұдан әрі – Еңбек шартын (келісімшартын) жасасу тәртібі) реттеледі.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі жанындағы әдеп жөніндегі комиссия туралы» 2014 жылғы 9 қазандағы № 90 шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі жанындағы әдеп жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі комиссия туралы ереже) бекітілген, аталған комиссия функцияларына Комиссия департаменттеріндегі бос лауазымдарды иеленуге арналған конкурстар нәтижесі бойынша кандидаттарды іріктеу және Комиссия қызметкерлеріне аттестаттау жүргізу мониторингі; Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің кәсіби әдепті сақтауын бақылау; Комиссия туралы шартта көзделген әлеуметтік және өзге де кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз ету, қақтығыс жағдайлары туындаған кезде басқа да кадр мәселелерін қарау жатқызылған.
Еңбек шартын (келісімшартын) жасасу тәртібінің 2-тармағына сәйкес еңбек шарты (келісімшарты) Әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереже нормаларын ескере отырып, Комиссияның болу мемлекетінің еңбек қатынастарын реттейтін заңнамасына сай жасалады, ұзартылады және бұзылады. Бұл ереженің 2-тармағында Комиссия қызметкерлерінің халықаралық қызметшілер ретіндегі құқықтық мәртебесі белгіленген.
Комиссия қызметкерлерінің аттестаттаудан өту тәртібі Аттестаттау өткізу туралы ережеде айқындалған.
11. Аттестаттау өткізу туралы ереженің 3-тармағы әрбір нақты жағдай үшін белгіленген аттестаттауға жатпайтын адамдар тобын белгілейтінін және аттестаттауға жататын қызметкерлердің әртүрлі санаттарын аттестаттау туралы Ресей Федерациясының (Комиссияның болу елі) нормативтік құқықтық актілерінде халықаралық қызметшілердің көрсетілмеуі фактісін ескере отырып, Соттың Үлкен алқасы Комиссия қызметкерлерінің оларды аттестаттауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысты бөлігінде құқықтық қатынастарды реттеу, de lege lata (қолданыстағы заң көзқарасы бойынша) Одақ органының бір нормативтік-құқықтық актісінің – Аттестаттау өткізу ережесінің құқықтық реттеу нысанасы болып табылады. Комиссия қызметкерлерін аттестаттаудан өткізуге байланысты құқықтық қатынастар Одақтың өзге құқықтық актілерімен реттелмеген.
Өтініште қамтылған мәселелердің мәніне орай Аттестаттау өткізу туралы ереженің нормалары түсіндіру нысанасы болып табылады.
Соттың аталған Ереже нормаларын түсіндіруі халықаралық шарттарды түсіндірудің жалпы қағидатына constructio legis non facit iniuriam (заңды түсіндіру құқықтың бұзылуын тудырмайды) сәйкес жүзеге асырылады.
Сот қорытындылары
Соттың Үлкен алқасы Одақ органдары қызметкерлерінің құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету көзқарасы бойынша қаралатын іс өзекті болып табылады, өйткені онда алғаш рет халықаралық ұйымның ішкі құқықтарының аттестаттау тұрғысындағы қолданысы туралы мәселе көтерілетінін атап өтеді.
Халықаралық ұйымның халықаралық азаматтық қызмет мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу бөлігіндегі ішкі құқығы қызметшіге ұлттық құқықтық әсері болдырмауға бағытталған, осының нәтижесінде тиісті қызметші шешімдер қабылдау кезінде оның тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі.
Халықаралық ұйымның ішкі құқығында қызмет атқару мәселелері жөніндегі қарым-қатынастардың барынша кең ауқымын (аттестаттау мәселелерін қоса алғанда) қамтитын нормаларды бекіту қажет. Бұл ретте ұлттық құқық мүліктік саладан ғана туындайтын қатынастарды (мысалы зейнетақылық қамсыздандыру) ғана реттейді.
ЕАЭО актілері жалпы алғанда көрсетілген қағидаттарға сәйкес келеді, алайды кейбір мәселелер бойынша олар жалпы сипатта және оларды тиісті актіні басып шығарған орган да, Сот Статутының 46-тармағында белгіленген рәсімде Сот та нақтылай алады.
12. Өтініш берушілер Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің және Комиссияның Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің ұжымдық шағым мен өтінішті дайындаған, оларға қол қойған және оларды жіберген қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу кезінде аттестаттау комиссиясы қабылдайтын шешімдерге әсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысының туындауы мүмкіндігін болдырмайтындай түрде аттестаттау комиссиясы құрамын қалыптастыру қалайша қамтамасыз етілуге тиіс (Аттестаттау өткізу туралы ереженің 5-тармағы).
Соттың Үлкен алқасы мыналарды атап көрсетеді.
Одақ құқығында «қызметкерлерді аттестаттау» терминінің анықтамасы берілмеген. Аттестаттау өткізу туралы ереженің 2-тармағында аттестаттау мақсаты Комиссия қызметкерінің кәсіби қызметтік жұмысын бағалау негізінде оның атқарған лауазымға сәйкестігін айқындау деп белгіленген.
Аттестаттау өткізу туралы ереженің 14-тармағының д) тармақшасының, 16-тармағының бірінші абзацын, 20-тармағын жүйелі талдауды ескере отырып, Соттың Үлкен алқасы аттестаттауды қызметкердің кәсіби және жеке қасиеттерін, оның кәсіби қызметінің нәтижелері мен біліктілігін бағалау бойынша әрекеттердің жиынтығы ретінде қараған жөн деген қорытындыға келеді.
«Аттестаттау» терминінің ұсынылған анықтамасы Комиссия қызметкерінің барлық, оның ішінде жеке қасиеттері аттестаттау барысында оның кәсіби қызметтік жұмысы аспектісінде ғана бағаланатынына негізделеді.
Соттың Үлкен алқасы Комиссия қызметкерін аттестаттау рәсімі оның кәсіби қызметін бағалауды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешенін білдіреді деп болжайды. Ол Аттестаттау өткізу туралы ережеде регламенттелген бірқатар дайындық іс-шараларын (аттестаттау комиссиясының құрамын қалыптастыру және бекіту, аттестаттау өткізу кестесі мен нысанын бекіту, аттестатталатын қызметкерлер тізімін айқындау, қажетті құжаттаманы, оның ішінде аттестаттаудан өтетін қызметкердің қызметтің міндеттерін орындауы туралы пікір) және аттестаттау комиссиясының отырысын тікелей өткізуді (ұсынылған құжаттарды қарау, қызметкерді, ал қажет болған жағдайда аттестаттаудан өтетін қызметкер лауазымын атқаратын құрылымдық бөлімшенің лауазымды адамын тыңдау) қамтиды, ол аттестаттау нәтижелерін ресімдеумен аяқталады.
Бұл мәселе бойынша түсіндіру нысанасы болып табылатын Аттестаттау өткізу туралы ереженің 5-тармағында аттестаттау өткізу үшін Комиссия Алқасы Төрағасының (бұдан әрі – тиісінше Алқа Төрағасы) бұйрығы шығарылатыны көзделеді, ол мынадай ережелерді қамтиды:
а) аттестаттау комиссиясын қалыптастыру және оның құрамын бекіту;
б) аттестаттау өткізу кестесі мен нысанын бекіту;
в) аттестатталатын қызметкерлердің тізімі;
г) аттестаттау комиссиясының жұмысына қажетті өзге де құжаттарды дайындау.
Аттестаттау өткізу туралы ереженің 5-тармағы аттестаттау өткізу үшін Алқа Төрағасының өзіне берілген өкілеттіктер шегінде заңдық мәні бар әрекет – билік ету-өкімдік сипаттағы акті ретінде бұйрық шығару нысанындағы құқықтық негізді, сондай-ақ мұндай бұйрықтың өз мазмұны бойынша сәйкес келуге тиіс міндетті талаптарды белгілейтін жалпы сипаттағы норманы қамтиды.
Бұйрыққа аттестаттау комиссиясын қалыптастыру және оның құрамын бекіту туралы ережені енгізу осындай талаптардың бірі болып табылады.
Аттестаттау комиссиясының құрамы Аттестаттау өткізу туралы ереженің 6-7-тармақтарында белгіленген.
6-тармаққа сәйкес Алқа Төрағасы – қызметіне Алқа Төрағасы жетекшілік ететін Комиссия құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу жөніндегі аттестаттау комиссиясының төрағасы, Алқаның тиісті мүшесі қызметіне Алқа мүшесі жетекшілік ететін Комиссия құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу жөніндегі аттестаттау комиссиясының төрағасы болып табылады.
Комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 11 шешімімен Аттестаттау өткізу ережесіне аттестаттау комиссиясының құрамына құзыретіне кадр мәселелері жататын Комиссия департаментінің лауазымды адамын немесе қызметкерін дауыс беру құқығымен енгізу бөлігінде өзгеріс енгізілді.
Аттестаттау комиссиясының құрамына мыналар да:
Алқа Төрағасы хатшылығының немесе Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметіне жетекшілік ететін Алқа мүшесі хатшылығының басшысы аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары ретінде;
қызметкерлері аттестаттауға жататын Комиссия құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;
құзыретіне кадр мәселелері жататын Комиссия департаментінің лауазымды адамы немесе қызметкері;
құзыретіне кадр мәселелері кіретін Комиссия департаментінің қызметкері аттестаттау комиссиясының хатшысы ретінде (дауыс беру құқығынсыз) кіреді.
Аттестаттау өткізу туралы ереженің 9-тармағында аттестаттау комиссиясының отырысына құзыретіне құқықтық мәселелер жататын Комиссия департаментінің өкілі (дауыс беру құқығынсыз) шақырылатыны және Одаққа мүше мемлекеттердің өкілдері байқаушылар ретінде қатыса алатыны көзделеді.
Объективтілік қағидатын сақтау мақсатында Аттестаттау өткізу туралы ереженің 13-тармағына аттестаттау өткізілгенге дейін бір аптадан кешіктірмей аттестаттаудан өтетін қызметкердің өз қызметтік міндеттерін орындауы туралы пікірмен танысуы және оған аттестаттау комиссиясына өзінің кәсіби қызметтік жұмысы туралы қосымша мәліметтерді ұсыну құқығын, сондай-ақ ұсынылған пікірмен келіспеу туралы өтініш беру немесе түсіндірме жазба беру құқығын беру туралы нормасы енгізілді.
Соттың Үлкен алқасы өтініш берушілер қойған сұрақтарды жинап-қорыту шеңберінде нақты департаменттің нақтылауларының орынсыздығына қарай Аттестаттау өткізу туралы ереженің тиісті нормаларын түсіндіруді жүзеге асырады.
Комиссия қызметкерлері Әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің 2-тармағына сәйкес халықаралық қызметшілер болып табылатынын ескере отырып, Соттың Үлкен алқасы «мүдделер қақтығысы» терминінің мазмұнын айқындау мақсатында оның ұғымын белгілеу үшін құқықтық реттеу жағынан ұқсас мәні бар халықаралық құқықтық актілердің ережелерін зерделеді.
2013 жылғы 12 сәуірдегі БҰҰ халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссиясы Баяндамасының «Мүдделер қақтығысы» деген 23-тармағынна сәйкес мүдделер қақтығысы халықаралық азаматтық қызметшінің жеке мүдделері оның қызметтік міндетін орындауымен қайшы келген немесе оған халықаралық азаматтық қызметші ретінде қойылатын адалдық, тәуелсіздік және әділдік мәселелеріне күмән туған жағдайда туындауы мүмкін. Мүдделер қақтығысы халықаралық азаматтық қызметшілер өзінің ұйыммен байланысынан тиісті емес түрде тікелей немесе жанама пайда алуы мүмкін мән-жайларды қамтиды.
Бұл норманың БҰҰ Бас Ассамблеясының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы A/RES/51/59 Қарарымен қабылданған мемлекеттік лауазымды адамдар әрекетінің халықаралық кодексінің «Мүдделер коллизиясы және құқықтан бас тарту» деген ІІ бөлімінің 4-тармағының ережелеріне қатысы бар, оған сәйкес мемлекеттік лауазымды адамдар өзінің ресми жағдайын жеке пайда немесе отбасы үшін жеке немесе қаржылық пайда алу үшін өзіне лайықсыз түрде пайдаланбайды. Олар өздерінің лауазымдарымен, функцияларымен, міндеттерімен немесе оларды іске асырумен сыйыспайтын қандай да бір мәмілелерге қатыспайды, ешқандай жағдайды иеленбейді, қандай да бір функцияларды орындамайды және олардың ешқандай қаржылық, коммерциялық немесе өзге де соған ұқсас мүдделері болмайды.
Соттың Үлкен алқасы Аттестаттау өткізу туралы Ереженің 7-тармағы аттестаттау комиссиясының құрамын аттестаттау комиссиясы қабылдайтын шешімге әсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысының пайда болуын болдырмайтындай түрде қалыптастыру тәртібін айқындайтынын атап өтеді.
Аттестаттау өткізу туралы ереженің көрсетілген тармағының тұжырымы негізінде Соттың Үлкен алқасы онда аттестаттаудан өтетін қызметкерлер мен аттестаттау комиссиясының қатысушылары арасында мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында аттестаттау комиссиясының құрамы қалай қалыптастырылатыны туралы императивтік қағида бар деп пайымдайды.
Соттың Үлкен алқасы Аттестаттау өткізу туралы ережеде Комиссия қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу мәселесі бойынша қатынастарды реттеу мақсаттары үшін «мүдделер қақтығысы» ұғымының анықтамасы жоқ екенін атап өтеді. Демек, 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 31-бабының 1-тармағында бекітілген түсіндірудің жай қағидаларына сәйкес Сот мүдделер қақтығысы ұғымын оның тиісті түпмәтіннің жай мәніне сәйкес, сондай-ақ Аттестаттау өткізу туралы ереженің объектісі мен мақсаттары аясында түсіндіреді.
Халықаралық құқықта «мүдделер қақтығысы» ұғымы салалық ұғым болып табылады және нақты салаларға қолданылады. Бұл жағдайда Одақтың тиісті құқығын бөліп көрсеткен жөн. Атап айтқанда, көрсетілген ұғым Комиссияның жұмыс тәртібіне (ЕЭК туралы ереженің 61-тармағы), Сот судьяларының мәртебесіне (Сот Статутының 21-тармағы) қолданылады. Бұл институт өзге де халықаралық ұйымдардың ішкі құқығында да бар (Staff Rules and Staff Regulations of the United Nations 2014, Regulation 1.2 (m, n тармақтары).
Сот «мүдделер қақтығысы» ұғымының мазмұнын белгілеу үшін осы ережелерді назарға алады. Бұл ретте көрсетілген ұғымның анықтамасы аясында, ең алдымен халықаралық азаматтық қызметшілермен, содан соң ғана болу мемлекеті – Ресей Федерациясының заңнамасымен қызметтік қатынастарды реттейтін халықаралық ұйымдардың тәжірибесі өзекті болып табылады.
Соттың Үлкен Алқасы мемлекеттік азаматтық қызмет жария құқықпен реттелетініне байланысты мемлекеттік қызметшілерді тиісті мемлекеттің еңбек құқығын реттеуден шығарудың тұрақты практикасының (мүлік сипатындағы мәселелерден басқа) қалыптасқанына назар аударады. Мемлекеттердің ортақ мүдделерін қорғауға бағытталған жария функцияларды іске асыратын мемлекеттік қызметшілердің ерекше мәртебесін танитын және оларға жеке құқық нормаларын қолданбайтын Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот бұл мәселені дәл осылайша талқылайды (Pellegrin v. France, 28541/95; Frydlender v. France, 30979/96), Еуропалық одақ Соты (C-149/79 Commission of European Communities v. Kingdom of Belgium [1982], ECR 3881). Осындай ерекше мәртебе халықаралық қызметшілерге де беріледі.
Осылайша, «мүдделер қақтығысы» деген ұғымды халықаралық шарттардың, халықаралық соттар мен ұйымдар шешімдерінің негізінде түсіндіру орынды болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының құжаттарында мүдделер қақтығысы әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жеке мүдделер ресми міндеттерді атқару мен жауапкершілік аясына енетін немесе халықаралық азаматтық қызметші ретінде персонал мүшесінің мәртебесіне байланысты талап етілетін біртұтастыққа, тәуелсіздік пен әділдікке кедергі келтіретін кезде туындайтыны туралы ереже қамтылған. Мүдделер қақтығысы шынайы немесе ықтимал туындаған кезде персонал мүшелері бұл туралы бөлімше басшысына хабарлауға тиіс, Ұйым оны болдырмауға және Ұйым мүдделерінің пайдасына шешуге тиіс (қараңыз Staff Rules and Staff Regulations of the United Nations 2014, Regulation 1.2 (m, n тармақтары).
Демек, мүдделер қақтығысы қаржылық қарым-қатынастарға ғана байланысты емес ұғым болып табылады, сонымен қатар қандай да бір жеке мүдделілік туындайтын қарым-қатынасты қалауы мүмкін.
Халықаралық практикада: туыстық және достық байланыстардың болуы, психологиялық қысым, сыйлықтар алу, тыйым салуларды бұзушылық, бағалы қағаздар мен банктік салымдарға иелік ету, сот істері, қызметте жоғарылату кезіндегі протекциондық әрекеттер, жеңілдіктер алу мен өзгелер мүдделер қақтығысы мысалдары ретінде танылады.
Сонымен бірге халықаралық қызметшілерге (судьяларды қоспағанда) қызметкер мен оны аттестаттаушы адам арасындағы кәсіби байланыстар мүдделер қақтығысына әкеп соқпайды (Еуропалық одақтың Азаматтық қызмет трибуналының T-89/01 Willeme v. Commission [2002] ECR-SC I-A-153 және II-803, 58-тармақ; T-137/03 Mancini v. Commission [2005] ECR-SC I-A-7 және II-27, 33-тармақ істері бойынша шешімдері).
Осылайша, Соттың Үлкен алқасы Комиссия қызметкерлерін аттестаттау тұрғысында мүдделер қақтығысы аттестаттау комиссиясының мүшесі аттестатталатын қызметкермен тығыз байланыста болған жағдайда ғана туындайды деген қорытынды жасайды. Атап айтқанда, мүдделер қақтығысы әрекет немесе әрекетсіздік арқылы халықаралық қызметшінің жеке мүдделері оның ресми міндеттерін орындау барысында тоғысатын
жағдайда ғана туындауы мүмкін.
Бұл ретте кәсіби тұрғыда жеке байланыстардың болуы объективті және субъективті факторлармен (әдеп қақтығысының болуы) расталуы мүмкін. Бірінші жағдайда мүдделер қақтығысы объективті құжаттармен (анықтамалар, туу туралы куәлік), ал екіншісінде тиісті орган (мысалы, Әдеп жөніндегі комиссия) шешімінің болуымен расталады.
Демек, мүдделер қақтығысын айқындаудың екі: объективті (халықаралық ұйымның кадр қызметі мен оның басшысының әрекеті арқылы) және қақтығысқа қатысатын адамдардың болып жатқан жағдайға бағасы басым рөл атқаратын субъективті жолы бар.
Соттың Үлкен алқасы Аттестаттау өткізу туралы ережеде мүдделер қақтығысын айқындаудың процестік тетігі тікелей бекітілмегенін, атап айтқанда, аттестаттау комиссиясының мүшелері мен аттестатталатын адам мүдделер қақтығысын белгілеу және осы қақтығыстың аттестаттау нәтижелеріне әсерін белгілеу үшін қандай іс-қимылдар алдын ала қабылдануға тиіс екендігі анықталмағанын атап көрсетеді.
Соттың Үлкен алқасының пікірі бойынша мүдделер қақтығысын барынша азайту тәсілдерінің бірі халықаралық азаматтық қызметшілердің мүдделердің болуына қатысты ақпаратты ашып көрсетуі және Комиссияның тиісті мүшесінің бұл мәселені талқылауға қатысудан бас тартуы болып табылады.
БҰҰ Әкімшілік трибуналының (қазіргі таңда – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даулар жөніндегі трибуналы; БҰҰ Әкімшілік трибуналының 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1117 шешімі, № 1225 KIRUDJA v. the Secretary-General of the United Nations ісі) практикасы тиісті лауазымдарға кандидаттарды іріктеуге осындай іріктеу бойынша құзыреті бар адамдардың, оның мүдделер қақтығысы болған жағдайда қатысуына жол берілмейтіндігін көрсетті, өйткені бұл тәуелсіздік, объективтілік және бейтараптық шарттарын бұзушылыққа әкеп соғады.
Соттың Үлкен алқасы өзінің кәсіби қызметі туралы ақпарат беру барысында (Аттестаттау өткізу туралы ереженің 13-тармағы) халықаралық азаматтық қызметшілердің мүдделер қақтығысының болуына қатысты ақпаратты ашып көрсетуі мүмкін екенін және объективтілік қағидатына байланысты (Аттестаттау өткізу туралы ереженің 16-тармағы) аттестаттау комиссиясының тиісті мүшесінің оған қатысудан бас тартуына рұқсат етілгенін атап өтеді.
Соттың Үлкен алқасы «мүдделер қақтығысы» ұғымы халықаралық қызметшілерді аттестаттау процесіне қолданылады, осындай процестің объективтілігіне күмәнмен қарайтын бөгде саналы адамның көзқарасы тұрғысынан бағалануы мүмкін осындай процеске қатысушы адамдар арасындағы тығыз байланыстарды (оның ішінде, туыстық, протекциялық, достық, қаржылық және тағы басқа) қамтиды деген қорытындыға келеді. Бұл тұрғыда мүдделер қақтығысы аттестаттау процесіне қатысушының жеке мүдделері оның ресми міндеттемелерді орындауына қатысты емес болған жағдайда туындайды.
Осылайша, аттестаттау процесінде жеке мүдделері бар адам тығыз байланыстардың болуы туралы хабарлауға міндетті, бұл ретте процестік іс-қимылдарды жүзеге асыратын орган халықаралық рәсімдердің бейтараптығын, объективтілігін, әділдігін сақтау мақсатында осы байланыстардың алдағы рәсімдерге әсер ету дәрежесін бағалауға міндетті.
Орган (бұл жағдайда – аттестаттау комиссиясы) уәжделген бағалау қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктерін сақтауға немесе оларды аттестатталатын адамды талқылаудан немесе тиісті мәселе бойынша дауыс беруден шеттете отырып, осы өкілеттіктерді шектеуге құқылы.
Сонымен қатар, Соттың Үлкен алқасы лауазымды иеленуі мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдау міндетін көздейтін, олардың лауазымдық міндеттерді тиісті, объективті және бейтарап орындауларына (өкілеттіктерді жүзеге асыру) байланысты себеп-салдарлық байланыстағы лауазымдық (қызметтік) міндеттерді тиісті, объективті және бейтарап орындауларына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін лауазымды иеленетін адамның жеке мүдделігі қаралатын іске мүдделер қақтығысының біліктілік белгісі болып табылады деп санайды.
Қаралатын іс шеңберінде Соттың Үлкен алқасы келесіні атап өту қажет деп пайымдайды. Одақтың еңбек қатынастарын реттейтін құқық актілеріне сәйкес Комиссия қызметкерінің ықтимал еңбек дауларын, өзге де даулы жағдайларды өзге халықаралық ұйымдардың практикасына сәйкес Комиссияда құрылған қандай да бір құқықтық құралдар арқылы реттеу мүмкіндігі болады. Мәселен, Аттестаттау өткізу туралы ереженің 21-тармағында қызметкерлерге Комиссияның болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес аттестаттау нәтижелеріне шағымдану құқығы, сондай-ақ комиссияға Комиссия Кеңесі жанындағы әдеп жөніндегі комиссияға жүгіну құқығы берілген.
Әдеп жөніндегі комиссия туралы ереженің 3-тармағының д) тармақшасына сәйкес әдеп жөніндегі комиссия мақсаттарының қатарына қақтығыс жағдайлары туындаған жағдайда кадрлық мәселелерді қарау енгізілген. Осы құжаттың әдеп жөніндегі комиссия отырысын қажеттілігіне қарай өткізу мүмкіндігі (мүше мемлекеттер азаматтарының қарауға жататын өтініштерін ескере отырып) туралы 7-тармағының ережесінде аттестаттау өткізу фактісіне қарамастан, қақтығыс жағдайы туындаған кезде қызметкерлерге әдеп жөніндегі комиссияға жүгіну құқығы берілген. Халықаралық қызметшілер ретінде қызметкерлердің және халықаралық ұйым ретінде Комиссияның құқықтық мәртебесін ескере отырып, осындай жүгінулердің құқықтық перспективасы болады, бұл шеңберінде осындай тәртіп БҰҰ-ның қызметкерлері өз міндеттерін орындау процесінде туындайтын қақтығыстарды бейресми реттеу ретінде айқындалған Біріккен Ұлттар Ұйымының құқықтық ұстанымдарына сай келеді. Мәселен, БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 22 желтоқсандағы A /RES/62/228 «Біріккен Ұлттар Ұйымында сот төрелігін іске асыру» Қарарының 22-тармағына сәйкес қақтығыстарды бейресми реттеу сот төрелігін іске асыру жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондай-ақ болдырмауға болатын сот істерін жүргізбеу үшін бейресми жүйені барынша кеңінен пайдалану қажеттілігі атап көрсетіледі.
Әдеп жөніндегі комиссия туралы ережені, атап айтқанда оның мақсатын, оны қалыптастыру тәртібін, құзыретін талдау комиссияның қақтығыстарды реттеу бойынша БҰҰ-ның бейресми жүйесінің құрылымдарымен ұқсас функциясының және әдеп жөніндегі комиссияда қақтығыс жағдайларын шешу үшін елеулі құқықтық әлеуеттің болуын көрсетеді.
Әдеп жөніндегі комиссияның Әдеп жөніндегі комиссия туралы ереженің нормаларымен белгіленген мақсаты мүдделі тараптарға еңбек процесінде туындаған келіспеушіліктерді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі жанындағы құзыретті және тәуелсіз органда дауларды сотқа дейін реттеудің халықаралық-құқықтық тетігін қоса алғанда, барлық құқықтық мүмкіндіктер мен құралдарды пайдалана отырып, шешу құқығын береді.
Соттың Үлкен алқасы Әдеп жөніндегі комиссия туралы ереженің 8-тармағына сәйкес комиссия ЕЭК-ге өз құзыреті шегінде ұсыныстар, оның ішінде Комиссия актілерін дайындау немесе өз құзыреті шегінде оларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар беруге құқылы екендігін белгілейді.
Осыған байланысты Соттың Үлкен алқасы Комиссия қызметкерлері Комиссия Алқасы Төрағасының атына қақтығыс жағдайларының болуы (оның ішінде аттестаттау өткізгенге дейін) туралы өтініштер беруі негізде осындай жағдайлар туындаған жағдайда әдеп жөніндегі комиссияның кадрлық мәселелерді қарауды жүзеге асыруы мүмкін деп пайымдайды. Бұл өтініштер ЕЭК Алқасы Төрағасы үшін әдеп жөніндегі отырыс өткізуге бастамашылық жасау мақсатында Комиссияның Кеңесіне жүгінуге негіз болып табылады.
Бұл ретте әдеп жөніндегі комиссия Әдеп жөніндегі комиссия туралы ереженің 8-тармағына сәйкес, негіздер жеткілікті болған кезде, қақтығыс жағдайлар туындау себептерін жою мақсатында ЕЭК-ге, оның ішінде Комиссия актілерін дайындау немесе өз құзыреті шегінде оларға өзгерістер енгізу арқылы тиісті ұсыныстар беруге құқылы.
13. Өтініш берушілер Аттестаттау өткізу туралы ереженің 6 және 12-тармақтарында белгіленген ережелер шеңберінде, оның ішінде құзыретіне кадрлық мәселелер жататын Комиссия департаментінің қызметкері дауыс беру құқығынсыз аттестаттау комиссиясының хатшысы (Аттестаттау өткізу туралы ереженің 9-тармағы) ретінде аттестаттау комиссиясының құрамына енгізілетінін ескере отырып, аттестатталатын қызметкердің оның кәсіби қызметтік жұмысына қатысты кәсіби және жеке басының қасиеттерін (Аттестаттау өткізу туралы ереженің 16-тармағы) объективті талқылау қалай қамтамасыз етілуге тиіс екендігін түсіндіруді сұрайды.
Аттестаттау өткізу туралы ереженің 16-тармағында аттестаттау өткізуге байланысты мәселелер реттеледі, осы Ереженің 2-тармағында белгіленген аттестаттау өткізу мақсатында Комиссияның аттестатталатын қызметкерінің кәсіби қызметтік жұмысын бағалау шарттары мен өлшемшарттарын қамтиды.
Комиссия қызметкерлерін аттестаттау өткізу объективтілігі Аттестаттау өткізу туралы ережеде бекітілген аттестаттаудан өткізу шарттарына: аттестаттау комиссиясының алқалық құрамына; Комиссияның лауазымды адамдары мен Одаққа мүше мемлекеттердің өкілдері тұлғасындағы байқаушылардың комиссия отырысына қатысуына; аттестаттау басталғанға дейін айқындалған Комиссия қызметкерлерін аттестаттау тәртібінің, шартының, өлшемшарттары мен мерзімдерінің оны өткізу аяқталғанға дейін өзгеріссіз қалатындығымен негізделетін аттестаттау өткізу тәртібіне қойылатын талаптардың өзгертілмеуіне; аттестатталатын Комиссия қызметкерінің аттестаттау нәтижелеріне шағымдану құқығына тікелей байланысты болады.
Аттестатталатын қызметкердің кәсіби қызметтік жұмысы оның атқарып отырған лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі, оның Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің алдына қойылатын міндеттерді шешуге қатысуы, ол орындайтын жұмыс күрделілігі, сондай-ақ тиімділік пен нәтижелілік негізінде бағаланады. Бұл ретте аттестатталатын қызметкердің кәсіби білімі мен еңбек өтілі ескерілуге тиіс.
Еңбек шарты (келісімшарты) талаптарын, ол атқарып отырған лауазымына сай білімін, кәсіби дағдылары мен еңбек тәжірибесін ескере отырып, қызметкердің білім деңгейін тексеру Қызметкердің атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау болып табылады.
Аттестатталатын қызметкердің Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің алдына қойылған міндеттерді шешуге қатысуы аттестатталатын қызметкердің оның жұмыстың ортақ нәтижесіне қосқан үлесін сипаттайтын Комиссияның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлері жұмысының ортақ нәтижесінде еңбекке қатысу шаралары мәніне бағаланады.
Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері Комиссияның тиісті жергілікті құқықтық актілерінде айқындалған.
Аттестатталатын қызметкер орындайтын жұмыс күрделілігінің дәрежесін, сондай-ақ оның тиімділігі мен нәтижелігін айқындау белгілі бір лауазымда жұмысты орындауға қойылатын талаптарға; оны орындау шарттарына, бұл лауазымдағы қызметкерге жүктелетін міндеттемелерге, қажетті біліктілікке, қызметкердің тәжірибесіне, кәсібилігіне қатысты болады.
14. Өтініш берушілердің Ереженің 6 және 12-тармақтарында белгіленген ережелер шеңберінде аттестатталатын қызметкердің оның кәсіби қызметтік жұмысына қатысты кәсіби және жеке басының қасиеттерін объективті талқылау қалай қамтамасыз етілуге тиіс деген сұрағы бөлігінде Соттың Үлкен алқасы келесі мәселені атап өтуді қажет деп пайымдайды.
Аттестаттау өткізу туралы ереженің 6-тармағында аттестаттау комиссиясының құрамын қалыптастыру тәртібі белгіленген.
12-тармақта аттестатталатын қызметкердің аттестаттау кезеңіндегі қызметтік міндеттерді орындауы туралы пікірлер беру қағидалары айқындалады. Осы тармаққа сәйкес аттестаттау өткізгенге дейін 2 аптадан кешіктірілмей аттестаттау комиссиясына Комиссия Алқасының Төрағасы мен Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жетекшілік ететін Алқа мүшелері не Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары қол қойған, аттестатталатын қызметкердің аттестаттау кезеңіндегі қызметтік міндеттерді орындауы туралы пікірлер беріледі.
Соттың Үлкен алқасы Аттестаттау өткізу туралы ереженің 16-тармағының мазмұны аттестатталатын қызметкердің кәсіби қызметтік жұмысын объективті бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санайды.
Өтініш берушілер Соттан аттестатталатын адамның жеке басының қасиеттері қандай негізде бағалануға тиіс және аттестаттау комиссиясы Аттестаттау өткізу туралы ереженің 17-тармағында көзделген шешімдерді қабылдаған кезде оларды ескеру өлшемшарттары қандай екендігін түсіндіруді сұрайды.
Өтініш берушілердің сұрағы екі құрамды болып табылады және Соттың келесі құқықтық ұстанымдар бойынша түсіндіруін талап етеді:
а) аттестаттау комиссиясы аттестатталатын қызметкердің жеке басының қасиеттерін оның кәсіби қызметке қатысты жеке өзінің (жеке басының және іскерлік) ерекшеліктері ретінде пікірі қандай негізде, яғни қандай түсінік аппаратының, қағидаттардың негізінде қалыптасуға тиіс;
б) аттестаттау комиссиясы Аттестаттау өткізу туралы ереженің 17-тармағында көзделген шешімдерді қабылдау кезінде негізінде аттестатталатын қызметкердің жеке басының қасиеттерін ескеру (бағалау) жүргізілетін өлшемшарттар, яғни елеулі, ерекшелік белгілері қандай?
Сонымен қатар Ереженің 17-тармағында аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай:
а) атқарып отырған лауазымына сәйкестік туралы;
б) атқарып отырған лауазымына сәйкессіздік туралы шешімдердің біреуін қабылдайтыны белгіленген.
17-тармақтың оның қолданысы шарттарын көрсететін гипотезасы аттестаттау комиссиясы аталған шешімдердің біреуін қабылдаған кезде туындаған шарт болып табылады. Осындай шарт аттестаттау нәтижесі – аттестаттау комиссиясының Аттестаттау өткізу туралы ереженің 16-тармағына сәйкес аттестатталатын қызметкердің кәсіби және жеке басының қасиеттерін кешенді және жан-жақты талқылау мен бағалау бойынша жұмыстың қорытынды сатысы болып табылады.
17-тармақтың диспозициясы аттестаттау комиссиясының міндеттерін ашып көрсетеді және бұл комиссияның заңи маңызды актілердің қандай түрлерін қабылдауға міндетті екені айтылады: аттестатталатын қызметкердің атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы; осындай қызметкердің атқарып отырған лауазымына сәйкессіздігі туралы. Сәйкесінше 17-тармақты құқықтық реттеу мәні аттестаттау комиссиясы аттестаттау нәтижелері бойынша қабылдауға құқылы шешімдердің түрлерін белгілеу болып табылады.
Сонымен бірге Соттың Үлкен алқасы аттестатталатын қызметкердің кәсіби қызметтік жұмысын бағалау шарты мен өлшемшарттары және осындай бағалаудың құқықтық негіздері тиісті түрде жоғарыда түсіндіріліп өткен Аттестаттау өткізу туралы ереженің 16-тармағында ашып көрсетілгенін, ал аттестатталатын қызметкердің кәсіби, жеке басының қасиеттерін уәжделген бағалау өлшемшартары мен кәсіби қызметтік жұмысының нәтижелері Ереженің 14-тармағының д) тармақшасында бекітілгенін және аттестатталатын қызметкер аттестаттау кезеңіндегі қызметтік міндеттерді орындауы туралы пікірде міндетті түрде есепке алуға жататындығын атап өтеді.
Бұл ретте қызметкердің жеке басының қасиеттері аттестаттау өткізу кезінде бағалануы мүмкін екенін атап өту қажет. Алайда, бұл қасиеттер, егер олар қызметкер функциясының ерекшелігіне бірден бір негіз болса, қызметкердің жеке басының қасиеттері, яғни кез келген жұмысты емес, белгілі бір жұмыс түрін (мысалы, билік - өкім функцияларына байланысты) орындауға қажетті жағдайларда ғана талқылау мен бағалауға жатады. Бұл қорытынды, егер қандай да бір жеке тұлғаның қасиеті немесе моральдық қасиеттер нақты жұмысты орындауға шынымен (объективті) қажет және тиісті актілерде (біліктілік сипаттамасында, лауазымдық нұсқаулықта, еңбек шартында) бекітілген, олар қызметкердің іскерлік қасиеттері ретінде бағалауға жататын жағдайларға негізделген. Бұл жағдайда осындай қасиеттердің болуы (болмауы) қызметкердің атқарып отырған лауазымына сәйкестігіне әсер етеді.
15. Өтініш берушілер Соттан Комиссия қызметкерлерін аттестаттау рәсімі қалай қорытындыланатынын түсіндіруді сұрайды: тек ұсынылған құжаттарды қарау, аттестатталатын қызметкерді, ал қажет болған жағдайда Комиссияның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамын тыңдау немесе аттестатталатын қызметкерді қосымша, оның ішінде Комиссияның тиісті департаментінің қарамағындағы салаға енгізілмеген мәселелер бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтары жөніндегі білімін тексеру мүмкіндігінің болуы.
Соттың Үлкен алқасы өтініш берушілердің жоғарыда аталған сұрағына орай Аттестаттау өткізу туралы ереженің оны өткізу тәртібін реттейтін 15, 16-тармақтары түсіндіруге жатады деп пайымдайды.
Аттестатталатын қызметкерді қосымша, оның ішінде Комиссияның тиісті департаментінің өткізу саласына енгізілмеген мәселелер бойынша білімін тексеру мүмкіндігіне қатысты Соттың Үлкен алқасы келесіні атап өтуді қажет деп пайымдайды.
Аттестатталатын қызметкерді тыңдау қорытындылары бойынша аттестаттау комиссиясы мүшелерінің аттестатталатын қызметкердің кәсіби қызметін жан-жақты бағалауды қамтамасыз ету мақсатында оған сұрақтар қоюдың негізделген мүмкіндігі беріледі.
Аттестаттау өткізу туралы ереженің нормаларын жүйелі түсіндіру аттестаттау өткізу кезінде Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілер жөнінде білімге қойылатын талаптарды Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызмет саласымен шектеген жөн деген қорытындыға келуге мүмкіндік береді.
16. Өтініш берушілердің аттестатталатын қызметкердің ұсынылған пікірмен келіспеуі қосымша мәліметтер беру (Аттестаттау өткізу туралы ереженің 13-тармағы) жолымен емес, берілген пікірмен келіспеу туралы өтінішпен немесе түсіндірме хатпен ресімделетініне байланысты Аттестаттау өткізу туралы ереженің 15-тармағын түсіндіруде қандай мәліметтерді кәсіби қызметтік жұмыс туралы қосымша мәліметтер деп санау қажеттілігі жөніндегі сұрағы бойынша Үлкен алқа келесіні атап өтеді.
Аттестаттау өткізу туралы ереженің 15-тармағын құқықтық реттеу құралы аттестаттау өткізу тәртібі болып табылады. Осы тармақтың бесінші абзацында аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарайтыны, аттестатталатын қызметкерді, ал қажет болған жағдайда аттестатталатын қызметкер лауазым атқарып отырған Комиссияның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамын тыңдайтыны белгіленген. Аттестаттауды объективті өткізу мақсатында аттестатталатын қызметкер аттестаттау кезеңіндегі өзінің кәсіби қызметтік жұмысы туралы қосымша мәліметтер бергеннен кейін аттестаттау комиссиясы аттестаттауды келесі отырысқа ауыстыруға құқылы.
Аттестатталатын қызметкердің кәсіби қызметтік жұмысы туралы қосымша мәліметтер ұсыну құқығы Аттестаттау өткізу туралы ереженің 13-тармағында бекітілген, соған сәйкес аттестатталатын қызметкер аттестаттау өткізуге дейін 1 аптадан кешіктірмей өзінің қызметтік міндеттерді орындауы туралы пікірмен танысуға тиіс. Бұл ретте ол аттестаттау комиссиясына өзінің кәсіби қызметтік жұмысы туралы қосымша мәліметтер, сондай-ақ ұсынылған пікірмен келіспеу туралы өтініш немесе түсіндірме жазба беруге құқылы.
Осы Ереженің 12-тармағының аттестаттау өткізгенге дейін 2 аптадан кешіктірмей аттестаттау комиссиясына аттестатталатын қызметкердің аттестаттау кезеңіндегі қызметтік міндеттерді орындауы туралы пікірлер ұсынатыны туралы диспозициясына орай нысаналы мақсаты мен құқықтық сүйемелдеу жағынан осындай қосымша мәліметтерге аттестатталатын қызметкердің қызметтік міндеттерді орындауы туралы пікірге (бұдан әрі – пікір) енгізілмеген кәсіби қызметтік жұмыс туралы ақпаратты жатқызу жөнінде заңды қорытынды туындайды.
Бұл ретте пікір белгілі бір нысанда жасалған және Ереженің 12-тармағына сәйкес Комиссия Алқасының Төрағасы мен Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жетекшілік ететін мүшесі не Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары қол қойған ресми құжат мәртебесіне ие болады.
Аттестаттау өткізу туралы ережеде «қосымша мәліметтер» деген терминнің болмауына қарамастан, бұл жағдай аттестатталатын қызметкер үшін теріс құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, өйткені Аттестаттау өткізу туралы ереженің 13 және 15-тармақтарының нормаларымен осындай қызметкерге өз қалауы бойынша дербес дайындаған және 14-тармақта белгіленген тізбеге сәйкес пікірге енгізілмеген өзінің кәсіби қызметтік жұмысы туралы қосымша мәліметтер беру құқығы ұсынылады.
Соттың Үлкен алқасы Аттестаттау өткізу туралы ереже Одақ органының нормативтік-құқықтық актісі ретінде аттестатталатын Комиссия қызметкерлеріне олар дербес дайындаған өзінің кәсіби қызметтік жұмысы туралы қосымша мәліметтер беру құқығын ұсыну арқылы олардың кәсіби қасиеттерін объективті бағалау қағидатының сөзсіз басымдығының нормасын ғана белгілемейді, сонымен қатар қызметкерлердің осы норманы іске асырылуының құқықтық тетігін бекітеді. Мәселен, Аттестаттау өткізу туралы ереженің 15-тармағының бесінші абзацында аттестаттауды объективті өткізу мақсатында аттестатталатын қызметкер аттестаттау кезеңіндегі өзінің кәсіби қызметтік жұмысы туралы қосымша мәліметтер бергеннен кейін аттестаттау комиссиясы аттестаттауды келесі отырысқа қалдыруға құқылы екендігі туралы норма бар.
Аттестатталатын қызметкердің аттестаттау кезеңіндегі өзінің кәсіби қызметі туралы дербес дайындаған мәліметтер беру құқығы осындай қызметкердің аттестаттау комиссиясына Аттестаттау өткізу туралы ереженің 13-тармағына сәйкес берілген пікірмен келіспеуі туралы өтініш немесе түсіндірме жазба беру құқығымен толықтырылады.
Аттестатталатын қызметкердің берілген пікірмен келіспеуі туралы өтініші немесе түсіндірме жазбасы өзінің кәсіби қызметтік жұмысы туралы қосымша мәліметтерге қарағанда өзге нысаналы бағытта болады. Қосымша мәліметтер беру мақсаты кейін аттестаттау комиссиясы осындай қызметті объективті бағалауды қалыптастыру үшін қызметкердің пікірге енгізілмеген жұмысы туралы ақпаратты толықтыру болып табылады.
Аттестаттау өткізу туралы ереженің 13-тармағының ережелерін талдауға байланысты аттестаттау мақсатында аттестатталатын қызметкер оның аттестаттау кезеңіндегі қызметтік міндеттерді орындауы туралы пікірде қамтылғанғандарға қосымша беретін мәліметтерді өзінің кәсіби қызметтік жұмысы туралы қосымша мәліметтер деп санау қажет деген қорытынды туады. Ережеде қызметкерге жазбаша нысанда қосымша мәліметтер беру шектелмейді. Олар аттестаттау комиссиясы отырысының барысында ауызша да берілуі мүмкін.
Бұл мәліметтер аттестатталатын қызметкердің кәсіби, жеке басының қасиеттері мен кәсіби қызметтік жұмысының нәтижелерін объективті және жан-жақты қамтамасыз ету үшін талап етілуі мүмкін.
Берілген пікірмен келіспеушілік туралы өтініштің немесе түсіндірме жазбаның өзге құқықтық жүктемесі бар және аттестаттау рәсімінің condition sine qua non (қажетті шарты) болып табыла отырып, аттестатталатын қызметкердің пікірде қамтылған мәліметтерге қатысты пікірін, ұстанымын, ойларын білдіреді.
Осыған байланысты Соттың Үлкен алқасы Аттестаттау өткізу туралы ереженің 15-тармағын түсіндіруде қызметкер Ереженің 13-тармағына сәйкес осындай қызметкердің міндеттерді орындауы туралы пікірде (Ереженің 14-тармағы) қамтылмаған, қызметкер өзінің кәсіби қызметтік жұмысы туралы тікелей өзі дайындаған және берген ақпарат (мәліметтер) жататын қосымша мәліметтерге жататыны туралы қорытынды жасайды.
Қосымша мәліметтер дербес құжат сипатында болады және мұндай қызметкер өзінің пікірмен келісу немесе келіспеу, аттестаттау комиссиясына жоғарыда аталған өтінішті немесе түсіндірме жазбаны жолдау фактісінің болуына қарамастан берілуі мүмкін.
17. Өтініш берушілердің аттестаттау комиссиясының отырысында Комиссияның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамын тыңдау қажеттілігі қалай айқындалатыны туралы сұрағына қатысты.
Соттың Үлкен алқасы келесіні пайымдайды. Аттестаттау өткізу туралы ереженің 12-тармағында аттестатталатын қызметкердің аттестаттау кезеңіндегі қызметтік міндеттерді орындауы туралы пікірге Комиссия Алқасының Төрағасы немесе Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жетекшілік ететін мүшелері қол қоятыны және қажет болған жағдайда аттестаттау комиссиясының бастамасы бойынша оларды тыңдау мүмкін екендігі белгіленген.
18. Өтініш берушілердің Комиссияның аттестатталатын қызметкерінің аттестаттау комиссиясының отырысын аудио және (немесе) бейнежазбаға түсіруге құқығы бар ма деген сұрағына қатысты, егер Ережеде аталған іс-қимылдарға тыйым салынбаған болса, өзге адамдардың құқықтарын сақтауды және ақпараттың құпиялығын сақтауды ескере отырып, рұқсат етіледі.
Қорытынды ережелер
19. Осы Консультациялық қорытындының көшірмесі өтініш берушілерге жолдансын.
20. Консультациялық қорытынды Соттың ресми интернет-сайтында орналастырылсын.
Төрағалық етуші А.А. Федорцов
Баяндамашы судья Э.В. Айриян
Судьялар Ж.Н. Бәйішев
Д.Г. Колос
Т.Н. Нешатаева
В.Х. Сейтімова
А.Э. Туманян
К.Л. Чайка
Достарыңызбен бөлісу: |