Сыныбы: 7 Күні: 21. 02. 17 Тақырыбы



жүктеу 32,9 Kb.
Дата18.01.2020
өлшемі32,9 Kb.
#27051

Сыныбы: 7

Күні: 21.02.17

Тақырыбы: Климаты

Білімділік Оқушыларды Солтүстік Американың климат жағдайына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталу.

2.Дамытушылық Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елінің, жерінің баға жетпес байлығын айта отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке мтәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Оқыту әдісі: карточка;геоминутка; түсіндіру; ойлан, жұптас, бөліс; елші; полиглот; кесте толтыру.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Солтүстік Американың климат картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту. 3 топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасы

1. Тақтаға 3 қатардан 2 оқушы шығарып " Карточка " көмегімен оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
2. "Геоминутка" оқушыны картаға шығарып географиялық обьектілерді сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.

Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы; оңтүстігіне қарай сүйірленуі; батысы биік баулы, ал шығысының аласа болуы; ендік бағыттағы таулардың болмауы – міне осының барлығы климаттың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады.

Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Оның нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін-еркін өте алады.

Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар – торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар – ураган жиі болып тұрады. «Ураган» майя тілінде «дауыл құдайы» дегенді білдіреді.

Солтүстік Американың климаты алуан түрлі. Канаданың Арктикалық архипелагында, Гренландия қаңтардың орташа температурасы -40ºС, ал материктің оңтүстігінде +20ºС болады. Шілденің орташа температурасы солтүстік жағалық бөліктерінде +8ºС-қа әрең жетсе, оңтүстігіндегі кейбір жерлерде +30ºС-тан асады.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері де әркелкі. Материктің оңтүстік-шығысы мен Кариб теңізінің аралдарында жауын-шашын көп түседі, солтүстікке және батысқа қарай жауын-шашын біртіндеп кемиді. Тек Кордильераның солтүстік-батыс жағалауындағы тау беткейлерінде жауын-шашын мөлшері қайта артады. Оған батыс желдері ықпал етеді.
IV. Жаңа сабақты бекіту:

  1. "Ойлан, жұптас, бөліс" төмендегі критерий бойынша жасалады.

Территория

Климаттық белдеу

Орташа термература

Жауын- шашын мөлшері

(мм)

Абсолюттік температура

Қысым

қаңтар

шілде

максимум

минимум

Ж

Т

Гренландия

Артикалық

-40

+8

100-1000

-21

-43

с

о

Гудзон шығанақ

Субарктик.

-24

+16

500

+36

-50







Калифорния түбек

Тропикалық

+16

+24

250-500

+48

-14







Солтүстік поляр

Субарктик.

-24

+16

250-200

+29

-44







Ньюфаундленд

түбегі

Қоңыржай

-8

+16

2000














2. "Елші" тақтаға екі оқушы шығып жасаған жұмыстарын, бірі Солтүстік Американың контур картасына жабыстырып, бірі түсіндіреді.
3. "Полиглот"
1. Солтүстігін не басып жатыр? Қар-Снег-Snow
2. Кенеттен апат әкелетін Торнадо қалай пайда болады? Жел-Ветер-wind, breeze
3. Ең төменгі температура қай айда байқалады? Қаңтар- Январь- January
4. Ең жоғарғы температура қай айда байқалады?Шілде- Июль- July

Дәптерлерін ашып, тапсырманы жазады.
4. "Кесте толтыру" дәптерге жазу


Территория

Климата типі

Орташа температура

Жауын- шашын мөлшері

(мм)

Жауын- шашынның жылдық түсу режимі

қаңтар

шілде

Калифорния

түбегі

Тропикалық құрғақ

+16

+24

250-500

1 жылда

Флорида

түбегі

Субтропикалық ылғалды

+16

+24

1000-

2000

1 жылда, басым көпшілігі жазда


V. Қорытындылау. Бағалау.

Солтүстік Американың климатының қалыптастырудың басты факторы географиялық орны мен жер бедеріндегі тау жүйесінің бойлық бойынша орналасуында. Әр топ сабаққа белсенді қатысты.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді











VІ. Үйге тапсырма: «Солтүстік Америка материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында шағын шығарма жазу.
жүктеу 32,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау