Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 0,51 Mb.
бет1/3
Дата20.05.2018
өлшемі0,51 Mb.
#14465
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы «__» ____________

№___ бұйрығына

4-қосымша



Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қажыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Білім беру туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік демалыс – ана болу, балалардың күтімі үшін, өндірістен қол үзбей білім алу және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;

2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

6) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

7) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

8) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;

9) жалдамалы (ақы төленетін) жұмыскерлер – еңбегі үшін ақыны, оның ішінде лауазымдық жалақы, сыйлықақы, үстеме ақы не заттай түрдегі еңбекақыны (сыйақыны) көздейтін еңбек шарты бойынша (жал шарты) жұмыс істейтін жеке тұлғалар;

10) жаңа жұмыс орны – жаңа мекемені (ұйымды), кәсіпкерлік субъектісін (тоқтату арқылы құрылғаннан басқа) құруға байланысты құрылған немесе жұмыскерлердің санын арттыру, сондай-ақ жұмыскердің жаңа білімін, дағдылары мен ептілігін талап ететін өндіріс технологияларын жаңғырту немесе өзгерту арқылы құрылған жұмыс орны;

11) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

12) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

13) жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар;

14) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ықпал етуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

15) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

16) жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы жұмыскерлер – толық емес жұмыс уақыты немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайында немесе жұмыскерлер әлеуметтік демалыста немесе өндірістің тоқтатылуына байланысты еріксіз бос жүрген жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер;

17) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

18) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;

19) кәсіптік оқыту – Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын оқыту;

20) материалдық көмек – кәсіптік оқудан өтіп жатқан жол жүруге және тұруға арналған шығындарды ішінара өтеуге төленетін ақшалай қаражат;

21) оқу орталығы – білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталығы не жұмыс беруші ұйымдарының жанындағы оқу орталығы;

22) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

23) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

24) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

25) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

26) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары.

2. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру шарттары
3. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.

4. Егер:


1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмағанда;

2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін (мамандығын), қызмет түрін өзгерту қажет болғанда;

3) бар мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылады.

5. Кәсіптік оқыту:

1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;

2) жұмыссыздар;

3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.

6. Кәсіптік оқытудан басым тәртіппен өтуге:

1) мүгедектердің;

2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың, асырап алушылардың, қорғаншылардың (қамқоршылардың);

3) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздардың;

4) алғаш рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ адамдардың;

5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдардың құқығы бар.

7. Кәсіптік оқытуға және оқытуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен және қаражат шегінде:



  1. әлеуметтік кәсіптік бағдарлау;

2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына жіберу;

3) қызмет көрсету саласы үшін кадрларды даярлау бойынша, оның ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу шеңберінде және «жасыл экономика» саласында қысқа мерзімді тегін курстарға (бұдан әрі – оқыту шеберлік сыныптары) жіберу;

4) қысқа мерзімді курстарды қоспағанда, оқып жүргендерге субсидия (оқу орнына дейін және кері жол жүруге, жатақханада тұруға немесе тұрғын үйді жалдауға (жалға беруге) байланысты шығындарды өтеуге) (бұдан әрі – материалдық көмек) беру;

5) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді жұмыс берушілерге мемлекеттік гранттар беру есебінен біліктілік арттыруға және қайта даярлауға жіберу;

6) лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

7) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау жолымен іске асырылады.



3. Кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультация беру тәртібі
8. Халықты жұмыспен қамту орталықтары:

1) Өңірлердің жұмыспен қамту карталарының, Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарының, сондай-ақ Жұмыстан босату және жұмыс орындарын құру карталарының негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп еңбек нарығының кадрларға қажеттіліктерін айқындайды;

2) кәсіптік оқытуға қажеттілік бар жұмыс берушілерді есепке алуды жүзеге асырады;

3) жұмыс берушілерге кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі және шарттары, оның ішінде жұмыс берушілерге кәсіптік оқытуға қатысуға үміткерлерді таңдау туралы консультация береді;

4) мамандық (кәсіп) таңдау, кәсіптік оқыту және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін және әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізілген жұмыс орындарын (бос жұмыс орындарын) ескере отырып, оны аяқтағаннан кейін ықтимал жұмысқа орналасу мәселелері бойынша үміткерлерге консультация береді;

5) үміткерлердің мамандығы (кәсібі) бос жұмыс орындарының біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу мәселелері бойынша консультация береді.

9. Халықты жұмыспен қамту орталықтары консультация беру нәтижелері бойынша кәсіптік оқытуға үміткерлердің және білікті кадрларға қажеттілік бар жұмыс берушілердің тізімдерін қалыптастырады.

4. Кәсіптік оқытуға жіберу

10. Кәсіптік оқытуға үміткерлерді іріктеуді жұмыс берушілер:

1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын үміткерлер қатарынан таңдау;

2) бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу;

3) өз бетінше, оның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы;

4) өндірістің ықтимал тоқтауы, жұмыс уақытының қысқаруы жағдайында, аталған жағдайларға жол бермеу мақсатында, жұмыс берушінің қызметкерлері қатарынан таңдау арқылы іздестіру жолымен жүргізеді.

11. Жұмыс берушілер үміткерлерді әңгімелесу өткізу жолымен немесе халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған ақпаратты зерттеудің негізінде іріктейді.

12. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерден жазбаша ақпарат алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерлерге кәсіптік оқытуға қатысу үшін құжаттар ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.

13. Жұмыс берушілер таңдаған үміткерлер хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұрақты тұратын жеріндегі ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

14. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (кәсіптік оқытуға жолдама берілгенге дейін ұсынылады);

4) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

5) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер бұдан басқа жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе жалақысы сақталмайтын демалыс не бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы немесе мәжбүрлі тоқтап туралы актісі.

15. Құжаттар тізбесін қабылдаған кезде халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері көшірмелердің түпнұсқалығын түпнұсқамен салыстырып тексереді және өтініш берушіге қайтарады.

16. Халықты жұмыспен қамту орталықтары бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқушылар құрамына үміткерлерді енгізу туралы шешім қабылдайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.

17. Кәсіптік оқытудан бас тартқан жағдайда халықты жұмыспен қамту орталығы бас тарту себептерін көрсете отырып, бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

18. Халықты жұмыспен қамту орталығының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағым жасауға болады.

19. Жұмыс берушілер кәсіптік оқытуға іріктеп алған үміткерлер жұмыс берушілердің келісуі бойынша осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген тәртіппен бекітілген өңір аумағында, ал олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары тізбесінен білім беру ұйымдарын не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарын таңдайды.

20. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты кәсіптік оқытуды осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес айқындалатын білім беру ұйымдарында жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және (немесе) үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы дербес жүргізеді.

21. Білім беру ұйымдарына, оқу орталықтарына кәсіптік даярлауға жіберілген кезде оқушылар түсу емтиханын тапсырмастан қабылданады.

22. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарды өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру жұмыс берушілердің өтінімі бойынша оқушының жұмыс орнын сақтау шартымен жүзеге асырылады.

Кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру кезінде жұмыстан босатылған жұмыскерлерге және белгіленген зейнеткерлік жасына жеткенге дейін 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға, сондай-ақ 18-ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлерге басым құқық беріледі.

Жұмыс берушілер еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін кәсіптік оқытуға жіберілетін жұмыскерлердің санын, кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін және оқыту нысанын көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді.

Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары мен нысандарын, сондай-ақ оларды өткізу кестесін оқыту ұйымдары жұмыс берушілермен және халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келіседі.

Өндірістен қол үзіп кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және (немесе) біліктілікті арттырудан өту уақытында еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес әлеуметтік демалыс беріледі.

23. Жұмыстан босатылған жұмыскерлерге және белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілік арттыруға жіберуді үміткерлерді таңдауда жұмыс берушілердің қатысуын талап етпей-ақ, халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

Оқытуды әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың нәтижелерін ескеріп, халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

Оқытуды аяқтағаннан кейін Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.

24. Халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытуды өткізетін ұйым, жұмыс берушілер және оқушы арасында Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқуға ақы төлеу шартын, мерзімінен бұрын бұзу шартын, кәсіптік оқыту мерзімі мен қаржыландыру көздерін қамтуға тиіс.

Әлеуметтік келісімшарт халықты жұмыспен қамту орталықтары, оқытуды өткізетін ұйым, жұмыс беруші және оқушылар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

25. Жұмыс беруші оқуды аяқтаған адаммен оның өтінімі бойынша еңбек шартын жасасады.

26. Жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және оқытатын ұйым жүзеге асырады.

Оқытатын ұйымдардың әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер жүзеге асырады.

Оқушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытатын ұйым және жұмыс беруші жүзеге асырады.

27. Оқушы қорытынды аттестаттауды және біліктілік емтихан тапсырмаған немесе жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, төленген материалдық көмек және стипендия сомаларын қоса алғанда, іс жүзіндегі оқыту шығыстарын мемлекеттік бюджетке ерікті түрде, бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарады.

Жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, төленген материалдық көмек және стипендия сомаларын қоса алғанда, іс жүзіндегі оқыту шығыстарын мемлекеттік бюджетке ерікті түрде, бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарады.

28. Шығыстарды:

1) оқушылар басқа тұрақты жұмысқа орналасқан, әскер қызметіне шақырылған, сот шешімі бойынша бас бостандығынан айрылған, қайтыс болған, жүкті болған, баланың күтіміне байланысты демалыста болған, сондай-ақ оқу бағдарламасын толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін ұзақ емдеуді қажет ететін аурумен ауырған жағдайларда;

2) жұмыс берушілер жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, сондай-ақ өрт, жер сілкіну, су тасқыны және басқа апаттық құбылыстар сияқты күшпен еңсеруге келмейтін (форс-мажорлық) өзге жағдайларда, әскери әрекеттер, банкрот, мүлікке тыйым салынған және осыған ұқсас жағдайларда қайтармайды.

29. Оқушыларды кәсіптік оқытуды халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде өңірлік комиссия бекіткен тізбеден оқушылар жұмыс берушілермен бірлесіп таңдаған оқу орталықтарында ұйымдастырады.

30. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына қарай белгіленеді және:

1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан;

2) қайта даярлау кезінде – алты айдан;

3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспауға тиіс.

31. Кәсіптік оқытудан өтетін оқушыларға техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін заңнамада белгіленген мөлшерде стипендия ұсынылады.

32. Оқушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган, халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен оқытатын ұйым жүзеге асырады.

Бағдарламаға қатысушыларды қорытынды аттестаттау кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды (бұдан әрі – КДДБ) қамтиды. Игеретін кәсібіне қарай КДДБ арнайы пәндер бойынша біліктілік емтихандарын тапсыруды (жазбаша тестілер) және біліктілік (сынақ) жұмысын орындауды (практикалық тест) көздейді.

КДДБ өткізу үшін тәуелсіз біліктілік комиссиясы құрылады.

КДДБ бойынша біліктілік емтиханынан өткен адамдарға біліктілікті беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.

33. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға жіберген адамдар өздігінен, дәлелсіз себептермен оқуын тоқтатса, халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген күннен бастап үш жыл өткен соң оқуға қайта жіберілуі мүмкін.

34. Оқушылар, жұмыс берушілер, оқытатын ұйымдар, білім беру курстарын ұйымдастыру үшін іріктелген заңды және (немесе) жеке тұлғалар туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.



5. Кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізбесін айқындау
35. Өңірлік комиссия білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде оқу құнын көрсете отырып, сол өңірдің аумағындағы және Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріндегі кәсіптік оқуды жүзеге асыратын оқыту ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) бекітеді.

Тізбе жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.

36. Оқытатын ұйымдарды кәсіптік оқытуды жүзеге асыру үшін тізбеге енгізу:

1) оқушылардың өндірістік практикасын кадрларды даярлаудың дуальді моделінің қағидаттарына сәйкес ұйымдастырған;

2) өткен жылғы бітірушілердің кемінде 60 %-ын жұмысқа орналастырылған жағдайда жүзеге асырылады. Жұмысқа орналастырылғандардың саны әскери қызметке шақырылған, жоғары оқу орындарында оқуды жалғастырушы, қайтыс болған, сот шешімі бойынша бас ботандығынан айырылған, жүктілік және туу, бала күтімі бойынша демалыстағы, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды ескермей есептеледі.

36-тармақтың 2) тармақшасының талаптары кемінде күнтізбелік бір жыл бұрын ашылған (құрылған) білім беру ұйымдарына және оқу орталықтарына қолданылмайды.

37. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіптік оқу құнын өңірлік комиссиямен келісу бойынша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандық пен біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне арналған шығыстарды негізге ала отырып, жыл сайын белгілейді.

Оқу орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын халықты жұмыспен қамту орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен және өңірлік комиссиямен келісу бойынша оқу орталығы айқындайды.

Оқу орталықтары кәсіптік оқыту қызметтері құнының есептеулерін жасайды және халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары оқу орталықтары ұсынған кәсіптік оқыту қызметтері құнының есептеулерін үш жұмыс күні ішінде білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жібереді.

Кәсіптік оқыту қызметтерінің құнын қарау кезінде білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мынадай негізгі критерийлерді:

1) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандығы мен біліктілік деңгейіне қарай білім беру процесіне арналған шығыстарды;

2) бір Бағдарламаға қатысушыны оқытуға арналған шығыстардың орташа құнын басшылыққа алады.

Оқу құнының есептеулері негізді деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес өңірлік комиссияларға оқу орталығын тізбеге енгізу туралы тиісті қорытындыны жібереді.

Оқу құнының есептеулері негізсіз деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу құны есептеулерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың оқу құны есептеулерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны үш жұмыс күні ішінде оқу орталықтарына жібереді.

Оқу құнының есептеулерін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қорытындысында баяндалған талаптарға сәйкес келтірген жағдайда кейінгілері өңірлік комиссияларға қорытындыда баяндалған талаптарға сәйкес келтірілген оқу құнының есептеулерін қоса отырып, оқу орталығын тізбеге енгізу туралы ұсыныс енгізеді.

38. Кәсіптік оқыту оқу орталықтарында КДДБ бойынша біліктілік емтиханынан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) беру шартымен немесе «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамында куәлік (сертификат) алуға жәрдем көрсеткен кезде іске асырылады.

Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында кәсіптік даярлаудан өткен және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің белгіленген деңгейі (разряд, класс, санат) тағайындалады және белгіленген үлгідегі құжат беріледі.

39. Кәсіптік оқыту жұмыс берушілермен келісу бойынша оқушылар өңірлік комиссия бекіткен тізбеден таңдаған оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылады.

Өңірде (облыста, Астана және Алматы қалаларында) оқушы жұмыс берушімен келісім бойынша таңдаған мамандық (кәсіп) бойынша кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытатын ұйым болмаған жағдайда, кәсіптік оқыту басқа өңірлерде орналасқан және басқа өңірдің тізбесіне қосылған оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылады.

40. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары есепті айдан кейінгі әр айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқудан шығарылған адамдар туралы ақпаратты және оқитындардың сабаққа келуін есепке алу табелінің көшірмесін ұсынады.


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау