ж.эп-жоғарғы эпидермис, бағ.мзл-бағаналы мезофилл, трхд-трахеид, борп.мзл-борпылдақ мезофилл, т.эп-төменгі эпидермис
Сурет 9 – Silybum marianum L. генеративтік (g1) тіршілік күйіндегі тамырының анатомиялық құрылысы
алғ.қ-алғашқы қабық, фл-флоэма, кс-ксилема, орт.ш-орталық шеңбер
Сурет 10 – Silybum marianum L. генеративтік (g1) тіршілік күйіндегі сабағының анатомиялық құрылысы
эп-эпидермис, клх-колленхима, алғ.қ-алғашқы қабық, крх.қ-крахмалды қынапша, склх-склеренхима, өтк.ш-өткізгіш шоқ, фл-флоэма, кс-ксилема, өз-өзек
Сурет 11 – Silybum marianum L. генеративтік (g1) тіршілік күйіндегі жапырағының анатомиялық құрылысы
ж.эп-жоғарғы эпидермис, бағ.эп-бағаналы эпидермис, трхд-трахеид, борп.мзл-борпылдақ мезофилл, т.эп-төменгі эпидермис
Қорытынды
Asteraceae тұқымдасының шұбар алатікен дәрілік түрінің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылысын зерттеу барысында төмендегідей тұжырымдар жасалды:
1. Өсімдіктің тұқымының және онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық көрсеткіші 1-2-кестелерде көрсетілген. Бұл келтірілген мәліметтерден көргеніміздей алатікен өсімдігі бір жылда толық вегетациялық даму сатыларынан өтеді.
2. Шұбар алатікеннің вегетативтік мүшелері (тамыр, сабақ, жапырақ) әр вегетациялық даму сатыларына өткенде үнемі көлемі ұлғайып, өсіп отырды.
3. 3-5 кестелерде көрсетілгендей өсімдіктің вегетативтік даму кезінде сыртқы морфологиялық құрылысы ғана емес, оның ішкі анатомиялық құрылысы да үнемі дамып отырған. Мысалы өскіндік тіршілік күйінде тұқымжарнағының жоғарғы эпидермисі 22,21±0,83 болса, төменгі эпидермисі 13,98±0,54. Ювенильдік тіршілік күйінен бастап қалыптасқан нағыз жапырақтарының жоғарғы (18,63±0,88) және төменгі эпидермисі (12,12±0,65) генеративтік тіршілік кезеңіне (жоғарғы эпидермис 23,18±0,93, төменгі эпидермис 16,37±0,58) дейін ұлғайған. Мезофилл қабаты да өсу барысында өскіндік тіршілік күйінде 614,72±4,23 мкм болса, генеративтік тіршілік күйінде 632,61±2,6 мкм дейін қалыңдаған. Сол сияқты онтогенездік даму барысында тамырдың анатомиялық көрсеткіштері мынадай нәтижені берді: өскіндік тіршілік кезеңінде экзодерма қалыңдығы 20,71±0,79 мкм, генеративтік тіршілік кезеңінде ыдыраған, ал алғашқы қабық дамудың алғашқы сатысында 214,16±1,17 мкм болса, генеративтік тіршілік күйінде 166,07±0,2 мкм жұқарған. Сонымен қатар орталық шеңбер және ксилема түтіктерінің ауданы әр сатыға өткен сайын өсіп отырды.
4 Зерттелген түрдің өркені маусымдық болғандықтан, оның генеративтік тіршілік күйіндегі сабағының құрылысы үзілмелі өткізгіш шоқты, яғни алғашқы анатомиялық деңгейлі. Талшықты өткізгіш шоқтары әртүрлі, перициклді склеренхималық «қалпақшалы», сабақтың өзектік паренхимасы барынша көледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Георгиевский В.П., Комисаренко Н.Ф., Дмитрук С.Е. Биологически активные вещества лекарственных растений. - Новосибирск, 1990. - С. 5.
2 Онтогенетический атлас лекарственных растений. – Йошкар-Ола: Марийский Гос.унив., 2000. – 268 с.
3 Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведения Казахстана. – Алматы: Ғылым, 1999. – 160 с.
4 Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Рақымов К.Д., Исамбаев И.Ә. және т.б. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. - Алматы: Изд-во «Ғылым», 1988. – 286 б.
5 Егеубаева Р.А. Дикорастущие эфирномасличные растения юго-востока Казахстана. - Алматы, 2002. – С. 2.
6 Мухитдинов Н.М., Паршина Г.Н., Мырзакулов П.М. Расширение ассортимента лекарственных растений – возможность сохранения природных ресурсов естественных и технических наук. // Вестник КазГУ. Сер. Биологическая. – 2001.- №1.-с.59-79
7 Исамбаев Ә.И., Рахимов Қ.Д., Егеубаева Р.А. Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер. Алм., 2000. 5-б.
8 Куркин В.А. Расторопша пятнистая – источник лекарственных средств. Обзор. Хим.-фармац. журн. 2003. – 37, №4. С. 27-41
9 Беликов В.В. Оценка содержания флаванонол-производных в плодах Silybum marianum (L.) Gaertn. Растительные ресурсы, 1985. т. 21. вып.3, С. 350-358
10 Рахимов К.Д., Сатыбалдиева Ж.А., Суходоева Г.С., Адекенов С.М., Тулемисова К.А. Руководство по работе с лекарственными растениями. Алматы: РГКП «Дәрі Дармек», 1999. – 232 с.
11 Самигуллина Л.И., Лазарева Д.Н. Новые перспективы применения препаратов расторопши пятнистой. Эксперим. и клин. фармакол. – 2004. – 67. №4. С. 77-80
12 Глухова Л.В. Экологически безопасная технология возделывания расторопши пятнистой в лесостепи Среднего Повольжья. Автореф. Дис. на соиск. уч. степ. канд. с-х. наук. – Пенз. гос. с-х. акад., Пенза, 2004. – 22 с.
13 Голубев В.П., Малахов А.И., Быков В.А. Стабилизация жирного масла расторопши пятнистой. Биомед. технол. и радиоэлектрон. – 2003. - №6. С. 33-36
14 Курамысова И.И., Аксенова В.Ф., Татимова Н.Г. Лекарственные растения (заготовка, хранение, переработка, применение). 3-е изд., доп. и перераб. Алма-Ата: «Кайнар», 1989. – 304 с.
15 Утешов А.С. Климат Казахстана. Гидрометеоиздат. Л., - 1959. – 245 с.
16 Справочник по климату ССР. - Л.: Изд-во «Наука», - 1968. - 186 с.
17 Аболин Р.И. От пустынных степей Прибалхашья до снежных вершин Хантенгри // Тр. Инст. Почвов и геоботан. – Л., 1930.- С. 17-25.
18 Насыров Р.М., Науменко А.А., Соколов А.А. География почв Заилийского Алатау. – Алматы: «Ғылым» баспасы, 1991.- 150 с.
19 Тахтаджян А.Л. Жизнь растений.- М.: Изд-во «Просвешения», 1981. –Т. 5 (2). - 456 с.
Ақтөбе обылсы.Ойыл ауданы.Ш.Бесиев ауылы. Рысбекова Айгерімнің «Шұбарала тікен дәрілік өсімдігінің морфологиясы және анатомиясы» атты ғылыми жұмысына
ПІКІР
Қазақстан флорасының дәрілік өсімдіктер қорын қазіргідей дәрі-дәрмек тапшылығы айқын сезілген кезеңде медицинада толық пайдалану үшін олардың жаңа түрлерін өндіріске енгізу аса тиімді болар еді. Ал бұл өз кезегінде оларды морфологиялық, анатомиялық және онтогенездік тұрғыдан жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Рысбекова Айгерімнің бұл ғылыми жұмысы осы тұрғыдан алғанда өзіндік құндылығымен ерекшеленеді.
Ғылыми жұмыс кіріспеден зерттеу бөлімінен және қорытындыдан тұрады. Зерттеу бөлімі екі тараудан тұрады. бірінші тарауында автор зерттелген өсімдіктің ботаникалық зерттелуі туралы, ол өсетін аймақтың географиялық сипаты мен климат ерекшеліктеріне толық талдау жасаған.
Екінші тарауда ғылыми жұмыстың зерттелу барысы мен зерттеу әдісіне тоқталады.
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысының нәтижелері мен фотоқондырғылы микроскоппен түсірілген суреттер берілген. (фотоқондырғылы микроскоп мектеп базасында жоқ болғандықтан фото суреттерді ғылыми жетекші ҚазҰУ дың биология факультетіне барып түсірді)
Оқушы өз ойларын дәлелдеу үшін ғылыми –көпшілік әдебиеттердегі жазба дерекі көздері мен ғалымдардың тұжырымдарын басшылыққа алыа отырып, салыстыру, талдау, әдістемелерін ұтымды қолдана білген. Тақырыптың мазмұны толық әрі жан-жақты ашылған. Ұсынылған жұмыстағы суреттер мен кестелерді биология пәнінің мұғалімдерімен жоғарғы сынып оқушылары, биология мамандығының студенттері мен медицина мамандары қажетті білім көзі ретінде пайдалана алады.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы
Ш.Берсиев мектебі
Биология пәнінің мұғалімі Мақсұт.Қ.
8- сынып оқушысы Қайыржанова Ақбибінің «Шұбарала тікен дәрілік өсімдігінің морфологиясы және анатомиясы» атты ғылыми жұмысына
ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕ
Қазіргі таңда медицинада кеңінен қолданылатын дәрілік препараттардың 40% жуығының негізгі шикізаты-дәрілік өсімдіктер. Қазақстандағы медициналық препараттардың өндірісі табиғи дәрілік өсімдіктер шикізатын жинауды арттыру есебінен немесе оларды мәдени өсірумен тікелей байланысты.
Республикамыздағы қажетті дәрілердің 90% жақын және алыс шетелдер-ден сатып алынады. Әлбетте бұл ел бюджетінен доллармен жұмсалатын қыруар қаржы екендігі айқын.
Дәрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да өзіндік маңызын әлі күнге жойған жоқ, қайта жыл өткен сайын оны қолдау пайдалы екендігі анықталып, оның құндылығы артып келеді. Сондықтан соңғы кезде қолданылатын препараттарға дәрілік өсімдіктерден дайындалған дәрілерге сұраныс көп деуге толық болады. Соған байланысты дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамын, морфологиялық және анатомиялық құрылымын зерттеу өзекті мәселе. Өйткені өсімдіктің құрылымдық ерекшеліктерін толығырақ білу олардың морфофизиологиялық критерияларын анатомиялық критерияларымен толықтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол мәліметтер өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін толығырақ біліп тиімді пайдалануға және қажетті дәрілік өсімдіктерді ғылыми тұрғыдан жерсіндіруге мүмкіншілік береді.
Қазақстан флорасының дәрілік өсімдіктер қорын қазіргідей дәрі-дәрмек тапшылығы айқын сезілген кезеңде медицинада толық пайдалану үшін олардың жаңа түрлерін өндіріске енгізу аса тиімді болар еді. Ал бұл өз кезегінде оларды морфологиялық, анатомиялық және онтогенездік тұрғыдан жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Осы мақсатпен шұбар алатікен өсімдігін екпе жағдайда өсіріп, онтогенезіндегі морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін анықтау маңызды жұмыстардың бірі болар деп ойлаймын.
Бұл жұмыс ботаника және экология кафедрасының аспиранты Н.И. Дуйсенованың «Asteraceae тұқымдасы кейбір дәрілік түрлерінің вегетативтік мүшелерінің морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктері және фитохимиясы» диссертациялық жұмысынан алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Silybum L. туысы Silybum marianum L. дәрілік түрінің онтогенезіндегі морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін анықтау.
Мақсатқа жету үшін алға қойылған негізгі міндеттер:
● Шұбар алатікен (Silybum marianum L.) өсімдігін екпе жағдайда өсіріп, онтогенезіндегі морфологиялық құрылысын сипаттау.
● Зерттеуге алынған өсімдіктің онтогенезіндегі анатомиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысанасы мен заты. Зерттеу нысанасы Asteraceae тұқымдасы Silybum L. туысының шұбар алатікен (Silybum marianum L.) дәрілік түрі. Зерттеу заты өсімдіктің онтогенезіндегі морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктері.
Ғылыми жаңалығы
Шұбар алатікен (Silybum marianum L.) дәрілік түрінің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық ерекшеліктері анықталды;
Осы өсімдіктің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің анатомиялық құрылыс ерекшеліктері анықталды;
Практикалық құндылығы
Silybum marianum L. өсімдігін екпе жағдайда өсіру табиғи қорының азаюының алдын алса, ал онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін анықтау осы өсімдіктің ботаникалық сипаттамасын толықтырып, медицинада фармацевтикалық шикізатты анықтап талдауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |