Силлабус 042-18 60/01-2016 №1 басылым 08. 09. 2016 ж


Жолаушылар вагонындағы жарылыстар



жүктеу 1,08 Mb.
бет8/9
Дата30.12.2019
өлшемі1,08 Mb.
#25523
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жолаушылар вагонындағы жарылыстар ТЖ бір түрі болып табы­лады. Олар адамдардың жарақаттануына және қаза болуына, өрттің шығуына, жылжымалы составтың аударылуына және жолдардың бұзылуына әкеледі. Жарылудың себебі жарылу қаупі бар заттарды тасымалдауда ережені бұзу, тексеру жолында (төменде) жарылу қаупі бар қоспаның, лаңкестік актіні тергеу құрамының пайда болуы.

Кейде жолаушылар поезі қар үйінділерімен, топырақтармен, құлаған тастармен, көшкіндермен, сел тасқындарымен, сумен жабылады. Мұндай жағдайда зардап шеккендерді босату үшін және оларға көмек көрсету үшін шұғыл шара қолдану қажет.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Апат орнына құтқарушылар келгендегі алғашқы іс әрекетері

  2. Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою

  3. Құтқарушылардың вагонға енуі

  4. Вагонның астында қалған адамдарды құтқару

8 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Автомобиль көлігінде ІҚЖ жүргізу


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Көліктің барлық түрінің ішінен қайғылы зардап пен материалдық зиянға көп ұшырайтыны саны жағынан автомобиль көлігінің еншісінде. Дүние жүзілік денсаулық сактау ұйымының мәліметі бойынша авто жолдарда аврияның және апаттың нәтижесінде жыл сайын әлемде 300 мыңнан көп адам қаза болады, шамамен 8 млн. адам жарақат алады. Соңғы жылдағы әлемдік статистика мұндай ТЖ зардабының ауырлығын және тенденцияның өсу санының тұрақтылығын дәлелдейді. Қазақстан Республикасында жыл сайын автожолда 3 мыңнан астам адам қаза болады.
Автокөліктердегі ТЖ негізгі себебі болып соғысу (37,9%), аударылу (16,1 %), басқада оқиғалар (8,9%). Қалаларда және елді мекендерде 60%, тас жолдарда 40% авариялар мен апаттар болады, тас жолдарда автомобильдер көбінесе аударылады, қалаларда және елді мекендерде соқтығысады. Тас жолдардағы ТЖ зардабы, ереже бойынша, елді мекендерге және қалаларға қарағанда ауырырақ. Көбінесе ТЖ шілде – қыркүйек айларында (қарбалас кез – тамыз).

Автокөліктердегі ТЖ негізгі сипаттамасы – тосыннан болуы, көлік құралының кілт тоқтауы, оның өзгеруі, есіктердің сыналануы. Кейбір жағдайларда автомобиль авариялары жарылыстармен, өрттермен, уландыратын заттардың төгілуімен, автомобилдердің құзға, суға түсуімен сипатта­лады. Автокөлік құралдарының көшкіннің, сел тасқынының, қар басып қалу және құлаған тастардың астында қалу жағдайлары жиі болады. Бұл ТЖ ауыр және қайғылы зардаптармен ерекшеленеді.

Автокөліктердегі авария адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкеледі. Автожолдағы ТЖ – кенеттен болған динамикалық соққының салдарынан, жарылыстан, өрттен болатын әдеттегі жарақат – бұған жаралап алу, сүйектердің сынуы, бас миының шайқалуы, ішкі ағзалардың зақымдануы, күйіктер жатады.

Автокөлікте ТЖ ішінен ең жиі кездесетіні (қарама – қарсы, бүйір жағымен, жанама) соқтығысу болып табылады.

Кез – келген соқтығысу автомобилдердің қарама – қарсы келген қозғалысында болады. Ол көлік құралының алдыңғы (лобовой) бөлігінің пішінінің өзгеруіне, қозғалыстың күрт тоқтауына, есіктердің сыналасуына, салондағы немесе кабинадағы адамдардың қысылысуына (сығылысуына), әйнектердің тұтас сынуына әкеп соқтырады. Көлік құралы түрінің өзгеру дәрежесі және кабинадағы немесе салондағы адамдардың жарақаттану деңгейі қозғалыстың жылдамдығына және соғысқан автомобильдің массасына байланысты. 60 км/с жылдамдықта келе жатқан екі жеңіл авто­мобиль қарама – қарсы соғысқан кезінде алдыңғы бөліктің түрі өзгереді: жүргізуші рульге, ал жолаушы салонның элементтеріне қысылып, басы­лып қалады. Автомобильдің ұзындығы 0,5 м азаяды. Ал жылдамдықтың 120 км/с ұлғаюы автомобилдердің барлық жан – жағынын түрін өзгертуге және салон ішіндегі адамдардың қысылып басылуына әкеледі.

Бүйірімен соқтығысу – бір автомобильдің келесісінің бүйір бұрышының кез – келген бөлігін соғу. Мұның нәтижесі – есіктердің және кузовтардың түрін өзгертуге, адамдардың қысылып, басылуына әкеледі. Кейде бүйірінен соққы алған автомобиль аударылады. Бүйір соқтығысуы соққы болған салон жақтағы адамдар үшін қауіпті.

Жанама соқтығысу қарама – қарсы немесе бір бағытта қозғалған кезде болады. Автомобильдер бүйір жағымен соқтығысады. Сонымен қатар адамдар жарақаттанады, көліктің үстіңгі бүйір жақтарының пішіні өзгереді.



Қағу қозғалмайтын (бағана, ағаш, қабырға, дуал, автомобиль) неме­се қозғалатын (автомобиль, поезд, трамвай, трактор, велосипед) заттарды барып соғу. Оның сипаттамасы автомобильдің кенеттен тоқтауы, күшті динамикалық соққының пайда болуы, бұл автомобилдің алдыңғы бөлігін зақымдап, салон мен кабинадағы адамдардың жарақат алуына алып келеді. Кей жағдайларда поезға, трамвайға, тролейбусқа және автомобильге соқтығысу ТЖ себебі болып табылады. Бұл авариялар ауыр зардаптарға алып келеді.

Аударылу – автокөліктерде өте жиі кездесетін ТЖ – ның бірі. Ол бүйірден соғудың, кілт бұрылудың, автомобильдің жолдың шетіндегі (бойындағы) жардың бетіне шығып кетуінің салдарынан болады. Автомо­биль бүйірімен немесе төбесімен аударылады. Әсіресе автомобиль бірнеше рет аударылғанда қауіпті. Бұл сыртының, төбесінің едәуір зақымдануы­на, салондағы адамдардың қысылып қалуына, олардың жерге құлауына және басылуына, бензиннің төгілуіне, жарылысқа, өртке алып келеді.

Авариялар мен апаттардың қауіп төндіретін мөлшерлері уларды, радиациялық – қауіпті, өрт және жарылу қаупі бар өнімдерді таситын арнайы автокөліктерді есепке алып қабылданады. Мұндай авариялар мен апаттардың ерекшелігі – жарылыстар және төгілулерден кейін адамдардың жара­қат алуымен және қаза болуымен қатар, қоршаған табиғи ортаның ластануы мүмкін.



Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу үшін құтқарушыларда өрт сөндіру саймандары, жабдықтар, көтеруге арналған машиналар, ауыр заттарды көмкеру және ауыстыру, әртүрлі металл кескіндерін кесу, зардап шеккендерді және автокөліктерді іздеу құралдары, жарықтандыру, байланыс, қорғау, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, оларды көшіру, тіршілігін қамтамасыз ету, су астындағы жұмыстар, қауіпті заттарды жинастыру және залалсыздан­дыру құралдары болу керек. Кейбір жағдайда жұмыстар альпинистік жабдықтарды пайдаланып жүргізіледі. Ереже бойынша, автомобильдік ТЖ жолда немесе оған тікелей жақын жерде болады. Бұл құтқарушылардың және арнайы техникалардың тікелей жұмыс орнына тез жетуін және олардың шұғыл жүргізіуін қамтамасыз етеді. Көлік құралдары қар көшкініне, сел тасқынына, тас құлауларға, опырылуларға, күртік қарға тап болғанда, сонымен бірге жолда автокөлік кептемесі болған жағдайда кешігулер болады.

Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары

Авария кезінде адамдар автомобильдің салонынан немесе кабинасынан шығып кете алмайтын жағдай жиі болады. Олар салонның алдыңғы немесе бүйір жағына, креслоның арқасына, тағандарға және қалқаларға қысылып қалады. Мұндай жағдайда ең әуелі көмек қысылмаған, тек авто­мобиль салонына қамалып қалғандарға көрсетіледі. Олар салоннан терезе ойықтары, люктер, есіктер арқылы өз беттерімен немесе құтқарушылардың көмегімен шығып кете алады. Содан кейін құтқарушылар көлік құралына қысылып қалған адамдарды құтқаруға кіріседі.



Болған оқиғаларға байланысты табақ және темірлер, әртүрлі кескінді металдар жылжиды, тағандар, қалқалар, орындықтар қысылып қалады. Сыртына, төбесіне, астына саңылаулар салынады, жекелеген жағдайларда төбесі толығымен алынып тасталады.

Бұл жұмыстар механикаландырылған техниканың көмегімен орындалады, ал ол болмаған кезде сүймен, ауыр балға, балта, қысқыш, жинағыш, сонымен бірге қолға іліккен құралдар – құбыр кесегі, тас пайдаланылады.

Зардап шеккендерді автомобильдің астынан шығарып алу

Автомобильдің астында қалған зардап шеккендерге көмек көрсету үшін екі негізгі әдіс қолданылады:



  • автомобильді арнайы жүк көтеретін механизімнің және жабдықтардың (автокран, көтергіш, домкрат, иінтірек) немесе қолмен бірнеше құтқарушылардың көмегімен көтереді;

  • жер асты жолын салады.

Зардап шегушіні автомобильдің астынан шығарып алу:

1 – иінтіректің көмегімен;

2 – кранмен;

3 – қолмен; 4 – домкратпен; 5 – қазу жолымен.




Егер автомобиль көлігінде ТЖ кезінде өрт шықса, онда құтқарушылар тез арада оларда бар барлық өрт сөндіретін құралдарды пайдаланып оны жоюға кірісуге міндетті.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Автокөліктердегі ТЖ негізгі сипаттамасы

  2. Автокөліктердегі ТЖ негізгі себебі

  3. Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу

  4. Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары

  5. Зардап шеккендерді автомобильдің астынан шығарып алу

9 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Су көліктеріндегі ІҚЖ


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Жер шарының төрттен үшін мұхит, теңіз, көл, өзен сулары алып жатыр. Дүние жүзілік мұхит суларын жүктерді, жолаушыларды таситын, арнайы тапсырмаларды орындайтын әртүрлі мыңдаған су және су асты жүзу құралдары. Су көліктерінің ең негізгі түрі мыналар: құйылатын өнімдерді, сусымалы жүктерді, жолаушыларды және арнайы таситын кемелер. Қазіргі заман флоты жаңа электронды навигациялық және радиолокациалық аспаптармен, суда кеменің орнықтылығын жүйелермен демеу, яғни кеменің судағы жағдайының сенімділігі мен сыртқы күшке қарсы тұру қабілеттілігімен, басқа да қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырылған. Осыған қарамастан судың беті осы күнге дейін апаттық жағдайға ұшыраған адамдардың қаза болуының негізгі көзі бо­лып келеді. Есептей келгенде, барлық әлемде теңізде және мұхитта жыл сайын 200 мыңнан артық адам қаза болады екен.
Суда орын алған ТЖ – ның барлығы өзіне тән ерекшеліктерге негізделген, атап айтқанда: тағайындалу жағынан, эксплуатациялық сипатымен, жылжу жылдамдығымен бір – бірінен әр түрлілігімен ерекшелінетін судың көлік құралдары; су апатының жиі әсер етуі; тексеру жолына кемелердің ұзақ келуі; үлкен мөлшермен бір уақытта қауіпті зиянды өнімдерді тасымал­дау.

Су транспортындағы ТЖ негізгі себебі болып: аударыла теңселуімен орнықтылығын жойып, кеменің бортқа немесе толқынға қарай құлауы; кеменің қалқығыштығының жоғалуы; басқа кемемен немесе бөгетке соқтығысу (рифтерге, су астындағы жартасқа, мұнай платформаларына, айсбергке); өрттер мен жарылыстар; апатқа ұшыраған кемеден жанар – жағар май өнімдері және ҚӘУЗ судың бетіне ағуы; адамның борттан құлауы.

Апатқа ұшыраған кеме судың бетінде, қайыранда тұрып қалуы, жағаға шығып қалуы, батып кетуі мүмкін. Сонымен қатар зардап шегушілер соның бортында, құтқаратын жүзу құралдарында, суда, судың астында қалулары мүмкін. Су көлігінде апаттың негізгі дабылы ТЖ орнының координаттарын көрсете отырып Халықаралық көмекке шақыру – дабылы SOS. Бұл дабылды алғаннан кейін апат ауданына жақын жүрген кемелер көмек көрсету үшін соған қарай беттейді, ал қажет болған жағдайда құтқарушы кемесін жібереді. Кеме жағадан алыс емес, көрінетін жерде апатка ұшыраған жағдайда оптикалық құралдарды пайдаланады (дүрбі, ұзын дүрбі, пе­рископ) не болмаса дыбысты және дыбысты дабыл алу арқылы анықтала­ды. Кеменің батқан орны шамамен жергілікті бағытпен анықталады. ТЖ ауданындағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, құтқарушы кеме солай қарай жылдам беттейді.

Кейде апатқа ұшыраған кеме қауiп дабылын бере алмайды. Ол егер белгіленген уақытта байланысқа шықпаса, жоғалды деп есептеледі. Бұдан кейін соңғы байланысқа шыккан ауданға іздеуші кемелер жіберіледі олар кеменің соңғы байланысқа шыққан уақытынан қаншалықты жерге кетуі мүмкін болатын жерлердің барлық аумақтарын тексереді. ІҚЖ құтқарушы кемелері, авиация, ғарыштық спутниктер жұмылдырылады.

ІҚЖ жедел ұйымдастыру жәнс жүргізу мақсатында келесі ақпаратты білу қажет:


  • ТЖ орнын, кеменің түрін, жүктің сипатын, борттағы адамдардың санын, олардың орнын және жалпы жағдайын;

  • кеменің жағдайын;

  • зардаптың себебін және ТЖ болуы мүмкін түрлерін. Құтқарушыларды ІҚЖ орнына жеткізу катерлермен, қайықтармен,

яхталармен немесе әуемен – тікұшақтармен, гидропландармен, экранопландармен жүзеге асырылады.

Құтқарушылар апат аймағындағы еш құтқару құралдары жоқ, су­дағы зардап шеккендерді тездетіп құтқаруға кіріседі; содан кейін – судың бетінде әртүрлі заттардың көмегімен тұрғандарды, жеке құтқарушы құралдарымен киінгендерді; одан ары кімдер топталған құтқарушы құралдарында болса, соларға көмек көрсетіледі.

Адамдарды құтқару кемелерінің немесе тікұшақтың бортына арқанның (жіптің) немесе желілердің көмегімен көтереді. Бұл жұмыстарды шұғыл жүргізудің қажеттілігі адам организміндегі жоғары дәрежелі жылуға судың кері әсер етуімен байланысты.

Апатқа ұшыраған кемеге өту. Шынжыр арқан.

Құтқарушылар судағы зардап шеккендерге көмек көрсетіп болғаннан кейін, апатқа ұшыраған кемеге бірнеше тәсіл арқылы өтуді жүзеге асырады:



  • сатымен (негізгі, кіре беріс, лоцман, дауылдан қорғайтын саты) және көпірмен,арқанмен, арнайы тор мен кәрзеңкелерді пайдаланып;

  • иллюминатор арқылы, арнайы жасалған люк арқылы;

  • тікұшақты пайдаланып.

Басқышпен қозғалу кезінде:

  • аяқты алмастыра отырып, оған адамдардың жиналуына жол бермей;

  • адамдар легінің қарсы келу мүмкіндігін туғызбай.

  • Кеменің бортынан дауылдан қорғайтын сатымен, арқанмен, тормен

түсу кезінде құтқарушылар, палубадағы 2 адамды көтере алатын арқанмен сақтанады.

Зардап шеккендерді құтқару және ауыстырып тиеу жұмыстарын жүргізу кемені болат арқанмен байлап жүзеге асырылады. Оны жүзеге асырар алдында бортты сатылардан, кішкентай қайықтардан, арқандардан босатады. Арқандап байлауды болат арқан ұшының көмегімен жүргізеді. Болат арқанның ұшын мықтылап бекіту сенімді болу керек және ешқандай қиындықсыз құрал – сайман қолданбай тез шешу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Болат арқанды байлап болғаннан кейін саты түсірілуі мүмкін. Адамдардың бір кемеден келесі кемеге өтуі арнайы көпірмен жүзеге асы­рылады. Өту орындарына көрсеткіш белгілер орнатылады, ал түнгі уақыт­та жарық түсіру ұйымдастырылады.



Экипаж және құтқарушылар қатысатын көшіруді кеменің капита­ны тікелей өзі басқарады. Арқандап байлау, адамдардың орнын ауысты­ру және ауыстырып тиеу жұмыстары желдің күші 3 балдан және теңіздің толқыны 2 балдан жоғары емес болғанда орындалады (Біркелкі толқын. Толқынның биіктігі 0,25 – 0,75м).

Зардап шеккендерді көшіру

Арқандап байлауды жүргізу мүмкіндік болмаған жағдайда құтқару­шылар кемеге қайықпен келеді және оның бортына лебедканың және ар­найы тордың немесе дауылдан қорғайтын сатының көмегімен көтеріледі. Қайықтың өз бетімен еркін жүзіп кетуін болдырмау мақсатында және зардап шеккендерді қабылдау үшін онда екі құтқарушы қалады.

Кемеге өткеннен кейін құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсетуге және оларды суға түсетін немесе бортқа арқандап байланатын арнайы топтық жүзу құралдарына (қайықтарға, кішкентай қайықтарға, салға) көшіруге кіріседі. Зардап шеккендерді көшіру арнайы торларды, кәрзеңкелерді, тік ұшақтарды пайдалана отырып, саты, арқан арқылы жүзеге асырылады. Адамдардың жалпы салмағы олар отырған топтық жүзу құралының жүкті көтеру салмағынан асырылмау керек. Топтық жүк құралдарын жағаға немесе құтқарушылар кемесіне ауыстыру ескектің, желкеннің, мотордың немесе буксирдің көмегімен жүзеге асыры­лады.

Жүзу құралында болған кезде тұруға, бортқа отыруға, жүзу құралын басқарғанда кедергі жасауға, апатқа ұшыраған кеменің бортынан жүзу құралын қолмен итеруге, жүзу құралын теңселтуге және өз бетімен оны тастап кетуге тиым салынады.

Зардап шеккендердің жағаға шығуы көпірмен немесе тікелей құтқарушылардың көмегімен жүзеге асады. Зардап шеккендер құтқарушылардың кемесіне ең қауіпті тәсілдің бірімен көтеріледі. Егер құтқару жұмыстары түнде жүргізілсе, онда сатыларға, жүзу құралдарына, арқандарға жарық түсіруді қарастыру қажет.

ІҚЖ кемеде жүргізу кезінде құтқарушыларға жабық орындарда жұмыс істеулеріне тура келеді. Мұндай жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жабық ғимараттар мұқият желдетілуі керек, ол жердегі ауа ортасының құрамын аспаптармен анықтап алу керек. Жабық ғимаратқа кіретін құтқарушы жіп байланатын сақтанатын белдік тағуға міндетті; оның екінші ұшын сыртта тұрған құтқарушы ұстап тұрады. Шұғыл жағдайда, желдетуге уақыт болмаса, жабық ғимаратқа кіру (тусу) тек қана оқшаулайтын костюммен немесе ауа кіретін шлангалы газ қағармен және міндетті түрде арқанды пайдалану арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Арқанның көмегімен берілетін негізгі дабылға келесілер жатады:

Бақылаушыдан:

бір рет жұлқу – «Өзіңді қалай сезінесің?»

үш рет жұлқу – «Шық!»

Жұмыс істеушіден:



бір рет жұлқу – «Өзімді жақсы сезінемін!»

екі peт жұлқу – «Ауа жетіспейді!»

үш рет жұлқу «Шығамын, жеңімді ұста!»

төрт және көп рет тарту – «Өз бетіммен шыға алмаймын!».

Жарық жоқ ғимаратқа кіруге (түсуге) болмайды. Жарық түсіру үшін жарылуға қауіпсіз аккумуляторлы электр фонарьларын қолдану керек.



Кеменің суға батып кеткен кезіндегі іс – әрекеттер

Кеме суға батып кеткенде ІҚЖ және зардап шеккендерді босатуды құтқарушы – аквалангшы және құтқарушы сүңгуіршілер жүргізеді. Батып кеткен кемеге кіру үшін люктер, кіретін есіктер. ойықтар пайдаланылады. Сонымен қатар бөлмелерден ауаның шығып кетуіне жол бермеу керек. Егер кіретін есіктер және люктер сыпаланып қалса, онда оларды ашады. Кейбір жағдайда құткарушылар кеменің сыртқы қабын кеседі және түбіне жақын жерден гидравликалық қайшымен немесе газды кескішпен ойық жасайды.

Кеме аударылған кезінде адамдар ішкі бөлмелерде қамалып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда құтқарушылар кеменің сыртын тарсылдатып, олармен байланыс орнатады, содан кейін оған гидро қайшының, электрлі араның, электрлі ажарлайтын машинаның көмегімен қажеттілігінше жылдамдатып ойық жасайды.

Кемені судың үстінде ұстап тұрған ауа қорын сақтап қалу үшін құтқарушылар ойыққа ауа қоңырауын орнатады.

Кемені қайраңға тұрғызу кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету, кеме сыртының герметикасын анықтау үшін кемеге су асты бар­лау жүргізу, кемені қайраңнан алу, бағытын анықтау, кемені жүктен босатуға қатысу, буксирді өткізу үшін кемені тарту жұмыстары орындалады. Кемені қайраңға тұрғызу кезінде тесіліп қалса, құтқарушылар зақымданған тесіктердің дәрежесін анықтайды, тесіктерді бітеуге кіріседі, корпустан суды сорып алады. Тесіктер корпустың ішкі жағынан жұмсақ пластырмен бекітіледі. Бұл үшін пластырды тесіктен су кеменің ішіне кіріп кетпейтіндей етіп бекітеді. Корпустан суды сорып алу кезінде сорғыштың күші тесікті пластырмен нығыздап тығындайды.

Апатқа ұшыраған кеменің бортынан суды copy үшін құтқарушылар пайдалануға ыңғайлы жерге ауыстырылатын және орнатылатын батырымды сорғыны көтереді. Сорғылар құтқарушылар кемесіндегі электр қондырғылы күш беретін электр кабелімен жалғанады. Дауылды ауа райы кезінде электр кабелі қалтқының көмегімен судың бетіне қойылады.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Су транспортындағы ТЖ негізгі себебі

  2. ІҚЖ жедел ұйымдастыру жәнс жүргізу мақсатында қандай ақпаратты білу қажет?

  3. Апатқа ұшыраған кемеге өту

  4. Арқанның көмегімен берілетін негізгі дабылдар

  5. Кеменің суға батып кеткен кезіндегі іс – әрекеттер

  6. Зардап шеккендерді көшіру

10 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Аспалы арқан жолдар


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Таулы, ойлы – қырлы және өтуге қиын жерлерде адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін аспалы арқан жолдар пайдаланылады. Олар бір және екі арқанды айналмалы және вагоншаның маятникті козғалысы сияқты бола­ды.

Жолаушылардың арқанды жолдарында әртүрлі мөлшерге есептелген арнайы жолаушылар вагоны пайдаланылады (4 – тен 100 - дейін). Мұндай жолдың созыңқылығы – бірнеше километр, ал көтерілу биіктігі - 3 км дейін. Вагонның қозғалыс жылдамдығы 2 – ден 12м/с дейін. Тауда орналасқан туристік орталықтардағы жолдарда жүріс кезінде жолаушыларды отырғызатын және түсіретін бір және екі орынды арқанды – креслолы отырғыштар кеңінен қолданылады. Мұндай жолдың жылдамдығы 1,0 – 2,5 м/с құрайды. 1 сағат жұмыс ішінде 1000 адам тасымалданады. Арқанды жолмен жылжу кезінде жолаушылардың жер деңгейінен орналасу биіктігі – бірнеше метрден ондаған метрге дейін.

Тау шаңғышыларын шаңғымен тікелей тас жолға ауыстыру үшін бір арқанды буксирлі жолдар пайдаланылады. Ауыстыру 1,5м/с жылдамдықта жүзеге асырылады, сонымен бірге адам шаңғысымен тартылатын арқанға бекітілген ілгіштен ұстап тұрады. Кейбір жағдайда жолаушыларды және жүктерді бір уақытта тасу үшін құрамдастырылған арқан жолы қол­данылады.

Арқанды жолда болатын негізі ТЖ – тартылатын арқанның кенеттен тоқтауы. Бұл вагондар мен адамдар отырған креслолардың жер бетінде сыналасып қалуына әкеледі. Мұндай жағдайда зардап шегушілер ұзақ метеорологиялық қолайсыз факторларға тап болады (суық, жауын, жел), жайсыздықты және жүйкелік – эмоциялық қобалжушылықты бастан кешеді.

Зардап шеккендерді арқанды жолмен көшіру келесі әдіс арқылы жүзеге асырылады.

Егер жергілікті жердің шарты мүмкіндік берсе, онда зардап шеккендерді құтқарушы белбеуінің немесе кеудеге орайтын кендір (синтетикалык) арқаннан жасалған қол асты лебедканың көмегімен жарты кабинадағы арнайы ойық арқылы жерге түсіреді. Құтқарушылардың міндеті сыналасып қалған вагонға арқан арқылы көтерілу және адамдардың түсуін ұйымдастыру.

Креслолы аспалы арқан жолындағы аялдамада ұзақ тұрып қалған зардап шеккендерді жерге түсіру үшін серіппелі тежеуіштен және асылмалы баспалдақтан тұратын жеңіл түрде тасылатын арба құрылғысы кеңінен қолданылады. Арбаны тіреуішімен арқанға бекітеді, құтқарушы баспалдаққа отырады және «башмақ» тежеуішті басып өзі жүргішпен немесе жерде келе жатқан басқа құткарушының көмегімен арбамен бірге жақын арадағы креслоға ауысады. Баспалдақпен зардап шегушіге жетіп, онын жамбас жағын қамтитын бауы бар құтқарушы белбеуін кигізеді, құтқарушы зардап шегуші жерге түскенге дейін ұстап тұратын тежеуіш лебедкасы арқылы өтетін арқанды іледі. Арбаны креслоның қысқышы арқылы ауыстырып, құтқарушы келесі зардап шегушіге жылжиды.

Маятникті аспалы арқан жолыңда зардап шеккендерді жерге көшіруге мүмкіндік бермейтін өтуі қиын тас жол участкесіне 10 адамға дейін сиятын қосымша құтқару вагондары қарастырылады, олар негізгі көтеретін арқанға орнатылады және қосымша автономды жетектен қосымша арқанмен қозғалысқа келтіріледі. Соңғысын станцияға немесе (барабанды лебедка түрінде) бір немесе бірнеше тірекке орналастырады. Құтқарушы вагоны қосымшадан негізгі арқанға ауысып жүргізіледі, зардап шеккендер люктің бүйірінен немесе терезе арқылы вагонға өтеді және тобымен станцияға немесе тірекке жеткізіледі. Бұл мақсат үшін өздігінен жүретін вагондар пайдаланылады.

Арқанды кресло жолындағы авария кезіңде көшірудің келесі әдісіне рұқсат етіледі. Құтқарушы жіпті арқанға жалғап алып, өз бетімен немесе құтқарушымен бірге көшпекші болған зардап шегушіге сол арқанмен көтеріледі. Егер зардап шегушіні сыналасу аймағындағы жерге тікелей түсіруге мүмкін болмаса, онда оны тірекке тасымалдау қажет және тірек құралын пайдаланып жерге түсіру керек.

Ең соңғысы: егер жоғарыда көрсетілген әдістердің біреуі де жарамаса, онда зардап шеккендерді құтқаруға тік ұшақ шақырылады.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Арқанды жолда болатын негізі ТЖ

  2. Зардап шеккендерді арқанды жолмен көшіру

  3. Зардап шеккендерді жерге түсіру

  4. Маятникті аспалы арқан, Арқанды кресло жолындары

11 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Тауда іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Қатпарлы және қатпарлы – кесекті жер қыртысынан тұратын таулар кең аумақты алып жатыр (барлық жер бетінің 12%). Олар теңіз деңгейінен бірнеше мыңдаған метрге дейін биіктікте және өз шектерінде биіктіктерін кенеттен өзгертіп отыруымен сипатталады. Тау климаты аса суықтығымен ерекшеленеді. Оларға бір тәулік ішінде ондаған градусқа дейін температураның күрт түсуі, ауа райының лезде өзгеруі тән.
Адам өмірі үшін таулар ерекше қауіпті табиғи ландшафтардың бірі болып саналады. Таудағы қауіптілік екі топқа бөлінеді: объективтік, таудың өзінің табиғатымен байланысты және субъективті, негізінде адамның даралық қасиеті жатады.

Таудагы табиғи қауіптілікке таудың бет – бедері, суық, қатты жел, тұман, қарлы – мұз жабулар, көшкіндер, тас құлаулар, жартастар, қарлы күнқағарлар, мұздар, құздар, жартастар, тау көлдері, тау қуыстары, тау ернеулері жатады.

Таудағы жеке қауіп - катерлерге қауіпті білмеу, жағдайды қате бағалау, дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі, зорығу, қате қозғалыстар, қауіптілікті елемеу, жабдықтар мен саймандардың болмауы немесе дұрыс қолданбау, өзінің мүмкіндіктерін асыра көрсету, келіспей әрекет етушілік. Тауда қауіптің көбі спорт түрімен айналысатын яғни тосқауылдарды игеретін адамдарға төнеді, өйткені олардың басты мақсаты кедергіні жеңу болып табы­лады, ал тәуекел – әрекетке түрткі болатын басты себептің бірі. Адамдардың бұл санатына альпинистер, тау туристері, спелелогтар, тау шаңғышылары, тау көлдері бойынша жүзу құралдарымен жүретін саяхатшылар (байдаркалар, салдар, үрлемелі қайықтар) жатады. Ұйымдастырылмаған және дайындалмаған турист топтарына үлкен қауіп – қатер төнеді. Соны­мен қатар тауда әртүрлі жұмыс істеп жүрген адамдар да: геологтар, карта сызушылар, құтқарушылар, туристік базалар мен альпинистер лагеріне қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлер құрамы, сонымен қатар тауда үнемі немесе уақытша тұратын адамдар (жергілікті тұрғындар, демалушылар және т.б.) қауіпті жағдайға тап болуы мүмкін. Таудағы адамдардың қауіпсіздігін жоғарлату үшін өткізілетін барлық шараларға қарамастан, таулы жерлерде болатын ТЖ саны, жоғары деңгейде тұрақты қалып отыр.

Таудағы ТЖ негізі болып: үсіп қалу (қатып қалу), құздан, мұз шыңдардан, беткейлерден құлау, көшкінге, тас құлауларына, опырылымдарға, тау көлдеріне, жартастарға түсу, өз бетінше қозғалу мүмкіндігі болмау, бағыттан ауытқып кету, метеорологиялық факторлардың әсері, арқандарға ілініп қалу, адамдардың тау үңгірлерінде қалып қалуы, тау шаңғы жолындағы жарақаттар, арқанды – кресло жолдарындағы авариялар, техникалардың (автомобильдер, ұшақтар, тік ұшақтар) құлауы.

Таудың өзіне тән өзгеше ерекшеліктері ІҚЖ қатысып жүрген құтқарушыларға жоғары талап қояды. Олар:



  • тауды және мұндай жағдайда жұмыстың ерекшелігін білуге, жоға­ры біліктіліті болуға, биік тау жағдайындағы жұмысқа бейім болуға, тауға арналған және тау құтқару жабдықтарын пайдалана білуге, іздеу әдістерін жетік меңгеруге және зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерін білуге;

  • жақсы физикалық дайындықта болуға, аса төзімді де сабырлы және жұмысқа қабілетті болуға, жүйке жүйесі мықты және байсалды, салмақты болуға, реакцияның жеткілікті дәрежедегі жылдамдығына;

  • жағдайдың, қауіп – қатердің дәрежесін дұрыс бағалай білуге, тау жағдайында аман қалуға;

  • парыз бен жауапкершілік сезімін сезіне білуге міндетті.

Тауда ІҚЖ ұйымдастыру мен жүргізудің басты қағидаты дара басшылық қағидаты болып табылады. Ол жұмыстың жүруіне жауап беретін команда жетекшісінің бұйрығын бұлжытпай орындауға негізделген. Құтқару жасағының құрамы және оның жетекшісі біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі ескеріліп алынады. ІҚЖ қаншалықты күрделі де қауіпті болса, жетекшілер мен құтқарушылардың біліктілігі де соншалықты жоғары болуы ке­рек.

Таудағы жарақат алғандарды тасымалдау. Тауда түйіндерді дұрыстап байламау салдарлары адамдардың жарақаттануына, тіпті қаза табуына әкеп соғады. Егер жазатайым жағдай бәрібір орын алса, онда жарақаттанғандарды тез арада қауіпсіз жерге жеткізуге тура келеді. Көптеген қиындық жартасты аймақтарда тасымалдау кезінде кездеседі.

Егер жарақаттанған адам болмашы жарақат алса, онда оның қасына серік қоспай – ақ төмен түсіруге болады. Түсіру бағыты тас құлайтын аймақ болмауы керек және аялдайтын алаңның болуы шарт. Төмен түсіру кезін­де сенімді болу үшін бірнеше қоршауға алынған қармақ немесе жартастың ұшы (мұзды бағана) болуы керек. Жарақаттанғандарды түсіруге арналған арқан блок немесе полипаст арқылы өтеді. Мұзда немесе мұздақтарда түсіру жүйесі кезінде мұз шапқышпен бекітілуі керек. Жол серігі жоқ жарақаттанған адам арқанмен ілмектенген күркеге түсіріледі, жарақаттанушы мүмкіндігінше құздан аяқ және қолымен итеріліп, шегініп отыруы керек.

Ауыр соққы алған жарақаттанушыны жол серікпен бірге түсіру ке­рек. Жол серігі жоқ болса күркеге түсіру негізгі арқанның соңына қарай, негізгі арқанмен бірге ұзындығы 1,0-1,2 м репшнурдың көмегімен іске асады. Негізгі арқан соңына қосарланған өткізгіш түйінін байлап, ілмекті жарақаттанушының санына кигізеді. Ілмектің ұзындығы 40-45 см шамадан аспауы керек. Күркеге түсірудің қандай жағдайында болмасын, негізгі арқанға қоса ұстап тұратын түйін жарақаттанушының басының деңгейінде репшнурмен байланады және сақтандыру белдігіне қозғалмастай етіп түймелейді. Бұл адамның аударылып кетпеуі үшін жасалынады.

Жарақаттанушыны күркеге жол серікпен түсіру кезінде әрбір екі арқанның соңында екі реттен жол серіктің қос түйінін байлау керек, ол жарақаттанушы мен жол серіктің отыруы үшін қажет. Содан кейін бір түйін күркешеден 1,2 м арақашықта, ал екіншісі 90 см ара қашықтықты сақтау үшін екі арқанға да жай түйіннен байланады. Жол серік күркенің ұзын жақ аяғын кисе, ал жарақаттанушы қысқасын (90 см) киеді. Жара­қаттанушы және жол серік біріктіруші түйіннен төмен, ұстап тұратын түйінен арқан арқылы кеудесін ораған ілмектен тартып біріктіріп байлана­ды.

Ауыр жарақат алғандарды көлденең қалыпта зембілмен түсіреді. Ал жол серік зембіл оның кеудесіне деңгейлес болатындай етіп, сақтандырушы пояспен немесе репшнурмен арқанға байланады. Қабырғамен түсу және беткей бойынша ауыстыру үшін де зембілше себет пайдаланылады. Негізгі жіптің соңына жол серіктің шағын түйіні (бұл зембілдің соңғы жағы – «аяғы») байланады. Содан кейін жіпке жоғарғы жағын кеңейтетін иірмек салынады; иірмектің ұзындығы жарақаттанушының денесінің көлеміне байланысты, ал саны – оның бойының ұзындығына байланысты. Тасымалдаушың жағдайын жақсарту үшін тасымалдау кезінде өрмені мүмкіндігінше жиі салған дұрыс. Ұйықтайтын мөшектегі немесе палаткаға оралған тасымалдаушыны арқан өрмесіне жатқызып, аяғынан бастап орап байлайды. Қалай тасымалдауға байланысты (тау беткейінен бе немесе қабырғадан ба) зембілге сырық байлайды немесе түсіретін арқанға оларды карабинмен бекітеді. Соңғы жағдайда түсетін арқанға басы мен аяғының арасынан жіберетін жіптердің арасына кергіш жасайды. Түсіретін жіпті тежеу екі немесе төрт карабиннен кейін жүзеге асырылады. Карабиндердің жартысын балғаның саптарымен немесе мұз жарғыштармен ауыстыруға болады. Карабин тежегіштерімен түсу ақырын және жіпті бірқалыпты жібере отырып жүзеге асырылады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Таудағы қауіптіліктің түрлері

  2. Таудағы ТЖ негізі

  3. Таудағы жарақат алғандарды тасымалдау.

  4. Таудың ІҚЖ қатысып жүрген құтқарушыларға қойылатын талаптар

12 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Суда іздестіру құтқару жұмыстарын жүргізу


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Қазақстанның су кеңістіктерінде күн сайын іздеу жүргізіп, адамдарды құтқаруды, апаттық - құтқару жұмыстарын; мұнайдың, мұнай өнімдерінің және ҚӘУЗ ағуын тоқтатуды; арнайы тағайындалған су асты жұмысын жүргізуді талап ететін ТЖ болып отырады. Адамдардың суға кетіп өлуі елдің күрделі қиындықтарының бірі болып жалғасып келеді. Ресми мәліметтер бойынша, су ай сайын 64 қазақстандықтың өмірін алып кетіп отырады. Соңғы он жыл ішінде (1998-2007ж.ж.) Қазақстанда 7669 адам суға кеткен.
Судағы іздестіру – құтқару жұмыстары іздестіру ауданын оқшаулаудан басталады. Егер төтенше жағдай куәгерлердің көз алдында болса не­месе су айдынының мөлшері онша үлкен болмаса, онда іздестіру ауданын оқшаулау онша қиынға түспейді. Бақылау мерзімі ішінде шығу немесе адамды (адамдар тобын) жоғалту іздестіру ауданын кеңейтеді. Өзенде бұл оның жағалары арасында дәліз болады. Зардап шегушілерді іздестіру ауданын анықтау кезінде негізгі де, су асты су ағысымен де жылдамдығы мен қозғалыс бағытын іздестіру қажет.

Судағы іздестіру жұмысы нақты су жағдайында қолдануға болатын: катерлер, үрленген моторлы және ескекті қайықтар және басқа қолда бар құтқару құралдары қарастырылады және зардап шегуші су ішінде болған кезде жүргізіледі. Өзендерде іздестіру жұмысы зардап шегуші суға кеткен жерден бастап, өзеннің ағысымен төмен қарай жүргізіледі. Қарауда ерек­ше назарды: су иірімі, су өсімдіктері, жекелеген тастар, бөренелер және т. б. ағыс зардап шегушіні алып кететін жаққа қарай судың біркелкі емес жеріне аудара отырып, бүкіл су кеңестігінде жүргізу керек. Кейбір жерлерді құтқарушыларды сақтандыра отырып, жағадан қарауға болады.



Іздеу зардап шегушіден үміт үзілгенге дейін жүргізіледі және де:

  • зардап шегушінің болуы мүмкін ауданды тиянақты түрде толық зерттеп болғаннан кейін;

  • зардап шегушінің мүмкін болатын тұрған жері толық тексерілгеннен кейін;

  • зардап шегушінің тірі екендігіне ешқандай сенім қалмағаннан кейін ғана іздеу тоқтатылады.


Суда құтқару – ережелері, қолданыстары. Суда немесе мұзда адамның қаза болуының себебі әр түрлі: жүзе білмеу, суда өзін өзі ұстау ережесін бұзу, мас күйінде суға түсу, қорқыныш және т.б. Үрейге бой алдырған адам, жағдайды дұрыс бағдарлай алмайды, ол ойсыз әрекст жасап, тез шаршайды да батып кетеді. Батып бара жатқандарға көмек көрсету үшін жақсы жүзе және сүңги білу керек, құтқару ережелерін білу және құрсаудан шығу, зардап шегушіні жетегіне алу әдістерін дұрыс қолдана білу тиіс. Судағы адамды құтқара отырып, болған жағдайларға мән бере қарап, абайлап, ойлана әрекет ету керек, қауіп төнген жағдайда абыржуға болмайды. Батып бара жатқан адамға дейінгі қашықтықты, ағыс жылдамдығын, қолда бар құтқару құралдарын, су толқындарын және т.б. дұрыс ескеру қажет.

Қолдану құралдарын пайдалана отырып, зардап шегушіні құтқару кезінде оған мүмкіндігінше жақын бару керек. Сонымен қатар, жүзуші құралдардан пайда болған су толқындары зардап шегушінің жағдайын төмендететінін және оның суға жылдам батып кететінін ескерген жөн. Батушыға жақындаған кезде бурамалармен, ескектермен немесе жүзетін құралдардың корпустарымен қағып кетпеуді қадағалау керек. Зардап шегушіні су бетінде ұстап тұру және оны шығару үшін оған арнайы құтқару құралы (шеңберлер, шарлар, жіптер және т.б.) қолданылады, қолда бар құралдар (қадалар, сатылар, торлар және т.б.) пайдаланылады.

Құтқару шеңберін беру үшін оны бір қолмен ұстау керек, екінші қол­мен ұштары бекітіліп мықтап тартылған сым арқаннан ұстап, иық деңгейінде екі – үш рет айналдыра сілтей отырып, оны судағы адамның не оң жағына, не сол жағына 0,5 - 2,0 метрдей арақашықтықта түсетіндей етіп лақтыру керек. Батып бара жатқан адамға қатерден шеңберді беру борт жақтан жүзеге асырылады. Қайықтан бергенде оны аударып алмау үшін шеңберді кеменің артқы жағынан немесе тұмсығынан беру керек. Батып бара жатқан адамға шеңберді тура лақтыруға болмайды, өйткені ол адам­ның басына тиюі мүмкін немесе одан асып түсуі мүмкін. Кей кезде құтқа­рушы шеңберге Александрова ұшын байлайды, соның көмегімен зардап шегуші жүзуші құралға тартылады. Зардап шегушіге Александрова ұшын беру үшін құтқарушы арқан ұшындағы кішкене ілгекті сол жақ қолдың білегіне кигізеді және жіптің үлкен бөлігін сонда ұстап тұрады. Оң қолымен жіптің төрттен ұшын үлкен ілгегімен ұстап, бірнеше рет кең құлаштай сермей отырып, жіпті батып бара жатқан адамға ол қалтқыдан немесе жіптен ұстайтындай етіп лақтырады. Зардап шегуші жағаға (жүзуші құралға) қарай жұлқымай, абайлап тартылуы тиіс. Александрова ұшын 25 метрге дейінгі қашықтықта тастауға болады.

Құтқару шарын беру келесі түрде жүзеге асады, бір қолымен құтқару шарын, ал екінші қолымен оларды бекітіп тұрған тросты ұстайды. Содан кейін айналдыра отырып екі – үш рет құлаштап сермейді де, одан кейін оның не оң жағына не сол жағына түсетіндей етіп шарларды зардап шегушіге қарай лақтырады. Қажет болған жағдайда шарға Александрова ұшын бекітеді, соның көмегімен зардап шегуші жағаға (жүзуші құралға) қарай тартылады.

Егер жағаға дейін онша алыс болмаса, онда зардап шегушіні қайыққа қарай тарту міндетті емес: егер оның жағдайы мүмкіндік берсе ол кеменің артқы жағынан немесе жүзуші құралдың жібінен ұстап жетектелуі тиіс. Егер зардап шегушінің өз бетімен ұстауға жағдайы келмесе, онда оны аяқтарын салбыратып кеменің артқы жағында отырған құтқарушының денесі арқылы қайыққа сүйретіп әкеледі. Мұндай әдіс қайықтың тегіс емес кемерлерінде зардап шегушінің денесінің жарақаттануынан құтқарады. Зар­дап шегушіні борты биік жүзуші құралдарға мінгізу басқыш, саты, арқан немесе тордың көмегімен жүзеге асырылады.

Егер жүзуші құралдарды пайдалану мүмкін болмаса, онда құтқару­шы зардап шегушіге жүзіп келеді. Құлаштап жүзген дұрыс, өйткені жүзудің бұл стилі өте жылдам жүзуге мүмкіндік береді. Суда болу кезінде құтқару­шы су айдынына тән қауіпті факторларға қарсы тұра білуі керек. Құтқару­шы үшін де, зардап шегуші үшін де денені суық алуы немесе бұлшық еттердің шаршауы өте қауіпті. Қолдың саусақтары қарысқан кезде, жұдырықты түйіп және қайтадан ашу керек. Егер бір қол талса, онда бүйірлеп жатып, су астындағы келесі қолмен жұмыс істеу керек. Егер іштің бұлшық еттері тартылатын болса, шалқадан жатып, тізені ішке қарай ширақ тарту керек. Егер балтырдың сіңірі тартылса, онда аяқты судың үстіне шығарып, табанды өзіңе қарай ширақ тарту керек. Жамбастың сіңірі тартылғанда , аяқты тізеге кілт бүтіп, өкшені қолмен қатты мыту керек. Су асты өсімдіктері де қауіп төндіреді: Оған оралып қалсаң, тұншығып қалуың мүмкін. Одан ұстай отырып, кілт қимыл жасамай, бос қолмен одан босанып шығып және қауіпті орыннан абайлап жылжып кету қажет. Иірімге тап болғанда, құтқарушы демді тездетіп ішке тартып, келесі жаққа қарай (ағыс бойынша) жұлқына отырып су бетіне жүзіп шығу керек. Суда болған кезде, демді ішке тартқанда, толқындардың соғылуы араларында тартуды қадағалап отыру керек. Толқынға қарсы жүзе отырып, оның үстіне жайлап көтерілуі және астына жайлап түсуді ескеру қажет. Үлкен толқындарда терең дем алып алып, астына қарай сүңгіп кету керек.

Зардап шегушіге үнемі арт жағынан келген дұрыс. Егер олай істеу мүмкін болмаса, батып бара жатқан адамның астына қарай сүңгіп, сол жақ қолымен оның оң жақ аяғының тізесінен төмен ұстап, ал оң жақ қолының алақанымен сол жақ тізесін алдыңғы жағынан қатты итеріп, батып бара жатқан адамды өзіне қарай арқасымен бұру керек. Бұл тәсіл үш түрлі жағдайда қолданылады, зардап шегуші бейберекет әрекет жасаған кезде немесе құтқарушыға қарсылық көрсеткен кезде қолданылады. Зардап шегушінің арт жағында тұрып құтқарушы өзінің оң қолын оның он жақ қолтығының астынан босатады да оның қолдары мен иығынан мықтап ұстап алып, онымен бірге судың бетіне жүзіп шығады.

Зардан шегушіні жетекке алу тәсілі екі топқа бөлінеді: зардап шегуші құтқарушыға тыныш бағынған кезде қолымен қысып ұстамайды, ал зардап шегуші құтқарушыға бағынбаған кезде қолымен қысып ұстап же­текке алады.

Құтқарушы басынан ұстап жетекке алғанда, қолын созып, бас бармағы зардап шегушінің бетінде, ал шынашақ – оның жағының төменгі жағында болатындай етіп ұстайды. Оның бетін су бетіне тартып шығара отырып, арқасымен жүзе және аяғымен жұмыс істей отырып, құтқарушы суға кеткен адамды катерге, шлюпке немесе жағаға жеткізеді.



Қолтығының астынан қапсыра ұстай отырып жетекке алғанда құтқа­рушы оны аяғының көмегімен жетектейді.

Қолынан қапсыра ұстап жетектеу кезінде құтқарушы, ар жағынан келіп, өзінің сол жақ (оң) қолдарын зардап шегушінің тиісті қолдарына салады. Содан кейін оның сол жақ (оң) қолдарынан шынтақтан жоғары ұстап, оны арқасымен өзіне қарай қыса ұстап, бүйірлей жүзіп қауіпсіз орынға алып келеді. Бір қолы мен аяғы бос болғанда бүйірлей жүзу, құтқа­рушыға жан – жағын бағдарлап алуға, зардап шегушіні тасымалдау кезінде бағытты таңдауға және оны ұзақ қашықтыққа жетегіне алуға мүмкіндік береді.

Шынтақтан жоғары қапсыра құшақтай отырып жетекке алу кезінде құтқарушы зардап шегушінің шынтағынан құшақтап, оны артқа қарай тартады, содан кейін сол жақ (оң) қолдарын зардап шегушінің қолтығының астына тығып, оны зардап шегушінің арқасына апарады. Одан кейін сол жақ (оң) қолдарымен зардап шегушінің сол жақ (оң) қолдарын шынтақтан жоғары ұстап, оны арқасымен өзіне қарай қыса тартады.



Шаштан ұстап немесе жағадан ұстап жетекке алу кезінде құтқару­шы, шашынан немесе жағасынан ұстап, бос қолдары мен аяқтарын жұмыс істете отырып, бүйірімен жүзеді. Адамды жетекке алу кезінде түзуленген қолымен оны басынан демей отырып, су оның тыныс алу жолдарына кетпеу үшін, судың бетіне алып шығады.

Суға кеткен адам әдетте есеңгіреу жағдайында, қорқып, зәресі ұшқан

кейіпте болады. Сондықтан, құтқарушыны көрген кезде ол оны тас қылып құшақтап алады, бұл екеуін де өлімге алып баруы мүмкін. Зардап шегушінің құшағынан босау үшін құтқарушы, үлкен күш жұмсауы керек, кей кезде күш қолдануына тура келеді. Көбінесе зардап шегуші құтқарушының қолының саусақтарынан, мойнынан (алдынан және артынан), денесінен (қолы арқылы немесе қолы астынан), аяқтарынан ұстайды. Мұндай жағдайда құтқарушы су астына сүңгіп кетуі тиіс. Егер сүңгу көмектеспесе, онда зардап шегушінің құшағынан құтылудың келесі тәсілдерін қолданады.

Қолдарының саусақтарын құрсаудан құтқару. Құтқарушы, ең алдымен, суға кетушінің бас бармақтарының қалай тұрғанын анықтайды. Со­дан кейін күшті жұлқыныспен оның басбармақтарын қайырып, қолдарын ажыратады. Сонымен бірге, аяғын ішіне тартып, оны адамның кеудесіне тірей отырып, ол одан сытылып шығады да, содан кейін шұғыл қимылмен зардап шегушіні арқасына қарай аударып, өзіне тартады да жетегіне алады.

Алдыңғы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану. Құтқарушы алақанымен зардап шегушінің иегінің астынан тірей отырып, бас бармағымен және сұқ саусағымен оның мұрнын жабуға тырысады, осы сәтте келесі қолымен суға кетушіні белінен қапсыра ұстайды. Содан кейін, саусақтарымен мұрнын қыса отырып, адамды өзіне қарай қатты тартады және шалқайта отырып иегінің астынан кілт итермелейді. Іштен төмен қарай тізеге соққы беріп босануды күшейтуге болады, бірақ бұл тәсіл басқа шара қалмағанда ғана қолданылады.

Артқы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану. Кұтқарушы бір қолымен зардап шегушінің қарама – қарсы қолының саусақарынан ұстайды, ал екінші қолымен саусақтан алады. Содан кейін, шынтақты кілт жоғары көтере отырып және саусақтарды төмен қайыра отырып, суға кетушінің қолынан сытылып шығады, бірақ ұстаған қолдарын босатпайды, ал зардап шегушіні арқасына қарай аударып, өзіне тартады да жетегіне алады.

Қол арқылы денені құрсаудан босату. Құтқарушы, саусақтарын бүгіп, жұдырығын түйеді, бас бармағымен суға кетушінің қабырға жағына соққы беріп, оны жетегіне алады.

Қол астымен денені құрсаудан босату. Құтқаушы бұл құрсаудан артқы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану тәсілін қолдана отырып құтылады.

Аяқтан алған құрсаудан босану. Құтқарушы бір қолымен суға кетушінің желке жағынан басын құшақтайды, ал екінші қолымен – иегінің астынан (қарама – қарсы жағынан) ұстайды, оны күшпен келесі жаққа бүйірге қарай бұрады да босанғанға дейін жібермей ұстап тұрады. Содан кейін, суға кетушінің басын босатпастан, онымен бірге су бетіне жүзіп шығады да, жетегіне алады.

Егер суға кетушінің құрсауынан босату үшін жасалған тәсіл еш нәтиже бермесе, онда уақыт өткізбей оны қайталау керек.

Егер зардап шегуші батып кетсе, онда оны су айдынының түбінен көтеріп шығу керек. Егер зардап шегуші топырақта бетін жоғары қаратып жатса, онда құтқарушы оның бас жағынан келіп, оны көтереді. Содан кейін зардап шегушіні қолтығының астынан алып, құтқарушы жылдамдатып су түбінен көтеріліп, су бетіне жүзіп шығады да оны жетегіне алады. Егер адам топырақта бетімен жатса, онда құтқарушы оған аяқ жағынан келіп, қолтығының астынан құшақтап көтеріп, судың бетіне қарай көтеріледі. Зардап шегушіні иығына немесе жамбасына сүйеп судан алып шығады. Қауіпсіз жерге жеткеннен соң, құтқарушы алғашқы көмекті көрсете бас­тайды.
Өзін өзі тексерцу сұрақтары


  1. Суда құтқару – ережелері, қолданыстары

  2. Суда құтқару құралдарын пайдалану

  3. Судағы іздестіру – құтқару жұмыстары

13 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Тік ұшақты пайдаланып ІҚЖ жүргізу



Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Бүгінгі таңда бірде – бір құтқару қызметі тік ұшақтан айналып өте алмайды, әсіресе, елді мекендерден алыстағы жолсыз аудандарда, сондай – ақ жер жағдайлары қатынасқа қиын аудандарда ІҚЖ жүргізу кезінде тікұшақ пайдаланылады. ІҚЖ жүргізу, әсіресе тауларда, күрделі мәселе. Теңіз деңгейінен өте үлкен биіктік, тік жартастармен және биік құздармен қоршалған тар жол, тау беткейлерінің қызуларының әртүрлілігіне байланысты ауаның күшті ағысы, жел бағытының кенеттен өзгеруі, тұман), қардан көру қашықтығының азаюы, бұлттылық және көптеген басқа да күтпеген факторлар немесе оқиға болған жердің үстінде тікұшақтың қона алмауына себеп болады, кейде тіпті ұшуға мүмкіндік бермейді.
Тікұшақты қолдану туралы шешімді авиа отрядтың басшыларымен және тікұшақтың командирімен келісе отырып, іздестіру – құтқару отрядының (ІҚО), ІҚҚ бастығы қабылдайды. Өкінішке орай, құтқару операциясының тиімді орындауының кепілі болып табылатын, тікұшақ үнемі ұша бермейді. Оқиғаа болған жерге қарай ұшу кезінде метеожағдай соншалықты өзгеруі мүмкін, тікұшақтың командирі аэропортқа қайтып оралу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады. Сондықтан құтқару операциясын жоспарлау кезінде, тікұшақты пайдаланудан басқа оған жердегі (судағы) ІҚО қосу керек. Тікұшақты қолдана отырып жүргізілетін ІҚЖ кезінде, тікұшақ бортында отырған тікұшақ экипажы мен жердегі (судағы) ІҚО мүшелері арасында өзара әрекеттестікке қол жеткізілуі тиіс. Тікұшақты пайдаланған құтқару қызметі:

  • ТЖ орнына олардың жұмысына қажетті құралдармен және жабдықтармен қоса ІҚО мүшелерін тез жеткізуді;

  • зардап шегушіні жақын жердегі емделу мекемесіне апаруды;

  • ІҚЖ өткізілетін ауданға, әсіресе көлік және энергетикалық артериядан шеттетілген елді мекендерге барлық қажетті жүктерді қосымша жеткізуді;

  • бағыт бойынша іздестіріп ұшу немесе апат болған ауданды тексеруді;

  • тауларда ІҚЖ жүргізу кезінде жасанды тау көшкінін болдыруды;

  • түсуі қиын жерлерден зардап шегушілерді алып кету немесе көтеруді қамтамасыз етеді.

ІҚЖ тікұшақтарды пайдалану онда болатын уақытты айтарлықтай азайтады, тартылатын күштер мен құрал – жабдықтардың санын қысқартады, зардап шегушілерді құтқару мүмкіндігін бірден арттырады. Тікұшақты қабылдау туралы шешімді қабылдамас бұрын дұрыс және қарсы дәлелдердің бәрін жан – жақты қарау керек. Алынған алғашқы ақпаратты талдау жолымен зардап шегушіні басқадай амалдармен тасудың қандай мүмкіндіктері бар екенін анықтау керек. Орын алған оқиғаға байланысты (метеожағдайдың нашарлығы, қонатын алаңның жоқтығы, ақпарат алу уақытының кештігі және басқалар) зардап шегушіні жердегі (судағы) көліктермен тасыған дұрыс.

Орын алған оқиғаларды бағалау кезінде, ең алдымен, келесі жағдайларға:



  • зардап шегушінің денсаулық жағдайына, төтенше дәрігерлік көмектің қажеттігіне;

  • емдеу мекемесі бар жақын арадағы елді мекеннің оқиға болған жер­дей қашықтығына;

  • жер бетінде қолдану тәсілдерімен көмек көрсету мүмкіндігіне;

  • оқиға болған жерге немесе бағыт бойынша ұшуға шамамен ауа райы жағдайын болжауға;

  • тікұшақты пайдаланбай көмек көрсету мүмкіндігіне назар аудару керек.

Тікұшақты пайдаланумен ІҚЖ өткізу кезіндегі метеожағдай келесі талаптарды:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау