Силлабус 042-18 60/01-2016 №1 басылым 08. 09. 2016 ж



жүктеу 1,08 Mb.
бет3/9
Дата30.12.2019
өлшемі1,08 Mb.
#25523
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«күрк «құдық» «тайгада» «нодья»



«камин» «полинезийялық» «жұлдызша» «пирамида»
Кез – келген отты алаңды дайындап алған соң ғана жағу керек: кепкен шөп – шалам мен шемшек теру. жерді тереңдету құрылғысы, от жанатын орынды тастармен қоршау. Отқа отын ретінде құрғақ ағаштарды, шөп – шаламдарды, қамыстарды, бұталарды пайдаланады. Жанып жатқан кезде шыршалар, қарағай, самырсын, талшын, бал қарағай ұшқынды көп шығаратыны байқалған. Емен, үйеңкі, шегіршін, шамшат ақырын жанады. Отты тез тұтату үшін тамызық (қабық, ұсақ және құрғақ бұтақтар мен шөркелер, резеңке кесінділері, қағаз, кепкен отын) керек. Ол «күркелерге» немесе «құдықтарға» тығыздалып салынады. Тамызық тез жану үшін оған балауыз шамның кесіндісін немесе құрғақ спирт салады. Отты сіріңкенің, күн сәулесінің және ұлғайтқыш әйнектің, үйкелеудің, атудың көмегімен жағуға болады. Соңғы жағдайда:

  • оқты ашып онда тек қана дәріні қалдыру;

  • дәрінің үстіне құрғақ мақта салу;

  • қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жерді ату қажет;

  • ескірген мақта оттың тұтанып – жануын қамтамасыз етеді;

  • қысқы уақытта от жағу үшін қарды топыраққа дейін тазалау немесе

қарға жуан бөренелерді төсеу керек, өйткені еріген қар отты өшіріп тастайды. Оттың жайылуын болдырмау үшін оны шұңқырлармен немесе тастармен қоршау керек. Оттан шатырға дейінгі қауіпсіз қашықтық 10 м. болу қажет.

Ауыз суды пайдаланудың тәртібі

Жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстау үшін құтқарушы ауыз суды оңтайлы пайдалануы қажет.

Организм жоғалтқан судың орны толтырылуы керек, әйтпесе дененің құрғауы басталады. Адам 1-2% массаға тең суды жоғалтса, денені қатты шөл қысады; 3-5% жоғалтса, лоқсу, қысылу, селқостық, шаршау болады; 10% жоғалтса, организм де қайтымсыз өзгеріс пайда болады; 20% жоғалт­са, адам өледі.Су мұқтаждығы жұмыстың орындалу қарқынына, температураға және ауа ылғалдығы мен адам денесінің массасына байланысты. Біркелкі температурадағы аудандарда шектеулі күш жұмсау кезінде суды тәулігіне тұтыну 1,5-2,0 л, шөл және шөлейт аймақтарда 4-6 л және одан да жоғары болады.

Артық күш жұмсау мен жүйке ауыртпалығы кезінде суды тұтыну 2-3 есе артады.

Табиғи және жасанды су айдындарындағы су қауіпсіз пайдаланудың талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан оны пайдаланар алдында қайнатқан дұрыс. Ластанған немесе лайланған суды қайнатар алдында марганцовкалы қышқыл калийімен немесе арнайы препараттармен тазалау керек. Сонымен қатар суды дымқыл жерді терең қазып, нығыздалған мата мен арнайы сүзгіштерді қолдана отырып, сүзуге болады. Егер су шамадан тыс ащы болса (теңіз, тұзды көл), онда оны булау мен конденса­ция тәсілі арқылы тұщыландыру керек. Тұз жетіспеген суларға (биік тау су айдындары, тау көлдері) тұз салуға болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Оттар түрлері, алаңдары, жағылуы

  2. Шатырларды құру тәртібі

  3. Ауыз суды пайдаланудың тәртіб

6 дәріс. ТЖ аймағын барлау


Жалпы сұрақтар

  1. Барлаудың міндеттері

  2. Барлаудың түрлері

Барлау ТЖ зардабын жою жұмыстарын жүргізуде, құтқарушылардың, зардап шеккендердің, халықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды кезең болып табылады.



Барлаудың міндеттері:

  • ТЖ аймағы мен сипатын анықтау;

  • зардап шеккендердің табылу орны мен олардың жағдайларын

анық­тау;

  • радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдану дәрежелерін белгілеу;

  • ТЖ аймағындағы нысаналардың (құрылыс, инженерлік қатынас жолдарын, байланыс желілерін, су көздерін) жағдайын бағалау;

  • өрт ошақтарын табу;

  • жұмыс орнына кіру жолдарын және зардап шеккеңдер мен халықты көшіру жолдарын анықтау;

  • ІҚЖ жүргізу жоспарын анықтау.

Барлау тәжірибелі құтқарушының қатысуымен жер бетінде, әуе, су, жер асты, су асты тәсілдерімен жүргізіледі. Барлау мәліметтері жұмыс басшысына беріледі және картаға немесе нысана жоспарына түсіріліп, бақылау журналына енгізіледі. Барлаушылар радиация деңгейіне аспаптық дозиметрикалық бақылау ұйымдастырады, химиялық және биологиялық жағ­дайды, ластанған аймақты анықтайды және белгілейді, қираған, су басқан, бұзылған нысаналардың дәрежелерін анықтайды.

Жер бетіндегі барлау – барлаудың негізгі түрі болып табылады. Ол жаяу құтқарушылардың З-5 адамнан құралған тобымен жүргізіледі, соны­мен қатар жер беті көлік құралдары мен арнайы аспаптарды қолданады. Барлаушылар көзбен шолып және бақылау аспаптарымен нысандардың жағдайы мен қоршаған табиғи ортаны барлап, анықтайды. Жер бетіндегі барлаудың міндетіне адамдар тұра алатын және адамдар болуы мүмкін жердегі баспаналарды, жертөлелерді, жер асты ғимараттарын табу, олармен байланыс орнату, кейбір жағдайларда – ауа кіретін саңылауларды тазалау, ақпараттар, азық – түлік, дәрі – дәрмектер беру, радиация деңгейіне өлшеулер жүргізу, химиялық зақымдануды, ТЖ аймағындағы биологиялық жағдайларды, өрт жағдайын анықтау кіреді.

Радиологиялық барлау. Радиологиялық барлауды жүргізуге құтқарушылар арнайы аспаптарды қолданады (РР-5А, ДРГ-01Т, ДК-22В. МОК-1, МДӨ-11 және т.б.). Радиация деңгейі 0,5 Р/с және одан жоғары болса, жергілікті жер радиоактивті зақымданған деп есептеледі. Жұмысты жаяу жүргізген кезде барлауды 30 Р/с радиация деңгейіне дейін жеткізу және одан аспауы қажет. Машиналарда - 100 Р/с дейін одан асырылмайды, ар­найы техникада (танк, бронетранспортер) 200 Р/с дейін, ұшақтарда немесе тікұшақтарда 200 Р/с жоғары. Құтқарушылардың радиоактивті зақымдан­ған жерлерде қауіпсіз болған уақыты, радиоактивті сәулелену көлемі мен қорғану және қозғалу құралдарын қолданатын коэффицентін есепке ала отырып, арнайы кестелермен есептеледі. Өлшеулер жолдың әр 50-100 м сайын өткізіледі, сонымен қатар құралдың датчигін жер деңгейінен (10-15см) бір қашықтықта орналастыру керек. Зақымданған топырақ, су, құрылыс деңгейін дәл анықтау үшін барлаушылар оны кейін зақымданған аймақтан тыс жерлерде зерттеу үшін сынама алады. Сынама радиация деңгейі ең көп жерлерден алынуы керек. Алынған сынаманың әр өлшемі, нақты орны мен уақытының нәтижесі тіркеу журналына жазылады.

Химиялық барлау қолда бар және жергілікті жердегі ауаның, су көздерінің, шаруашылық нысандардың химиялық зақымдану дәрежесін белгілейді. Ол химиялық барлауға әскери аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ауаның сынамасы ҚӘУЗ анық­тау орындарында, бұл заттың сынамасы сұйық жағдайда – топыракқа төгілген немесе сіңген жерлерде алынады. Химиялық барлауды жүргізу кезінде ҚӘУЗ жиналуы мүмкін жерлерге (құдықтарға, шахталарға, жер төле ғимараттарына, шұңқырларға және т.б.) ерекше назар аударылады. Барлаудың негізінде зақымдану картограммалары жасалады.

Инженерлік барлау қирау дәрежесі мен сипатын, коммуналдық–энергетикалық жүйенің, жолдардың, көпірлердің, өткелдердің жағдайларын, зардап шеккендердің табылу орындарын, іздестіру – құтқару және авариялық – қалпына келтіру жұмыстары өткізілетін көлемдер мен тәсілдерді анық­тау үшін өткізіледі.

Инженерлік барлау:



  • әуеде – ұшатын аппараттарды қолданумен (ұшақтар, тікұшақтар);

  • жер бетінде – арнайы барлау машиналарын, бронетранспортерлерді және әдеттегі көлік құралдарын қолданумен жүргізілуі мүмкін.

Инженерлік барлаудың көлемі мен сипаты табиғи жағдайлардың, ТЖ өту ерекшелігінің, белгіленген жұмыстың түрі мен көлемінің жағдайына байланысты. Бұзылған және қираған ғимараттарды қарау кезінде олардың сыртын тексеріп шығады, сол арқылы қабырғаның жағдайы және ғимараттың саңлаулары анықталады: олардың бұдан әрі бұзылу қаупінің барлығы мен жоқтығы тексеріледі. Сонымен қатар қираған ғимараттардың үйінділер сипаты, оларды айналып өту мүмкіндіктері, өту құрылысы және оларды жинау жұмыстарының көлемі белгіленеді.

Зақымданған құрылысқа қауіп төнуі аз жақтан жақындау керек, со­нымен қатар деформацияның жалғасуы мен жақында қирау мүмкіндігін көрсететін өзгеше шу, сыбдыр және сатұр – сұтыр дыбыстардың жоқ екендігіне тындап көз жеткізу қажет.

Fимараттың жеке бөліктерін тексеру кезінде:


  • тас құрылысын тексеру кезінде – қабырғаның ауытқып кетуіне, қабырғалардың жарылуына, қабырғалар мен төбелердің арасындағы байланысқа;

  • темір бетон құрылысын тексеру кезінде – бетонның және арматураның жағдайына, жарықшаққа және деформацияға, тіреуіштің толықтай ішке кіруіне, аркаға, жиналу құрылымына;

  • металдан салынған құрылысты тексеру кезінде – элементтің майысуына және жарылуына, дәнекерленген бұрыш пен тірек бөлшектерінің қосылған жеріне;

  • ағаштан салынған құрылысты тексеру кезінде – элементтердің сынуына, қабаттасатын жерінің зақымдануына, қағылған темірлердің сақталуына, құрылыс төбелерінің ісініп – иіліп төмен түсіп кетуіне және баған – тіректердің жағдайына ерекше көңіл аудару керек.

Өрт барлауы ТЖ аймағындағы өрттің жағдайдын анықтау мен табу үшін жүргізіледі. Өрттің ауданы мен көлемі анықталғаннан кейін құрылымдардың құтқару жұмыстарын жүргізу орнына жылжуын қамтамасыз ету үшін жүру жолдары мен өртті жоюға ең қолайлы жолдар анықталады.

Медициналық барлау ТЖ аймағындағы санитарлық – індеттік жағдай­ды анықтау үшін ұйымдастырылады. Оның жүргізілуіне медициналық құрылым, бөлімшелер, мекемелер және арнайы медициналық барлау топтары тартылады. Медициналық барлау:

  • зақымданған ошақ аумағын;

  • биологиялық құралдарға индикация жүргізеді;

  • зақымданғандардың саны мен жағдайын анықтайды;

  • зақымданғандарды емдеу мекемесіне және медициналық құрылымды барлау орындарына көшіру алдында, оларды орналастыратын орындарды анықтайды;

  • жұмыстың көлемі мен оларды жүргізуге қажетті тартылатын күш пен құралдардың санын анықтайды.

Биологиялық барлау жергілікті жердің, ауаның, судың, азық–түліктердің зақымдануын анықтау үшін, зақымданған шекараны анықтау, зақымдану әсеріне душар болған адамдарды тауып алу, жасалатын жұмыстың көлемі мен сипатын анықтау үшін жүргізіледі. Ол ауадан, топырақтан, өсімдіктерден, әртүрлі заттар мен нұсқалардың үстіңгі беттерін шай­ып өтулерден, зерттеу үшін іріктеп алынған жәндіктер мен кеміргіштерден сынама алу жолы арқылы жүзеге асырылады.

Іздестіру – құтқару жұмыстары барлаумен бірге бір мезгілде де, ол аяқталғаннан кейін де жүргізіле береді. Оның әрі қарай дамуын бақылап тұру үшін ТЖ жойылмайынша барлауды тоқтатпау қажет.



Әуе барлауы ұшақтардың, тік ұшақтардың және басқа да ұшатын аппараттардың көмегімен, көзбен шолып қарау және дозиметрлық бақылау, суретке түсіру және теледидарлык трансляциямен жүзеге асырылады. Алынған ақпарат картаға түсіріледі немесе радио арқылы жұмысты басқарушыға хабарланады.

Су барлауы суда немесе судың астында болған ТЖ туралы нақты мәліметтерді алу және анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Бұл мақсаттар үшін қайықтар, кемелер, су асты аппараттары, сүңгуірлер қолданылады. Су барлауының басты міндетіне:

  • ТЖ сипатын бағалау және зерттеу

  • зардап шеккендерді іздестіру және оларға көмек көрсету;

  • жоғалып кеткен немесе суға батып кеткен нысаналарды іздеу, олардың жағдайын бағалау және көмек көрсету нұсқаларын дайындау;

  • суға радиологиялық және биологиялық бақылау жүргізу;

  • жағдайларды білу және оның даму болжамын әзірлеу;

  • дабыл белгілерін орнату;

  • гидротехникалық ғимараттың жағдайын (тосқауыл, бөгет, шлюздер, су асты іргетастар) анықтау жатады.

Жер асты барлау жер астындағы (шахталардағы, метролардағы, үңгірлердегі, жер асты ғимараттарындағы) ТЖ туралы мәліметтерді зерт­теу және анықтау мақсатында жүргізіледі. Оны жүргізу кезінде:

  • жердің астына түсетін;

  • жағдайды бағалап, ол туралы басқарушыға баяндайтын;

  • зардап шеккендерді іздеп және оларға көмек көрсететін;

  • жердің бетіне оралатын құтқарушылардың қауіпсіздігіне мұқият назар аудару қажет.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

    1. Жер бетіндегі, әуе, су астындағы барлау

    2. Радиологиялық, химиялық, биологиялық барлау

    3. Инженрелік, өрт барлауы,

    4. Медициналық барлау

7 дәріс. Зардап шеккендерді іздеу ережесі. әдістері. тәсілдері
Жалпы сұрақтар

  1. Көзбен шолу әдісі

  2. Есту әдісі (дыбысты)

  3. Техниканы пайдаланып іздеу

ТЖ зардабын жою кезінде зардап шеккендерді іздеу және оларға бірінші медициналық көмек көрсету құтқарушылардың басты міндеті болып табылады. Зардап шегушілерді іздеу, барлаудың нәтижесімен танысудан, жұмыс жүргізу аймағымен (орнымен) зерттеуден, ТЖ сипатын және іздеуді жүргізу әдісін анықтаудан басталады. Зардап шеккендерді іздеу тәсілдерінің негізгі қатарына жататындар: көзбен шолу, есту (дыбысты), жергілікті жерді барлау, барлап қарау, ізбен іздеу, көргендерден сұрау, әуеден іздеу, жануарларды арнайы құралдармен іздеу.

Адам 90% жуық ақпаратты көру көмегімен алады. Сондықтан зар­дап шеккендерді іздеудің негізгі әдісі көзбен шолу. Ол жергілікті жерді қараудан және зардап шеккендердің тұрған жерін анықтаудан тұрады. Көзбен шолу әдісі. Көзбен іздеу барлық көрінетін аумақты немесе ТЖ аймағын қараудан басталады. Сонымен қатар, құтқарушы бір орында немесе қозғалып жүріп бақылау жүргізеді. Көз жетерлік жерлерді көру үшін жергілікті жердің, шарттарын қолдану қажет: тауға, мұнай мұнарасына, үйдің төбесіне, ағашқа шығу. Көзбен іздеуді жүргізу үшін қолайлы жағдай – ауа райының ашық болуы. Оптималды көзбен шолу мақсатында мақсатқа сәйкес дүрбілер, ұлғайтқыш әйнектер, түнде көретін құралдар қолданылады. Олар адамның көзі жетпейтін қашықтықтар мен жағдайларда бақылау жүргізеді.

Түнгі уақытта, қараңғы тыныш кеңістіктерде, үңгірлерде, тұманда немесе түтінде көзбен іздеу жұмысын жүргізу үшін прожекторлар, фонарлар, шамдар, алаулар, жарық түсіретін ракеталар қолданылуы керек.

Кейде оттың немесе фонардың жарығын көру мақсатында көзбен іздеу түнде істелінеді. Үлкен каланың жарықтары 60 км қашықтықта, тік прожектордың жарығы - 50 км қашықтықта, автомобиль фарының жарығы -10 км қашықтықта, алау оты - 8 км қашықтықта, электр фонарының жарығы - 3-4 км қашықтықта көрінеді. Күндіз бақылау кезінде үлкен мұнаралар, шіркеулер, элеваторлар 18-20 км, елді мекендер -15-16 км, ірі үйлер -9-10 км, зауыт құбырлары 6-8 км, олардан шығатын түтін - 50 км, адамдар 1,5-2,0 км қашықтықтан көрінеді. Көру сезімталдығын терең және қалыпты дем алу, бетті және желкені салқын су немесе қармен қайта – қайта сүрту көмегімен жоғарылатуға болады. Жарық – сәулелі, қарлы, мұзды, су кеңістігі жағдайында көзбен бақылауды қолдану кезінде қара көзілдірік, күнқағарларды міндетті түрде пайдалану керек.

Барлық алынған ақпаратты құтқарушылар бақылау журналына, картаға енгізеді немесе штабқа жібереді.



Есту әдісі (дыбысты). Көзбен шолу қиындаған кезде немесе оны қолданыла алмаса, онда зардап шегушілерден дыбысты ақпарат алу арқы­лы жүргізеді. Негізгі дыбысты дабылға жататындар: әңгіме, айқай, ыңырсу, жылау, ысқыру, дем алу, алақанмен шапалақтау, дүрсіл, тарсыл, ату, жару, двигатель дыбысы, иттің үруі, құстардың шуы.
Дыбысты дабылдар және олардың естілу қашықтығы

дыбысты дабыл

қашықтық

Жарылыс

2- 15 км

Пойыз шуы, паравоз гудогы, сирена

7-10 км

Трактордың гүрілі

3 - 7 км

Мылтық дауысы

2 - 3 км

Автомобиль гүрілі, аттың кісінеуі, иттің үруі

2-3 км

Адамның айқайы

1,0- 1,5 км

Құлаған ағаштың сатыры

0,8 км

ағаштарды кесу және аралау

0,5 км

Зардап шегушілерді іздеу кезінде құтқарушылар үнемі аз ғана уақыт арасында жауап қайтуын тыңдап, дыбысты дабылды өздері бере алады. Дыбысты ақпаратты есту үшін барлық жұмыс түрін бірнеше минутқа тоқтату керек. Сол уақытта барлығы дыбысты ақпаратты тындаулары керек және оның орны мен келген бағытын анықтап зардап шеккендерді іздеуге кірісулері қажет. Егер құлақ дыбысты дабылдарды ести алмайтын болса, онда арнайы акустикалық құралдар қолданылады: жаңғырық, геофон. Олардың жұмыс істеу қағидаттары адамның тіршілік ету сипатын білдіретін (дем алу, ынырсу, айғайлау, жүрек соғысы, қозғалысына) негізделген. Зардап шеккендерді акустикалық құралдармен іздеу әдісі зардап шегушілердің болуы мүмкін жерлердегі шуды (дыбысты) өлшейді. Мұнда «Пеленг – 1» акустикалық құралын пайдалана отырып жақсы нәтижеге жетеді.

Іздеуді тоқтату туралы тек жұмыс жетекшісі ғана шешім шығара алады. Зардап шеккендерді іздеудің бір тиімді тәсілі көзімен көргендерден сұрау. Сұралатын адам ретінде зардап шеккендерді көрген, ТЖ туралы естіген адам тартылады. Көзімен көргендермен әнгіме кезінде келесі тақырыптар мен сұрақтар қозғалады:



  • ТЖ орны, уақыты, масштабы;

  • қолда бар уландырғыш заттар (УЗ), өрттер, қауіпті жарылғыш заттар;

  • ТЖ аймағын зерттеу кезіндегі қиындықтар;

  • зардап шеккен адамдар мен оларды көзімен көрген адамдардың соңғы кездескен жері мен уақыты;

  • зардап шеккендердің қозғалу бағыты;

  • зардап шеккен адамдардың алған жарақаты мен сынған жерлерінің сипаты.

Зардап шегушілерді іздеуге арнайы үйретілген кинологтардың иттері қатысады. Бұл тәсіл олардың табиғи иіс сезуі мен әрекет ету қабілетіне негізделген (үруі, дұрыс тұруы, үйреншікті қозғалысы ). Іздеу кезінде иттер зардап шегуші болуы мүмкін жерлерді иіскейді (үйінді, көшкін, тар кеңістік). Бұл жануарларды пайдалану тиімділігі ауада түтіннің, бір иістің болуы кезінде төмендейді.

Іздеудің бір тәсілі, өзінің иіс сезімін пайдалануда құтқарушының ептілігіне байланысты. Түтіннің иісі бойынша оттың, үйдің, дамылдау орнының жанып жатқан жерін анықтауға болады; жақсы иіс сезімі ауадағы кейбір уландырғыш газдар – аммиактың, хлордың, көмірсутектің барын тамақ пен судың сапасын анықтайды. Зардап шеккендерді сезу көмегі арқылы іздеу затқа тиісумен ақпарат алуға негізделеді және лай суда, қарда көруі шектеулі болған жағдайларда қолданылады.



Техниканы пайдаланып іздеу

Зардап шеккендерді үлкен аумақтарда іздеуді тездету үшін ұшқыш аппараттарын, өзен (теңіз) кемелерін, жер техикаларын қолданады. Зар­дап шеккендерді үлкен аумақтарда көзбен шолып іздеу үшін авиациялық техника пайдаланылады. Мұндай тәсіл көбінесе авиациялық, теңіз апаттарында, су басуларда, апатты өрттер кезінде тиімді. Іздестіруге қатысатын тік ұшақтар мен ұшақтар бортында зардап шегушілерді тапқан кезде тастайтын азық – түлік, жүзу құралдарының қоры болу қажет. Жеке жағдайда құтқарушыларды әуеден түсіреді.

Суда және судың астында іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзі жүретін құралдар пайдаланылады. Акваторияны қарау көзбен шолу арқылы жүзеге асырылады, ал суға батып кеткен нысаналар арнайы аспаптармен немесе сунгуірлердің көмегімен табылады.

Ол адам үшін тіршілік ортасы бола алмайтындықтан, зардап шеккендерді судың астында іздеу ерекше сипатта болады. Арнайы аспаптарсыз адам судың астында шамамен 3-4 мин бола алады, ал суық суда бірненше минуттан кейін қаза болады. Бұл іздеу сүңгуірдің жабдықтарын, торларын, «имек темір», жүзу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырыла­ды.

Құтқарушылар іздеуді негізгі жергілікті жердің бет – бедерін тиімді қолдана отырып жүргізуі керек. Көзбен шолып қарауды ұзын ағаштың немесе таудың шыңына шығып жүзеге асырған жөн. Осы жерлерден дыбыс дабылдарын берген жақсы. Іздеу кезінде жануарлар мен құстардың іс – әрекетін пайдалануға болады (қорыққан жануарлардың немесе құстардың айқай шуы). Зардап шеккендерді тәулік бойы іздеуді ұйымдастыру мақсатында құтқарушылар жұмыс орындарын жарықтандырулары керек.

Бұл мақсатқа: ашық жалын (от, алау); автономды қуаттағы электрлі жарық түсіргіш аспаптар; стационарлы қуаттағы электрлі жарық түсіргіш аспаптар; жарық түсіргіштер; жарық түсіретін ракеталар; шамдар; білтелер, сіріңкелер, көліктердің және басқа техникалардың фарлары.

Зардап шеккендерді тапқаннан кейін құтқарушылар оларды қоршаудан босатуға кіріседі.
Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Көзбен шолу әдісі

  2. Есту әдісі (дыбысты)

  3. Техниканы пайдаланып іздеу

  4. Дыбысты дабылдар және олардың естілу қашықтығы

8 дәріс. Зардап шеккендерді қоршаудан босату


Жалпы сұрақтар

  1. Зардап шеккендерді қоршаудан босату. Ұзақ уақыт басып қалу синдромы туралы түсінік

  2. Басу синдромының анық белгілері

  3. Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі

  4. Үйінді кезіндегі ерекше жарақаттар

Зардап шеккендерді қоршаудан босату ІҚЖ – нің маңызды кезеңі бо­лып табылады. Төменде оның негізгі тәсілдері мен жолдары көрсетіліп отыр:



  • зардап шегушінің кеңістіктегі орыны мен жағдайын анықтау;

  • зардап шегушілерге құтқарушылардың жетуін қамтамасыз ету;

  • зардап шегушіні босатып шығару және алғашқы медициналық көмек көрсету.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Зардап шегушіні босатарда басып кету синдромы әсерін есте сақтаңыз асығыс қимыл жағдайды қиындатуы мүмкін.

Зардап шегушілерді қоршаудан босату жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін құтқарушылар оларды тасуға кіріседі.



ҒИМАРАТТАР МЕН ТЕХНИКА ҚИРАНДЫЛАРЫНЫҢ АСТЫНАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРДІ ШЫҒАРУ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУ КЕРЕК

Өлімге алып келетін құтқару – ғимараттың және техниканың қирандыларынан зардап шегушілерді дұрыс шығарып алмаған жағдайда кездесіп тұратын шарасыз үрейлі парадокс.



Ұзақ уақыт басып қалу синдромы туралы түсінік

Табиғи зілзала және апат аймақтарында құтқарушылар мен медқызметкерлердің жұмыс тәжірбиесі зардап шегушіні қирандылардың астынан тез алып шығу, құтқаруға әрдайым алып келе бермейді. Адам тәулік бойы басудың астында аяғымен тұрып босатқаннан кейін қайтыс болған жағдайда, құтқарушылардың түсінбестігін және өкінішін елестетуге бола­ды. Басылып қалған аяқ – қолдардың қысылған қан тамырларында алмасу өнімдері жинақталып, ыдырау мен организмге аса улы келетін ұлпалардың зақымдануы болады.



ЕСІҢДЕ БОЛСЫН! Басу ұзағырақ болған сайын токсинді соққы қаттырақ болады және ажал жылдамырақ келеді.

Зардап шегушінің жарақат алған аяқ – қолдарына үлкен мөлшерде сұйықтық жиналумен де жағдайы нашарлап, ауруы күшейе түседі. Аяқтарын босату кезінде оған 2-3 литрге дейін плазма толады. Аяқ –қолдың көлемі лезде ұлғаяды, бұлшық еттің пішіні жоғалады, ісік тығыздала бастайды әрі аяқ қаттылығымен ағашқа ұқсай бастайды. Жіліншіктің тамырының жиі соғуы байқалмайды. Сәл ғана қозғалыс тіпті сүйек сынуы болмаса да азапты ауру тудырады.



Басу синдромынан:

  • аяқ – қолдарды басу 15 минуттан көп болған кезде;

  • ісік пайда болғанда және аяқ бұлшық етінің рельефі жоғалған кезде;

  • егер жіліншікте тамыр соғуы байқалмаса күдіктену қажет.

Зардап шеккендердің бірінші минутта және босатылғаннан кейін бірнеше тәуліктен кейін қаза болу себептері.

Плазманың үлкен мөлшерде зақымданған аяқ–қолға (қан айналымының көлемі 30% дейін) етуі организмді айтарлықтай құрғатып қоймайды, артериальды қысымды түсіреді сонымен қатар концентраттан тыс уыттарды да туындатады. Бұл (организмдегі сұйықтық босатылған аяқ – қолға, ал уытты ыдырау өнімдері және миоглобин зақымданған аймақтан қан та­мыр арнасына бағытталады) барлық мүшелер мен жүйелердің, жүрек қызметінің лезде қысылуына мүмкіндік туғызады. Нақ осы жағдай үйінділер мен қирандылардың астынан шығарып алғаннан кейін бірінші минуттан кейін қаза болудың себебіне әкеледі. Ұзақ уақыт басу синдромы кезіндегі басқа да қауіпті асқыну – ол бұлшық ет талшығының зақымдану нәтижесінде қанға бос миоглабиннің пайда болуы.

Миоглабиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйректің арналарын зақымдайды ол бүйрек жеткіліксіздігіне алып келеді. Бірінші тәуліктің өзінде зәр ашық – қызыл түсті болады (зәрде миоглабиннің болу белгілері), ал келесі тәулікте бүйрек жеткіліксіздігінің даму мөлшеріне байланысты зәрдің бөлінуі толығымен тоқтатылады. Зардап шегуші жедел бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болады.


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау