СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
130
ажырату ерекшелігі неде?
8. Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) коммерциялық сатып алудан қалай
ерекшеленеді (ҚР ҚК 253-бабы)?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы.
2. Айыппұл негізгі әкімшілік жазалау шарасы ретінде.
3. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды қарауға уәкілетті
мемлекеттік органдар.
4. Қылмыстық заңнамадағы пара және алаяқтықты ажырату ерекшеліктері (ҚР
ҚК 190-бабы).
5. Кінәні мойындау туралы келісім немесе ынтымақтастық туралы келісім.
6. Соттың үкіміне дейін мүлікті тәркілеу.
Әдебиет
1. Юридический словарь. http://official.academic.ru/.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 2 шiлдедегі № 267 Заңы (2014 жылғы 29 желтоқсандағы
жағдай бойынша өзгерістерімен және толықтыруларымен). Қазақстан
Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына сәйкес
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды. http://online.zakon.kz/
Document/?doc_id=1009795.
3. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты: Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан
халқына Жолдауы, 2012 жылғы 14 желтоқсан.
4. Ростовцева Ю. В. Административная ответственность за коррупционные
правонарушения в системе государственной службы // Законы России.
Опыт. Анализ. Практика. - 2012. - № 3.
5. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге
арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2009 жылғы 28
тамыздағы
6. № 858 Жарлығы // Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет».
- Астана, 2015.
7. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі,
2014 жылғы 5 шілде // Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет». - Астана, 2015.
8. Мемлекеттік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
23 шілдедегі № 453-I Заңы (2015 жылғы 2 сәуірдегі жағдай бойынша
өзгерістерімен және толықтыруларымен) // Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет». -
Астана, 2015.
9. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі № 167-1 Қылмыстық
кодексі. - Алматы: Норма-К, 2002. - 168 с.
10. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық
кодексі. - Алматы: Норма-К, 214. - 240 с.
11. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, 2015 жылғы 1
қаңтарда қолданысқа енгізілген. - Алматы: Норма-К, 2015. - 368 б.
4-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖӘНЕ
БИЗНЕС-ОРТАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
§ 14. Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы аспектісі
Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау.
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс көптеген елдерде
экономикалық және саяси сипаттағы бірқатар проблемалардың
туындауына әкелді, саясаткерлер мен ғалымдардан қоғам мен әрбір
адамның өміріндегі мемлекеттік басқарудың рөлін жаңаша бағалауды
қажет етті.
Бүгінгі күні адамзат пен жекелей алғанда әрбір халықтың алдында
тұрған мәселелердің күрделілігі мемлекеттік басқаруға қатысты өзге де
тәсілдерді қолдануды талап етеді. Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, түрлі
себептермен (нарықтың дамуы, демократиялық үдерістердің тереңдеуі
және т.б) мемлекет рөлінің әлсіреуі дұрыс ұйымдастырылмауға, хаос,
анархия, әлеуметтік қақтығыстар мен шиеленістерге әкеліп соғатыны
белгілі. Бұны бірқатар елдердің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі сәтсіз
тәжірибесінен көруге болады. Жаңа талаптар мемлекетті өмірдің жаңаша
талаптары мен жаңа өзгерістеріне бейімделуін қажет етеді. Дағдарыс
жағдайларындағы мемлекеттің рөлі дағдарысқа қарсы шара қолданумен
ғана шектелмейді, сонымен қатар, қаржы секторы мен экономикадағы
дағдарыстық құбылыстарды ескере отырып, кешенді мемлекеттік саясат
әзірлеуден көрінеді құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы
заманауи шешімдер мен нақты іс-әрекеттерін қабылдауды көздейді.
Қазіргі жағдайда кез келген мемлекет үшін ортақ мәселе – елдің ұзақ
мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізудің маңызды факторы ретінде
мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру болып отыр. Әкімшілік
реформалар жүргізу бойынша шетелдік тәжірибе көрсеткендей,
мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру басқару әдістері мен нысандарын
өзгерту, басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу, сондай-ақ
ұйымдық құрылымдарды жаңғырту және оларды жаңа міндеттермен
сәйкестендіру арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің
сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, халықтың
және жеке тұлғаның тарапынан билікке деген сенімін нығайту маңызды
міндет болып табылады. Қазіргі заман талабына жауап беру үшін
мемлекет болып жатқан өзгерістерді негізге ала отырып, әкімшілік
жүйесін реформалауға, саясаттың басымдықтарын айқындауға мәжбүр.
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау бірнеше
кезеңдерден өтті, олардың әр қайсысының өз ерекшеліктері болды және
олар сол кезеңде мемлекеттік шешуі тиіс міндеттермен айқындалады.
Осылайша, тәуелсіздіктің бірінші онжылдығында мемлекетімізге елдің
қоғамдық өмірінің барлық саласында болып жатқан өзгерістерді ескере
отырып, мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін жедел құруына тура
келді.