СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
126
(параға сатып алу) және одан кейін (сыйақы) болуы мүмкін.
Коммерциялық сатып алуда делдалдық жоқ.
Сондай-ақ, пара алуды (ҚР ҚК-нің 366-бабы) заңсыз сыйақы алудан
(247-бабы) ажырату қажет. Заңсыз сыйақы алу кезіндегі субъект – бұл
мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті, оған теңестірілген немесе
лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік ұйымның қызметшісі.
Пара алуды (ҚР ҚК 366-бабы) және алаяқтықтан (ҚР ҚК 190-бабы)
ажырату ерекшеліктері, пара алу кезінде құрамының объектісі –
мемлекеттік қызмет және басқару мүдделерінен, ал алаяқтық кезінде –
меншіктен тұрады, және алаяқтықтың объективті жағы алдау және сенімді
теріс пайдалану жолымен мүлікке ие болу болып табылады. Алаяқтық
бойынша құрамның субъектісі – 16 жастан бастап кез келген тұлға, ал
пара алу кезінде –мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті, оған
теңестірілген, немесе лауазымды тұлға.
Пара алу немесе беру кезінде делдал мен сыбайластың айырмашылығы
мынада, делдал екі тараппен, ал сыбайласы тек қана біреуімен жұмыс
істейді.
Маңыздылығы аз болғаны үшін жауапкершіліктен босату шарттары
Маңызы аз болуына байланысты пара деп саналмауы үшін бір
мезгілде мынадай шарттар болуы тиіс: 1) сыйлықтың, қызметтің құны
екi айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиіс; 2) сыйлықты, қызметті және
және т.б. бiрiншi рет алуы; 3) сыйлық, қызмет, және және т.б. ретіндегі
пайданы тараптар арасындағы алдын ала уағдаластық болмаған кезде
алу; 4) мүдделі тұлғаның пайдасына бұрын жасалған заңды әрекеттерi
(әрекетсiздігі) үшiн сыйлық, қызмет және және т.б. алу. Осылардың
ең болмағанда біреуі жоқ болса, тұлға қылмыстық жауапкершілікке
тартылуға тиіс.
Параның қауіптілігі оның сомасында емес (шағын немесе үлкен), оны
алу фактісінде. ГФР, Швейцария, Испания және басқа да көптеген Еуропа
елдерінде оның маңыздылығының аздығы бойынша бөлінбейді, онда
пара-параға сатып алу (алдын ала келісілген) және алдын ала уағдаласпай
заңды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін пара-алғыс (сыйлық) болып бөлінеді.
Тиісінше, пара-алғыс үшін жаза пара-параға сатып алуға қарағанда төмен
болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық
шаралары бойынша шетелдік тәжірибе, бағыт-бағдары және
перспективалары
Қолданыстағы қылмыстық заңнамадағы кез келген өзгерістер
мен толықтырулар әлеуметтік-экономикалық, криминологиялық
факторларға, қолданыстағы заңнаманы қолдану тәжірибесіне
байланысты болады. Мысалы, Корея Республикасының ҚК 129-бабында
пара алғаны және пара алуға уәде еткені үшін, ал 130-бапта – пара
бергені және пара беруге уәде еткені үшін жауапкершілік қарастырылған.
Француз Республикасы ҚК-нің 433-1 және 433-2-баптарында пара алуға
уәде еткені және пара бергені үшін жауапкершілік көзделген, ал қылмыс
мәні ретінде мемлекеттік наградаларды, лауазымдарды, мердігерлікті
алу немесе табыстау қарастырылған. Швецияның ҚК 20-тарауының
2-бабында қызметшінің пара қабылдауға уәде еткені үшін жауапкершілік
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
127
көзделген. АҚШ-та жария қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлық
субъектілері және коммерциялық парақорлық субъектілері деп бөлу
қарастырылған, соңғысына адвокаттар, дәрігерлер, бухгалтерлер,
коммерциялық бірлестіктер директорлары жатады. Америкалық
заңнамаға сәйкес, партиялық лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық
қылмыс жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілермен қатар жауап
береді, өйткені қоғамдық қызығушылықтың бұл саласы мемлекеттік
мүдделермен тығыз байланысты.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы
халықаралық конвенцияларды ратификациялауы қылмыстық заңнамаға
елеулі толықтырулар енгізуді және жеке өзі немесе делдал арқылы параға
уәде еткені және ұсынғаны үшін жауапкершілікті белгілеуді, сыбайлас
жемқорлық үшін аса ұзақ ескіру мерзімін белгілеуді, сыбайлас жемқорлық
презумпциясы институтын енгізуді талап етеді, бұл ретте, кінәсіздігін
дәлелдеу ауыртпалығы күдіктінің өзіне жүктеледі, жеке сектордағы және
басқа да сыбайлас жемқорлықты реттейтін нормалар көрінісін білдіреді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған
адамдарды көтермелеу
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 1131 қаулысымен,
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған
немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен
жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған
немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен
жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге
асырылатын көтермелеу белгіленеді, оның мөлшерлері: 1) сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша –
30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); 2) онша ауыр емес сыбайлас
жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;
3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық
істер бойынша – 50 АЕК; 4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы
қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; 5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық
қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.
Грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер
белгіленуі мүмкін. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет
қаражаты есебінен жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы
хабарлауды;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі
адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу,
ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді
қамтиды.
Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және
айыпты адамға қатысты: 1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы
заңды күшіне енген; 2) айыптау үкімі заңды күшіне енген; 3) ақталмайтын
Достарыңызбен бөлісу: |