Ғылыми жобаның тақырыбы: Сауатты жарнама агенттігін ашу



жүктеу 83,73 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі83,73 Kb.
#15750


   

Ғылыми жобаның тақырыбы: Сауатты жарнама агенттігін ашу. 



Кіріспе 



Ғылыми жобаның өзектілігі:  Мемлекеттің белгісі – мемлекеттік тіл. Тілсіз 

ешқандай  мемлекет  болу  мүмкін  емес.  Елімізді  мекендеген  өзге  ұлт 

өкілдерінің  мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі 

барлығымызға  белгілі.  Бұл  іс  біріншіден,  әлеуметтік  сұранысқа  негізделген 

мемлекеттік  қажеттілікті  нысана  еткен  жағдайда,  екіншіден,  бүгінгі  оқыту 

жүйесіндегі  қазақ  тілінен  берілетін  білім  нәтиже  берген  жағдайда  ғана  алға 

басады.  Жас  ұрпақ  бойында  адами-мәдени  құндылықтарды  адамзаттық 

құқықтық  сананы,  тілдік  тағылымдарды,  ұлтаралық  татулық  пен 

сыйластықты нығайтуды этнолингвистикалық тұрғыда дамыту сияқты ұлтық 

әлеуметтік  қағидаларды  қалыптастыруда  мемлекеттік  тіл  жетекші  рөл 

атқаруы  тиіс.  Қазіргі  білім  беру  ең  алдымен  дара  тұлғаға  бағытталады, 

оқушының  коммуникативтілігін,  әлеуметтенуге  бейімділігін  дамытумен 

ұштасатындықтан 

және 


оқушының 

интеллектуалдық-танымдық, 

психологиялық  жағын,  рухани  адамгершілік,  эстетикалық,  мәдениетін 

дамыту мен қалыптастыру болғандықтан, жаңа білім мазмұнын құрайтын оқу 

материалдары  осы  тұлға  дамытушы  мүддені  көздеуге  тікелей  қызмет 

ететіндей етіп құралуға тиіс. Ол үшін мемлекеттік тіл ретінде оқылатын қазақ 

тілінің  білім  мазмұнын  құрудың  әдіснамасын  дұрыс  таңдап  алу  қажеттілігі 

туындайды.  

 

Қазақ  тілінің  өзекті  мәселелері  оның  шын  мәнінде  мемлекеттік  тіл 



мәртебесін  иеленумен  шектелмейді.  Ең  алдымен,  қазіргі  қазақ  тілінің 

ахуалының  өзі,  оның  дамуы  мен  баюына  байланысты  проблемаларға 

ғалымдардың, мамандардың айрықша көңіл бөлуін қажет етеді. 

 

2.Ғылыми  жобаның  мақсаты.  Мемлекеттік  тіліміздің  аяқ  асты  болуынан 

алшақ  болу,  яғни,  ана  тілімізді  құрметтеу,  мемлекеттік  тілдің  бәсекеге 

қабілеттілігін  одан  әрі  нығайтуда  маңызды  рөл  атқаратын  көрнекі  ақпарат 

пен  жарнама  мәтіндерін  заң  талаптарына  сай  біріздендіру,  үйлестіру  және 

қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту, бұл іске қала жұртшылығын кеңінен 

жұмылдыру,  ана тіліміздің мәртебесін көтерудің жолдарын қарастыру. 



 

3.  Ғылыми  жобаның    міндеттері:  Қазақстан  Республикасындағы  тіл 

саясаты және қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі мен қызметі; 

-  Тіл  мен  сөйлеу  қарым-қатынасы  және  қазіргі  қазақ  қоғамындағы  тіл 

мен сөйлеудің өзекті мәселелері; 

-  Қазіргі таңдағы қазақ тілінің хал-ахуалы; 

 



Ғылыми  жобаның  негізгі  нәтижесі:    Жобадан  күтілетін  негізгі  нәтиже 

қазақ  тілінде  берілетін  жарнамаларда  кездесетін  қателерді  жою,  сонымен 

қатар жарнама тілін бір жолға қою.  

 

4.Ғылыми жобаның жаңашылдығы мен маңыздылығы  

Тілдік  қатынас  пен  мемлекеттік  арасындағы  байланыс,  өзара  ықпалдастық 

тілде  жатыр.  Яғни,  тілдік  қатынас  пен  мемлекеттік  тіл  арасындағы 

байланыстың  негізгі  көзі  –  тіл.  Тіл  болған  жерде  сол  тіл  арқылы  қарым-

қатынас  орнайтын  болса,  ендеше  сол  тіл  мемлекет  тіл  болып  есептеледі. 

Біздің  еліміздегі  мемлекеттік  тіліміз  –  өз  ана  тіліміз  қазақ  тілі.  Ендеше  біз 

қазақ тілі арқылы бір-бірімізбен қарым-қатынас жасаймыз, өзара түсінісеміз. 

 

5. Зерттеу әдістері: 



 

Талдау, зерттеу, аудару.  



Методологиялық зерттеу, салыстыру, анализ  жасау әдістері. 

 

6. Жобаның сипаттамасы 



                                      Тіл туралы заң 

 

Қазір  жас  мемлекетіміздің  негізгі  заңы  талқыға  түсуде.  Осы  тұрғыда 



көкіректе  жүрген  ой  көп.  Соның  бастысы,  еліміздің  егеменді  екендігін 

айғақтайтын мемлекеттік тіліміздің, яғни қазақ тілінің керек екендігі.  

Әлемдегі  қандай  да  бір  ұлттық  мемлекетті  ұлттық  тілсіз  елестету  қиын. 

Солақай саясат пен тыңшылық тірліктің тынысымызды тарылтқанын көрдік. 

Сондықтан Қазақ мемлекетіне ең алдымен қазақ тілі керек. 

 

                                І бөлім. Жалпы ережелер 

                                                        7-бап 

1.  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілі. 

2.  Мемлекеттік  ұйымдарда  және  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарында 

орыс 


тілі 

ресми 


түрде 

қазақ 


тілімен 

тең 


қолданылады. 

3.  Мемлекет  Қазақстан  халқының  тілдерін  үйрену  мен  дамыту  үшін  жағдай 

туғызуға қамқорлық жасайды. 

VI тарау. Тіл – елді мекен атауларында жалқы есімдерде, көрнекті 

ақпаратта. 

 

 

 

 

 

 

 

 



                       21-бап. Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі 

 

 

Мемлекеттік  органдардың  мөрлері  мен  мөртаңбаларының  мәтінінде 



олардың  атаулары  мемлекеттік  тілде  жазылады.  Меншік  нысанына 

қарамастан,  ұйымдардың  мөрлерінің,  мөртаңбаларының  мәтіні  мемлекеттік 

тілде және орыс тілінде жазылады.  

 

Бланкілер,  маңдайшалар,  хабарландырулар,  жарнамалар,  прейскуранттар, 



баға  көрсеткіштері,  басқа  да  көрнекі  ақпарат  мемлекеттік  тілде  және  орыс 

тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылады. 



 

«Жарнама – сауда сәйгүлігі» 

          Жарнама,  реклама  (франц. reclame,  лат. reclamo — жар  саламын)  — 

тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру 

және  оған  деген  сұранысты  көбейту  мақсатында  таратылатын  хабарлама; 

белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар 

таратып,  оларды  әйгілеу.  Жарнама  көпшілік  ақпарат  құралдары  (теледидар, 

радио,  газет, Интернет,  проспектілер,  плакаттар,  т.б.)  арқылы  жүзеге 

асырылатын коммуникацияның ақылы  түрі  болып  табылады.  Кез  келген 

Жарнама  хабарламалық,  болмаса  назар  аудартушылық  сипатымен 

ерекшеленді. 

Жарнаманың 

түрлері 


көп: 

сату 


орнындағы 

Жарнама,институционалдық (жақсы  пікір  қалыптастыру  мақсатындағы) 

Жарнама,  хабарламалық  Жарнама,  сауда  және  көлік  жүйесіндегі  Жарнама, 

көше Жарнамасы (плакат, афиша), ауызша Жарнама, баспалық Жарнама т.б. 

Жарнаманың 

қарапайым 

түрлері 

б.з.б. 


пайда 

болды. Ежелгі 

Грекия мен Ежелгі  Римде Жарнама  хабарландыруларын  ағаш  тақтайларға 

жазып,  халық  көп  жиналатын  алаңдарда  айғайлап  жар  салатын  болған. 

Баспаға  басылған  Жарнамалар Англия мен Францияда 17  ғ-да  пайда  болды. 

Жарнама  қазақ  халқына  да  ежелден  белгілі.  Оның  ауызша  үлгілері 

фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. 

Жарнама үлгілері  “Қобыланды  батыр”,  “Мұңлық-Зарлық” және  “Оғызнама” 

жырларында  бар.  19  ғ-дың  аяғында  “Түркістан  уалаяты”,  “Дала  уалаяты” 

газеттерінде  саяси-экон.  мәселелерге  байланысты,  оқу-ағарту,  әдебиет  және 

өнер-білім бойынша Жарнамалар берілген. 20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен 

мазмұны  кеңейіп,  икемділігі  артты,  Жарнама  тілінің  ішкі  құрылымы 

сараланды.  Нарықтық  экономиканың  қанат  жаюына  орай  Қазақстанда 

жарнамалық  қызмет  түрлері  сан  алуан  болып  дамуда.  Жарнама 

стратегиясымен  айналысатын  Жарнама  компаниялары  пайда  болды. 

Жарнаманың  бір  түрі  —  афиша  (affіcher —  хабарландыру,  іліп  қою).  Театр 

афишалары  —  спектакльдер  және  басқа  да  көңіл  көтеретін  шаралар  туралы 

хабарландырулар.  Афишалар  театрдың  алдына,  көшелерге,  алаңдарға  және 

басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді. 

 



 

                                         Қазіргі Қазақстандағы жарнам 

 

    


 Қазіргі  мағынадағы  жарнама  Қазақстанда  1920  жылдардағы  жаңа 

экономикалық  саясат  (ЖЭП)  кезінде  пайда  болды.  ЖЭП  экономиканы 

директивалық басқару тәсілдерімен қоса капиталистік еркін бәсекеге де жол 

ашқаны  белгілі.  Бұл  кезеңде  нарық  көпшілік  қолды  тауарлармен  молығып, 

жарнама жаңа саяси және әлеуметтік жағдайда дами бастады. Одақ көлемінде 

В.Маяковский,  В.Лисицкий,  А.Родченко,  А.Мандрусов  сияқты  белгілі 

тұлғалар  жарнаманы  саяси  ұрандар  тілімен  сөйлете  білді.  «Жарнама-сауда 

сәйгүлігі»  деген  слоган-ұрансөз  де  өз  тұста  пайда  болды.  Жарнама 

қызметінің  бұл  кезеңдегі  бір  ерекшелігі-«сатарман  нарығы»  басым  болып, 

төлем қабілетті сұраныс аз болды. Жарнамада «граффити» стилі кеңінен етек 

жайып,  шынайы  болмыс  әсіреленіп  бейнеленетін-ді.  Өкінішке  қарай,  осы 

кезеңде  Қазақстанда  құрылған  жарнама  агенттіктерінің  жұмысы  туралы 

ешбір  дерек  сақталмаған.  Біздіңше,  экономика  мен  әлеуметтік-саяси  өмірді 

метрополия  орталығы-Мәскеуден  тікелей  басқару  қолға  алынғандықтан, 

Қазақстанға  және  басқа  шет  аймақтарға  жарнама  өнімдері  КСРО-дағы 

өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған Мәскеу мен Ленинград қалаларынан (қазіргі 

Санкт-Петербург)  жеткізіліп  тұрған.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін 

Қазақстан  дамыған  өнеркәсіптік  базасы  бар  елге  айналғандықтан, 

жарнаманың  өркендеуіне  кең  жол  ашылды.  Жарнама  өнімдерін  өндіретін 

алғашқы  мекеме  Қазақстанда  1951  жылы  өмірге  келгендігі  ресми  құжатта 

тіркелген.  Ол  «Жарнама  және  сауда  жабдығы»  деп  аталған.  Кейіннен  ол 

«Қазақсаудажарнама» деген атауға ие болған.  

Алғашында  «Союзторгреклама»  («Одақсаудажарнама»)  Бүкілодақтық 

бірлестігінің  құрамына  кірген,  кейіннен,  1981  жылы  ол  республикалық 

бағыныстағы  ұйымға  айналған.  Бүгінде  елімізде  жарнамамен  айналысатын 

агенттіктер  мен  кәсіпорындар  саны  қомақты.  Олардың  ірілерінің  қатарында 

«Киік»,  «Татьяна»  фирмаларын  және  басқа  кәсіпорындарды  атауға  болады. 

Біздің  елімізде  «Жарнама  туралы»  арнайы  Заң  2003  жылғы  19  желтоқсанда 

қабылданған.  ТМД  елдері  ішінде  Ресей  мен  Украина,  Балтық  бойы 

мемлекеттерінің  жоғары  оқу  орындарында  жарнама,  көпшілікпен  жұмыс 

істеу  мамандықтары  бойынша  білім  беріледі,  ірі  кәсіпорындарда,  әсіресе 

біріккен  фирмаларда  жарнама  орталықтары  құрылған.  Жекелеген  отандық 

компаниялардың,  қаржы-несие  мекемелерінің  жарнама  қызметіне  белсене 

араласа  бастауы  бұл  саланың  елімізде  өріс  алатынын  байқатса  керек.         

Негізінен  алғанда  тауар  түрлерін  жарнамалауға  бағытталған  баспасөз 

хабарламаларының,  теледидар  роликтерінің  діттейтін  мақсаты  -  өнім  өткізу 




көлемін ұлғайтуға жәрдемдесу болып табылады. Сондай-ақ халық алдындағы 

танымалдығын,  беделін  (имидж)  арттыру  үшін  ақпараттық-насихаттық 

науқан  жүргізетін  фирмалар,  кәсіпорындар  бар.  «ТұранӘлембанктің», 

«Қазкоммерцбанк»  пен  Халықтық  банктің,  «Фудмастер»,  «Райымбек» 

фирмаларының  баспасөз,  аудиобейне  құралдары  арқылы  берілетін 

жарнамалық материалдары осындай мақсат көздейді. 

 

                                         Көшедегі сауатсыз жарнама. 

           Бүгінгі  нарық  заманында  түрлі-түсті  жарнамалардан  көз  ашпайтын 

көшелер  мен  зәулім  ғимараттар  қабырғалары  көздің  жауын  алатыны  хақ. 

Адамзат  баласының  әр  түрлі  қажеттіліктеріне  жарайтын  заттарды 

жарнамалауды 

көздеген 

жазулар 

мен 


суреттердің 

бірі 


адамды 

жарнамаланушы  заттың  шын  мәнінде  қажеттілігіне  иландырса,  екінші 

біреулері    жадында  жатталып,  бірте-бірте  қызығушылығыңды  оятады. 

Дегенмен  алып-сатушы  азаматтарымыз  кейде  бір  маңызды  нәрсені  жіберіп 

алатын  секілді.  Ол  қате  жазылған  сөздер.  Оның  ішінде  қазақ  тілінде  көп 

қателер жіберіледі.  

            Біздің елдің, бұқараның санасы орыс тілінен аударғанға әбден үйреніп 

кеткен.  Орыс  тілінен  сауатсыз  аударылған  жазулар  бар  маңдайша  мен 

тақтайшаның  дені  жеке  кәсіп  иелеріне  тиесілі.  «  Жалпы  ҚР  –  ның  Тілдер 

туралы заң шағын және орты бизнес саласында өрескел бұзылады» - дейді м     

амандар.  

          Өрескел  қателіктер  туралы  екі  түрлі  болжам  айтуға  болады:  бірі  – 

сауатсыздық,  екіншісі  –  біле  тұрса  да  қателікті  жөндемеу.  Олар  қасақана 

жасады ма, әлде шатасып кетті ме, біз ол жағынан бейхабармыз. 

Егер  бұл  мәселенің  соңына  шам  алып  түсер  болсақ,  онда  біраз  «олжалы» 

болайын деп тұрмыз. 

         Осы  мәселеге  орай  Қостанайдың  Ы.Алтынсарин,  Әл-Фараби  д-лы, 

Таран,  Баймағамбетов,  Чехов,  Жеңіс,  Чкалов,  Быковский,  Маяковский, 

Гашека,  Воинов  интернационалистов, Арыстанбеков,  Складская,  Фабричная 

көшелерінде  рейд  жүргізілді.  Қате  сөзі  көп  аймақтар  анықталды.  Олар: 

Складская,  Баймағамбетов,  Әл-Фараби  көшелері.  Жоғарыда  аталған 

көшелерді қамтыған рейд қорытындысы бойынша, 300 қате жазу анықталып, 

шағын  сөздік  құрылды.  Сөздікке  212  қате  сөз  еңгізілді,  88  қате  сөз 

қайталанды.  Ондай  сөздер  қатарына  азық-түлік,  аяқ  киім,  балалар  киімі, 




туристтік агенттігі, шұлық, көтерме-бөлшек сауда сиякты сөздерді жатқызуға 

болады.  



Қорытынды 

Дүниежүзі  халыктарының  тағдыр-талайы  әрқалай.  Соның  ішінде 

қазақтың өткенін ой елегінен өткізсеңіз, бір жағынан, қаншама қиянат көрсе 

де,  осы  бір  жұрттың  аман-саушылығына  сүйсінесің  де,  екінші  жағынан, 

момақан да дархан қазақтың алмағайып ауыр тағдырына жаныңыз күйеді...  

 

Айтып-айтпай  не  керек,  небір  «тар  жол,  тайғақ  кешуді»  бастан 



өткерген қазақ қазір өтпелі шаққа табан тіреді. Алдымызда бастауы сан тарау 

жол жатыр. Осының кайсысы, қайткен күнде болашағымызды жандандырып, 

ұрпағымызды  нұрландыра  алады?..  Иә,  жетпіс  жыл  бойы  желкеден  түйіп, 

жерге  қаратқан,  бар  билікті  қолына  алып,  бар  байлықты  бауырына  басқан 

Одақта тарап кетті. Әмірінен әлем сескенген Коммунистік партия да тақтан 

тайды. «Уралаған» ұранға бейім комсомол да аттан түсті. Енді терезесі тең, 

етек-жеңі  кең,  іргесі  берік,  абыройы  асқақ,  мерейі  ішіп,  ауасын  жұтып 

отырған елдің тарихына, рухани байлығына бір ауық бет бұрып, ой елегінен 

өткізіп,  өзі  қандай  халык,  несі  бар,  несі  жоқ  дегенге  көз  салса.  Орысты 

қазақтар  егжей-тегжейлі  біледі.  Ал,  орыстар  қазақты  ше?  Қазақты 

білмегендіктен,  кейбір  ұлт  өкілдері  ойына  келгенін  жазып,  аузына  түскенін 

көкіп жүр. «Елге еңбегі сіңген ер қымбат. Ердің елге бағасы қаны бір болуда 

емес,  жаны  бір  болуда,  қуанышы-қайғысы  ортақ  болуда»,  —  деп  Мағжан 

Жұмабаев  айтқандай,  адал  еңбек  етейік,  қанымыз  бөлек  болғанымен, 

жанымыз  бір  болсын.  Адамның  бағасы  еткен  еңбегінің  үлкен-кішілігінде 

емес,  ел  деген  жүрегінің  таза  болуында.  «Демократияны  қалқан  еткен» 

қадірменділер қазақ еліне, жеріне, тіліне, тарихына адал ниетте, таза жүректе 

болайық.  Қазақ  халкы  ең  кымбат  нәрсені  «көзіннің  карашығындай  сақта» 

дейді. Бұл — ең асыл, ең қастерлі нәрсеге ғана айтылатын сөз. Өйткені, көз 

адамның шырағы, көзсіз дүние караңғы. Сондыктан, ата-бабадан бізге жеткен 

алтын қазына, тарихи мұра-қазақ тілін көздің қарашығындай сақтайық! 

 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  –  қазақ  тілі,  яғни  біздің 



бойымызға ардақты анамыздың ақ сүтімен сіңген ана тіліміз. 

 

Табиғатынан ер, таза, кең қолтық, жүрегі жомарт, өршіл, аңкау да адал 



қазақтың бай тілінен, әдебиетінен, мәдениетінен не алып, не үйрендік? 

 

Біріншіден,  тілдің  кешегісі,  бүгіні  және  ертеңі  –  тарихы,  кешегісі  – 



біздің  жүріп  өткен  жолымыз,  бүгіні  -  жүріп 

 

келе  жатқан  соқпағымыз, 



ертеңгісі - баратын бағытымыз. 

 

Ал ұрпағымыздың тіл төңірегіндегі тарихты 



біліп отыруы 

 

үшін оның айтылуы тиіс, жазылуы керек.  



 

Екіншіден,  тіл  –  бір  орнында  тұрмайтын,  үнемі  дамуда  болған  да, 

болмақ. 

Ана  тілі  дегеніміз  –  сол  тілді  жасаған,  жасап  келе  жатқан  халықтың 

баяғысын  да,  бүгінгісін  де,  болашағын  да  танытатын,  сол  халықтың 

мәңгілігінің  мәңгілік  мәселесі.  Ана  тілін  тек  өгей  ұлдары  ғана  менсінбейді, 

өгей ұлдары ғана аяққа басады. 



   Тіл сөйлеу-сөйлесу, оку-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. 

...Ешкімнің  аулында  тіл  академиясы  жоқ.  Ана  тіліміздің  академиясы 

қазақ деген  халық, көше жүрсе  де,  бытырай жүрсе де, оқымаса да  ана  тілін 

сактаған...Ана тілін аяқ асты етуден тыйылатын болайық! 

...Қазақ тілі – бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу-бейнелері ерте туған 

тіл.  Пушкин,  Лермонтов  шығармаларын  XIX  ғасырда  көп  елдерден  бұрын 

аударған  тіл...  Поэзияда  Абай,  Ілияс,  прозада  Мұхтар  сияқты  алыптар 

туғызган тіл.  

Ана  тілін  ұмытқан  адам  өз  халқының  өткенінен  де,  болашағынан  да 

қол үзеді. Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз 

жоқ. 

Арақ, шылым, аурулар адамның денесін бұзса, зорлықпен кіргізілген 



жат сөздер елдің түп қазығы болған тілді бұзады. 

Туған  тіліңді  қорғау  –  туған  отаныңды  қорғаудан  да  маңыздырақ. 

Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір азат етеріңе сенесің. 

Ал тілің жауланса – бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілің ұмытқан және өз ата 

байлығына қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын 

жоғалтып  үлгірген,  өзіңе  түрі  ғана  ұксайтын  қандастарың  жаудан  бетер 

қарсыласады.  Олардың  үлкен  бөлігінің  ана  тілін  мойындамай,  өзге  тілдің 

мүддесін  ашық  түрде  қолдауының  арқасында  ұлт  жойылуға  бет  алды.  Әлгі 

бейшара ұлт үшін бұған теңдес қасірет болмақ емес. 

Сөз – жанның тілі. Ән – жүректің мұңы, тіл – рухтың үні! 

...Күнәнің  ең  ауыры  –  өз  тіліңнен  өгейлену.  Ана  сүтін  емген  екенсің, 

өз  тіліңді  иемден.  Өз  рухының  үнін  өз  кеудесінде  өшірген  жан  өзгеге  опа 

бермейді. Опасыз да, ождансыз да, отансыз да солардың арасынан шығады! 

Тәңірім тексіздіктен сақтасын!.. 

Өз  ұлтына,  тіліне,  мәдениетіне  салқындық  білдіру  –  ақ  сүт  берген 

анасының омырауын тістеумен бірдей жабайылық. Оның басты себептерінің 

бірі  –  ұлттық  экономикадан  ұлттық  тілді  шеттету...  Тілді  бүгінгі 

кәсіпкерлікке, кәсіпкерлерді тілге бейімдемей ұлт болып ұю киын. 

...Біз  көп  ұлтты  мемлекетте  өмір  сүреміз  деп  қазақша  сөйлеуді 

қойдық, қазақша сөйлессек басқалары түсінбейді деп, тілімізбен бірге дініміз, 

дінімізбен бірге  өзіміз  де  арзан  қолды,  болмашы  ғана мәртебеге ие болдық. 

Әлі де сол ұлтсыздану дертінен айырыла алмай келеміз. 

...Биліктің тілі де – орыс тілі, тілдің де билігі орыста болганы рас. Егер 

бір апта барлық ақпарат құралдары, кеңселердегі іс қағаздар, басқа тірліктер 

тек  қазақ  тілінде  жүргізілсе,  еліміздің  төрттен  үш  тұрғыны  өзін  шет 

мемлекетте  жүргендей  сезінер  еді.  Басқа  ұлттардың  интеллигенциясы  күні 

үшін  қызмет  етіп,  дінін,  тілін  сақтаса,  біз  орысқа  тым  жақындап,  орысқол 

болған сайын өркениетті боламыз деп сендік. 

            Ерлік,  елдік,  бірлік,  кайрат,  бак,  ардың  Жауыз  тағдыр  жойды  бәрін  - 

не бардың! 

            Алтын  күннен  бағасыз  бір  белгі  боп  Нұрлы  жұлдыз  -  бабам  тілі,  сен 

қалдың! 


 


 

 

Күтілетін нәтижелер:  

Тіліміздің мәртебесін одан әрі асқақтату жолында елімізде түрлі  іс- шаралар 

жасалу арқылы жарнама тілін де бір қалыпқа келіп жатыр. Соның бірі көше 

бойы, дүкен, сауда орындарындағы жарнамалық мәтін қателерін түзету 

жұмыстары қолға алынған және арнайы бақылау органдары соған жауапты. 

Тақырып бойынша  ғылыми мақалалар жариялау. 

 

8. Пайдаланған әдебиеттер: 

1.  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы А., 1992ж. 

2.  Осман А.Ә. Тіл тәуелсіздігі - ел болашағы. - Алматы: Өлке, 2011. - 480 

бет. 


3.  Тіл  туралы  толғам.  Құрастыр.  /д.  ДҮЙСЕБАЙ.  Т  93-  Астана:  Ер-

Дәулет, 2007. - 160 бет. 

4.  Оразбаева Ф. Тілдік қатынас А., 2005ж. 

 

 



 

 

 



 

жүктеу 83,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау