Сабақтың тақырыбы: Денелер



жүктеу 437,11 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі437,11 Kb.
#7551
түріСабақ

Қызылорда облысы

Сырдария ауданы

№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі Жұмабекқызы Айжан






Сабақтың тақырыбы: Денелер. Заттар. Табиғат құбылыстары

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:

Оқушылардың дене,зат туралы алған білімдерін тиянақтау,

әрі жетілдіру. Табиғат құбылыстары жөнінде мағлұматтар

беру, түсіндіру.

2. Дамытушылық:

Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық

белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға,

ізденуге үйрету;

3. Тәрбиелік:

Қоршаған ортаны аялауға баулу. Сезімталдыққа,

адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Әдіс-тәсілдері: : сұрақ-жауап, ой қозғау, топтық жұмыс, қызығушылығын ояту, миға шабуыл, кестемен жұмыс, белгі бойынша іздеу, 5 жол өлең, венн диаграммасы,топтастыру, баяндау.

Көрнекілігі: суреттер ( табиғат құбылыстары ), сызбалар, үлестірмелі

қағаздар, денелер, заттар ( алма, шеге, қалам ), үнтаспа, теледидар.



Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, музыка, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау. Психологиялық дайындық.

Табиғат - біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.



ІІ Топқа бөлу

Бүгінгі сабақ критерийлерімен таныстыру


Қызығушылығын ояту

Үй тапсырма сын сұрау

Оқулық

пен жұмыс



Топ

пен жұмыс



Кесте

мен жұмыс




Белгі бойын

ша іздеу


Шығармашылық тапсырма

Жұмбақ шешу



1 ұпай

1 ұпай

4 ұпай

3 ұпай

5 ұпай

2 ұпай

2 ұпай

2 ұпай

Бағалау шкаласы

«5»-15 ұпай

«4»-10 ұпай

«3»- 5 ұпай

















ІІІ Үй тапсырмасын сұрау

1-топ. Адам тәжірибе мен бақылау жасай білу үшін қандай білім қажет?

2-топ. Айналадағы табиғатты бақылауда қолданылатын математика білімі туралы айтып бер.

3-топ. Егер адамның математикадан білімі болмаса, ол адам тәжірибе жүргізе ала ма? Дәлелде.

4-топ. Егер термометр +20˚С; -10˚С;+5˚С көрсететін болса, сен қалай киінер едің?

ІҮ. Жаңа сабақ

1) Ой қозғау

Табиғат, дене, заттар, табиғат құбылыстары дегенді қалай түсінесіңдер?

Күн бейнесіне жазып шығу және талдау.



2) Оқулықпен жұмыс

Оқушылар мәтінді өз беттерінше бір рет оқиды. әр бөлікке бөліп, дауыстап оқиды.



3) Топпен жұмыс

1-топқа ( күн бейнесі ).

1. Дене деген не?

2. Дене нешеге бөлінеді?

2 - топқа ( бұлт бейнесі ).

1. Табиғи дене нешеге бөлінеді?

2. Тірі және өлі денелерді атап шық.

3 - топқа ( жаңбыр бейнесі ).

1. Зат қасиеттерін атап шық.

2. Дене неден тұрады?

4-топқа (найзағай бейнесі)

1. Табиға заттардың жасанды заттардан қандай айырмашылығы бар?

2. Сыныпта бар денелер қандай заттардан құралған деп ойлайсың?

( әр сұраққа жауап ауызша алынады ).



4) Кестемен жұмыс

Денелер Заттар

Доңғалақ резеңке

Кірпіш балшық

Көйлек мақта

Кітап қағаз

5) «Белгі бойынша іздеу» жаттығуы

Мысалы, көбелек, мақта, дөңгелек, инелік, шар т.б. Әр оқушы қандай да бір заттың неге ұқсайтыны туралы өз ойларын қимылдар арқылы көрсетеді.

6) Сергіту сәті.

Жаңбыр жауды - тырс²,

Боран соқты - гу²,

Жел тұрды - ыли²,

Найзағай ойнайды - тарс-тұрс


7) Табиғат құбылыстары жөнінде мәліметтер беру. ( теледидардан көрсету арқылы түсіндіру ).

а) Оқушылардан жыл мезгілдеріндегі ерекшеліктер туралы сұрау.

Көктемде қар ериді, су ағады, су тасиды.

Жазда күн ысиды, жел соғады.

Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады.

Қыста қар жауады, боран болады.

Ойларын жинақтау.

ә) Денелер мен заттар үнемі өзгеріске ұшырайды. Ағаш өседі, құлайды, шіриді. Жан-жануарларда өседі, көбейеді, өледі.

Ертеңілік күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады. Аспандщы бұлт торлайды, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады, қар ериді, су тасиды.

Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады.

Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады.

Жер бетінен ауа жоғары көтеріліп, салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып, олар шоғырланып бұлт құрайды.

Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар бірігіп жерге жаңбыр болып жауады. Қыста биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға айналады.

Жер үстіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы кезінде су тамшылары бір-біріне үйкеліп, электрленеді. Оң және теріс зарядтар бір бұлт пен екінші бұлт арасында және бұлт пен жер арасында таралады. Жер бетінде электр ағыны пайда болады. Ол бізге найзағай түрінде көрінеді.



8) Шығармашылық жұмыстар.

1. Әр топ өздеріне берілген жыл мезгілдеріне сәйкес табиғат құбылыстарын жазу.

1-топ « Күз »

2-топ « Қыс »

3-топ « Көктем »

9) Жұмбақтар жасыру.

1. Төгіліп жерге ақ моншақ,

Ғайып болды сол шақта-ақ.

( бұршақ )

2. Көзге көрінбейді,

Қолға ілінбейді.

( жел )

3. Әуеден күбі түсті,



Күбінің түбі түсті.

( найзағай )

4. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

( күн )

5. Қанаты жоқ, ұшады,



Аяғы жоқ, желеді,

Ауызы жоқ, ұлиды.

6. Арыстан ақырады,

Орман жаңғырады.

( найзағай )

10) «Күн шұғыласы» ойыны

Бүгінгі танысқан табиғат құбылыстарын атау.



Шыққан бейнені атау.

Аспанымыз ашық, бұлт шалмасын.

Күн сәулесі нұрын шашып тұрсын-дей келе оқушылар « Жау-жау, жаңбыр » әнін орындайды.



ІҮ . Үйге тапсырма.

Мәтінді оқу. « Табиғатты аяла » эссе жазу.



V. Бағалау

Сабақтың критерийлері арқылы балаларды әр топтың лидерлері бағалайды, сосын қорытынды баға шығарады



VІ. Рефлексия. «Не үйрендім? Нені үйренгім келеді?»
Өткен сабаққа кері байланыс жасау

  1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

  2. Бұл сабақта сен үшін не қиын болды?

  3. Бұл сен үшін неге қиын болды?

Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсердің?

Балалар стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады. Оқушылар тақтадағы гүлдердің суреттері салынған плакатқа көбелек пішіндес стикерді жапсырады.
жүктеу 437,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау