«ШОҚан оқулары 19» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет98/135
Дата20.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15118
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   135

257
 
 
Тӛрт аяғын тең басқан. 
Шҧнақ қҧлақ бес ешкі, 
Қос-қос лақты қос ешкі. 
Тӛрт қозылы екі қой, 
Бәрін бірге ойлап қой. 
Бҧл  санамақ  арқылы  балалар  малдың  тӛлдерін  қалай  атау  жӛнінде 
мағлҧмат алады. Тҥйе тӛлі – бота, ешкі тӛлі – лақ, қой тӛлі – қозы екенін біліп 
қана қоймай, сандар туралы да тҥсінік алады. 
Бастауыш  сынып  оқушыларына  ҧсынылатын  есептердің  кӛпшілігі 
арифметикалық  амалдардың  нәтижелерінің  мәнін  табуға,  амал  компонеттері 
мен нәтижелерінің арасындағы тәуелділікті тағайындауға негізделеді. 
Қазақ  халқының  сәндік  -  қолданбалы  ӛнері  тек  ою  -  ӛрнек,  әшекей  -
бҧйымдар  мен  заттар  ғана  емес,  олар  математикалық  білімнің,  есептің, 
бҧрыштар  ӛлшемдерінің,  сызбаның  т.с.с.  кӛрінісі.  Мәселен,  қолӛнер 
туындылары, оларға тҥсірілген ою-ӛрнектер геометрикалық фигуралар пішінді   
(сызық,  ҥшбҧрыш,  тӛртбҧрыш,  дӛңгелек  т.е.  )  болып  келеді.  Оларды  жасауда, 
ою  -  ӛрнектеуде  де  шеберлер  симметриялық,  пропорциялық  сияқты  негізі 
принциптерді басшылыққа алған. 
Сәндік  -  қолтанбалы  ӛнер  туындыларын  жасауды  ҥйретуде  де  халық 
математикалық  тәсілдерді  пайдаланған:  есептеу,  сызу,  ӛлшеу,  салу  т.е.  Бҧл 
айтылғандардың барлығы, бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде 
сәндік  -  қолданбалы  ӛнер  материалдарын  оқытудың  кӛрнекі  қҧралы  ретінде 
пайдалану қажеттілігін кӛрсетеді. 
Бастауыш мектептегі оқытудың ең басты міндеттерінің бірі - балалардың 
логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамыту.  Баланың  логикалық  ойлау  қабілетін, 
оның есеп шығару ерекшеліктерінен тез байқауға болады [2]. 
 
Мәселен,  кӛптеген  7-8  жасар  балалар  ӛздерінің  арасындағы  балалардың 
ішіндегі  ең  кҥштісі  кім  екенін  оңай  салыстыра  алады:  Аян  Айгерімнен 
кҥштірек,  ал  Айгерім  Айжаннан  әлсіздеу  болса,  бәрінен  кҥштісі  Аян  болады. 
Есепте ер балалар мен қыз балалар аралас келтірілген. 
Сондықтан  олар  ӛздерінің    ӛмір    тәжірибесінен    "қыздарға    қарағанда 
ҧлдар әрқашан да әлдірек келеді" деген қорытындыны жасай алады. 
Белгілі  ресейлік  ғалым  -  педагог  Л.В.  Занковтың  айтуынша,  сабақтағы 
ойын  әлементтері  оқу  процесіндегі  зерттеушілікті  жоюға  кӛмектеседі, 
оқушылардың  білімін  кеңейтуге,  шығармашылық  ізденімпаздығы  мен 
зерделігін  арттыруға  және  оқуға  деген  қызығушылығын  қалыптастыруға, 
ынтасын арттыруға септігін тигізеді. 
Бірінші  сыныпты  бағдарламасы  бойынша  математика  сабағында,  әдетте, 
1-  ден  5-ке  және  6-дан  9-ға  дейінгі  сандарға  1  санын  қосумен  немесе  алумен 
ғана  шектеледі.  Сандардың  қосу  және  алу  амалдарының  басқа  да  жолдарын, 
мәселен,  7  санын  алудың  мынадай  жолдары  (5+2;  4+3)  кӛрнекі  тәжірибелер 
жасау,  тартымды  ойындар  ҧйымдастыру,  логикалық  есептер  шығарту  арқылы 
қарастыруға мҥмкіндіктер мол [35].  
Нақты мысалдар келтерейік. 


258
 
 
Тәжірибе. 6 санының қҧрамын қарастырайық. Әр оқушының ҥстеліне бір 
картон  қорап,  6  алма  (еңбек  сабағында  саз  балшықтан  қолдан  жасаттыруға 
болады) және екінші қатар етіп тақтайша қойылады. Мҧғалім оқушыға қарап: 
- Балалар, біз қазір қорапқа алма жинаймыз (балалар қорапты алып, оған 
алманы  салады).  Қорапта  неше  алма  бар?  (6).  Енді  олар  қораптан  бір  алманы 
алып, бірінші қатардағы тақтайшаға қояды. Барлыгы неше  алма бар? Санайық 
(6). Ал 6 алманы қалай алдыңдар? Қорапта 5, тақтайшада 1 алма бар. Балалар 
тағы  бір  алманы  алып,  бірінші  қатардаңы  тақтайшаға  қояды.  Барлығы  неше 
алма бар? Санайық (6). Ал 6 алманы қалай алдыңдар? Қорапта 4, тақтайшада  2 
алма бар. 
Содан соң оқушылар 3 алманы алып, екінші қатардағы тақтайшаға қояды. 
Қалайша  6    алма  алуға  болады?  Балалар    6    алманы    алу  жолын  ӛздерінше 
топшылайды:  6  —  ол  5  және  1,  6  —  ол  4  және  2,  6  —  ол  3  және  3.Олар 
мҧғалімнің  кӛмегімен  келесі  қорытындыны  жасайды:  6  -  деген  сан  5-ке  1-ді 
қосқанда,  немесе  4-ке  2-ні  қосқанда,  немесе  3-ке  3  қосқанда  шығады.  Осы 
сабақта  осылайша  басқа  сан  қҧрамын,  мысалы,  7санының  қҧрамын  қайтадан 
қарастыру  тиімсіз,  ӛйткені  қайталаушылық  балаларды  жалықтырып  жіберуі 
мҥмкін.  Сондықтан  жеті  санын  жіктеп  ҥйретуді  «Ҥйде  кім  тҧрады?»  ойыны 
ретінде қарастырған жӛн. 
Тақтаға біраз терезелері тҥсті қағаз парақтарымен жабылған ҥш қабатты 
ҥйдің суреті ілінеді. Балаларға ҥйдің әр қабатында 7 санын қҧрайтын сандардың 
тҧратыны  айтылады,  ҧстаз  балаларға  мынаны  ескертеді:  «Ҥйдің  кез  келген 
пәтеріндегі  бір  терезе  ашылса  —  бір  сан  «ҧйқыдан  оянды»  деп  есептеледі. 
Мҧғалім  суреттегі  жабық  терезенің  бірін  ашады.  Сан  оянды.  Енді  қабаттағы 
кӛршілес сандарды ояту керек. Бірақ оны тек санды дҧрыс айтқан оқушы ғана 
оята  алады».  Оқушылар  ойынға  аса  бір  қызығушылық  танытып,  жҧмысқа 
кіріседі.  Бҧл  пәтерде  5  және  2  сандарының,  4  және  3  сандарының,  т.с.с. 
тҧратыны айтылады. Оқу процесіне осындай ойын элементтерін енгізе отырып, 
басқа да әр тҥрлі рӛлдегі ойындарды қҧрастыруға болады. 
Мҧғалім  кестеде  бейнеленген  нәрселердің  бірін  кӛрсетіп,  оқушылардан 
тура  сондай  кескінді  қайталап  қҧрастырып  беруді  талап  етеді  немесе  бҧрын 
қҧрастырылған нәрседен тӛмен (жоғары) орналасқан, одан оң жақта (сол жақта) 
тҧрған  және  басқа  нәрселерді  қҧрастыруды  ҧсынады.  Бҧл  кезде  балалар 
таяқшалардан  кескіндер  қҧрау  арқылы  қарастырылып  отырған  сан  кӛлемінде 
санауды  ҥйренеді.  Осы  мақсатта  тӛмендегідей  тапсырмаларды  орындатқан 
тиімді:  
1.  Берілген  таяқшалар  кӛлемінде,  мысалы,  8  таяқшадан,  нәрсе 
қҧрастырыңдар.  
2.  Жалпы  саны  бірдей  таяқшалардан  тҧратын  екі  нәрсе  кескінін 
қҧрастырыңдар.  
3.  6  таяқшадан  тҧратын  ҥшбҧрыш  немесе  басқа  бір  формадағы  
геометриялық нәрсенің  кескінін қҧрастырыңдар.  
4. 
Таяқшалардан 
суретте 
кӛрсетілгендей 
сандарды, 
әріптерді, 
математикалық белгілерді қҧраңдар [3]. 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау