348
мотивациясын кҥшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын
арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстҥрлi
ҧйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды кҥшейтуге кӛп кӛмегiн
тигiзедi.
Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас
жағдаяттарында қолданылатын сӛйлемдердi қҧрайды. Сҧхбаттар кӛлемi
жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сҧхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде
бiр-бiрiне сҧрақтар қойып және жауап қайтара алуға ҥйретедi. Сонымен қатар
берiлген тақырып тӛңiрегiндегi сӛйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның
кӛмегiмен компьютерге басып, ӛздерi тыңдап, ӛзiн-ӛзi тексеруге, дҧрыс
сӛйлеуге кӛмектеседi.
Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ,
алғашында сол тақырып бойынша мәтiн берiлген.
1. Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық
сӛздiктерге кӛңiл аударады.
2. Жаңа сӛздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сӛздермен
басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сӛйлемдер қҧрастырады.
3. Осы қҧрастырған сӛйлемдерiн қолдана отырып жағдаяттар
ойластырады.
4. Ӛздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сҧхбат
қҧрастырады.
5. Сҧхбаттарды бiрiншi жақтан қҧрастырғаннан кейiн, оны ҥшiншi жаққа
аударып айтып бередi.
6. Берiлген тақырып кӛлемiнде тҥрлi жаттығулар мен тапсырмалар
орындайды.
7. Сӛйлемдегi сӛздердiң орын тәртiбiн дҧрыс қою арқылы сӛйлем
қҧрастырады.
8. Сӛйлемдегi жетпей тҧрған сӛздi табу арқылы, сӛйлемнiң мағынасын
тҥсiнуiн аңғартады.
9. Компьютермен сҧхбаттасу арқылы қойылған сҧраққа дҧрыс жауап бере
алатындығын кӛрсетедi.
10. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып кӛлемiнде сӛйлесе
алатындығын байқатады.
11. Сӛйлемдегi сӛздердiң жалғауларын дҧрыс қоюы грамматиканы
тҥсiнгендiгiн бiлгiзедi.
12. Сӛйтiп кӛптеген жаттығулармен тапсырманы дҧрыс орындағанда
барып ӛз ӛмiрiнде осы тақырыпты қолдана отырып әңгiме қҧрастыруға дейiн
жетедi.
Электронды оқулықтар оқушылардың
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- ауызекi тiлде сӛйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
- ӛз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- студенттердiң сӛздiк қорының молаюына;
349
- тiлдi ҥйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
- сабақта ӛзiн еркiн ҧстап, ӛз мҥмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- ӛз iсiне талдау жасай алуға кӛптен-кӛп кӛмегiн тигiзедi.
Жас ҧрпақ тәрбиелеудегі ҧстаздар ҧстанатын бҧлжымас қағидаларың бірі
– білімділікпен қоса ӛзіндік ой-пікірі бар шәкірттер даярлау. Қазіргі заманғы
ғылыми-техникалық ҥрдісінің қарқыны білім беру жҥйесінің алдына мҥлдем
жаңа міндеттер қойып отыр. Ол ӛз жҧмыс орнында және бҥкіл техникалық
тізбекте технологияның ҥздіксіз бейімделе алатын орындаушының тҧлғасын
қалыптастыру. Осыған орай елдерде білім берудің жаңа жҥйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан педагогика
теориясы мен оқу-тәрбие ҥрдістеріндегі елеулі ӛзгерістерге байланысты білім
берудің мазмҧны жаңарып, тың кӛзқарас қалыптасуда.
Нәтижесінде Білім беру мазмҧны ҥрдістік біліктілігімен, ақпараттарды
қабылдау қабілетінің дамуымен, ғылымға шығармашылық және білім беру
бағдарламаларының нақтылануымен байи тҥсуде. Ақпараттың дәстҥрлі әдістері
ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыстар – қазіргі заманғы
компьютерлік қҧралдарға ығысып орын беруде.
Дидактикалық функция дәстҥрлі оқулықтың безендірілуі мен мазмҧнын
оқып ҥйренуді мақсатқа сай таратушы болып табылады. әрбір оқулық нақты
дидактикалық жҥйеде қҧрылады және ол мынадай функциялардан тҧрады:
Оқу бағдарламасының кӛлемі мен сапасына сәйкес келетін ақпараттарды
береді;
Дидактикалық ӛлшемі туралы тапсырмалардың шешімін хабарлайды;
Жеке бӛлімдердің бастапқы позицияларын зерделеп, оқу қҧралдарының
әдістерін анықтап, автоматтандырылған жобада оқытады.
Оңтайлы оқу материалдарын жҥйелендіру арқылы білімнің жҥйелеген
элементін қабылдайды, ойлау жҥйесін дамытады.
Оқушының қызығушылығын тудырып, жаңа білімге деген қҧштарлығын
арттырып, оқулықтағы материалдарды дербес меңгеруге кӛмектеседі.
Электрондық оқулық – бҧл ақпаратты жҥйені ҧсынушы кітап, әдістемелік
және бағдарламалық қҧрал-жабдықтарды нақты тәртіппен оқыту болып
табылады. Оның қҧрылымы мен мазмҧны оның қолдану мақсатына
байланысты.
Электрондық оқулықтың негізгі функциясына мыналар жатады:
Оқу ақпаратын сақтау;
Оқу ақпаратын беру;
Оқуда кӛмек беру және диалог жҥргізу;
Оқушының жауаптарын саралау;
Оқу іс-әрекетінің нәтижесін тіркеу, ӛңдеу, сақтау.
Электрондық оқулықты жобалау кезінде шешетін негізгі проблеманың
бірі барлық жҥйенің бір жҥйе ішіндегі ӛзара іс-әрекетін ҧйымдастыру.
Қандай да бір пәнді дайындап оны зерттеу ҥшін бҥкіл қолданған
материалдарды саралап электрондық оқулық ӛңдейтін жҥйені ажыратып
кӛрсету керек. Бҧл мақсатта мазмҧнында әрбір жҥйенің әдіс-тәсілі мен
350
алгоритмін айқындауға, қажетті қҧралды таңдауға, дайын немесе ӛзінің
программалық қамтамасыздандырылуын қосуға, яғни электрондық оқулықты
бҥтіндей тиімді ӛңдеу жҧмыстарын жҥргізуге кӛмек береді.
Электрондық
оқулықтарды
қҧру
технологиясы.
Электрондық
оқулықтарды қҧру технологиясы кӛп еңбекті қажет етеді және келесі
этаптардан тҧрады:
Электрондық оқулықтарды жасаудың мақсаттары мен міндеттерін
анықтау;
Электрондық оқулықтар қҧрылымын жасау;
Оқулық тарауы мен тақырыбы бойынша мазмҧнды дайындау;
Электрондық оқулықтардың жекелеген қҧрылымдары сценарийлерін
әзірлеу;
Программалау;
Апробация
Апробация нәтижесі бойынша электрондық қҧралдар мазмҧнын тҥзету;
Қолданушы ҥшін әдістемелік қҧралды дайындау.
Бҥгінгі білім беру жҥйесіндегі оқытудың мазмҧнды аспектісі-
оқушыларды терең, жан-жақты әрі ғылым мен тәжірибе талаптарына сай
келетін біліммен қаруландыру мақсатын кӛздейді.
Электрондық оқулықтармен оқыту жҥйесінің пән сапасын арттырумен
қатар бірқатар пайдалы жақтары бар. Біріншіден, сыныптардағы барлық
оқушыны жҧмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді қатысуын
қадағалайды, белсенділігін оятуға тҥрткі болады. Екіншіден, әр оқушы ӛзіне
тән қарқынмен ӛз білімінің деңгейінде жҧмыс жҥргізеді. Қойылған мақсатқа
жету ҥшін қажетті тӛзімділікті қалыптастырады. Ҥшіншіден, оқушы ӛз
еңбегінің нәтижесін кӛріп, ӛзін-ӛзі бағалайды. Ӛз бетімен жҧмыс істеу біліміне
әсер етпей, мінез-қҧлқына да зор ықпалын тигізеді. Оқушыларды
тиянақтылыққа, бастаған ісін жемісті аяқтауға тәрбиелейді, жауапкершіліктерін
оятады. Бҧл ӛз ретінде оқушының ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін
дамытады.
Электрондық оқулықтардың тиімділігі мынада:
оқушы арнайы бағдарламамен жҧмыс істейді;
оқушы білімі компьютерлік жҥйе арқылы бағаланады;
иллюстрациялық әдіс кӛп қолданылады;
қисынды ойлау жҥйесінің дамуына тҥрткі болады;
берілген тапсырмаға деген қызығушылығын арттырады.
«Білім мҧнарасы» электрондық оқулықтарда оқушыларға 13 сабақ
математика, әліппе және уақыт, жол жҥру ережесі берілген. Әрбір сабақта 1,5-2
минут дикторлық мәтін, содан соң балаға сабақ материалдарымен ойнауға
мҥмкіндік туады. «Супер-интеллект» электрондық оқулықтардағы болса,
оқушыларға бағдарлама оқыту, жаттығу, ойын және тестілеу етіп бӛлінген.
Оқыту кезінде оқушыға әртҥрлі анықтама, нҧсқау берілген.
Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырманы қызыға
орындайды. Сонымен қатар ӛз қатесін ӛзі табады, ӛзін-ӛзі бағалауға ҥйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |