«ШОҚан оқулары 19» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет86/135
Дата20.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15118
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   135

223
 
 
Ақпараттық технологияларды қолдану (мультимедиалық презентациялар, 
дайын  электронды  қҧралдар,  тест  тапсырмалары,  Интернет-ресурстар, 
бейнесабақтар және т.б.) оқыту процесінде елеулі рӛл атқарады. 
Сонымен  қатар, 
оқытуды 
ақпараттандыру 
процесінде 
әртҥрлі 
проблемалар  туындайды:  оқыту  бағдарламаларының  таңдауға  жеткіліксіздігі, 
бар  бағдарламалық  ӛнімдердің  кӛпшілігінің  оқыту  процесін  ойдағыдай 
ҧйымдастыру ҥшін қойылатын талаптарға сәйкес еместігі, қажетті электронды 
ақпараттық ресурстардың жоқтығы. 
Математика  сабағында  мультимедиалық  презентацияларды  сабақтың 
барлық  кезеңдерінде:  пән  бойынша  негізі  білімді  игеру,  игерілген  білімді 
жҥйелеу, ӛзін-ӛзі бақылау дағдыларын қалыптастыру, оқыту қабілетін арттыру, 
оқу материалындағы ӛзіндік жҧмыста білім алушыларға оқу-әдістемелік кӛмек 
кӛрсету  кезінде  қолдануға  болады.  Мультимедиалық  презентация  практика 
кезінде оқушыларға сабақ беруде бірден-бір кӛмекші қҧрал. 
Мультимедиалық  презентациялар  теориялық  материалдарды  кӛрнекі 
тірек  белгілері,  анық  алгоритм  ретінде  келтіруге  мҥмкіндік  береді.  Бҧл  кезде 
кӛру,  есту  тҥйсінулері  іске  қосылып,  соның  нәтижесінде  мультимедиалық 
презентациялар кӛмегімен ӛткізген сабақ дәстҥрлі сабақтан әлдеқайда нәтижелі 
болады. 
 Презентацияларды  жасауға    білім  алушылардың  ӛзін  жиі  қатыстыру 
керек,  сол  кезде  оқушылар  немесе  студенттер  оқу  материалын  жҥйелеп, 
қосымша  материалдар,  қызықты  есептер  тауып,  оларды  ӛздігінен  шығарып, 
жобалармен  жҧмыс  жасауға  тәжірибе  жинақтап,  ӛз  жобаларын  сабақ 
барысында қорғап ҥйренеді. Бҧл, ӛз кезегінде, оқу материалын жақсы тҥсінуді 
арттырып, білім алушылардың  дағдыларын дамытуға себептеседі. 
ЖОО-да  оқу  процесін  ҧйымдастырудың  негізгі  формасы  лекция  болып 
қалады. Қазіргі кезде лекцияны студенттердің оқу іс-әрекетін ҧйымдастырудың 
тиімді емес тҥрі деп  жиі сынға алады, себебі лекцияның кӛп бӛлігінде кейбір 
студенттер  информацияны  пассивті  тҥрде  қабылдап,  лектордың  сӛздерін 
ойланбай  жазып  отырады.  Бірақ  электронды  оқытудың  технологияларын 
қолдану  оқу  процесін  басқаша  ҧйымдастыруға  мҥмкіндік  береді.  Оқытушы 
лекцияда  студенттермен  проблемалық  тәсілді  қолдану,  материалды  диалогты 
тҥрде  баяндау,  т.б.  белсенді  әдістерді  қолдана  отырып,  оқытылып  отырған 
тақырыптың  маңыздылығын  ашып,  оның  курстағы  орнын  кӛрсетеді,  оның 
міндеті –берілген тақырыпты электронды курс негізінде ӛз бетінше оқып алуға 
студенттерді  дайындау,  курстың  теориялық  материалын  оқу  барысында 
студенттер  шешуге  міндетті  проблемаларды  қою,  кездесетін  қиындықтарға 
нҧсқау беру. 
Сӛзсіз,  дәстҥрлі  және  электронды  оқытуды  ҥйлестіру  мҥмкіндігі 
практикалық сабақтардың да тиімділігін арттыруға себеп болып, оқытушыларға 
жаңа  әдістер  мен  оқыту  формаларын  қолдану  арқылы  сабақты  тҥрлендіруге 
мҥмкіндіктер туғызады. 
Геометрия – мектеп математика курсының ажыратылмайын бӛлігі болып 
табылады және оқушылардың интеллектуалдық дамуына зор әсер етеді.  


224
 
 
Геометрияны оқыту барысында негізгі ҧғымдардың мәні мен мағынасын, 
олардың арасындағы қатынастарды, идеяларды және әдістерді  сапалы тҥсінуді 
қамтамасыз  ету  маңызды.  Осы  кезде  дайын  сызбаларды,  кестелерді  қолдану, 
әрине,  уақыт  ҥнемдеу  мен  қатар  біраз  қосымша  материалдарды  қолдануға 
мҥмкіндік  туады.  Мысалы,  қолданыстағы  математикалық  (геометриялық) 
ҧғымдардың пайда болуы мен қалыптасуын, әртҥрлі пәндердегі, практикадағы 
мазмҧндарын  қарастырып  кетуге  болады  (кесте  1).  Бҧл  кезде  оқушылардың 
нақты білімін тереңдетуге, математиканың сабақтас пәндермен байланыстарын 
нығайтуға мҥмкіндіктер туады.  
Қоршаған  ортадағы  объектілерді  бақылау  мен  ӛмір  тәжірибесі  жаңа 
ҧғымның  пайда  болуына  алғашқы  негіз  ретінде    кӛрнекі  мысал  болып 
табылады. 
Айқас тҥзулерге геометриялық мысал ретінде кубты қарастыруға болады. 
1,  а  суретте  l  және  m  тҥзулері  айқас  болып  табылады:  l  тҥзуі  ABB
1
A
1
 
жазықтығында  жатады,  ал  m  тҥзуі  ABCD  жазықтығына  тиісті.  Кубты  алып 
тастасақ  1,б  суретте  кеңістіктік  кӛрнекілік  жойылып,  біз  жазықтықтағы 
қиылысатын l және m тҥзулерін кӛреміз. 
 
      
 
 
                       а)                                                    б) 
1-сурет 
                       
Келтірілген  мысалды  кері  тҥрде  қарастыруға  болады.  1,б  суретті 
кескіндеп,  «суретте  қандай  фигуралар  кескінделген  және  олардың  қандай 
қасиеттері бар?» - деген сҧрақ қоюға болады. 
Екі  шоссе  жолдарының  айырылысының  қҧрылысы  «айқас  тҥзулер» 
ҧғымын  анықтауға  және  қалыптастыруға  жақсы  мҥмкіндіктер  туғызады 
(оқушыларға суретін келтіруге болады). 
Дайын  сызбалармен  жҧмыс  жасап  ҥйренген  оқушыға  әдеттегіден  тыс 
орналасқан  кеңістіктік  объектісі  бейнеленген  сызба  бойынша  бейнені  қҧру 
кезінде  қиындықтар  туындайды.  Осындай  суреттерді  салуды  және  олармен 
жҧмыс  жасауда  оқушылар  объектіні  әр  тҥрлі  кӛзқараспен  қарауға,  оның 


225
 
 
бейнесін  есте  сақтауға,  қҧрылған  кеңістіктік  бейнені  талдауға,  кеңістіктік 
бейненің орналасу орнын ауыстыруға бейімделуі тиіс. 
Қазіргі  таңда  компьютерлік  графика  әртҥрлі  сала  мамандарын 
дайындауда  кеңінен  қолданылуда.  Компьютерлік  графиканың  әдістерін 
пайдаланудың нәтижесі кӛрсеткендей, ол қоршаған орта туралы жаңа білімдер 
мен  мәліметтер  бермейді,  тек  қабылданған  шешімді  кӛрсету  қҧралы  ретінде 
ғана  қолданылады.  Алайда,  қазіргі  заманғы  графикалық  пакеттер  бізді 
қоршаған  нақты    объектілер  туралы  жаңа  мәліметтер  беру  қҧралы  ретінде 
қосымша қолданылуы мҥмкін. Геометрияны оқыту процесінде қосымша қҧрал 
ретінде компьютерлік графиканы қолдану заңдылығы жазық екі ӛлшемді қағаз 
бетіндегі кез келген кӛлемді дененің суреті ҥш ӛлшемді кеңістіктің имитациясы 
екендігіне  негізделіп  салынады.  Ҥш  ӛлшемді  компьютерлік  модельдеуді 
қолдану нақты ҥш ӛлшемді дене қҧрылысын тҥсіну процесін жеңілдетеді. 
Компьютерлік  графикамен  жҧмысты  іске  асыруға  мҥмкіндік  беретін 
бағдарламалық 
ӛнімдер 
біріншіден, 
кеңістіктегі 
және 
уақыттағы  
математикалық  ҧғымдарға  мысал  бола  алатын  динамикалық  бейнелерді 
қалыптастыруға  мҥмкіндік  береді.  Екіншіден,  оқитын  адамның  оқиғаның 
қатысушысы бола отырып, интерактивті жҧмыс істеуіне мҥмкіншілік беріледі. 
Екінші  жағдайда,  бағдарламалауды  оқыту  процесінде  оқушылардың  ӛздері 
геометриялық  ҧғымдардың  (нҥкте,  фигура,  тҥрлендіру,  т.б.)  кӛрнекі 
мысалдарын  қҧрады.  Осылайша,  математикадан  белгілі  әзірше  интуитивті 
тҥрде  ғана  елестетілетін  кӛптеген  ҧғымдар  ӛзінің  мағынасын  тереңірек  аша 
тҥсіп, ӛзіндік қабылдау негізінде тҥсінікті бола тҥседі. 
Жаңа 
технологиялар - педагогтың 
мҥмкіндігін кҥшейтетін қҧрал, 
мҧғалiмге  оқытуды  жоғары  деңгейге  ҧйымдастыруға      мҥмкiндiк  бередi  және 
білім алушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланады, 
бірақ ол мҥғалімді алмастыра алмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау