Әкімдіктің 2015 жылғы 12 маусымдағы



жүктеу 46,83 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі46,83 Kb.
#14097
түріРегламент

Әкімдіктің        


2015 жылғы 12 маусымдағы  
№ 253 қаулысымен бекітілген


"Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын
үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің
болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


      1. "Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері (аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру (бұдан әрі - анықтама).
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау


      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (iс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында (бұдан әрі - Стандарт) көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар пакеті) қоса бере отырып, Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштің болуы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, 15 (он бес) минут, құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін береді, 1 (бір) жұмыс күні.
      Рәсімнің (iс-қимылдың) нәтижесі – құжаттар топтамасының тіркелуі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасын қарап, жауапты орындаушыны анықтайды, 1 (бір) жұмыс күні.
      Рәсімнің (iс-қимылдың) нәтижесі - көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы анықтама жобасын дайындайды, 7 (жеті) жұмыс күні;
      Рәсімнің (iс-қимылдың) нәтижесі - анықтама жобасы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтамаға қол қояды, 1 (бір) жұмыс күні.
      Рәсімнің (iс-қимылдың) нәтижесі - қол қойылған анықтама;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға береді, 15 (он бес) минут.
      Рәсімнің (iс-қимылдың) нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға берілген анықтама.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау


      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерiнiң)  тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (iс-қимылдардың) реттілігін әрбір рәсімнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауын, оларды тіркеуін жүзегеасырғаннан кейін құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін береді, 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасын қарап, оларды тиісті бұрыштамамен көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 1 (бір) жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы анықтама жобасын дайындап, оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды, 7 (жеті) жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтама жобасына қол қояды, 1(бір) жұмыс күні;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға береді, 15 (он бес) минут.
      Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту блок-схемасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау


      8. Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы және "электрондық үкіметтің" веб - порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентің 2-қосымшасында келтірілген.
жүктеу 46,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау