«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 15 б.
заттармен үйіп тастауға, сондай-ақ эвакуациялық шығу есіктерін шегелеп
тастауға;
2) шығу тамбурларында (пәтерлер мен жеке тұрғын үйлерді қоспағанда)
киімге арналған кептіргіштер мен ілгіштер, гардеробты орналастыруға, сондай-
ақ керек-жарақтар мен материалдарды сақтауға (оның ішінде уақытша);
3) эвакуациялау жолдарында табалдырықтар (есіктердің ойықтарындағы
табалдырықтарды есептемегенде) орнатуға, қозғалмалы және көтеріліп-
түсірілетін есіктер мен қақпалар, айналатын есіктер мен турникеттер, сондай-ақ
адамдарды еркін эвакуациялауға кедергі келтіретін басқа құрылғыларды
орнатуға;
4) қабырғалары мен төбелерін өңдеуге, қаптауға және бояуға арналған
жанғыш материалдарды, сондай-ақ отқа төзімділік деңгейі V ғимараттарды
есептемегенде, эвакуациялау жолындағы сатылар мен басқыш алаңдарын
қолдануға;
5) отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттардан басқа, эвакуациялау
жолдарында баспалдақтар мен саты алаңдарының қабырғалары мен төбелерін
өңдеу, қаптау және сырлау үшін жанғыш материалдарды қолдануға;
6) басқыш шабақтарының, дәліздердің, холлдар мен тамбурлардың
өздігінен жабылатын есіктерін ашық күйінде бекітуге, сондай-ақ оларды алып
тастауға;
7) түтіндемейтін басқыш шабақтарының ауа аймақтарының терезе
жапқыштарын шынылауға немесе жабуға;
8) арқауланған шыныны есіктер мен фрамугтарды шынылауда жай
шынымен ауыстыруға жол берілмейді.
10.6. Көпшілік адамдар болатын объектілерде электр энергиясы сөніп
қалған жағдайда, қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы электрлік
қолшамдармен қамтамасыз етілуге тиіс.
Қолшамдар
санын
басшы
объектінің
ерекшеліктеріне,
кезекші
қызметкерлер құрамының болуына, ғимараттағы адамдар санына байланысты
анықтайды, бірақ кезекші қызметкерлер құрамының әрбір кезекшісіне біреуден
кем болмай.
10.7. Көпшілік адамдар болатын үй-жайлардағы кілемдер, кілем алашалар
және басқа еден төсеніштері еденге сенімді бекітілуі керек.
Эвакуациялау жолында жанған кезде жанғыш және уытты өңдеу
материалдарды, кілемдерді және үстіңгі бетке жануды тез таратуға қабілетті
басқа еден төсеніштерін қолдануға тыйым салынады.
11 Өрт дабылы мен өрт сөндіру қондырғыларын, түтінге қарсы
қорғаныс, адамдарға өрт туралы хабарлауды және көшіруді басқару
жүйелерін ұстау
«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 16 б.
11.1. Өрт сөндіру және автоматты өрт дабыл қаққышы қондырғыларына,
түтінге қарсы қорғаныс жүйелеріне, өрт туралы адамдарды хабарландыру мен
көшіруді басқаруға, жоспарлы-алдын алу мен техникалық қызмет көрсету және
жөндеу жұмыстары бойынша регламентті жұмыстар дайындаушы-зауыттың
техникалық құжаттарын және жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімін есепке ала
отырып, құрастырылған жылдық жоспар-кестесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
Техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын
мамандандырылған ұйымның арнайы оқытылған қызмет көрсетуші тұлғасы
атқарады.
11.2. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары бойынша
жұмыстарды
орындау
кезінде
қондырғыларды
(жеке
желілерді,
хабарлағыштарды) тоқтатуға байланысты кәсіпорын басшысы ғимараттарды,
құрылыстарды, бөлмелерді, технологиялық жабдықтарды өрттен қорғау
бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
11.3. Өрт сөндірудің автоматты қондырғылары жобалау құжаттамасына
сәйкес жарамды жағдайда және үнемі дайын болуы тиіс.
Қондырғыны норма мен ережеде көрсетілген жағдайлардан басқа
автоматты іске қосудан қолмен қосуға ауыстыруға жол берілмейді.
11.4 Өрт туралы хабарландыру жүйелері барлық ғимаратқа (құрылысқа)
немесе таңдамалы түрде оның кейбір бөлімдеріне (қабаттарға, секцияларға)
бірдей уақытта көшіру туралы хабарлау дабылын беру жоспарына сәйкес
қамтамасыз етілуі қажет.
Хабарлау жүйелерін пайдалану тәртібі оларды пайдалану нұсқауларында
көрсетіліп және осы жүйені іске қосу құқығы бар тұлғалар көшіру жоспарында
анықталады.
11.5. Өрт сөндіргіштерді орналастыру, қызмет көрсету мен қолдану тәртібі
дайындаушы-кәсіпорын нұсқаулығына, қолданыстағы нормативтік-техникалық
құжаттарға, сондай-ақ мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс:
1) өрт сөндіргіштерді қуыстарға орналастыру жағдайларынан басқа
қорғалатын бөлмелерден ғимараттың көшіру жолына орналастыруға жол
берілмейді;
2) өрт сөндіргіштер еден деңгейінен өрт сөндіргіштің сыртына дейін 1,5 м
аспайтын биіктікте, ал есіктің ашылуы кезінде оның жанынан 1,2 м қашықтықта
орналастырылуы қажет;
3) өрт сөндіргішке арналған шкаф пен тумбаның құрылысы мен сыртқы
безендірілуі олардың ішінде өрт сөндіргіштің сақталатындығын бірден
анықтауға болатындай болуы қажет;
4) өрт сөндіргіштер олардың қаңқаларындағы нұсқау жазуы көрінетіндей
етіп орналастырылады.
12 Өрт кезіндегі жұмысшылардың міндеттері мен әрекеттері