«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 13 б.
8 Қосымша өрт сөндіруге арналған құралдар
8.1. Құм әрқашан құрғақ, сусымалы болуы керек және де 0,5 м3
сиятындай темір жәшіктерде сақталуы қажет. Жылына бір рет араластырып
және тастардан тазартылуы тиіс.
8.2. Асбест мата, киіз, кілемше жабдықтары олар өрт немесе төтенше
жағдай кезінде ұшқын орындарда орналастырылуы және ошақтары палубаға
қарсы оқшаулау қорғау үшін пайдаланылуы тиіс.
8.3. Өрт балталар, шелектер және аршу материалдарды ашу үшін арналған
басқа да жабдықтар өрт қалқандарда ілінуі тиіс.
8.4. Қолайлы өрт сөндіру құралы сыртқы сараптама арқылы анықталады.
Құралдардың жұмыс бөлігі ұшталған болуы керек, ешқандай жарықтар, иілген
таза болуы тиіс.
9 Өрт кезіндегі іс-қимылдар тәртібі
9.1. Әрбір азамат өртті немесе оның жану белгілерін (түтінді, күйік иісін,
температураның жоғарылауын т.б.) байқаған кезде:
1) өрт туралы бірден 101-ге телефон арқылы өртке қарсы қызметке
хабарлауға (бұл ретте объектінің мекен-жайын, өрт болған орынды, сондай-ақ
өзінің аты-жөнін хабарлауы қажет);
2) адамдарды көшіру, өртті сөндіру және материалдық құндылықтарды
сақтау жөнінде шаралар қолдануы тиіс.
9.2.Ұйым басшылары мен лауазымды тұлғалар, белгіленген тәртіппен өрт
қауіпсіздігі үшін жауапты болып тағайындалған тұлғалар өрт орнына келгенде:
- өрт туралы өрт сөндіру қызметі органына хабарлап, университет
басшылығын, АҚ және ТЖ штабының жетекшісі мен объектінің жауапты
кезекшісін хабардар етуі;
- адамдар өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл түрде қолда бар күштер
мен құралдарды пайдалана отырып, оларды құтқаруды ұйымдастыруы;
- өртке қарсы қорғаныстың (өрт туралы адамдарды хабардар ету, өрт
сөндіру, түтінге қарсы қорғаныс) автоматты жүйесінің іске қосылғандығын
тексеруі;
- қажет болған жағдайда электрэнергияны (өртке қарсы қорғаныстың
жүйесін қоспағанда) өшіруі, тасымалдаушы қондырғылардың жұмысын,
агрегаттарды, аппараттарды тоқтатуы, шикізаттық, газды, бу және су
коммуникацияларын жабуы, авариялық және олармен жапсарлас тұрған
бөлмелердің желдету жүйесінің жұмыстарын тоқтатуы, ғимараттың түтіндеуі
мен өрттің таралуын болдырмауға себепші болатын басқа да шараларды
орындауы;
- өрт сөндіру шараларымен байланысты жұмыстардан басқа ғимараттағы
барлық жұмыстарды тоқтатуы;
«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 14 б.
- қауіпті аймақ шегінен өрт сөндіруге қатыспайтын барлық жұмысшыларды
алыстатуы;
- өртке қарсы қызметі бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіру жөнінде
(объектінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып) жалпы басшылық жүргізуі;
- өрт сөндіруге қатысушы жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі талаптарын
сақтауды қамтамасыз етуі;
- өрт сөндірумен бірге материалдық құндылықтарды көшіру мен қорғау
ұйымдастыруы;
- өртке қарсы қызметі бөлімшелерін күтіп алуды ұйымдастыруы және өрт
орнына және өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көздеріне өрт сөндіру
машиналарының өтуі үшін төте жолды таңдауда көмектесуі тиіс.
9.3. Объектіде болған әр өрт бойынша әкімшілік өрттің пайда болуы мен
дамуына себеп болған жағдайлар туралы түсінік беруге және алдын алу
шараларын жүзеге асыруы тиіс.
10 Эвакуация жолдары
10.1. Эвакуациялық жолдар мен шығуларды пайдалану кезінде белгіленген
тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы жобалық шешімдерді және
нормативтік құжаттар талаптарын сақтау қамтамасыз етілуге тиіс (оның ішінде
эвакуациялық жолдар мен шығуларға жарық түсіру, саны, өлшемдері және
көлемдік-жоспарлау шешімдері бойынша, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында
өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы бойынша).
10.2. Эвакуация жолдарындағы есіктер еркін және ғимараттан шығатын
бағыт бойынша ашылуға тиіс.
10.3. Эвакуациялық шығулар есіктеріндегі тиектер ғимарат (құрылым)
ішінде болатын адамдардың тиектерді ішінен кілтсіз ашу мүмкіндігін
қамтамасыз етуге тиіс.
10.4. Көлемді өздігінен жарқырайтын, автономды және электр желісінен
қоректенетін, эвакуациялау жолында пайдаланылатын өрт қауіпсіздігі белгілері
(оның ішінде "Эвакуациялық (қосалқы) шығу", "Эвакуациялық шығу есігі"
деген жарық нұсқағыштар) үнемі дұрыс және қосылған күйінде болуға тиіс.
Көрермен, көрсету, көрмелік және басқа залдарда жарық нұсқағыштарды
адамдардың қатысуымен іс-шаралар өткізген уақытта қосуға рұқсат етіледі.
Эвакуациялық жарық түсіру жұмыстық жарық түсіру электр қорегі
тоқтатылған кезде қосылуға тиіс.
10.5. Эвакуациялық жолдар мен шығуларды пайдаланған кезде:
1) эвакуациялық жолдар мен шығуларды (оның ішінде өтетін жерлер,
дәліздер, тамбурлар, галереялар, лифті холлдары, басқыш алаңдары, басқыш
шабақтары,
есіктер,
эвакуациялық
люктер)
түрлі
материалдармен,
бұйымдармен, жабдықтармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыспен және басқа