«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 7 б.
5.8. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар
келісілген норма
талаптарына сәйкес келетін мөлшерде дұрысталған бастапқы өрт сөндіру
құралдарымен, өртке қарсы қызметті шақыру үшін байланыс құралдарымен
қамтамасыз етілген, автоматты өрт сигналын беретін жүйелермен автоматты өрт
сөндіру және адамдарды өрт туралы құлақтандыру қондырғыларымен
қамтамасыз етілген болуға тиіс.
Бастапқы өрт сөндіру құралдарын, байланыс құралдарын, сондай-ақ өрт
сөндіру автоматикасы жүйелерін орналастыру орындары тиісті өрт қауіпсіздігі
белгілерімен белгіленген болуы керек.
5.9. Ғимараттар мен құрылымдар найзағайдан қорғайтын құрылғылармен
жабдықталуы керек.
5.10. Ғимараттар мен құрылымдардың өртке қарсы қорғау жүйелері мен
құралдары (өрт сөндіру және өрт белгісін беру қондырғылары, өрт кезінде
адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару, түтінге қарсы қорғау
және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелері, өртке қарсы есіктер, клапандар
мен люктер, басқа өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтырғыштар,
бастапқы өрт сөндіру құралдары) үнемі дұрысталған жұмыс күйінде болуы
керек.
Есіктердің өздігінен жабылуына арналған құрылғы дұрыс күйінде күтіп
ұсталуға тиіс.
Өртке қарсы немесе түтінге қарсы есіктердің (құрылғылардың) еркін
жабылуына кедергі жасайтын қандай да бір айлабұйымды орнатуға тыйым
салынады.
5.11. Өрттің туындауына әкеліп соқтыратын бұзылулары болатын
жабдықта, қондырғы мен станокта, сондай-ақ сөндірілген бақылау-өлшеу
аспаптарында және белгіленген температура режимдерін, қысымды және
қауіпсіздік шарттарымен реттелген басқа параметрлерді бақылауды қамтамасыз
ететін технологиялық автоматикада жұмыстар жүргізуге рұқсат етілмейді.
5.12. Құрылыс құрастырылымдарының, өңдейтін және жылу оқшаулайтын
жанғыш материалдардың, жабдықтың металл тіреулерінің оттан қорғайтын
жабындарының (сылақ, арнайы бояулар, лактар, оттан қорғайтын қасиеттерінің
кемуін және төмендеуін қоса алғанда, сылама) бұзылуына тыйым салынады.
Нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес өңделген (сіңдірілген) ағаш
құрастырылымдар мен маталар өңдеудің қолданылу мерзімі аяқталғанда немесе
құрамдарының оттан қорғау қасиеттері кеміген жағдайда, қайта өңделуге
(сіңдірілуге) тиіс.
Оттан қорғап өңдеу (сіңдіру) жағдайы техникалық құжаттамада
көрсетілген мерзімде немесе жылына бір реттен кем болмай тексерілуге тиіс.
5.13.
Өртке қарсы
қабырғалардың, аражабындар мен
қоршау
құрастырылымдарының
түрлі
инженерлік
және
технологиялық
коммуникациялармен қиысатын жерлерінде пайда болатын тесіктер мен
саңылаулар құрылыс ерітіндісімен немесе отқа төзімділігінің қажетті шегін
«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 8 б.
және түтін-газ өткізбеушілігін қамтамасыз ететін басқа жанбайтын
материалдармен бітелуге тиіс.
5.14. Белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалық-сметалық
құжаттамасыз
ғимараттар
мен
құрылыстардың
функционалдық
тағайындалымын өзгертуге, күрделі жөндеу жүргізуге, техникалық қайта
жабдықтау, қайта жаңарту және қайта жоспарлауға жол берілмейді.
5.15. Ұйымның ғимараттарында, құрылымдары мен құрылыстарында
тыйым салынады:
1) жертөлелер мен цокольдық қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш
сұйықтықтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, газ толтырылған
баллондарды, аэрозолдық буып-түюдегі тауарларды, целлулоидты және басқа
жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға;
2) шатырдың астын, техникалық қабаттарды, желдету камераларын және
басқа техникалық үй-жайларды өндірістік учаскелерді, шеберханаларды
ұйымдастыру үшін, сондай-ақ өнімді, жабдықты, жиһазды және басқа заттарды
сақтау үшін пайдалануға;
3)
лифті
холлдарында
қамбалар,
дүңгіршектер,
дүкеншіктер
орналастыруға;
4)
қабаттардағы
дәліздерден,
холлдардан,
көрермен
жайынан,
тамбурлардан және басқыш шабақтарынан эвакуациялық шығулардың жобада
қарастырылған есіктерін, эвакуациялау жолында қауіпті өрт факторларының
таралуына кедергі келтіретін басқа есіктерді алып тастауға;
5) нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайы нашарлайтын,
өрт сөндіргіштерге, өрт сөндіру крандарына және басқа өрт қауіпсіздігі
құралдарына қол жеткізу шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау
жүйелерінің (автоматты өрт сигналын беру, стационарлық автоматты өрт
сөндіру қондырғылары, түтінді кетіру жүйелері, құлақтандыру және
эвакуациялауды басқару жүйелері) әрекет ету аймағы азаятын көлемдік-
жоспарлау шешімдерін өзгертуді жүргізуге;
6) балкондар мен лоджияларда есіктерді, люктерді, аралас секцияларға
өтетін жерлерді және сыртқы эвакуациялау сатыларына шығуларды жиһазбен,
жабдықпен немесе басқа заттармен үйіп тастауға;
7) үй-жайды жинауды және бензин, жермай және басқа тез тұтанғыш және
жанғыш сұйықтықтарды қолданып жууды жүргізуге, сондай-ақ қатып қалған
құбырларды дәнекерлеу шамымен және ашық от қолданылатын басқа
тәсілдермен жылытуды жүргізуге;
8) май болған сүрту материалын жинамай қалдыруға;
9) ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде, жертөлелер
терезелеріндегі шұңқыршаларда торлар орнатуға (мекемелердің қоймаларының,
кассаларының, үй-жайларын, қару тұратын бөлмелері, құпия бөлімдерін
қоспағанда);