«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 9 б.
10) өрт жағдайында қауіпсіздік аймақтарына жататын балкондарды,
лоджиялар мен галереяларды шынылауға;
11) басқыш шабақтары мен дәліздерде қамбалар (қосалқы үй-жайлар)
орнатуға, сондай-ақ басқыш жайылмаларының астында және басқыш
алаңдарында заттарды, жиһаз және басқа жанғыш материалдарды сақтауға.
Бірінші және цокольдық қабаттардағы басқыш жайылмаларында орталық
жылытуды басқару тораптарына, су өлшеу және жанбайтын материалдардан
жасалған бөлгіштермен қоршалған электрқалқанды тораптарға арналған үй-
жайды ғана орналастыруға рұқсат етіледі;
12) ғимараттардың өндірістік және қоймалық үй-жайларында (отқа
төзімділігі V деңгейлі ғимараттардан басқа) антресолдар мен бөлгіштер, қызмет
көрсететін қосымша бөлмелерді, қамбалар, конторкаларды және басқа жанғыш
материалдардан салынған құрамдас үй-жайларды орналастыруға.
5.16. Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың шатырындағы
сыртқы өрт сөндіру сатылары мен қоршаулары дұрыс күйінде күтіп ұсталуға
және бес жылда бер реттен кем болмай пайдалану сынауларына түсуге тиіс.
5.17. Бір эвакуациялық шығуы болатын үй-жайларда 50 және одан артық
адамның бір мезгілде болуына тыйым салынады.
Отқа төзімділік деңгейі IV және V ғимараттарда, құрылымдар мен
құрылыстарда 50 және одан артық адамның бір мезгілде болуына бірінші
қабаттағы үй-жайда ғана рұқсат етіледі.
5.18. Көрермен, түскі тамақ ішетін, көрме, сауда, биржалық, діни және
басқа залдарда (үй-жайларда), трибуналарда, сондай-ақ басқа үй-жайлардағы
келушілер санының жобалау нормаларымен белгіленген немесе эвакуациялау
жолдарының өткізу қабілеттілігіне байланысты есептеліп анықталған саннан
асуына тыйым салынады.
Жобалау нормаларында есептеуге арналған деректер болмаған кезде,
адамдарды залдардан 2 минуттан артық болмайтын уақытта эвакуациялау, ал
есептік ауданы бір келушіге есептегенде 0,75 м
2
кем болмай қабылдауға тиіс.
5.19. Шатыр асты үй-жайларының, сондай-ақ технология шарттары
бойынша адамдардың тұрақты болуы талап етілмейтін техникалық қабаттар
мен жертөлелер есіктері құлыппен жабылуы керек. Аталған үй-жайлардың
есіктерінде кілттердің сақталатын орны туралы ақпарат ілінеді.
Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың жертөлелік және
цокольдық қабаттарының терезе ойықтарының шұңқыршаларын қоқыстан және
басқа заттардан уақытылы тазарту керек. Аталған шұңқыршаларды қорғайтын
металл торлар ашылатын болып орындалуы, ал терезелердегі тиектер ішінен
кілтсіз ашылуы керек.
5.20.
Пайдаланылған сүрту материалдары қақпақпен жабылатын,
жанбайтын материалдан жасалған жүксауытқа жиналуы керек. Пайдаланылған
сүрту материалдарын жинау кезеңділігі олардың жұмыс орындарында
«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 10 б.
жинақталып қалуын болдырмауға тиіс. Жұмыс ауысымы аяқталған кезде,
аталған жүксауыттар ішіндегісін ғимараттың шетіне апарып тастау қажет.
5.21. Маймен, лактермен, бояулармен және басқа тез тұтанатын және
жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жасайтын тұлғалардың арнайы киімі осы
мақсат үшін арнайы алыстатылған жерлерде орнатылған металл шкафтарда
ілінген түрінде сақталуға тиіс.
5.22. Биіктігі 1-қабаттан артық сөрелері болатын ғимараттарда әрбір қабат
деңгейіндегі
сөрелерде
орнатылған
түтін
өткізбейтін
жанбайтын
диаграммалардың құрастырылымын бұзуға рұқсат етілмейді.
5.23. Ғимараттар мен құрылымдарда көпшілік қатысатын іс-шараларды
(демалу кештері, дискотекалар, жаңа жылдық және басқа қойылымдар) өткізуге
олардың өрт туындаған кезде, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бойынша талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін ғана рұқсат етіледі:
Тексеріс нәтижелері тексерістер журналында тіркелуге және іс-шаралар
өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлға немесе объекті
жетекшісі қол қоюға тиіс.
6 Электр қондырғылар бойынша өрт қауіпсіздігі талаптары
6.1. Электр қондырғылары ЭҚЕ немесе басқа да нормативтік құжаттарға
сәйкес жөнделуі және пайдалануы тиіс.
6.2. Үй-жайлардағы электрлік қондырғылар мен тұрмыстық электрлік
аспаптар жұмыс ауысымы аяқталған кезде тоқсыздандырылуы керек.
Кезекші жарық түсіру, өрт сөндіру және өртке қарсы сумен жабдықтау
қондырғылары, өрт сөндіру және күзет-өрт сигналын бергіштер кернеуде
қосылып қалуы керек. Басқа электрлік қондырғылар мен электртехникалық
бұйымдарды (оның ішінде тұрғындық үй-жайларда), егер бұл олардың
функционалдық қолданысымен шарттасқан және (немесе) пайдалану жөніндегі
нұсқаулық талаптарымен қарастырылған болса, кернеуде қалдыруға рұқсат
етіледі.
6.3. Электрлік қондырғыларды пайдаланған кезде мыналарға:
1) дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында баяндалған қауіпсіздік
талаптары бұзылған электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды,
бұзылулары өрттің туындауына әкелуі мүмкін электр қабылдағыштарын
пайдалануға (ұшқын, қысқа тұйықталу, кабельдер мен сымдардың
оқшаулауының рұқсат етілгеннен жоғары қызуын, апатқа қарсы және өртке
қарсы қорғауды автоматты басқару жүйелерінің істен шығуын тудыратын),
сондай-ақ бүлінген немесе қорғаныш қасиеттері мен оқшаулауын жоғалтқан
электр сымдары мен кабельдерін пайдалануға;
2) бүлінген және бекітілмеген розеткаларды, шаппа қосқыштарды, басқа
электрлік қондырғы бұйымдарын пайдалануға;